«солтүстік қазақстан облыстық «дуслык» татар-башқҰрт қОҒамдық орталығЫ» ҚОҒамдық бірлестігі тарихи анықтамасы



жүктеу 22.8 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі22.8 Kb.

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ «ДУСЛЫК»

ТАТАР-БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
Тарихи анықтамасы. 1965 жылы қазақ мектеп интернаты жанынан татар-башқұрт жастар клубы құрылып, оның жетекшісі болып Петропавл қаласының құрметті азаматшасы Давлеткильдеева Рашида Газизовна сайланды. 1967 жылы «Бірлік» клубы құрылып, оның жетекшісі танымал орындаушы әрі сазгер – Нуриахметов Нуриман болды.

1986 жылы татар-башқұрт жастар клубы «Дуслык» клубы болып қайта аталды.

1989 жылдың көктемінде «Дуслык» қоғамдық – мәдени татар-башқұрт орталығы ұйымдастырылды. Осы жылы «Дуслык» татар-башқұрт орталығының құрылтай-конференциясы өткізіліп, оның құрметті президенті болып Рашида Давлеткильдеева, ал басқарма төрайымы болып – Раиса Бикмухаметова сайланды. Орталықтың құрылымы басында М.У. Сутюшев, Р.Ш. Шакиров. С.С. Гайсин, Р.И. Тынчаров, В.Ф.Зарипова, З.Атажанова, Г.Даутова, музыканттар отбасы Нуриахметовтар, Сисанбаевтар, әншілер А.Шарипов, Т.Бахтеева, Р.Зиннатов және облыстың т.б.татарлары болды.

2011 жылы "Дуслык" татар-башқұрт орталығының кеңейтілген есептік-қайта сайлау жиналысында Р.Г.Бикмухаметованың ұсынысымен 21 орта мектептің директоры Салимов Наиль Камильевич төраға болып сайланды.

2014 жылдың мамыр айында Н.К.Салимовтың ұсынысымен "Дуслык" татар-башқұрт орталығының төрағасы болып Баязитов Амир Шамильевич тағайындалды.

Мақсаты - барлық мәдени орталықтармен бірге ынтымақтаса отырып тілді, мәдениетті, салт-дәстүрлерді дамыту негізінде этносты шоғырландыру және нығайту, сондай-ақ, қоғам өміріне ықпалдастыру.

Қызметінің негізгі бағыттары:

-Қазақстан этностары өкілдерін татар мен башқұрт халқының тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне, өнеріне қатыстыру.

- татар мен башқұрт ұлттары өкілдерінің арасында мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыруға, тарихты зерделеуге, татар-башқұрт халықтарының тілін, мәдениетін, дәстүрі мен ғұрыптарын сақтау мен дамытуға қатысу;

Ресурстық базасы. «Дуслык» этномәдени орталығында вокалдық және хореографиялық ұжымдар жұмыс істейді. Татар тілі Петропавл қаласының № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде, №21 орта мектебінде және Мамлютка қаласының орта мектебінде оқытылады.

Түйінді жобалар. Жыл сайын қала күнінде «Сабантуй» мерекесі өткізіледі, ол Солтүстік Қазақстанның барлық қалалықтары мен ауылдықтарының сүйікті мерекеге айналды. "Сабантуйды" спортшы-марафоншылар А.К.Азмухамедовтың басшылық етуімен ашады. Сондай-ақ, татар-башқұрт мәдени фестивальдері бірлестіктің көркемөнерпаздар әртістерінің салт-дәстүрлерді, қойылымдарды көрсетуімен, әдебиет және қолданбалы өнер, ұлттық тағамдар көрмелерін ұйымдастырумен өткізіледі. Облыстық "Дуслык" татар-башқұрт қоғамдық орталығы облыстық ассамблеяның іс-шараларына, мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталарды өткізуге қатысады.

Байланыс жасау:

Мекенжайы: Петропавл қ.,Қазақстан Конституциясы к-сі, 27.



Тел. 8 (7152) 504579



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет