Сотериология



жүктеу 209.55 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі209.55 Kb.

«Ақиқат сөзі» Қиелі кітап мектебі 2007 г.

«Ақиқат сөзі» Киелі кітап мектебі.

Сотериология (Құтқарылу туралы ғылым), 1-бөлік.
Құтқарылудың құрамдас бөліктері.
Құтқарылу туралы Құдайдың жоспары.
(Жалпы сызба)

Құтқарылу тізбегінің ажырамас 5 бөлігі.




«Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады» (Рим. 8:29-30).


Римдіктерге арналған хат, 8-тарау, 29-30-аяттарға қарап, құтқарылудың 3 аспектісін белгілеп қояйық.



Құтқарылудың 1-аспекті:

өткен мәңгілік



Құтқарылудың 2-аспекті:

қазіргі уақыт

(жердегі өмір)



Құтқарылудың 3-аспекті:

болашақ мәңгілік

(жүмақ)


Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса


соларды шақырып алды, шақырып алғандарын

ақтап та алды, ақтап алғандарына

;




ұлылық та сыйлады


=

Белгілеп қойғандардың

саны


=

Шақырғандардың саны

Ақтап алғандардың саны





Ұлылық сыйлағандардың

саны


=

Таңдап алғандардың саны



=

Құтқарылғандардың саны


Жүмаққа кіретіндердің

саны




Қорытынды: Күнәкарларды құтқару туралы Құдайдың жоспары әбден тиімді. Ешкім Оның жоспарынан түсіп қалмайды. Яғни, Құдай кімдерді өткен мәңгілікте белгілеп қойса, міндетті түрде барлығын жүмаққа жетелеп әкеледі.

«... кімдерді ... соларды ...» дегенде, өзгермейтін сан жөнінде әңгіме болып тұр.


Құтқарылғандардың санынан ешқім түсіп қалмайды.
«Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін» (Жох. 6:37).
«Ал Әкемнің еркі — Оның қарамағыма берген адамдарының бірде-біреуін тозаққа түсірмей, бәрін де ақырғы күні қайта тірілтуім» (Жох. 6:39).
Құтқарылғандардың санына ешкім қосыла алмайды.
«Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын» (Жох. 6:44).
«Сол себепті Ол былай деді:

— «Әкем қабілет бермесе, ешкім Маған келе алмайды» деп Мен сендерге сондықтан да айттым» (Жох. 6:65).


Құтқарылудың құрамдас бөліктері.

Өткен мәңгілік.
Таңдап алу.
І. Таңдап алудың 3 түрі.


  1. Корпоративтік таңдап алу.

Корпоративтік таңдап алу Исраил халқына қатысты. Бұл таңдау арқылы Исраилдіктердің барлығы Құдайдан бата алды. Мысалы, барлығы Мысырдан шықты, барлығы маннаны жеді.




  • Құдай Исраил халқын таңдап алса да, бірақ Ол Исраилдіктердің барлығын бірдей құтқару үшін таңдап алмаған.

«Иеміз Иса өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты» (Иуд. 1:5).

«Сендердің Ыбырайымның ұрпақтары екендеріңді білемін. Алайда Мені өлтірмексіңдер, себебі айтқандарыма жүректеріңнен орын бермедіңдер.38 Мен Әкемнің көрсеткендері туралы айтып тұрмын, ал сендер өз түп аталарыңнан көргендеріңді істейсіңдер» (Жох. 8:37,38).

Сендердің рухани аталарың — әзәзіл шайтан. Соның құмарлықтарын орындағыларың келеді. Ол әуел бастан-ақ кісі өлтіруші болып келеді, ақиқат жағында тұрған да емес, өйткені онда ақиқат жоқ. Әзәзіл өтірікті өз болмысына сай айта береді, себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы» (Жох. 8:44).




  • Исраилдіктердің корпоративтік таңдап алынуы шартсыз таңдап алыну болып табылады.

Шартсыз таңдап алу деген не? Бұл таңдап алу адамның ешқандай қызметіне емес, керісінше тек Құдайдың ерікті түрде таңдағанына ғана байланысты.
Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен сендерді Өзінің халқы және ерекше құнды меншігі болуға таңдап алған. Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты. (Заң. қайтталау 7:6-8).
Құдай Исарил халқын шартсыз таңдап алды. Исраилдіктерде Құдайдың назарын өздеріне аударатындай ешқандай себеп болған жоқ. Яғни, осы халық үлкен де, сенімді де халық болған жоқ.

Таңдап алудың бір ғана себебі болды – Құдай Өзі және Оның ерекше сүйісеншілігі.




  1. Қызметке арнап жеке таңдап алу.

«Иса оларға: Осы он екіңді Мен таңдап алған едім. Сонда да іштеріңдегі біреуің әзәзіл шайтанның жетегінде, — деді» (Жох. 6:70).


«Бірақ іштеріңдегі кейбіреулерің сенбейсіңдер. — Себебі Иса сенбейтіндердің кім екенін және Өзіне кімнің опасыздық жасайтынын әуел бастан-ақ білген еді.65 Сол себепті Ол былай деді:

— «Әкем қабілет бермесе, ешкім Маған келе алмайды» деп Мен сендерге сондықтан да айттым» (Жох. 6:64,65).

Қызметке арнап таңдап алу деген автоматты түрде құтқарылды дегенді білдірмейді. Мысалы, Құдай Яһуданы қызметке таңдап алды, бірақ оны құтқарып алмады.

Қызметке арнап таңдап алу құтқаратын таңдап алудан бөлек. Бірақ, қазір адам алдымен құтқарылады содан соң қызметке арналады



  1. Құтқару үшін таңдап алу.

Бұл-әлем жаратылмастан бұрынғы жеке таңдап алу.

Осы таңдау адамдарды әрқашан құтқарылу мен ұлылыққа әкеледі.
Кейбір адамдардың таңдап алыну түрлерін қарыстырайық






Корпоративтік таңдап алу

Қызметке арнап жеке таңдап алу

Құтқару үшін таңдап алу

Яһуда

+

+

-

Пауыл

+

+

+

Тит (Исаның қызметшісі, еврей емес)

-

+

+

Әйелдер (Кор. 1-х. 14:34)

-

-

+



ІІ. Құтқару үшін таңдап алу.

  1. Құтқару үшін таңдап алу жөніндегі қате түсініктер.


А. Жалпы қауымды таңдап алу.
Бұл көзқарастың жақтаушылары былай дейді: «Құдай құтқару үшін белгілі бір топты (белгіленген саны) таңдап алды. Бірақ, жеке нақты кімді екен белгісіз.
Бұл дұрыс емес.
«Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді» (Еф. 1:4).
Осы аятта «бізді» деген сөзге назар аудару керек. Өйткені Пауыл бұл жерде өзімен бірге нақты адамдар туралы айтып отыр.
Құдай құтқарылмаған адамдардың есімдерін біледі.
« Күнәкар дүниенің тұрғындары, яғни әлемнің жаратылған кезінен-ақ «Мәңгілік өмір кітабына» есімдері жазылмаған адамдар, айуанға қарайды. Олар оның бір рет өмір сүріп, қазір өмір сүрмей, ал кейін қайтадан пайда болатынына таңғалады» (Аян 17:8).
«Жер бетінде тұратын (күнәкар) адамзат түгелдей, яғни құрбандыққа шалынған Тоқтының Мәңгілік өмір кітабына әлем жаратылмас бұрын есімдері жазылғандардан басқасының бәрі де, оған құлшылық ететін болады» (Аян 13:8).

Егерде Құдайға құтқарылмаған адамдардың есімдері әлемді жаратпастан бұрын белгілі болса, онда Ол құтқарылған адамдардың есімдерін білмей ме?

Жауабы: Әрине, біледі.
Жалпы қауымды таңдап алу (адамдардың жалпылама саны, яғни, жеке-жеке емес) деген ілім Құдайдың жоспарына және Оның барлық нәрсені біле алатындығы туралы ілімге шабуыл жасайды.
Егер Құдай құтқарылатын адамдардың есімдерін жеке-жеке білмесе, онда Оның барлық нәрсені біледі деген қасиеті шектелген. Бұған қоса, Оның жоспары да жетілмеген.
Бұл дұрыс емес.
«Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!» (Луқа 12:6-7).

Егер Құдай біздің басымыздағы шашымыздаң санын білсе, онда кім құтқарылатындар мен құтқарыалмайтындардың есімдерін одан де жақсы біледі.

Құдай Өз жоспарын әлемді жаратпас бұрын құрды. Құдай сол жоспарға үлкенді-кішім оқиғалардың барлығын енгізді.

Күнәкарларды құтқару деген іс-әрекет бұл жоспардың ең басты бөлігі болып табылады.


«...Бұны айтқан Жаратқан Ие оны іске асырады. Бұл баяғы заманнан бері белгілі» (Ел. істері 15:17-18).

Ә. Алдын ала болжауға негізделген таңдап алу (шартталған таңдап алу).

Бұл түсінік жартылай пелагийшілік және арминийшілік деген ілімдер бойынша бекітіледі.


Сызба.

Бұл көзқарастың жақтаушылары былай дейді: «Құдайдың таңдап алуының себебі Оның егеменді шешімінде емес. Яғни, Құдай адамдарды Өз қалауымен емес, алдын ала болжау арқылы таңдап алды».

Яғни, Құдай болашаққа қарап, Оған сенуге қабілетті адамдарды көріп, сол себептен таңдап алды.
Неге бұл дұрыс емес.
Дұрыс еместігінің 4 себебін қараймыз:


  1. Алдың ала болжауға негізделген таңдап алу адам толықтай күнәкарлық мәселесін ескермейді.

Құдай адамдардан Оған сенім артатын қабіліттілекті көруі мүмкін емес. Өйткені, адам рухани өлі болғандықтан, Оны іздеуге де, Оған сенуге де қабілетті емес.


«Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер» (Еф. 2:1).
«Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, ақылды ешкім де жоқ, Құдайға бет бұратын да жоқ. Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да» (Рим. 3:10-12).
Егер Құдай адамдарды тек олардың қалауы (Оған сенуге қалауы) бойынша таңдап алса, онда ешкім адам құтқарыла алмас еді. Өйткені ешбір адам Оған сенуді қаламайды.
мысал:

«Құдайдың бізден қандай да бір жақсылықты алдың ала болжап көруі мүмкін емес. Себебі адам баласында Құдайдың Өзінің рақымын арқасында таңдалып алығанынан басқа ешқандай жақсылық жоқ».

(Ч. Сперджен).


  1. Алдын ала болжауға негізделген таңдап алу саналы түсінікке қайшы. Құдай бізден Оған сенім артуға қалауды алдын ала болжап көруі мүмкін емес. Өйткені құтқаратын сенім – бұл да Құдайдың сыйы.

«Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын» (Еф. 2:8,9).


Сперджен бұл жөнінде былай жазды: «Мысалы, көшеде жиырма қайыршы адам тұр. Мен олардың біреуіне бір теңгені беруге шешім қабылдадым. Сонда мен қайыршыны бұл теңгенің иесі сол деп болжағандықтан таңдап алдым ба? Бұндай қорытынды мағынасыз.

Арминийшілікте таңдап алудың негізі адамның сенімінде.
Бұл дұрыс емес! Өйткені Киелі кітап керісінше үйретеді. Яғни, таңдап алудың негізі адамның сенімінде емес, керісінше Құдайдың таңдап алуы адамды сенімге әкеледі.
«Басқа ұлттардың адамдары мұны естігенде қуанып, Иеміз туралы Ізгі хабарды мадақтай бастады. Мәңгілік өмірге ие болады деп Құдай белгілеп қойғандар Мәсіхке сеніп, Оның жолына түсті» (Ел. істері 13:48).
Бұл жөнінде Сперджен тағы былай деп жазды: «Сенім – бұл Құдайдың сыйы. Адамның игіліктерінің барлығы тек Құдайдан ғана келеді. Сөйтіп, адамның игіліктері Құдайдың оны таңдап алуына себеп бола алмайды. Өйткені игіліктер де Құдайдың сыйы.


  1. Алдын ала болжауға негізделген таңдап алу Құдайдың мінезіне қайшы.

Өткен мәнгілікте (әлем жаратылмастан бұрын) Құдай ешқашан, ешқандай шешімін біреудің еркін басшылыққа алып қабылдаған жоқ. Тек Өзінің еркіне сай ғана қабылдады. Құдай Өзінің жоспарын жеке Өзі құрды. Сол себептен Өзі қалаған адамдарды ғана таңдап алды.


«Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған? Жаратқан Ие кіммен ақылдасқан, кім түсінік беріп те еді Оған? Кім Жаратушыны білімге үйреткен, Оған даналық жолын да нұсқаған?» (Иш. 40:13,14).
Бұл сұрақтардың барлығы риторикалық сұрақтар болып табылады. Яғни, қойылған сұрақтарға тек жоқ деген ғана жауап болады.
Құдай өткен мәңгілікте таңдап алу жөніндегі шешімін қабыл алғанда, басқа іс-әрекеттеріндегі сияқты ешкіммен ақылдасқан емес. Тек қана бір кеңесші болды – Ол Өзі.

Құтқарылу әрқашан тек қана Құдайдан келеді.


«Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің, Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің» (Заб. жыр. 3:9).
«Шынында, тау-төбелердің бастарында жиналып, жалған тәңірлерге табынып, азғындыққа салынуымыз алдамшылық, көз бояушылық. Исраилдің құтқарылуы шынымен тек Құдай Иемізден ғана!» (Ерем.3:23).


  1. Алдын ала болжауға негізделген таңдап алу Құдай Өзінің рақымын адаммен кеңесіп береді деп үйретеді.

Жаңа келісім адамның құтқаруы оның жетістіктеріне байланысты емес деп үйретеді.


«Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый» (Еф. 2:8).
«Себебі Таурат заңын орындау арқылы бірде-бір адам Құдай алдында ақтала алмайды. Керісінше, сол заң адамның күнәлі екенін әшкерелейді» (Рим. 3:20).
«... адамдардың Таурат заңын ұстану арқылы емес, тек Иса Мәсіхке деген сенімдерімен ғана Құдай алдында ақталатынын білеміз. Сондықтан біз де Таурат заңын орындаудың арқасында емес, Мәсіхке сенуіміз арқылы ақталу үшін сенімімізді Мәсіх Исаға арттық. Себебі заңды орындаумен ешбір адам ақтала алмайды» (Ғал. 2:16).
Арминийшілікте адамның құтқарылуында оның жетістігіне орын бар. Яғни, таңдап алу мәселесінде адамның сенімін деген шешімі (немесе қалауы) негізгі нәрсе болып табылады.
Спердженнің айтуы бойынша

Егер адамдар осындай ілімді ұстанатын болса, онда олар сенімінде де, мінажаттарында да мынадай ретімен сиынар еді:

«Жаратқан Ием, мен азат ерік пен қабілетпен дүниеге келдім, солардың арқасында Саған бет бұруға қабілеттімін. Мен өзіме берілген рақымды пайдалана алдым. Егер басқалар да мен сияқты өздеріне берілген рақымды пайдаланса, онда олардың бәрі құтқарылар еді.

Ием, егер біз қаламасақ, мәжбүрлеп көндірмейтініңді білемін. Сен бәріне рақымды бересін, бірақ бәрі бірдей оны пайдалана алмайды, ал мен пайдаландым. Көп адамдар тозаққа кетеді, Мәсіх олардың күнәлары үшін де құн төледі, олар да мен сияқты Киелі Рухты қабылдады, дәл мендегі сияқты мүмкіншіліктері болды және мен сияқты жарылқанды. Бірақ менің олардан артықшылығым, менің дұрыс шешімім. Берілген мүмкіндіктерін мен пайдаландым, ал олар пайдалана алмады. Менің олардан айырмашылық осыда!» (Ч. Сперджен «Нұрлану туралы 12 уағыз», Минск қаласы «Исаның келесімі» 2002 г..63-64-беттер).


Құдай сөзі арминийшілік көзқарасқа қарама-қарсы таңдап алу адамға мүлде байланысты емес деп үйретеді.
Пауыл Құдайдың рақымы адамның сіңірген еңбегіне байланысты берілмейтінің түсіндіргісі келіп былай деп жазды:
«Бірақ егіз ұлдары (Есау мен Жақып) дүниеге келмей, әрі не жақсылық, не жамандық жасамай тұрған кезде-ақ, Құдай екеуінің біреуін таңдап алды.12 Бұл жерде Құдайдың адамдарды олардың істеген істері бойынша емес, Өзінің еркі бойынша таңдап алуы айқын көрінеді. Ол Рабиғаға: «Ағасы інісінің қызметшісі болмақ», — деген хабар жіберді.13 Сол сияқты Оның мына тәрізді сөздері де жазылған: «Мен Жақыпты сүйіп таңдап алдым, ал Есауды таңдамадым». (Рим. 9:11-13).
Құдайдың таңдап алу рақымы адамның сіңірген еңбегіне, сөзіне немесе шешіміне байланысты үлестірілмейді.
«Яғни Құдайдың таңдап алуы адамның қалауы мен әрекетіне емес, Құдайдың рақымына байланысты» (Рим. 9:16).
«Сонымен, Құдай Өзі қалағандарына рақымын төгіп, ал жаратпағандарын қасарыстырып қояды» (Рим. 9:18).
Әрине, таңдап алудың сіңірген еңбекке еместігі жайындағы ілімнің кейбір оқырмандардың аң-таң болатының ол түсінді.

Сол себепті былай деп жазды:


«Мүмкін, біреулерің маған: «Олай болса, Құдай бізді неге кінәлайды? Оның еркіне кім қарсы шыға алар еді?» деп айтарсыңдар» (Рим. 9:19).
Осы сөздерден кейін Пауылға өте қиын бір сұраққа жауап бру керек болды. Егер Құдай Өзінің рақымын тәуелсіз, жеке Өзінің ғана еркімен бөлген болса, онда Өзі рақымын бермей айналып өткен адамдарға қалай күнә артады? Егер Пауыл жартылай пелагийшілікті немесе арминийшілікті ұстанатын болса, онда ол былай деп жауап берер еді. Құдай болашақта кім өз еркімен сенетінін білгендіктен соларды таңдап алды. Ал басқаларды олар сенгісі келмегендіктен таңдап алмады. Бар болғаны осы. Егер осы ілім Пауылға таныс әрі ол шындыққа сай болса, онда дәл осы жерде оны жариялауға болар еді. Алайда осындай керемет ілімімен адамның әуетігін қанағаттандырудың орнына ол былай деді:
«Ей, пенде, Құдайға қарсы сөйлейтіндей сен кімсің?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқанға: «Неге мені осылай жараттың?» деп айта ма?21 Қайта, құмырашы бір балшықтан алып, біреуін сән-салтанатқа, келесісін қарапайым қолданысқа арнап екі ыдыс жасаймын десе, ерікті емес пе?» (Рим. 9:20-21).
Бұл жайында Августин көптеген жылдар бұрын былай деп жазды:

Осындай тәсілдің Пауылдың назарына ілікпей қалғаны таңғаларлық емес пе? Пауыл Есау мен Жақып жөнінде «Құдайдың әділетсіз болғаны ма?» деген сұрақ қояды. Егер ол бұл сұраққа тез жауап бергісі келсе, онда ол міндетті түрде «Құдай олардың сіңірген еңбегін алдын ала болжап білді» дер еді. Алайда Пауыл олай демеді, керісінше Құдайдың рақымына және әділ қаһарына тапсырды.
Римдіктерге арналған хат, 10-11-тарауларда Пауыл таңдап алу жөніндегі әңгімесін адамға мүлде байланысты емес деп жалғастырды:
«Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.18 Енді: «Олар хабарды естіген жоқ па?» деп сұрағым келіп тұр. Әрине, естіген. «Үндері жайылады бар жер бетіне, сөздері таралады жердің шетіне» деп (Забурда) жазылған ғой» (Рим. 10:17-18).
«Бұның мәнісі не? Исраил халқы көздеген мақсатына жеткен жоқ, бірақ оның ішінен таңдап алынғандар оған жетті. Қалғандары қасарысып, сене алмай қалды» (Рим. 11:7).
Құтқаратын рақымы үлестірілуі жайында Тім. 2-х. жақсы айтылған:
«Құдай бізді құтқарып, өз халқы ретінде қасиетті өмір сүруге шақырды. Ол мұны біздің жасаған игі істерімізге бола емес, Өзінің мақсаты мен рақымы бойынша істеді. Себебі Құдай бізге Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлауға әлем басталмастан бұрын-ақ ниеттенген еді» (Тім. 2-х. 1:9).


  1. Құдайдың таңдап алуына шынайы көзқарас.


Шартсыз таңдап алу.

«16 Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді» (Жох. 15:16).


Бұл аят Құдай бізді алдымен таңдап алды деп ашық түсіндіреді. Біздің Құдайды таңдап алуымыз – бұл Оның таңдап алғанының нәтижесі. Осы аятты басқаша түсінуге болмайды.
«48 Басқа ұлттардың адамдары мұны естігенде қуанып, Иеміз туралы Ізгі хабарды мадақтай бастады. Мәңгілік өмірге ие болады деп Құдай белгілеп қойғандар Мәсіхке сеніп, Оның жолына түсті» (Ел. істері 13:48).
Бұл аят Құдайдың таңдап алуы адамның сенімінің нәтижесі емес, керісінше, адамның сенімі Құдайдың таңдап алуың нәтижесі деп түсіндіреді.
«4 Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді» (Еф. 1:4).
Грек тілінде «таңдаған еді» деген етістік орта етісте тұр. Яғни, бұл етістік бастауыштың, яғни, Құдайдың егеменді (тәуелсіз) іс-әрекетін білдіреді.

ІІІ. Шартсыз таңдап алу деген ілімге қарсылықтар.


  • Бұл ілім адамдардың іс-әрекеттерінің барлығын мағынасыз немесе керексіз етеді. Яғни, кейбіреулер егер Құдай алдын ала бәрін белгілеп қойса, онда Ізгі хабар айтудың және киелі өмір сүрудің керегі бар ма деп сұрайды.

Киелі кітап бойынша таңдап алу жөніндегі ілім елші Пауылды тоқтатқан жоқ, керісінше Ізгі хабарды жариялауға себеп болды. Пауылдың куәлігі Қорынт қаласында яһулилер тарапынан қарсылыққа ұшыраса да, Иеміз оған былай деді:


«9 Бір түні Иеміз Пауылға аян беріп: «Қорықпа! Үнсіз қалмай айта бер!10 Мен саған жар боламын. Ешкім де саған бас салып зиян келтіре алмайды, өйткені бұл қалада Менің халқым көп», — деді» (Ел. істері 18:9-10).
Иса бұл қалада Менің халқым көп дегенде және солар үшін Пауылға Ізгі хабарды жарияла дегенде, кім жөнінде айтып тұр? Иса Өзі алдын ала таңдаған адамдары жөнінде айтып отыр.
«11 Сондықтан Пауыл бір жарым жыл сол жерде қалып, Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүрді» (Ел. істері 18:11).
Бұл жерде Пауыл: «Сенің таңдап алған адамдарын бәрібір құтқарылады, сол себептен мен Ізгі хабарды уағыздамаймын» деп айтқан жоқ. Керісінше, таңдап алу жөніндегі сенім оған Ізгі хабарды жариялауға түрткі болды.
«8 Дәуіттің ұрпағынан шыққан, өлімнен қайта тірілген Иеміз Иса Мәсіхті әрдайым есіңде ұста! Мен уағыздаған Ізгі хабар — осы.9 Соған бола азап шегіп, қылмыскердей бұғауланудамын. Алайда Құдайдың сөзі бұғаулы емес!10 Сондықтан мен Құдайдың таңдаған адамдары үшін, олардың да Иса Мәсіх арқылы құтқарылып, мәңгілік ұлылықты иемденулері үшін бәріне де төземін» (Тім. 2-х. 2:8-10).
Пауыл Құдайдың таңдап алған адамдарын құтқаратын сенімге әкелу үшін әр жағдайды, яғни, түрме мен қудалануды төзімділікпен қабылдауға дайын болды.
Таңдап алу жөніндегі сенім Пауылға Ізгі хабарды уағыздауға себеп болды.
Елші Петір өзінің 2-хатында таңдап алу жөніндегі тақырыпты қозғағанда сенушіңлерді киелі өмірге шақырды:
«10 Сондықтан да, бауырластарым, Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар» (Пет. 2-х. 1:10).

Яғни, таңдалғандарыңа нық сенімді болу үшін әділ өмір сүріп, киелілікте іс жүзінде өсе беріңдер деп айтып отыр.


«4Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді» (Еф.1:4).
Таңдап алудың мақсаты – киелі өмір.
Қорытынды: Таңдап алу жөніндегі дұрыс түсінік сенушілерге Ізгі хабарды уағыздауға да, киелі өмір сүруге де міндетті түрде түрткі болады.


  • Бұл ілім, яғни, шартсыз таңдап алу деген ілім Құдай күнәні әдейі жоспарлады деп түсіндіреді.

Бұл дұрыс емес!



Әрине, Құдай Өз жоспарында күнәға орын берді. Бірақ, Иеміздің зұлымдық пен күнәға қатысы жоқ. Яғни, Құдай адамдарды күнә жасауға итермейді. Ол тек күнәкарларға қисық жолдармен жүруге жол береді.

Ескерту.
Екі жақты алдын ала белгілеп қою жөніндегі ілім деген не?
Бұл ілімнің жақтаушылары Құдай кейбіреулерді мәңгілік өмірге, ал басқаларды мәңгілік өлімге итермелейді деп сенеді. Яғни, кейбіреулерді өмірге, ал басқаларды өлімге таңдап алды деп сенеді.
Бұл ілім қате ілім болып табылады. Өйткені Киелі кітап осы ілімге, яғни екі жақты алдын ала белгілеп қою жөніндегі ілімге үйретпейді. алдың
Әрине, Киелі кітап Құдай адамдарды құтқаруға белсенді түрде таңдап алды деп үйретеді. Бірақ, Құдай кейбіреулерді белсенді түрде мәңгілік өлімге таңдап алды деп үйретпейді.
Шартсыз таңдап алу деген ілім Құдайдың қасиеттерін толықтай көрсетеді.


  • Таңдап алу деген ілім Құдайдың мейірімділігін қалай көрсетеді?

Тірі Құдай – мейірімді Құдай, өйткені Өз әділдігі бойынша барлық адамдарды тозаққа түсірмей, Өзінің егеменді таңдап алуы арқылы көптеген адамдарға мейірімділік көрсетті.



  • Таңдап алу деген ілім Құдайдың құдіреттілігін қалай көрсетеді?

Тірі Құдай – Құдірітті Құдай, өйткені таңдап алған адамдардың барлығын ешқандай жағдайға (әлеуметтік ахуал, материалдық жағдай, дінге сену) қарамастан құтқарып алады.


  • Таңдап алу деген ілім Құдайдың сүйіспеншілігін қалай көрсетеді?

Тірі Құдай – сүйіспеншілік, өйткені таңдап алудың себебі Оның күнәкарларға арналған сүйіспеншілікте болып жатыр. Ешбір адам баласы Оның көрсеткен сүйсеншілігіне лайықты емес.


  • Таңдап алу деген ілім Құдайдың егемендігін қалай көрсетеді?

Тірі Құдай – егеменді Құдай, өйткені Құдай жоғарғы әмірші және жоғарғы төреші. Бүкіл жаратылыс Оның билігінде. Ол ешкімге жауапты емес. Сондықтан шартсыз таңдап алу – бұл Оның егемендігі.


  • Таңдап алу деген ілім Құдайдың мәңгілігін қалай көрсетеді?

Құдайдың таңдап алу деген іс-әрекеті өткен мәңгілікте, яғни, уақыт болмас бұрын шексіз мақсатқа, яғни болашақ мәңгілікте мдақталуға жасалынды. Сондай таңдап алуды тек мәңгілік Құдай ғана жасауға қабілетті.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет