Абай облысының тәртіп сақшылары жалған полицейлерді ұстады. Олуар ер адамды алдап, оның жеке деректерін біліп алып, оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған.

Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін, ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, “102” арнасына жүгінді.

Фото: polisia.kz

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады.

Алаяқтықпен айналысқан Батыс Қазақстан оьлысының үш тұрғыны болып шықты. 

Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Олардың осы секілді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Кеше Абай облысында боранда қалған Моңғолияның 13 азаматы құтқарылғанын еске сала кетейік. Спортшылар Өскемен қаласына бара жатқан. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.