Күдіктіні іздеу жұмыстарына полиция департаментінің және көршілес аудандар мен қала полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Келіншек Шымкенттен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергеуі менің жеке бақылауымда”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық полицция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов.

Күдікті қамауға алынды. 

Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кейін күдіктінің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.