Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп



жүктеу 58.82 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі58.82 Kb.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жыл ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Тізілімге сәйкес 2016 жылы 174 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.

Оның ішінде:

- 87 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде;

- 102 қызмет облыс басқармалары деңгейінде;

- 46 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі;

- 52 қызмет электрондық үкімет порталы мен электрондық лицензиялау порталы арқылы көрсетіледі.

2016 жыл ішінде алынған мәліметтерді талдау бойынша 174 қызмет түрі бойынша облыста 1 799 050 қызмет көрсетілген. 2015 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны ұлғайған, 2015 жылы 1 361 603 қызмет көрсетілді. Бұл ретте көрсетілген қызметтің 70%-ға жуығы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және білім саласына тиесілі.

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттандырылуы мен оған қолжетімділігі мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттер, өтініш үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың аты-жөні) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауы жұмыс істейді, онда Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімі, стандарттар, «электрондық үкімет» порталында электрондық қызметті пайдаланушыларға арналған нұсқаулық, мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі, сондай-ақ электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді алу ыңғайлы болуы үшін «электрондық үкімет» және «электрондық лицензиялау» порталына көшуге сілтеме орналастырылған.

Халыққа қызмет көрсету жағдайын жасау жөніндегі шаралар қабылданады. Барлық мемлекеттік органдар кабинетпен, қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген, қызмет көрсету рәсімі туралы көрнекі ақпарат орналастырылға. Әлеуметтік қорғау, білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған, пандустармен жарақтандырылған, үй-жайлар жақсы жарықтандырылған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік секторды реформалаудың негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігіне ықпал ететін үдерістерді жетілдіру болып табылады. Бұл бағыттардың бірі «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша алу қолжетімді болуы үшін облыста жергілікті атқарушы органдардың 66 қызметін көрсететін осындай 17 ұйым жұмыс істейді, соның ішінде 20 қызмет баламасыз негізде тек Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ, шалғайдағы елді мекендердің халқын қамту үшін 2016 жылы халыққа қызмет көрсетудің мобильді орталықтарын іске қосу жұмысы атқарылды, олар 650-ден астам елді мекенге қызмет көрсетеді.

2016 жылы 85 400 мемлекеттік қызметті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорация арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетті, бұл «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болатын қызметтердің жалпы санының 32%-ын құрайды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясат едәуір дәрежеде электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының әлдеқайда тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған.

Электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оң серпін байқалады. Мысалы, 2016 жылы «электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы 44 404 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2015 жылғыға қарағанда 2,5 есе артық – 15 614 мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Алынған қызметтердің барлығы, электрондық қызмет және Мемлекеттік корпорация арқылы алынған қызметтер санының артуы мемлекеттік қызмет тізілімінде халыққа көрсетілген қызмет түрі санының артуына, қызметтердің автоматтандырылуына және бір терезе қағидаты бойынша алынатын қызмет түрлері санының артуына байланысты.

Азаматтардың қызмет алу бойынша құқығын кепілдендіру үшін мемлекет тарапынан мемлекеттік органдар үшін олардың құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарт талаптарын басшылыққа алу қажеттігі белгіленді. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қағидасына және бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес тексеру іс-шараларымен 100-ден астам бақылау объектісі қамтылды, іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартында қарастырылған құжат пакеті толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету фактісі сияқты аталған саладағы заңнама нормасының бұзушылығы және өзге де бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында азаматтық хал актілерін тіркеу, білім, денсаулық сақтау салаларында және т.б. коллизиялардың бар екені анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердегі кемшіліктер анықталды. Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша аталған саладағы анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты жақсарту жөніндегі 400 ұсыныс әзірленді, бұл ретте 36 қызметкерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

2016 жыл ішінде мемлекеттік органдар барлығы 700-ден астам түсіндіру іс-шарасын өткізді: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстел» отырыстары, брифингтер, білім, денсаулық сақтау басқармасы басшыларының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша есеп беру кездесулері.

Халық пен бизнес арасында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы электрондық қызметті танымалдандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында «электрондық үкімет» порталынан электрондық мемлекеттік қызмет алуды түсіндіру жөнінде, «Е-әкімдік», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкімет», ЭЦҚ жобалары бойынша полиграфиялық материалдар (буклет, постер), роликтер қолданылады. Аталмыш роликтер (аудио- видео материал) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, жергілікті телеарналарда орналастырылған. Сонымен қатар, жыл бойы «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың пікірін білу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқрорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қоғамдық мониторинг өткізілді. Оның нәтижесі бойынша әкімдікке ықтимал 100 пайыздың 85,6 % қойылды. Бұл ретте халықтың ұсынылатын көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттану деңгейі бойынша әкімдік Республиканың жергілікті атқарушы органдарының арасында 3-орынға ие.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының базасында мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, электрондық үкімет және электрондық қызмет жөніндегі дәрістер ұдайы негізде өткізіледі. Аталмыш тақырыптар дәрістердің міндетті курсына кіреді. Сонымен қатар, Орталықта «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» тақырыбына оқыту семинарлары өткізіледі. Қазан айында облыс әкімдігі Орталықпен бірлесіп, ауданға көшпелі семинар ұйымдастырды, аталған іс-шара оң пікірге ие болды, бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.



Мемлекеттік қызметтің сапалы және уақытында көрсетілуін одан әрі арттыру мәселесі ұдайы бақылауда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Тиімділікті одан әрі арттыру мақсатында мыналар жалғастырылатын болады: аталмыш мәселе бойынша мемлекеттік органдар жұмысының жай-күйін тоқсан сайын талдау, оқыту семинарлары, дәрістер, практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдіктеріне бару.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2016 жылдың шілдесі денсаулық сақтау басқармасына «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 1 шағым түсті. Шағым қаралды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізсіз екені анықталды. Өтініш иелерінің құқықтары қалпына келтірілді. Аталған фактіге жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды және қызметтен босатылды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет