«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Жалпы ережелер «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»



жүктеу 33.95 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі33.95 Kb.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

1. Жалпы ережелер

1. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі .

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;

Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияның филиалы бойынша - 1 (бір) жұмыс күні;

басқа Мемлекеттік корпорацияның филиалдары бойынша - 20 (жиырма) күнтізбелік күн;

Мемлекеттік корпорацияның филиалына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты уақыты - 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабының 8) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленеді.

Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қабылдау «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды кезек брондалуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сай өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);

3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;

4) егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғаны үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы, мына интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) көрсетілетін қызметті беруші: www.sud.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорация: www.con.gov.kz.



Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының www.еgov.kz «жеке кабинет» қашықтан кіру жүйесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ала алады.

«Азматтарға арналған үкімет»МК КеАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Шет ауданындағы №2 бөлімінің инспекторы А.М.Кенжебекова
Каталог: uploads -> source -> docs
docs -> «Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді «Азаматтарға арналған үкімет»
docs -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
docs -> Шет ауданы
docs -> Шет ауданы
docs -> Баспасөз релизі «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес берді
docs -> Баспасөз релизі Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда
docs -> Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет
docs -> Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
docs -> Аќтоєай аудандыќ мјслихатыныѕ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет