Facebook желісінде Алексей Пучков есімді азамат әнші Индира Елеместің күйеуі Калелхана Иманмадиды алаяқтық жолмен ақша алды деп айыптады. Осы мәселеге қатысты өнер иесі Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне пікір білдірді. 

Фото: https://www.instagram.com/indiraelemes/

Желі қолданушысының айтуынша, ол құзырлы органдарға арыз жазып үлгерген.  

“Достар, кеше мен Instagram-да пост жаздым. Қалелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздедік. Бұл Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі және әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап берді. Бірақ мен одан да көп жапа шеккендердің бар екенін білемін. Егер өзіңіз немесе танысыңыз зардап шеккен болса жекеге хабарласыңыз. Алдыңғы жазбамнан кейін Қалелхан шығып, алаяқтық жолмен алған ақшамды қайтарып беремін деп, жазбаны өшіруімді өтінді. Алайда мұның бәрі бос сөз болып қалды”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Осы мәселеге байланысты Индира Елеместің өзіне қоңырау шалдық. Бір сағаттан кейін өнер иесі сұрағымызға жауап беріп, өз ойын бөлісті. 

“Қалелхан Иманмәди күйеуім екені рас. Бірақ бұл іс туралы ештеңе білмеймін. Тіпті, осы мәселе бойынша күйеуіме хабарласып, істің мән-жайын сұраған да жоқпын. Өйткені олар – ересек адамдар. Жолдасым екеуіміз бір-біріміздің тірліктерімізге араласпаймыз. Алексейден ақша алды дегеннің өзінде мен қасында болған жоқпын. Ол ақшаны көріп, қолмен ұстаған емеспін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Осы жағдайға мені араластырғаны үшін ренжіп қалғаным рас. Мені жеке парақшасында белгілепті. Тіпті шокта отырмын. Өйткені өнер жолында жүріп, танымал болғалы осындай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. Осы тұрғыда заңды қолдаймын. Заң қалай шешеді, менің де позициям сол жақта болады. Кім кінәлі болса да, тиісті жазасын алуы керек”, – деді Индира Елемес.

  • Алаяқтар 115 қазақстандыққа заңсыз автонесие рәсімдеп 1,6 миллиард теңгеге алдап соққан

  • Алматыда полиция банк қызметкерін алдап кеткен алаяқты ұстады


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.