Дағыстанда "Приора" көлігін тізгіндеген жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Оларды уақытында шығарып үлгергенімен, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кадрдан алынған скрин

Көлікті ММА жаттықтырушысы басқарған. Ішінде оның үш шәкірті болған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Priora суға түсіп кеткен. Жаттықтырушы мен бір бала өздігінен шыққан. Бірақ екі кішісі көліктің ішінде қалып қойды.

  • "Менің өліміме Стас ағай кінәлі”: Алматыда 12 жасар жасөспірім бокс жаттықтырушысы қысымынан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған
  • Жаттықтырушыдан дүкенге сұранған: Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала оқыстан қаза тапты

Маңайда жүрген адамдар көмекке келіп, ес-түссіз жатқан балаларды құтқарып қалды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін  Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.