Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп



жүктеу 62.08 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі62.08 Kb.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жыл ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі

Қазақстанның заңнамасында «Көрсетілетін қызметтер» бабы бұрынна болғанына қарамастан, тек соңғы жылдары ғана мемлекеттік органдар өз қызметін халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметті ұсыну ретінде қарастыра бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуға қол жетімділіктің бірнеше арнасы бар, олар: Мемлекеттік органдар – көрсетілетін қызметті берушілер; халыққа қызмет көрсету орталығы; электрондық үкімет порталы.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 187 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне сәйкес 2017 жылы 190 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.

Оның ішінде:

- 103 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде;

- 100 қызмет облыс басқармалары деңгейінде;

- 116 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі;

- 83 қызмет электрондық үкімет порталы мен электрондық лицензиялау порталы арқылы көрсетіледі.

2017 жыл ішіндегі ішкі бақылау қорытындысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 3 млн. астам қызмет көрсетті, ол өткен жылдан 1,8 есе көп (1 799 050). Бұл ретте көрсетілген қызметтің 70%-ға жуығы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және білім саласына тиесілі.

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттандыру үшін барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттер, өтініш үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың аты-жөні) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауы жұмыс істейді, онда электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді алу ыңғайлы болуы үшін «электрондық үкімет» және «электрондық лицензиялау» порталына көшуге сілтеме орналастырылған.

Осылайша, «электрондық үкімет» порталына қызығушылықты арттыру мақсатында мемлекеттік органдар белсенді қызмет жүргізіп отыр. Осылайша, 2017 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметті алу тәртібін түсіндіру жөнінде 236 оқыту семинары ұйымдастырылды, оның барысында 3137 адам оқытылды. ХҚКО барлық бөлімшелерінде ХҚКО ақпараты бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету секторында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізіледі, бүгінгі күні 171 мыңнан астам оқыту жүргізілді. Сонымен қатар, білім басқармасымен, СҚО бойынша мемкорпорация филиалымен бірлесіп «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу дағдыларына оқыту жөніндегі өзара әрекет және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 513 информатика мұғалімі оқытылды, олар 14 мыңнан астам мектеп, техникалық және кәсіби білім ұйымдары оқушыларын оқытты. 2018 жыл соңына дейін 50 мыңнан астам мектеп және колледж оқушыларын оқыту жоспарланып отыр. Оқытумен барлығы 27 мыңнан астам адам қамтылды. Ауылдық округтерде ауыл тұрғындарына электрондық қызметті алуға қол жетімді болуы үшін «Connection Point» өзін-өзі қамтамасыз ету алаңдары орналастырылады.

Жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу үшін қолайлы алаң құру мақсатында 2017 жылғы желтоқсанда Петропавл қаласының әкімдігі «Ашық әкімдік» жобасын іске асырды, оған әкімдік ғимаратында ресепшон, азаматтар өтініштері секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, сондай-ақ консультативтік сипаттағы қызметтер бар халық үшін қолайлы халыққа қызмет көрсету алаңы орналастырылды.

Жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация барынша сұранымға ие бола бастады. Осылайша мемлекеттік көрсетілетін қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша алу қолжетімді болуы үшін облыста жергілікті атқарушы органдардың 100астам қызметін көрсететін осындай 17 ұйым жұмыс істейд

Сондай-ақ, шалғайдағы елді мекендердің халқын қамту үшін 2017 жылы халыққа қызмет көрсетудің мобильді орталықтарын іске қосу жұмысы атқарылды, олар 650-ден астам елді мекенге қызмет көрсетеді.



Жыл қорытындысы бойынша өңірдің ХҚКО департаменттерімен 85 400 мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорация арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетті, бұл «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болатын қызметтердің жалпы санының 32%-ын құрайды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясат едәуір дәрежеде электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының әлдеқайда тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған.

Электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оң серпін байқалады. Мысалы, 2017 жылы 2016 жылғыға қарағанда (44 404 қызмет) 11 есе артық (650 мыңнан астам қызмет) электрондық қызмет көрсетілді.

Азаматтардың қызмет алу бойынша құқығын кепілдендіру үшін мемлекет тарапынан мемлекеттік органдар үшін олардың құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарт талаптарын басшылыққа алу қажеттігі белгіленді. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қағидасына және бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес тексеру іс-шараларымен 140-тан астам бақылау объектісі қамтылды, іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартында қарастырылған құжат пакеті толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету фактісі сияқты аталған саладағы заңнама нормасының бұзушылығы және өзге де бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында азаматтық хал актілерін тіркеу, білім, денсаулық сақтау салаларында және т.б. коллизиялардың бар екені анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердегі кемшіліктер анықталды. Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша аталған саладағы анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты жақсарту жөніндегі 300 ұсыныс әзірленді, бұл ретте 55 қызметкерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

2017 жыл ішінде мемлекеттік органдар барлығы 1264-ден астам түсіндіру іс-шарасын өткізді: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі, азаматтар жиыны, семинар-кеңестер, «дөңгелек үстел» отырыстары, брифингтер, білім, денсаулық сақтау басқармасы басшыларының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша есеп беру кездесулері. Халық пен бизнес арасында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы электрондық қызметті танымалдандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында «электрондық үкімет» порталынан электрондық мемлекеттік қызмет алуды түсіндіру жөнінде, «Е-әкімдік», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкімет», ЭЦҚ жобалары бойынша полиграфиялық материалдар (буклет, постер), роликтер қолданылады. Аталмыш роликтер (аудио- видео материал) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, жергілікті телеарналарда орналастырылған. Сонымен қатар, жыл бойы «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың пікірін білу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқрорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қоғамдық мониторинг өткізілді. Оның нәтижесі бойынша әкімдікке 1 орын берілді.

Бұл ретте халықтың ұсынылатын көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттану деңгейі бойынша әкімдік Республиканың жергілікті атқарушы органдарының арасында 1-орынға ие.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының базасында мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, электрондық үкімет және электрондық қызмет жөніндегі дәрістер ұдайы негізде өткізіледі. Аталмыш тақырыптар дәрістердің міндетті курсына кіреді. Сонымен қатар, Орталықта «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» тақырыбына оқыту семинарлары өткізіледі. Қазан айында облыс әкімдігі Орталықпен бірлесіп, ауданға көшпелі семинар ұйымдастырды, аталған іс-шара оң пікірге ие болды, бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтің сапалы және уақытында көрсетілуін одан әрі арттыру мәселесі ұдайы бақылауда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Тиімділікті одан әрі арттыру мақсатында мыналар жалғастырылатын болады: аталмыш мәселе бойынша мемлекеттік органдар жұмысының жай-күйін тоқсан сайын талдау, оқыту семинарлары, дәрістер, практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдіктеріне бару.



Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2017 жылдың тамызы Қызылжар ауданы әкімдігінің мекенжайына «әке болуды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 1 шағым түсті. Оны қарау барысында шағым негізсіз болып табылатыны анықталды, мемлекеттік органның кінәсі жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет