Соглашение



жүктеу 1.24 Mb.
бет1/7
Дата02.12.2017
өлшемі1.24 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы

КЕЛІСІМ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкіметі, бұдан әрі – Тараптар деп аталады,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында қылмыспен, терроризммен, өзге де қоқан-лоққылық пен қауіп-қатерлерге қарсы біріккен күрес тиімділігін арттыру қажеттілігін назарға ала отырып,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасау, өз мемлекеттеріндегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне жауап беретінін түсіне отырып,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып,


төмендегімен келісті:
1-бап
Тараптар осы Келісімнің 2-бабына сай, бекітілген техникалық талаптарда баяндалған шарттарға сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасайды.
2-бап
Тараптар:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық талаптарын (қоса ұсынылады);

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне техникалық тапсырмасын (қоса ұсынылады);

Деректерді есепке алудың бірегей тізімін бекітеді (қоса ұсынылады).


3-бап
Тараптар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі шеңберінде ұлттық деректер қорынан бөлінген, мәліметтер құрылымына негізделген деректерді есепке алу банкін құрайды (ұлттық ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдасуынсыз).

4-бап
Жұмыстарға тапсырыс беруші - Федералдық көші-қон қызметі (Ресей Федералдық көші-қон қызметі) болып табылып, Тараптардың өкілдерін сарапшы және тендерлік комиссия мүшесі ретінде жұмылдыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін жасау үшін тендерлердің (сайыстар, аукциондар) өтуін ұйымдастырады.

 5-бап


Осы Келісімге Тараптар қол қойған мерзімнен бастап үш ай уақыт аралығында осы Келісімді орындауға жауапты өздерінің өкілетті ұйымдары туралы депозитарийді хабардар етеді.
 6-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесінің қорын қолдану, толтыру тәртібі, ақпаратпен жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ аталған жүйені әзірлеу, құру және дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды қаржыландыру тәртібі бөлек құжаттармен анықталады.
7-бап
Осы Келісім қол қойған мерзімнен бастап уақытша колданады және Келісім күшіне ену үшін, мемлекет ішіндегі қажет рәсімдерді орындау туралы Тараптардың қол қойған үшінші хабарландыруын Депозитарий алған мерзімнен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Мемлекет ішінде рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған уақыттан бастап, 30 күн өткен соң күшіне енеді.


8-бап
Тараптардың өзара келісуі арқылы осы Келісімге тиісті хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Тараптар арасында осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде пайда болатын даулы сұрақтар мүдделі тараптардың кеңес және келіссөз жүргізу жолымен шешіледі.

Даулы сұрақтарды кеңес және келіссөз жүргізу жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар, келісіммен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық сотына сүйенеді.


10-бап
Осы Келісімнен шығатын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын және оның қағидаларына қосылатын басқа да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге Осы Келісім күшіне енгенннен кейін қосылуына жол ашық. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған уақыттан бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
11-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады. Әрбір Тарап осы Келісімнен шыға алады, бірақ өз шешімі туралы депозитарийді 6 айдан кем емес мерзімде жазбаша хабарландыра отырып, осы Келісімнің әрекет ету мерзімінде пайда болған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеуі тиіс.

Санкт-Петербург қаласында 2011 жылдың 11-қазанында бір түпнұсқа данасында орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. Комитет осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке расталған көшірмесін жолдайды.



Совершено в городе Санкт-Петербурге 18 октября 2011 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.


Азербайжан Республикасының Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі үшін













--------

В.Путин







Армения Республикасының Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін













Т.Саркисян

А.Акилов

түсіндірмемен




Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

Түркменістан Үкіметі үшін













М.Мясникович

--------







Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
















--------







Қырғызстан Республикасының Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін




Премьер-министрдің міндетін атқарушы







О.Бабанов

--------







Молдова Республикасының Үкіметі үшін
















--------



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы келісіммен

БЕКІТІЛДІ

2011 жылдың 18-қазанынан



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесіне

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР


1. ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АЖО



Автоматтандырылған жұмыс орны

ШАЕ ОДБ АЖ



Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша орталық деректер банкінің автоматтандырылған жүйесі

АБЖ



Автоматтандырылған басқару жүйесі

ДҚ



Деректер қоры

ҮМА



Үшінші мемлекет азаматы – ТМД БЕАЖ туралы Келісім қатысушысы болып табылмайтын мемлекет азаматы

ТМД БЕАЖ



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі

АЖ



Ақпараттық жүйе

АЖА



Азаматтығы жоқ адам

ЖЕТ



Жергілікті есептеу торабы

МСПД



Деректер берілетін магистральды торап

ҰӨҰ



Ұлттық өкілетті ұйым

НАА



Нормативті-анықтамалық ақпарат

ЖБЖ



Жалпы бағдарламалық жасақтама

ОЖ



Операциялық жүйе

БАК



Бағдарламалық-аппараттық кешен

ІЭПІЖ



Ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесі

БЖ



Бағдарламалық жасақтама

ТМД



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ДБТ



Деректерді беру торабы

АБЖ



Арнайы бағдарламалық жасақтама

ДҚБЖ



Деректер қорын басқару жүйесі

ТТ



Техникалық тапсырма

КО



Куәландырушы орталық

ЖТТ



Жеке техникалық тапсырма

ЭЦҚ



Электрондық-цифрлі қолтаңба /маманданған және маманданбаған электронды қолтаңба

ДӨО



Деректерді өңдеу орталығы

ҚКЖ



Құрылымдық кабельдік жүйе

2.  ТМД БЕАЖ-ДІҢ АРНАЛУЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Осы құжат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесін әзірлеу үшін техникалық талаптарды құрайды, сондай-ақ оны жасауда (1 мен 2 қосымша) техника-экономикалық пен қаржы-экономикалық негіздеуі және ТМД БЕАЖ қорларында жасау мен пайдаға асыру мүмкіндіктерін есепке алады:

Мемлекеттердің білікті ұйымдары – ұжымдық кауіпсіздік туралы Келісімді ұйымдастырушы (ҰҚКҰ) мүшелері арасында заңсыз көші-қон туралы ақпаратпен алмасу жүйелері;

Евразиялық экономикалық бірлестікке мүше елдердің еңбек етіп жатқан мигранттары туралы мемлекетаралық деректер банкі (ЕврАзЭБ ЕММДБ).

Құжат ТМД БЕАЖ-ға қажетті өңдеу сатылары, бақылау мен қабылдау тәртібіне талап етілетін арналу мен қолдану саласын, техникалық және арнайы талаптарды анықтайды.
2.1. Арналуы

ТМД БЕАЖ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың орын ауыстыруы туралы деректерді жинау, сақтау, өңдеу, мүдделі қолданушылардың бөлінген ақпараттық қорларға рұқсаттама, сондай-ақ ҮМА мен АЖА туралы мәліметтердің (деректердің) берілуін, қазіргі заман ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде іздеу-аналитикалық сұраныстарын, еркін аналитикалық және стандартты статистикалық есеп алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі тиіс.



2.2. ТМД БЕАЖ-ді жасау мақсаттары

ТМД БЕАЖ-ді жасау мақсаттары болып табылады:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер территорияларында ҮМА мен АЖА орын ауыстыруын бақылау саласында ұйымдық-басқару шешімдерін қабылдау және дайындау мүддесінде мемлекетаралық ақпараттық алмасудың сапасын көтеру;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытылы есепке алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, деректерді есепке алу тізімі негізінде іске асатын, ақпараттардың автоматтандырылған жиыны, өңделуі, жиналуы, сақталуы, қолданылуы және берілуі.




2.3. Автоматтандыру объектісіне сипаттама

Достастыққа қатысушы мемлекеттер территорияларында терроризмге, ұлтқа қарсы қылмыстылық, заңсыз көші-қон мен қауіпсіздікке, өзге қоқан-лоққылық пен қауіп-қатерлерге қарсы біріккен күрес тиімділігін арттыру, Достастыққа қатысушы мемлекеттер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісімге қатысушы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік биліктің мүдделі ұйымдары, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азматтығы жоқ адамдардың мекендеу регламентін сақтау, оларды есепке алу, келу және кетуді бақылау бойынша құрылымдық бөлімшелердің біріккен қызметі автоматтандыру объектісі болып табылады.

Жасалып жатқан жүйеде негізгі мүдделі ұйымдар болып мына ұйымдар табылады:

шекаралық бақылау;

ішкі істер, иммиграциялық/миграциялық және паспорттық-визалық бақылау;

кедендік және көліктік бақылау;

баска құзыретті ұйымдар.

3. ТМД БЕАЖ-ҒА ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

3.1. Жалпы талаптар

3.1.1. ТМД БЕАЖ-ды жоспарлау және жүзеге асыру келесі талаптарды ескере отырып, автоматтандырылған жүйеде жүргізілуі керек:



ауқымдылық – бір міндеттерді орындайтын функционалдық блоктарда сандарды арттыру жолымен жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін ұлғайту қабілеттілігі;

айқындылық – ТМД БЕАЖ қорларын арттыруын жеңілдететін және өзара әсерлесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бірегейлендірілген шешімдерді қолдану;

жеткіліктілік – ТМД БЕАЖ құрамдастары дамуының тәуелсіздігі мен міндеттерінің аяқталуының іске асуы;

сенімділік – пайдалану кезінде белгіленген жағдайларда өз міндеттерін кепілді орындау мүмкіншілігі;

бейімділік – пайдалану кезінде өзгеріс болған жағдайларда өз міндеттерін орындау мүмкіншілігі;

үйлестірімділік – типтік жобалық шешімдерді пайдалану, ҰӨҰ кез-келген аймақтық бөлімшеде шешімдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

үнемділік – жасау, пайдалану және жанамалау құнына белгіленген шектеу қою кезінде қажетті міндеттерімен қамтамасыз ету;

қауіпсіздік – рұқсат етілмеген кіріп көру талпынысына қарсы тұру мүмкіндігі, жаңылыс, апат, қасірет нәтижесінде деректерді жоғалтудан қорғаныш.

3.1.2.  ТМД БЕАЖ-дың негізгі архитектурасы ретінде схема бойынша құрамдас бөліктің құрылысы қолданылуы керек:

бірегей әкімшілік етуін, топтастыру жүйесін, кодтауды және нормативті-анықтамалық ақпаратты қамтамасыз ететін ТМД БЕАЖ ДӨО. ДӨО орналасу жерін Тапсырыс беруші анықтайды;

деректерді есепке алу Бірегей тізіміне сәйкес цифрлік қолтаңба орталығы мен үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттерде еңбек ететін мигранттар мен өзге деректерді куәландыратын, қосымшалар серверлері болып саналатын ұлттық тораптар. Тораптың орналасу жерін Келісімге қатысушы мемлекет анықтайды;

ДӨО мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары арасындағы қорғалған байланыс арналары;

деректермен алмасу ақпараттық шлюздері және ДӨО мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық тораптары арасындағы бағдары.

3.1.3. ТМД БЕАЖ-ды жасау кезінде жүйенің негізгі құрамының (ішкі жүйелер мен құрамдас бөліктердің) өзара іс-қимылы мен ықпалдасуы қамтамасыз етілуі тиіс.

3.1.4. ТМД БЕАЖ-ды жасау кезінде деректерді есепке алудың бірегей тізімін ұлғайту мүмкіндігі, сондай-ақ өзге ақпараттық жүйелермен ықпалдасуы мен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері қарастырылуы керек.

3.1.5. Бағдарламалық жасақтама кешендері арнайы бөлінген техникалық құралдар мен ақпараттық-есептеу үрдістерін басқарудың бірегей жүйесі шеңберінде қызмет етуі керек.

3.1.6. АЖО кешендері бірегейлендірілген тәсілді құру қағидасынан шыға отырып жасалуы керек.

3.1.7. ТМД БЕАЖ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы және қайта жасалып жатқан ұлттық ақпараттық жүйелері негізінде құрылады.

3.1.8. ТМД БЕАЖ және оны құраушы ұлттық ақпараттық-есептеу жүйелері, қолда бар ақпараттық, бағдарламалық-техникалық, телекоммуникациялық және кадрлық қорларды, сондай-ақ деректермен алмасу үрдістерін ақпараттандыру мен автоматтандыру саласында қазіргі замаңғы жетістіктерді қолдану мүмкіндіктері есебімен, типтік жобалық пен техникалық шешімдерді қолдану негізінде жасалады немесе жетілдіріледі.

3.1.9. Мемлекеттік шекара арқылы өту пунктінде автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық-техникалық кешендерінің типтік жобаларын жасау кезінде тұлғаны куәландыратын, машинамен оқылатын құжаттар көмегімен тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі белгілердің біреуі бола алады.

3.1.10. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде деректерді есепке алудың негізгі дерек көздері немесе тілшілері болып абоненттік орындар мен пункттер бола алады:

шекаралық бақылау ұйымдары (паспорттық-визалық мәліметтер, мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы мағлұматтар);

кедендік және көліктік бақылау ұйымдары (жүру маршруттары, келу және кету туралы мағлұматтар);

ішкі істер ұйымдары, көші-қон/иммиграциялық және паспорттық-визалық бақылау (берілген (ұзартылған) визалар, шакырулар, сондай-ақ территорияларда мекендеу регламентінің өзгеруі мен көші-қон заңнамасына қарсы іске асқан бұзушылықтар туралы мәліметтер);

сыртқы істер мен қауіпсіздік ұйымдары (берілген (ұзартылған) визалар мен шакырулар туралы мәліметтер);

өзге білікті ұйымдар.
3.2. ТМД БЕАЖ құрылымына талаптар

3.2.1. ТМД БЕАЖ талдап қорытылған сызбасы суретте (1-сурет) көрсетілген құрамды енгізуі тиіс.

3.2.2. ТМД БЕАЖ технологиялық ішкі жүйелер кешенінің құрамына мыналар енуі тиіс:

деректерді жинау және өңдеу ішкі жүйесі;

деректерді кепілдікпен жеткізу ішкі жүйесі;

деректермен алмасу ішкі жүйесі;

деректерді сақтау ішкі жүйесі;

деректердің резервтік көшірме мен қалпына келтіру ішкі жүйесі;

нормативті-анықтамалық ақпараттарды1 енгізудің ішкі жүйесі;

ақпараттық-аналитикалық және іздеу-аналитикалық сұраныстарды орындаудың ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ қолданушылардың бірегей тізбесін енгізудің ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ қолданушыларына әкімшілік ету мен ТМД БЕАЖ қолданушыларының әрекеттерін тексеру;

ЭЦҚ-ні алып жүрудің ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ ішкі электрондық поштаның ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ күйі және басқару мониторингінің ішкі жүйесі;

ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесі;

ОДҚ қолданушылардың өтінімдеріне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі;

ТМД БЕАЖ жұмысын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі.


1-сурет. ТМД БЕАЖ құрамы

3.2.3. ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық кешен енгізуі тиіс:

серверлік жабдық;

телекоммуникациялық жабдық (деректер берілетін торап жабдығы);

деректерді сақтау жабдығы;

деректердің резервтік көшірмесі мен қалпына келу жабдығы;

куәландыру орталығының жабдығы;

ақпаратты қорғау жабдығы;

ТМД БЕАЖ объектілерінде кабельдік жүйелердің құрылымдық жинақтары;

ТМД БЕАЖ объектілерінде пайдаланушы қызметкерлердің және қолданушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының жинағы.

3.2.4. Техникалық жобалау сатысында ішкі жүйелер құрамын нақтылау, бір ішкі жүйе шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі ішкі жүйелер арасында ішкі жүйелердің қызметінің қайта бөлінуі рұқсат етіледі.



Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user documents -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user documents -> Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
user documents -> «болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «бекітемін» «Болашақ» кт» жшс-нің директоры
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
user documents -> Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жїргізудіѕ аппараттыќ-баєдарламалыќ жјне техникалыќ ќўралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жїзеге асыратын органдардыѕ жјне ўйымдардыѕ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет