«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014



жүктеу 1.03 Mb.
бет1/5
Дата14.01.2018
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5


№ исх: 622 от: 06.06.2014

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 20142023 жылдарға арналған

даму стратегиясы
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленген
.

Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.

Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін және ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Стратегия ӘКК қызметінің мақсаттары мен бағыттарының ұлттық және өңірлік даму басымдықтарына сәйкес келу қағидатын пайдалана отырып әзірленген. Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының;

2) «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

3) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы


1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

4) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

7) «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы


19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

8) «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

9) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

10) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

11) «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі
2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

ӘКК құру кезінде экономикалық даму үшін өңірлік локомотивтер қалыптастыру идеясы айқындалды. ӘКК-ге қызметі өңір тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған орнықты бизнес-құрылымның рөлі белгіленді.

Стратегияны әзірлеу мыналармен негізделеді:

1) негізгі басымдықтар, оларды іске асыру көздері мен тетіктері туралы нақты түсінігі бар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы бағдарларының болу қажеттігі;

2) өңірдің әлеуметтік саласын үйлесімді дамыту қажеттігі;

3) ӘКК әлеуетін іске асыру үшін басым болып табылатын бағыттар мен қызмет салаларын айқындау;

4) ӘКК дамыту саясаты мен оның жұмыс істеу моделін қалыптастыру;

5) өңірлік даму институты ретінде ӘКК одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.


1. Ағымдағы жағдайды талдау
Сыртқы ортаны талдау

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясына сәйкес Стратегияның басты мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Дамыған экономикасы бар мықты мемлекеттің негізінде берекелі қоғам құру, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы үш бірдей жаңғырту жүргізу: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту міндетін белгілеп берді. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты экономикалық прагматизм қағидаттарына негізделеді.

ӘКК өз қызметін Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі – облыс) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының жалпы саны 576 мың адамды құрады (оның ішінде 41,84 %-ы қала халқы және 58,2 %-ы ауыл халқы) және Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының 3,4 %-ын құрайды. Облыс аумағының ауданы 98 000 шаршы км құрайды (Қазақстан Республикасының жалпы аумағының 3,6 %-ы).
Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау

Қолайлы климат және құнарлы топырақ пен жайылымдардың ауқымды алқаптарының болуы облыста ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) басымдықпен дамуына негіз болды. Өндірістік мамандануы бойынша облыс бидай-астық өндірісінің, дамып келе жатқан ірі тауарлық мал шаруашылығының аймағына жатады.

Облыс аумағы уран кені, алмас шығатын және қалайы − сирек кездесетін металл Солтүстік Қазақстан провинциясының бір бөлігі болып табылады. Мұнда минералды шикізаттың қомақты қоры анықталған, олар Қазақстан Республикасы қорларының қалайы бойынша – 65 %, цирконий бойынша –
36,6 %, уран бойынша – 19 %, титан бойынша – 5 %, вольфрам бойынша –
1,1 % құрайды. Минералды-шикізат базасын кеңейтудің перспективасы айтарлықтай зор, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында, бұл ретте алтынның, күмістің, техникалық және зергерлік алмастың, қалайының, титанның, түсті және сирек металдардың, қоңыр көмірдің бірқатар маңызды кен орындары мен кен білінулері бар.

Тұтастай алғанда, бай табиғи ресурстарын, қолайлы климат жағдайларын және ыңғайлы географиялық орналасуын есепке алғанда, облыстың бәсекеге қабілетті әлеуетті өндірістер құру бойынша (әсіресе, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша, машина жасау өнімін шығару және құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту бойынша) айтарлықтай әлеуетінің бар екені туралы тұжырым жасауға болады.


Облыс экономикасының құрылымын талдау

Облыс экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (негізінен, өңдеуші), көтерме және бөлшек сауда мен жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қомақты үлес алады. Бұл ретте өңірдің жалпы өңірлік өніміне (бұдан әрі – ЖӨӨ) өңдеуші өнеркәсіптің үлесі ЖӨӨ-нің 9,3 %-ын құрайды.

Қазіргі уақытта ЖӨӨ негізгі көлемін қамтамасыз ететін экономикалық қызметтің негізгі түрі ауыл шаруашылығы болып табылады, оның үлесіне өндірілген ЖӨӨ -нің қомақты бөлігі – 24,1 %-ы тиесілі. Алайда, еңбекті қажет етудің жоғары деңгейі, негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, жаңа заманауи технологияларды енгізудің жеткіліксіз деңгейі және қаржыландырудың тапшылығы саланың үдемелі дамуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.

Облыс өнеркәсібінің 2012 жылғы құрылымын мына салалармен көрсетуга болады: кен өндіру, энергетика, сумен жабдықтау және өңдеуші өнеркәсіптің салалары – азық-түлік өнімдерінің өндірісі, машина жасау және металл өңдеу, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі. Облыс өнеркәсібінің құрылымында 2012 жылғы кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 1,2 %-ды, өңдеуші өнеркәсіптің – 77,7 %-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 17,9 %-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау –


3,2 %-ды құрайды.

2012 жылы кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 1 540,4 млн.теңге, өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығару көлемі 2012 жылы 97 771,1 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларында 22 535,4 млн. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау салаларында бұл көрсеткіш 2012 жылы 4041,7 млн. теңге болды.


Облыс экономикасының басым салаларының жай-күйін бағалау

Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлеміндегі өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің үлес салмағы 2011 жылы – 15,5 %-ды, 2012 жылы – 12,6 %-ды 2013 жылы – 13,1 %-ды құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жалпы жинаудағы облыс көлемінің үлесі 29,2 %-ды, 2012 жылы осы көрсеткіш – 34,1 %-ды, 2013 жылы – 25,4 %-ды) құрады, 2011 жылы Қазақстандағы сойыс салмағындағы ет өндірісінің жалпы көлеміндегі облысың сойыс салмағындағы ет өндірісінің үлесі – 6,44 %-ды, 2012 жылы осы көрсеткіш сойыс салмағындағы ет өндірісінің көлемінен – 6,37 %-ды, 2013 жылы – 6,39 %-ды құрады. Сүттің барлық түрінің өндірісіндегі көлемі 2011 жылы Қазақстандағы жалпы көлемнің 10,6 %-ын, 2012 жылы – 9,2 %-ды, ал 2013 жылы – 9,4 %-ды, 2011 жылы Қазақстандағы жұмыртқа өндірісінің жалпы көлемінде облыстағы жұмыртқы өндірісінің көлемі 10,8 %-ды, 2012 жылы бұл көрсеткіш – 11,9 %-ды, ал 2013 жылы – 12,5 %-ды құрады.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың ауыл шаруашылығы секторында 6 349 ауыл шаруашылығы кәсіпорны болды, оның ішінде 1104 заңды тұлға және 5 245 шаруа (фермер) қожалығы және дара кәсіпкерлер, оның ішінде 3 512-і – шаруа (фермер) қожалықтары, 1994 – дара кәсіпкерлер болды.

2012 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласының құрылымы 69,9 % өсімдік шаруашылығы және 30,1% мал шаруашылығы түрінде көрсетілген.


1-кесте. Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы, млн. теңге


Салалардың атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013

жыл


Ауыл шаруашылығы, барлығы

214 391,0

166 754,7

353 527,5

252 502,0

277 269,4

Өсімдік шаруашылығы

163 355,0

102 098,5

273 545,7

176 517,9

202 683,9

Мал шаруашылығы

51 036,3

64 656,2

79 981,8

75 984,1

74 585,9

1-кестенің деректері бойынша облыстың ауыл шаруашылығы саласында 2011 жылы өнім шығарылымының өсуі орын алды, мал шаруашылығындағы өсім 23,7 %-ды, өсімдік шаруашылығындағы өсім 167,9 %-ды құрады.


2012 жылы өндіріс көлемі төмендеді, бұл 2011 жылмен салыстырғандағы шығымдылықтың төмендеуіне байланысты, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2013 жылы өнім шығарудың 9,8 %-ға өскені анықталады.
Өсімдік шаруашылығы

Облыстың үлесіне Қазақстан Республикасының барлық егіс алқаптарының 20,5 %-ы тиесілі, бұл 2012 жылы 4 507,9 мың гектарды, ал


2013 жылы егіс алқаптарының 4 362,4 мың гектарын құрады. 6 жыл ішінде (2007 – 2013 жылдар аралығындағы кезең) әлемдік нарықтағы өсімдік шаруашылығының өнімдеріне сұраныстың өсуі есебінен егіс алқаптары
22,0 %-ға ұлғайды.

2013 жылы облыстың егіс алқаптарының құрылымында: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 3 572,2 мың гектар (81,9 %); майлы дақылдар – 437,8 мың гектар (10 %); картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 32,6 мың гектар (0,8 %), жем-шөп дақылдары – 319,7 мың гектар (7,3 %) болды.

Қазақстан Республикасының дәнді және бұршақ (астыққа) дақылдарын жинаудың жалпы құрылымында соңғы 10 жылдағы облыстың үлесі дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы жиналуынан 27,2 %-ды құрайды.
2-кесте. Дәнді және бұршақ дақылдарын жалпы жинау (астыққа), мың тонна


Көрсеткіштердің атауы 

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013

жыл


Қазақстан Республикасы

12 185,2

26 960,5

12 864,8

17 886,8

Солтүстік Қазақстан облысы

3 730,4

7 879,4

4 391,1

4 544,1

Облыс үлесі, %

30,6

29,2

34,1

25,4

Ауа райы-климаттық жағдайларының қиын болуына байланысты облыс тәуекелді диқаншылық аймағына жатады, мұның өзі ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларға, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің құбылмалы жағдайларға бейімделу қабілетіне негізделетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын игеруді талап етеді.

Өңірдің өзі өндіретін көкөністерге, жем-шөп және техникалық дақылдарға мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттігі өсімдік шаруашылығын одан әрі дамытудың ерекшелігін сипаттайтын маңызды фактор болып табылады, мұның өзі өсімдік шаруашылығы саласын дамытуда қосымша мүмкіндіктер ашады.
Мал шаруашылығы

Облыста мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары – ет және сүт өндірісі болып табылады.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің ірі қара мал санындағы облыс үлесі 4,9 %-ды, қой және ешкі – 1,8 %-ды, шошқа – 20,6 %-ды, құс –
10,1 %-ды, жылқы – 5,7 %-ды құрады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағыттар бөлінісінде: сүт бағытындағы ірі қара мал – 6,1 %, ет бағытындағы ірі қара мал – 1,9 %.
3-кесте. Облыстағы мал және құс саны, мың бас


Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Ірі қара мал

355,2

356,1

259,7

280,7

271,1

Шошқа

254,7

261,0

221,8

213,0

154,5

Қой және ешкі

258,7

279,0

288,0

315,1

283

Жылқы

92,4

96,7

94,1

96,2

89,4

Құс

3 033,7

3 102,1

3 193,3

3 373,3

3 577,7

БАРЛЫҒЫ:

3 994,8

4 094,9

4 056,9

4 278,3

4 375,7

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы ет өндірісінің құрылымында облыс үлесінің біршама төмендегені байқалғанын атап өткен жөн. Бұл басқа өңірлерде осы саладағы өсімнің серпінді қарқынына байланысты.

Мал шаруашылығында жалпы облыс бойынша соңғы жылдары мал мен құстың барлық түрлерінің санын өсіруге, сиыр мен құстың өнімділігін өсіруге, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаты өндірісінің көлемін ұлғайтуға қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, негізінен, астық өндірісінің үлесі жоғары өсімдік шаруашылығының өнімдеріне маманданады. Бұған егіс алқаптарының қалыптасып отырған құрылымы сәйкес келеді, мұнда дәнді дақылдардың егістігі облыстың барлық егіс алқабының 85,4 %-ын құрайды, ал жем-шөп дақылдарын егетін шағын алқаптар мал шаруашылығының үдемелі дамуын қамтамасыз ете алмайды.

Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласын дамыту жүзеге асырылуда, ол асыл тұқымды мал шаруашылықтарын құрумен, аталықтармен және ірі мал шаруашылығы кәсіпорындарымен сипатталады.

Облыстың ауыл шаруашылығының негізгі проблемалары:

1) материалдық-техникалық базаның моральдық және табиғи тозуы, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеу технологиялары деңгейінің төмен болуы салдарынан өнімнің әлемдік нарықтағы қажеттіліктерге (талаптарға) сәйкес келмеуі;

2) ауыл шаруашылығы өнімін терең қайта өңдеудің нашар дамуы;

3) шикізатты өндіру мен сатып алу процесін ұйымдастыру үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қаржы ресурстарына шектеулі қолжетімділік, қаржы институттарының кепілді қамтамасыз етуге қоятын талаптарының қатаң болуы;

4) еңбек ету жағдайларының тартымсыз болуына байланысты кадр әлеуетінің жеткіліксіз деңгейі.


Өнеркәсіп

Өңірде өнеркәсіптің мынадай салалары жұмыс істейді – кен өндіру, өңдеу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау.

2012 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ағымдағы бағалармен 122,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді (шағын кәсіпорындарды, қосалқы шаруашылықтарды, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда), бұл ретте өнім өндірісінің өсуі 2011 жылдың деңгейіне қатысты 102,5 %-ды құрады.
2013 жылы жалпы өнеркәсіп бойынша тауарлар өнімінің көлемі 152 млрд. теңгені құрады.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 есе өсті. 2013 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьер қазудағы өнім көлемі 1 934,9 млн. теңгені құрады. 2012 жылға қатысты бұл көрсеткіштің пайыздық өсуі 102,4 %-ды құрайды.

Өңдеуші өнеркәсіптегі нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ)
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы – 102,4 %, 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы – 108 %-ды құрады. 2013 жылы тамақ өнімдерінің өндірісі ұлғайып, 57 580,4 млн. теңгені құрады. Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2013 жылы – 1 068 млн. теңге, машина жасауда 2013 жылы – 32 285,2 млн. теңге құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларында НКИ 2012 жылы 2011 жылғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда – 97,4 %-ды, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылауда – 97,8 %-ды құрады. 2013 жылы көрсетілген салаларда НКИ


2012 жылдың деңгейіне қарағанда, тиісінше – 103,1 % және 99,2 %-ды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібі

Кен өндіру өнеркәсібі – облысты дамытудың перспективалы салаларының бірі. Қазіргі уақытта кен өндіру саласын дамыту бастапқы кезеңде тұр, бұл бұдан бұрын өңірде осы саладағы кәсіпорындардың болмауына және өндірістік ауқымда пайдалы қазбаларды өндірудің жүзеге асырылмауына байланысты.

Облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемінің құрылымындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 2009 – 2011 жылдардағы кезеңде мына түрде болды: облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінен 2009 жылы – 0,35 %,
2010 жылы – 0,45 %, 2011 жылы – 0,69 %.

Кен өндіру өнеркәсібіндегі НКИ 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда – 86,2 %-ды құрады. 2012 жылы НКИ 2011 жылмен салыстырғанда – 199,3 % болды, оның ішінде металл кендерін өндіру 2012 жылы 2,8 есе есті, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары 2011 жылмен салыстырғанда 149,6 %-ды құрады. 2013 жылы НКИ 2012 жылдың деңгейіне қарағанда,121 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі өнімдерінің құрылымы өңдеу дәрежесі жоғары және қосылған құны жоғары өнімі жоқ саланың, негізінен, шикізатқа бағдарланғанын көрсетеді.

Саланың қалыптасып отырған құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің өнім өндірісінің көлемін пайдалы қазбаларды терең өңдеу, сондай-ақ жаңа кен орындарын игеру есебінен ұлғайтуға болады.

Осылайша, шикізатты қайта өңдеудің озық технологияларын енгізу, қосылған құны жоғары дайын өнім алу арқылы жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз ету кен өндіру өнеркәсібін технологиялық дамытудың перспективалы мүмкіндіктері болып табылады.


Өңдеуші өнеркәсіп

Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі негізгі үлес 2012 жылы: азық-түлік өнімінің өндірісі – 54,7 %, машина жасау – 30,3 %, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 4,4 % және басқалар – 10,6 % болды.


2013 жылы өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың көлемі 2012 жылдың деңгейіне қарағанда – 114 941 млн. теңге, НКИ – 108%-ды құрады.
Тамақ өнімдерінің өндірісі

2009 – 2013 жылдардағы кезеңде облыстың өнеркәсіп өнімдері көлемінің құрылымындағы тамақ өнімдерінің өндірісі саласының даму серпіні мынадай болды:




Көрсеткіштердің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі, млн.теңге

78 110,0

85 111,4

115 241,5

125 888,6

151 991,3

Тамақ өнімдерінің өндірісі, млн. теңге

34 710,3

35 661,0

47 652,6

53 440,7

67 580,4

Үлесі, %

44,44

41,9

41,4

42,5

44,5

Сала кәсіпорындары 2011 жылы 47 652,6 млн. теңгеге сомасына өнім өндірді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 37,3 %-ды құрайды, 2012 жылы 53 440,6 млн. теңге сомасына тамақ өнімдері өндірілді, 2009 жылға қатысты өсуі 54 %-ды құрайды, 2013 жылы 67 580,4 млн. теңге сомасына өнім өндірді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 94,7 %-ды құрады.


6-кесте. Облыстағы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге


Өндіріс номенклатурасының атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Ет өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

3 273,0

4 180,9

4 704,7

6 920,8

8 298,2

Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу

4 043,2

2 515,0

3 344,6

3 234,2

3 460,4

Сүт өнімдерінің өндірісі

6 899,0

8 853,9

11 449,4

14 402,4

21 163,5

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі

9 465,9

8 926,4

12 190,3

13 640,2

16 298,3

Нан-тоқаш және ұннан жасалатын өнімдер өндірісі

6 264,4

6 752,0

8 309,0

8 883,3

9 503,4

Өсімдік және жануар майлары мен тоң майларының өндірісі

1 500,9

1 499,2

3 673,5

3 130,9

4 649,6

Балықты, шаян тәрізділер мен ұлуларды өңдеу және консервілеу

811,5

886,7

1045,7

124,4

144,2

Басқа тамақ өнімдерінің өндірісі

772,0

264,6

745,6

652,1

665

Малға арналған дайын жем-шөп өндірісі

1 680,5

1 782,4

2 189,8

2 452,3

3 397,8

ЖИЫНЫ

34 710,4

35 661,1

47 652,6

53 440,6

67 580,4

Саланың қазіргі дамуымен қатар, бірқатар шешілмеген проблемалары да бар:

1) өндіріс тиімділігінің өсуін төмендетуге әкеп соқтыратын жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының жоғары деңгейі;

2) өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

3) саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, кәсіпорындарда айналым қаражатының тапшы болуы;

4) қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмен болуы;

5) тартылатын қаржы ресурстарының жоғары құны.
Машина жасау саласы

Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің құрылымындағы машина жасау саласы үлесінің 2009 – 2013 жылдардағы кезеңде даму серпіні 7-кестеде келтірілген.


7-кесте


Өнімнің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі, млн.теңге

78 110,0

85 111,4

115 241,5

125 888,6

151 991,3

Машина жасау, млн. теңге

16 006,1

17 947,2

29 959,3

29 673,3

32 285,2

Үлесі,%

20,49

21,08

26,0

23,6

21,2

Негізінен, экономиканың мұнай өндіру, көлік секторларының жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағдарланған машина жасау кәсіпорындарында 2011 жылы 29 959,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 87,1 %-ды құрады. 2012 жылы 29 673,3 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 2009 жылға қатысты өсуі 83,3 %-ды құрады, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 32 285,3 млн. теңгені, 2009 жылға қатысты өсуі 101,7 %-ды құрады.


8-кесте. Облыстың машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге


Атауы

2009

2010

2011

2012

2013

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

191,4

340,0

3 071,7

2 911,1

3 602,4

Электр жабдықтарының өндірісі

1 323,3

1523,3

2 808,7

3 207,0

2 524,7

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

4 973,3

5 460,1

6 714,5

7 558,0

7 610,5

Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

1 752,1

1 838,0

1 524,4

3 176,8

3 259,3

Басқа көлік құралдарының өндірісі

3 350,8

3 943,8

7 434,1

3 955,2

3 974,6

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

4 415,2

4 841,9

8 594,3

8 865,3

11 313,8

ЖИЫНЫ

16 006,1

17 947,1

30 147,7

29 673,4

32 285,3

Саланың дамуының проблемалары:

1) өндіріс тиімділігінің өсуінің төмендеуіне әкеп соқтыратын жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының жоғары деңгейі;

2) өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

3) саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, кәсіпорындарда айналым қаражатының үнемі тапшы болуы;

4) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның (ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық бюролардың, тәжірибелік-эксперименттік базалардың, сынақ және техникалық бақылау орталықтарының) едәуір бөлігінің жойылуы;

5) қосылған құны жоғары ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмен болуы;

6) жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық қайта жарақтану жоспарлары, олардың машина жасау өнімінде деген ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жыл сайынғы сатып алу қажеттіліктері туралы ақпараттың болмауы;

7) өндірісті дамыту мақсатында тартылатын қаржы ресурстарының жоғары құны.
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

Облыстың кәсіпорындары құрылыста пайдаланылатын өнімдердің мол ассортиментін шығарады. Бұл – құм, қиыршық тас, құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар, тауарлық бетон, есіктер, терезелер, сэндвич-панельдер, құбырлар және басқа бұйымдар.



9-кесте. Облыстың құрылыс индустриясы өнімінің заттай мәндегі өндірісі


Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Табиғи құмдар, мың текше метр

118,3

155,6

213,3

224,9

Тас түйіршіктері, үгіндісі, ұсақ тас, қиыршық тас, мың текше метр

181,3

253,4

420,5

580,1

Полимерлер негізінде жасалған бояулар мен лактар, тонна

403

307

416

420

Құбырлар, түтіктер, түтік құбырлар мен шлангтер, олардың пластмассадан жасалған фитингтері, кг

1 630 754

4 784 191

6 683 947

4 214 571

Есіктер, терезелер, терезе жақтаулары, жалюзи және пластмассадан жасалған осыған ұқсас басқа бұйымдар, кг

1 616 160

1 631 698

1 630 408

1 751 949

Құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар, тонна

34 265

33 709

32 521

27 706

Плиткалар, плиталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған осыған ұқсас бұйымдар, тонна

6 126

7 804

6 745

6 200

Тауарлық бетон, тонна

102 690

155 702

162 967

160 285

Асфальттан немесе орамалардағы осыған ұқсас материалдардан жасалған жабын немесе әрлеу бұйымдары, мың шаршы метр

140

70,9

110,5

162,5

Жалатылған болат табақтан жасалған сэндвич панельдер, тонна

254

389

390

306

Құрастырмалы құрылыс металл конструкциялары, тонна







258



2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2012 жылы НКИ: пластмассадан жасалған терезелер мен есік блоктарының өндірісі бойынша – 99,9 %, полимерлер негізінде жасалған бояулар мен лактар – 135,5 %, табиғи құм – 136,1 %, ұсақталған тас, қиыршық тас, ұсақ тас – 165,9 %, ағаш материалдары, шпалдар – 2,2 есе, ағаштан жасалған терезелер, терезе жақтаулары, есіктер –


2 есе, құбырлар, шлангтер мен олардың пластмассадан жасалған фитингтері – 139,7 %, жалатылған болат табақтан жасалған сэндвич панельдер – 100,3 %, құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар – 96,5 %, жабын бұйымдары – 155,9 %, тауарлық бетон – 104,7 % болды.

Заттай мәнде 2011 жылмен салыстырғанда полимерлер негізінде бояулар мен лактар өндірісі 35,5 %-ға, тас түйіршіктері, үгіндісі мен тас ұнтағы, малта тас, ұсақ тас, қиыршық тас өндірісі 65,9 %-ға, табиғи құм өндірісі 36,1 %-ға, ағаш материалдары мен шпалдар өндірісі 120 %-ға, құбырлар, шлангтер мен олардың пластмассадан жасалған фитингтерінің өндірісі 39,7 %-ға, сэндвич панельдер өндірісі 0,3 %-ға, жабын бұйымдарының өндірісі 55,9 %-ға ұлғайды.

Ағымдағы жағдайды талдау облыстың құрылыс индустриясының дамуында мынадай проблемалар орын алып отырғанын анықтады:

1) сала кәсіпорындарының техникалық деңгейінің төмен болуы;

2) технологиялық жабдықтардың әбден тозуы, негізгі қорларды жаңарту жылдамдығының төмен болуы;

3) жаңғырту үшін кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіз болуы;

4) ресурстарды көп қажет ету және тиісінше өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы;

5) импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялар қажеттігі.


Көлік және коммуникация

Облыстың көліктік-коммуникациялық кешені құрлықта жүретін өзге де көлікті (автомобиль, жүк, жолаушы көлігі, такси, троллейбус), өзен көлігін, қатынас жолдарын, почта байланысы мен телекоммуникацияларды қамтиды.

Облыстағы жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 807 км теміржолдан, 8 998 км автомобиль жолынан, 70 км кеме жүзетін ішкі су жолдардан, 26,9 км троллейбус жолынан тұрады. Облыс бойынша қатты жабын төселген автомобиль жолдарының тығыздығы республикадағы ең жоғарыларының бірі және 1000 км2 аумаққа шаққанда 72,6 км құрайды (республика бойынша орта есеппен – 31,6 км), теміржолдар – 8,2 км.
10-кесте Экономикалық қызмет түрлері бойынша көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері:


Атауы

2010

2011

2012

2013

Көлікпен жүк тасымалдау, мың тонна

40 078,9

46 127,5

46 211,99

49 263,4

Жүк айналымы, млн. тонна-километр

2 811,2

3 202,5

3 220,2

3 223,3

Жолаушылар тасымалдау, млн. адам

365,5

453,9

470,7

378,0

Жолаушылар айналымы, млн. жолаушы-километр

2 284,6

3 065,3

3 487,3

3 784,1

Барлық көрсеткіштер өсу серпінін көрсетеді, мұның өзі көлік саласының дамығанын айғақтайды. Алайда, автокөлік инфрақұрылымының қомақты бөлігі нормативтік мерзімнен артық пайдаланылатынына байланысты көлік жұмысының қауіпсіздігі жөніндегі ахуал нашарлап барады, саланың даму көрсеткіштерінің өсуі автожолдар желісінің тозу процесін жеделдете түспек.



Облыстың көлік-коммуникация кешенін дамыту проблемалары автокөлік инфрақұрылымының тозуына, теміржол желісінің жеткілікті дамымауына, негізгі қорларды жаңғыртуға жеткілікті қаржы бөлінбеуіне және нарықта жеткілікті бәсекелестіктің болмауына байланысты.

Телекоммуникациялар мен почта байланысы саласы – экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі, оның дамуына зор мән беріледі. Экономиканы өзгертуде, оның бәсекеге қабілеттігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың атқаратын рөлі өте маңызды. Сала көрсетілетін қызметтердің көлемі мен ауқымын ұлғайтып, орнықты дамып келеді.

2011 жылы пошта және курьер қызметінің кәсіпорындары 421,9 млн. теңге сомасына, байланыс кәсіпорындары – 5 287,6 млн. теңге сомасына қызметтер көрсетті. 2012 жылы почта және курьер қызметінен түскен кіріс 405,2 мың теңгені, 2013 жылы – 415,5 мың теңгені құрады. 2012 жылы байланыстың кірісі 5 661,4 мың теңгені, 2013 жылы – 6 341,1 мың теңгені құрады.

Цифрлық жабдықтарды енгізу базасында көрсетілетін жаңа қызметтерді дамыту басымдығымен телекоммуникациялар желісін жаңғырту жоспарлануда, мұның өзі сапаны жақсартуға және сыйымдылығын ұлғайту арқылы қызмет әрекет ету аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Байланыс және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар секторының жоғары даму қарқынын ұстап тұру және дамуын жеделдету үшін секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз етуге және инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру үшін венчурлік капитал тартудағы белсенділікті ұлғайтуға байланысты туындайтын проблемаларды шешу қажет.
Экономиканың басым салаларының даму болжамы және олардың облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға әсері

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсу қарқыны 2011 жылғы ЖІӨ-мен салыстырғанда 2012 жылы 105,0%-ды құрады. 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері орта мерзімді кезеңге арналған негізгі макро-экономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде әзірленген. Бастапқы параметрлерді ескерсек, ЖІӨ нақты өсуі 2013 жылы 6,5 %-ды, 2014 жылы


7,1 %-ды құрамақ.

Елдің ЖІӨ өсуі, сонымен қатар ЖӨӨ-нің тиісінше өсуімен де қамтамасыз етіледі. Аталған салалардың ЖӨӨ-дегі үлесінің ұлғаюы тұрғындар кірістерінің артуына және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, тиісті бюджеттерге кірістердің түсуіне мүмкіндік туғызады, экономиканың дамуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландырудың өсуіне ықпалын тигізеді.


Облыстың экспорттық әлеуетін бағалау

Қазіргі уақытта облыс экспорты мейлінше шектелген. Экспорттың негізгі баптары шикізат бағытындағы тауарлар топтарына тиесілі: бидай және ұн. Ал импорт құрылымында жабдықтар, көлік құралдары, қара металл мен одан жасалған бұйымдар, минералды отын қомақты үлес алады.

Сонымен қатар, облыстың астық экспорты бойынша ғана емес, өнеркәсіптік өнім өндірісін және оның экспортын өрістету бойынша да айтарлықтай әлеуеті бар.
Облыстағы инвестициялық ахуалды бағалау

Негізгі капиталға инвестициялар

Жете бағалауды ескергенде негізгі капиталға құйылған инвестициялар 2012 жылы 97 998,8 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылға қатысты инвестиция сомасының 136,3 %-ын құрайды. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың қомақты бөлігін – 70,1 %-ын жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерген, мемлекеттік сектордың үлесіне – 28,6 %, шетелдік сектор үлесіне – 1,3 % тиесілі.

Мыналар негізгі капиталға құйылатын инвестициялар бағытталған басым салалар болып табылады:

1) ауыл, орман және балық шаруашылықтары – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 30,4 %-ы және 2013 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 33,4 %-ы;

2) өнеркәсіп – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 24,6 %-ы және


2013 жылғы инвестициялар көлемінің 15,5 %-ы;

3) көлік және қоймалау – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 7,8 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 12,4 %-ы;

4) жылжымайтын мүлікпен операциялар – 2012 жылғы инвестициялар көлемінің 4,8 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 5,2 %-ы;

Инвестициялар көлемінің қомақты үлесі машиналар мен жабдықтаулар сатып алуға – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 60,7 %-ы және


2013 жылғы инвестициялар көлемінің 59 %-ы, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 35,1 %-ы және 2013 жылғы инвестициялар көлемінің 36 %-ы тиесілі. 2012 жылы негізгі капиталға қаржы салу көзі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындардың меншікті қаражаты – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 59,7 %-ы және
2013 жылғы инвестициялар көлемінің 72,3 %-ы, бюджет қаражаты –
2012 жылғы инвестициялар көлемінің 27,4 %-ы және 2013 жылдың инвестициялар көлемінің 21,8 %-ы, қарыз қаражаты – 2012 жылғы жалпы инвестициялар көлемінің 12,7 %-ы және 2013 жылдың инвестициялар көлемінің 5,8 %-ы болды.
11-кесте. Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың көлемі, млн. теңге


Экономика саласының атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

ауыл, орман және балық шаруашылығы

12 704,4

24 712,5

39 490,3

44 741,4

өнеркәсіп

6 252,8

9 936,2

31 954,0

20 700,1

кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазу

214,2

417,4

421,5

422

өңдеуші өнеркәсіп

1 806,1

4 305,3

9 743,1

9 800

электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

4 232,5

5 213,6

21 789,5

22 058

құрылыс

1 387,9

617,8

478,5

701,4

көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

6 389,2

2 673,5

1 024,2

1 331,1

көлік және қоймалау

4 086,0

3 429,5

10 116,2

16 598

күнкөріс және тамақтандыру жөнінде көрсетілетін қызметтер

24,6

33,5

20,6

30

ақпарат және байланыс

1 517,2

2 819,1

3 193,5

3 200,1

қаржы және сақтандыру қызметі

461,7

335,9

236,1

446,3

жылжымайтын мүлікпен операциялар

3 589,4

7 454,4

6 298,2

6 931,9

кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

637,9

543,0

456,2

905

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

39,6

49,2

257,8

262,7

мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

12 367,5

14 807,0

830,4

281,6

білім беру

966,6

1 092,4

1 753,6

1 012,1

денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

589,8

370,0

1590,6

4106,2

өнер, ойын-сауық және демалыс

68,7

77,9

227,3

172,3

басқа қызмет түрлерін көрсету

119,8

38,4

71,2

84,3

жиыны:

57 455,9

78 926,6

129 952

133 785,4

12-кесте. Өңірлік инвестициялардың үлесі




Жылдар

Қазақстан Республикасы,

млн. теңге



Солтүстік Қазақстан облысы, млн. теңге

Ұлттық экономикаға құйылатын инвестициялардағы өңірдің үлесі, %

2003

1 327 864

12 353

0,93

2004

1 703 684

18 186

1,07

2005

2 420 976

37 229

1,54

2006

2 824 523

34 328

1,22

2007

3 392 122

37 287

1,10

2008

4 210 878

41 279

0,98

2009

4 585 298

49 505

1,08

2010

4 653 528

51 203

1,10

2011

5 010 231

68 990

1,38

2012

5 473 161

97 999

1,79

Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес ұлттық экономикаға құйылатын инвестициялардың жалпы көлемінің 1,79 %-ы ғана өңірлік инвестициялардың үлесіне тиесілі. Бұл көрсеткіш өте төмен және өңір кәсіпорындары мен ұйымдарының инвестициялық ресурстарды айтарлықтай қажет ететінін көрсетеді.

Осыған байланысты, ұлттық экономикаға инвестициялар тартуға бағдарланған мемлекеттік органдардың және даму институттарының өңірге инвестициялық ресурстардың келуін қамтамасыз етудегі рөлі айтарлықтай артады.

Шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар тарту үшін тартымды жағдай жасау мақсатында 2012 жылдан бері ӘКК-нің ұйымдық құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Құрылымдық бөлімше инвесторға толық сервистік қолдау көрсетеді және өңірге инвестициялардың келуіне жәрдемдесуді жүзеге асырады.

Облыстың инвестициялық әлеуетін дамытудың негізгі проблемалары:

1) тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың нақты тетіктерінің болмауы;

2) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіз болуының салдарынан стратегиялық инвесторлар белсенділігінің төмен болуы;

3) кредиттік ресурстарға және ұзақ мерзімді қаржыландырудың басқа да құралдарына қол жеткізудің шектеулі болуы;

4) инвестициялық жобаларды дайындаудың төмен деңгейі;

5) перспективалы жобаларды қаржыландырудың өңірлік көздерінің болмауы.

Негізгі тұжырымдар:

1) дәстүрлі көздерден инвестициялар тартудағы жалпы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты облыс кәсіпорындарының инвестициялық қызметті қаржыландырудың балама нұсқаларын іздеуге, оның ішінде мемлекеттік ресурстар есебінен іздеуге деген қажеттілігі айтарлықтай жоғарылады;

2) экономиканың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың нақты секторының қажеттілігін қанағаттандыруға және кеңейтілген өндіріс үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін облысқа құйылатын инвестициялардың жоғары өсу қарқынын қалпына келтіру қажет;

3) негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың ағымдағы құрылымы облыс экономикасын дамытуда шикізат секторы жағына қарай теңгерімсіздік орын алып отырғанын көрсетеді. Ал облыс экономикасын қалпына келтіру және сапалы, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларында шикізатты терең өңдеу өндірісін басымдықпен дамыту талап етіледі.


Облыстағы инновациялық белсенділікті бағалау

Облыстың инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуеті бар:

минералдық шикізат базасы;

индустриялық-өнеркәсіптік өңір;

құрылыс өнімдерін шығару жөніндегі өндірістік қуаттар;

жоғары білікті ғылыми және өндірістік кадрлар.

Облыстың Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 40,8 млрд. теңге болатын 30 инвестициялық жоба кіреді, пайдалану кезеңінде 1 839 жұмыс орны құрылмақ.

25,8 млрд. теңге сомасына 26 жоба пайдалануға берілді, бұл ретте


1 083 тұрақты жұмыс орны құрылды.

4 жоба іске асырылу сатысында:

1) сүт өңдеу кешенінің құрылысы – «Зенченко и К°» коммандиттік серіктестігі (655 млн. теңге);

2) бордақылау алаңы бар 2 000 басқа арналған асыл тұқымды молықтырушы шаруашылық – «SC FOOD Солтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (3 296 млн. теңге);

3) жылыжай кешенін жаңғырту – «Наурыз 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (432 млн. теңге);

4) қуаты жылына 1 млн. тонна құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдеу жөніндег «Сырымбет» кен байыту кешенін салу.

2011 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 49,9 %-ға азайды және 1 469,5 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 22,9 млн. теңгеге көрсетілді, бұл көрсеткіш 2010 жылы 112,7 млн. теңге болды.

2010 жылы технологиялық инновацияларға капиталдық және ағымдағы шығындар – 478,9 млн. теңгені, 2011 жылы – 184,9 млн. теңгені құрады. Бұл ретте, жаңа өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді және оларды өндіру (беру) әдістерін, өндірістік жаңа процестерді зерттеуге және әзірлеуге жұмсалған шығындар 2011 жылы 23,3 млн. теңгені құрады, технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға – 108,1 млн. теңге, жаңа технологияларды (өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді пайдалануға берілетін патенттерге, лицензияларға құқықты) сатып алуға – 1,5 млн. теңге, бағдарламалық құралдарды сатып алуға – 21,6 млн. теңге, өндірістік жобалау, жаңа өнімдерді шығару, жаңа қызметтерді және оларды өндіру (беру) әдістерін енгізу үшін өндірісті дайындаудың басқа түрлеріне – 25,6 млн. теңге, инновациялармен байланысты қызметкерлерді оқытуға және даярлауға – 1,9 млн. теңге, маркетингтік зерттеулерге – 1,2 млн. теңге жұмсалды, технологиялық инновацияларға жұмсалатын басқа шығындар 1,7 млн. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының шеңберінде
2012 жылы «Мұнай-маш» акционерлік қоғамының мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдар шығару үшін өндірісін жаңғырту жөніндегі жобасы толығымен қаржыландырылды. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру шеңберінде
2012 жылдың қазанында Жапония, Америка Құрама Штаттары мен Бразилияда жасалған цифрлық бағдарламамен басқарылатын заманауи көп функционалды 12 станок пайдалануға енгізілді. Жобаны іске асыру кәсіпорынға бөлшектерді механикалық өңдеуге жұмсалатын уақытты қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын азайтуға, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық қызметтің дамуын тежейтін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

1) кәсіпорындардың (ірі машина жасау кәсіпорындарынан басқа) инновациялық белсенділігінің төмен болуы және инновацияларға сұраныстың болмауы;

2) инновациялық өнім мен инновациялық қызметтерді көрсету көлемінің төмен болуы;

3) инновациялық инфрақұрылымның жетілмеуі;

4) инновациялық компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының жетілмеуі;

5) кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмен болуы;

6) инновацияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіз болуы;

7) ғылым мен өндіріс арасында қалыптасқан алшақтық, бизнес және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетігінің болмауы.
Сыртқы орта факторларының ықпал етуі

Соңғы жылдары өзекті міндетке айналған кәсіпорындардың қызметіне сыртқы ортаның әрқилы факторларының ықпалын барынша азайту міндетін шешу үшін олардың жұмысына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және жүйелендіру талап етіледі. Сыртқы орта факторларының ықпалы салдарынан туындауы мүмкін келеңсіз салдарды айқындау жөніндегі шараларды осының негізінде ғана әзірлеуге болады.

Экономикалық дағдарыстардың туындау себептерін зерттеу көрсеткендей олардың ішінен ең басты біреуін бөліп көрсету мүмкін емес. Экономикалық дағдарыстар ішкі сипаттағы да, сыртқы сипаттағы да көптеген мән-жайлардан туындайды. Мұндай себептердің неғұрлым толық жиынтығын былайша көрсетуге болады. Сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторлар.
Саяси және құқықтық факторлар

Ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы, сыртқы қауіптердің болмауы және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық ел мен өңір экономикасының қарқынды әрі серпінді дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекет қабылдап отырған шаралар кешені халық шаруашылығы салаларының, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің, өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының дамуына мүмкіндік туғызады. Саяси және құқықтық факторлар арқылы қалыптасатын келеңсіз өзгерістер (сырттан төнетін қауіптің болуы, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарындағы проблемалар) ӘКК-нің қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Шаруашылық факторлар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап ЖІӨ мен ел экономикасына құйылатын инвестициялардың өсу қарқынын біртіндеп ұлғайту жоспарлануда, бұл экономиканың басым секторларын дамыту жөніндегі инвестициялық қызметті жандандырады.

Экономикалық өзгертулердің үдемелі іске асырылуы Қазақстанның, оның ішінде өңірлердің де экономикасын қалпына келтіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның өзі әлемдік экономикада алдын ала болжанбаған қолайсыз оқиғалар болмаған жағдайда, ӘКК-нің қызметіне жағымды әсерін тигізеді.

Әлемдік нарықтағы қолайсыз оқиғалардың туындауы, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі және тиісінше инвестициялық қызметтің құлдырауы ӘКК қызметінің нәтижелілігіне теріс әсер етеді.


Демографиялық факторлар

Әлемде демографияны дамытудың екі негізгі үрдісі бар – өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және өлім деңгейін төмендету. Тиісінше, халық санының жалпы өсімі байқалады, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісінің тиісінше ұлғаюы және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту талап етіледі. Аталған жағдай инвестициялық салымдарды ұлғайтуды, соның салдарынан инвестициялық қаражат іздестіруді талап етеді.

Демографиялық факторлардың теріс ықпал етуін уақтылы есепке алу ӘКК үшін көптеген зардаптардан құтылуға көмектеседі – кадрлар тапшылығы, сұраныстың төмендеуі, өндірістің жеткіліксіз көлемі және басқалар.

Бұл жағдайда ӘКК облыстың экономикалық әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту бойынша мемлекеттің міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.


Экологиялық факторлар

Облыста тазарту құрылыстарының тиімсіз жұмыс істеуіне немесе облыс аудандарының басым бөлігінде мұндайлардың болмауына байланысты шиеленісті экологиялық ахуал сақталуда, сонымен қатар қалдықтарды басқаруға байланысты проблема аса өткір күйінде тұр. Қызметтің мұндай жағдайлары өз қызметін облыс аумағында жүзеге асырып жатқан компаниялар қызметінің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары үшін экологиялық проблемалар астықтың шықпай қалуына, малдың қырылуына әкеп соғуы мүмкін, өңдеуші кәсіпорындар үшін жабдықтың істен шығу тәуекелі артады, құрылыс саласы, кен өндіру өнеркәсібі мен көліктік-коммуникациялық кешен үшін жабдықтар мен механизмдердің істен шығу, құрылыстардың, көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымның қирау тәуекелі артады. Бұл мән-жайлар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығына ықпалын тигізуі мүмкін.


Технологиялық факторлар

Негізгі технологиялық факторларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді дамыту үрдісі мен оларға түрлі көздерден жұмсалатын шығындар, зияткерлік меншікті қорғаудың қолданыстағы жүйесі, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы мемлекеттік саясат, жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа өнімдер (жаңарту жылдамдығы, идеялар көздері), жаңа патенттер жатады.

Технологиялық факторлардың ӘКК қызметіне теріс ықпал етуі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің даму қарқынының төмендеуінен көрінуі мүмкін, бұл өнім сапасы деңгейінің төмендеуіне, нарықтың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкін еместігіне және нәтижесінде ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

ӘКК қызметінде аталған факторларды есепке алуды уақтылы қамтамасыз ету өңір экономикасының қолда бар бәсекелік артықшылықтарын дамытуға және сақтауға мүмкіндік береді.


Ішкі ортаны талдау
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ӘКК-ге мемлекеттік активтер берілген. Осы активтердің базасында ӘКК жобаларды жеке бизнеспен әріптесе отырып іске асырады.

ӘКК алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу инфрақұрылым, бизенс-орта құру, өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыру үшін жағдайлар жасау және инвестициялар тарту, сондай-ақ өңірде орын алып отырған әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге жәрдемдесу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.


Ұйымдық қалыптасуы

ӘКК-нің мемлекеттік тіркелуі «Тобыл» ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде жүргізілді.

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес 2007 жылғы 8 қазанда құрылды.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес «Тобыл» ӘКК» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті 50 % тең үлестермен Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының коммуналдық меншігіне берілді.

ӘКК-нің қайта ұйымдастырылуына байланысты акционерлер 2010 жылғы 1 қазанда акционерлік қоғамды «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына және «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2010 жылғы


1 қазандағы № 347-ОД бұйрығына сәйкес облыстың географиялық шекарасында қызметтің бейінді түрлері бойынша ӘКК құруға келісім алынды.

ӘКК-ні мемлекеттік тіркеу 2011 жылғы 11 қаңтарда жүзеге асырылды. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға ұлттық компания мәртебесі берілді.

ӘКК дамуындағы жаңа кезең – Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын жандандыру жөніндегі жобалардың іске асырылуына байланысты. Сондай-ақ ӘКК-ге мынадай мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік нысаналы іс-шараларды іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген:

1) салалық бағдарламаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекіткен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы);

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы);

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет