Жер сілкінісі кезінде Алматыда неліктен дыбыстық дабылдың қосылмағаны туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, қалада 843 дыбыстық дабыл бар. 

Бұл қала аумағын 100% қамтуға мүмкіндік береді.

"Дыбыстық сиреналар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқанда іске қосылады. Бұл жолы жер асты дүмпуінің қуаты 4 және 5 балл аралығында болды. Сондықтан дабылдарды іске қосудің мәні болмады. Олар керісінше дүрбелең туғызар еді", – деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.