Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 декабря



жүктеу 197.65 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі197.65 Kb.

Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту,

анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара

iс-қимылының ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің 2002 ж. 21 желтоқсандағы N 625, Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің 2002 ж. 3 желтоқсандағы N 186, Қазақстан

Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің 2002 ж. 20

желтоқсандағы N 159 Бірлескен бұйрығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкімімен мақұлдаған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес салық органдарының, әділет органдарының және қаржы полициясының өзара iс-қимылын күшейту, экономикалық қылмыстармен күресуде күштерді үйлестіру және алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса берілген Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылының ережесі бекітілсін.

2. Салық комитеттері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті, қаржы полициясы мен әділет органдары осы Бірлескен бұйрықтың күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзім ішінде оның орындалуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

3. Осы бұйрықты орындауды бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі М.К.Раевқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы С.С.Канатовқа, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің бірінші төрағасының орынбасары Р.А.Ыбрайымовқа жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы министрлігі (З. Кәкімжанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының



Қаржы министрі

З. Какімжанов

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

Г.В. Ким

Қазақстан Республикасының

Қаржы полициясы

агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының

"Алдын ала ойластырылған және

жалған банкроттық фактілерді

ескерту, анықтау және жолын

кесу жөніндегі мемлекеттік

органдардың өзара iс-қимылының

ережесін бекіту туралы"

Бірлескен бұйрығымен



Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің

2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 625

Қазақстан Республикасының

Әділет министрінің

2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 186

Қазақстан Республикасының

Қаржы полициясы агенттігі

Төрағасының

2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 159

Бекітілген

Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді

ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік

органдардың өзара iс-қимылының ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылының осы ережесі (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматты, Қылмыстық, Салық кодекстерім, сондай-ақ "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді, алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесуге бағытталған.

2. Жалған және қасақана банкроттықты ескерту және анықтау әрі алдын алу жөніндегі жұмыста мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға жалған және қасақана банкроттық бойынша материалдарды беру немесе осындай материалдармен байланысты кез-келген басқа ақпарат "Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарында), мекемелерінде және ұйымдарында құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 маусымдағы N 562 қаулысымен көзделген тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдардың кеңселерімен тіркеледі.



2. Жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау

бойынша салық органдарының әрекеті

4. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері мәжбүрлеп өтеп алу бөлімі қызметкерлерінің ішінен жалған және қасақана банкроттықтың фактілерін анықтау жөніндегі жұмысқа жауапты тұлғаларды анықтасын.

5. Салық органдары салық төлеушілерге ұсынылатын салық есептiлiгiне камералдық бақылау кезінде, бақылау мақсаттарының бірі қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау және тексерілетін ұйымдар мен оның кредиторларына қатысты заңсыз әрекеттердің болуын (болмауын) анықтауы тиіс.

Осы мақсатта ұйымның қаржылық жағдайының төмендеуіне, оның міндеттемесін қамтамасыз ету деңгейінің кемуіне, салық және басқа кредиторлық қарыздардың өсімі, ұйымға қасақана банкроттықты әкелуі мүмкін шынайы емес басқа мәмілелер және ұйымның басқа активтері мен құнды қағаздарын, мүлкін шығару мақсатында мәмілелер жасауға көңіл бөлінуі қажет.

6. Камералдық бақылауды өткізу кезінде тексерілетін ұйымның оның кредиторларының алдында міндеттерінің қамтамасыз етілу дәрежесіндегі өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер есептеледі.

7. Тексерілетін ұйымның оның кредиторларының алдында міндеттерінің қамтамасыз етілу дәрежесіндегі өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштеріне:

1) ұйым міндетінің оның барлық активтерімен қамтамасыз етілуі;

2) ұйым міндетінің оның ағымдағы барлық активтерімен қамтамасыз етілуі;

3) таза активтер көлемі.

8. Ұйым міндетінің оның барлық активтерімен қамтамасыз етілуі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса кредиторлық қарыз сомасына ұйымдық шығындарды қоспағанда, баланс валютасына тең мүліктің бүкіл көлеміне қатысты анықталады.

9. Ұйым міндетінің оның ағымдағы активтерімен қамтамасыз етілуі қарыз бірлігіне жататын ұйымның ағымдағы активтер көлемімен сипатталады.

Ұйым міндетінің оның ағымдағы активтер көлемінің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді қоса кредитор берешегі сомасына қатыс ретінде анықталады.

10. Ұйым міндетінің таза активтерінің көлемі міндеттемелер ауыртпалықтары жоқ активтерінің бар болуымен сипатталады.

Таза активтер ұйым активі мен оның міндеттерінің жалпы сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

11. Камералдық бақылауды өткізу кезінде бұрынғы кезеңдермен салыстыру бойынша есепті кезеңнің жоғарыда аталған көрсеткіштерінің серпіні қаралады.

Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз етуді сипаттайтын көрсеткіштерді қарау кезінде міндеттеме құрамында негізгі берешек шегінен басқа, танылған айыппұлдар, өсімақылар және өзге де қаржы (экономикалық) санкциялардың шегін, сондай-ақ тексерілетін ұйымның тиісті активтерінің өтімділігінің дәрежесі (мүмкіндігі бойынша) ескеру қажет.

Неғұрлым өтімді активтерге шоттардағы ақша, сондай-ақ қысқа мерзімді бағалы қағаздар; азырақ өтімді активтерге - ұйымның теңгермесіндегі негізгі қорлар жатады.

12. Егер, камералдық бақылауды өткізу кезінде бұрынғымен салыстыру бойынша есепті кезең үшін кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету дәрежесінің біраз нашарлағаны белгіленсе, салық органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне. сәйкес салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің, оның ішінде қасақана банкроттық белгілерін анықтау мәніне орындаудың құжатты кешенді тексерісін жүргізеді.

Құжатты тексерісті жүргізу кезінде оларды іске асыру көрсеткіштердің тиісті теріс серпінін себебі болуы мүмкін тексерілетін ұйымның мәмілесі талданады.

Мәміленің қасақана пайдасыз шарттарына мыналар жатқызылуы тиіс:

1) қалыптасқан рыноктық конъюктурамен, ұқсас тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) орташа статистикалық бағамен салыстыру бойынша жеткізілетін (сатып алынатын) тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағаны кеміту және көтеру;

2) сатылған немесе сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша тексерілетін ұйым үшін әдейі пайдасыз мерзімдер және (немесе) тәсілдерді белгілеу;

3) тексерілетін ұйым мүлкінің міндеттемелермен, оның ішінде, егер олар кредиторлық берешекті қысқартуға алып келмесе, басқа заңды тұлғаларды бөлу (айыру) жолымен қайта құру нәтижесінде туындаған айырудың және ауыртпалықтың кез-келген нысандары.

13. Мәмілелердің шындығына салыстырмалы экспресс-талдау жүргізу үшін (ұқсас мәмілелердің орташа статистикалық бағасына мәмілелердің тексерілетін ұйым жасаған бағаға сәйкестігі) Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректерін пайдалануға болады.

14. Салық органдары ұйымды қасақана банкроттыққа алып келген немесе алып келуі мүмкін мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талапты қою туралы өтініш берумен бірге прокуратура органдарына жүгінеді.

15. Салық органдары клиенттің жеке шотынан көшірме түрінде тексерілетін ұйымның банк шоттары бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы қызмет көрсететін банктен (банктерден) "Банк және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабындағы 6-тармақтың д) тармақшасы негізінде алынған деректер пайдаланылады.

16. Осы Ережелердің 5-14-тармақтарында көрсетілген қасақана банкроттық белгілерін айқындау әдістемесі басқа салық тексерістерін жүргізу кезінде салық органдары пайдалануы мүмкін.

17. Салық органдары қасақана банкроттық мәніне құжатты тексеру нәтижелері бойынша мынадай тұжырымдарды жасауы мүмкін:

1) егер, кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету дәрежесі біраз нашарласа, бірақ тексеретін ұйым жасаған мәмілелер бар орташа статистикалық бағаларға, рыноктық шарттарға, іс айналымының нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келсе, онда қасақана банкроттық белгілері жоқ;

2) егер, кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету дәрежесі нашарласа және тексеретін ұйым жасаған мәмілелер бар орташа статистикалық бағаларға, рыноктық шарттарға, іс айналымының нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келмесе, онда қасақана банкроттық белгілері білінеді.

18. Осы Ережелердің 17-тармағының 2) тармақшасымен көзделген жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің 540-бабына сәйкес Салық тексерісінің актісінде салық берешегін төлеуден жалтарумен мемлекетке келтірілген залал сомасын көрсете отырып қасақана банкроттық белгілерін көрсетеді және тексерісті аяқтау күнінен бастап үш күндік мерзімде қаржы полициясы органына растау құжаттарының қосымшасымен бірге оны жібереді.

Бұл ретте, қасақана банкроттық салық берешегін төлеуден жалтарудың тәсілі болғандықтан, залал сомасы болып салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық берешегінің сомасы танылады.

19. Қаржы полициясы органдарының сұрау салуы бойынша салық органдары дәлелдеу базасын жасаумен, қасақана және жалған банкроттықпен байланысты қылмыс белгілеріне көрсететін негіздерді тексеру мен зерттеу үшін мамандарды бөледі.

20. Салық органдары тексеру жүргізген кезде Әдейі банкроттық белгілерінің анықталу актісі жасалған ұйымдар тізбесін жасайды және жүргізеді (1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бұдан әрі - Тізбе) және осы Тізбені мүлікпен мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін, меншік иелері, құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәлімет жинау үшін тиісті әділет басқармаларына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық) республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жібереді.

Тізбеде көрсетілген ұйымдар мүлікке құқықтардың (ауыртпалықтардың) пайда болу, өзгеру және тоқтатылуы жөніндегі мәмілелер жасасқаны туралы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан ақпарат алған кезде, салық органдары салық берешектерін мәжбүрлі түрде өндіріп алу және орындау бойынша барлық шараларды қолдануы тиіс.

21. Тізбеде қай құқық қорғау органдарына тиісті материалдар табысталғаны, табыстау күні, қаралу нәтижелері, қаржы полициясымен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.

Тізбе тоқсан сайын, есептік тоқсанның соңғы айының 30-шы күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық бақылау басқармасына ұсынылады.

3. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің

және оның аумақтық органдарының әрекеттері

22. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет (бұдан әрі Комитет) және оның аумақтық органдары таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, дәрменсіз борышкерлерді соттан тыс тарату рәсімінде оңалту және конкурстық басқарушының қызметіне және банкроттық рәсіміне бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтайды.

23. Комитеттің аумақтық органдары "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабын жүзеге асыру мақсатында оңалту және конкурстық басқарушылардан банкроттық және оңалту рәсімдерінің барысы туралы ақпараттар жинау және талдауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыстық-жазалаушылық іс-әрекет белгілерін байқаған жағдайда Комитет қаржы полициясының аумақтық органдарына іс жүргізу шешімін қабылдауы үшін материалдарды жіберу бойынша шаралар қабылдайды және бұл кезде талап етілетін құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес тергеуге дейінгі тексерулер жүргізу үшін мамандар беруді қамтамасыз етеді.

24. Оңалту және конкурстық басқарушылардың бұл бағыттағы жұмыстарын ұйымдастыру үшін Комитет Комитеттің аумақтық органдарының жауапты тұлғаларын белгілейді және жоғарыда көрсетілген қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдары белгілерін анықтау, сондай-ақ борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігіне немесе әдейі банкроттыққа әкеп соқтырған ұйымдардың мәмілелерін жарамсыз деп тану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынысты бекітеді.

Мәміле жарамсыз болып танылған кезде Комитеттің аумақтық органдары борышкердің мүлкін қайтару рәсіміне бақылау жасайды.

25. Комитеттің аумақтық органдары "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес банкрот деп танылған ұйымының алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерін анықтайды.

26. Комитеттің аумақтық органдары әдейі банкроттық фактілерінің анықталуына тексеру өткізу кезінде осы Ереженің 5-14 тармақтарында белгіленген әдістеме пайдаланылады.

27. Тексеру нәтижесі бойынша Комитет бекіткен нысан бойынша Әдейі банкроттық белгілерінің анықталуы туралы акт жасалады.

28. Жалған банкроттық фактілерінің анықталуына тексеруді банкроттық рәсімдеу ұйымының өз бастамасы бойынша Комитет және оның аумақтық органдары жүргізуі мүмкін ("Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы).

29. Жалған банкроттық белгісі болып оны дәрменсіз (банкрот) деп тану туралы сотқа арыз берілген күнінде ұйымда несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы табылады.

30. Жалған банкроттық белгілерінің бар (жоқ) екендігін анықтау үшін ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерінің оның ағымдағы активтерімен қамтамасыз етілуі айқындалады.

Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерінің оның ағымдағы активтерімен қамтамасыз етілуі алдағы кезең кірістерін, алда тұрған шығындар мен төлемдер резервін қоспағанда, ағымдағы активтер шамасының қысқа мерзімді активтер шамасына қатынасы ретінде айқындалады.

Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерінің оның ағымдағы активтерімен қамтамасыз етілуін айқындау кезінде негізгі борыш мөлшерімен қоса танылған айыппұл, өсімақы және өзге де қаржылық (экономикалық) санкциялардың мөлшерін, сондай-ақ тексерілетін ұйымның тиісті активтерінің өтімділік дәрежесін (мүмкіндік бойынша) ескеру қажет.

31. Ағымдағы активтермен ұйымдастырудың қысқа мерзімді міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің есептелген мөлшері негізінде мынадай тұжырым жасалады:

1) егер ағымдағы активтермен ұйымдастырудың қысқа мерзімді міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің есептелген мөлшері бірлікке тең немесе көп болса, онда жалған банкроттықтың белгілері қаралады;

2) егер ағымдағы активтермен ұйымдастырудың қысқа мерзімді міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің есептелген мөлшері бірліктен кем болса, онда жалған банкроттық белгілері болмайды.

32. Ұйымдастырылған іс-шараларының қорытындысы бойынша Комитет бекіткен нысан бойынша Жалған банкроттық белгілерінің анықталуы туралы акті жасалады.

33. Қасақана немесе жалған банкроттықтың белгілері анықталған жағдайда, Комитет немесе оның аумақтық органы Қасақана немесе жалған банкроттықтың белгілерінің болуы туралы акті жасалған сәттен бастап үш күн ішінде актіні және растайтын материалдарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қаржы полициясына жібереді.

34. Қасақана немесе жалған банкроттықтың көрсетілген фактілерін қаржы полициясы растаған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы дәлелдеу қорын жинау мен сот процесіне қатысу мақсаттарында қаржы полициясының органдарымен бірлесіп жұмысты ұйымдастырады.

35. Жалған банкроттық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа айыпты тұлғаларды тарту жағдайында, Комитет немесе оның аумақтық органдары мүлікке құқық иесі, құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды тұлғаларға субсидарлық міндеттемені ұйымдастыруды салу туралы сотқа талап қою жөніндегі шараларды қолданылады.

36. Комитет ұйымның қасақана банкроттығы немесе орнықсыз төлем қабілетінің жоқтығына соқтыратын күші жоқ мәмілені тану мәніне талап қою туралы өтінішпен прокуратура органына жүгінуге құқығы бар. Орнықты төлем қабілеті жоқ ұйымның өлшемін Комитет белгілейді.

37. Банкрот ұйымдар мен қандай құқық қорғау органдарына тиісті материалдар берілгені, берген күні, қаржы полициясының органымен өзара іс-әрекет жөніндегі шаралар, қарау қорытындылары көрсетіле отырып, төлем қабілеті жоқ болуына қасақана әкелуі әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтаған оңалту рәсімін енгізуге қатысты ұйымдардың Тізбесін (осы Ережелердің 20-тармағында көрсетілген нысан бойынша) Комитет жасайды және жүргізеді, осы Тізбе тиісті әділет басқармасы мен Мүлікпен мәміле жасау, меншіктенуші, құрылтайшы (қатысушы) ұйымдар туралы мәлімет жинауға бақылауды жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа жіберіледі.

38. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық бақылау басқармасына есепті кезеңнің соңғы айының 30 күнінен кешіктірмей көрсетілген тізбені жібереді.

4. Қаржы полициясы органдарының іс-әрекеті

39. Қаржы полициясының органы қасақана және жалған банкроттыққа байланысты материалдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзімде, бірақ 2 айдан кешіктірмей қабылдауға, іс жүргізу шешімін қабылдау не қылмыстық істі тергеу қорытындылары туралы мәлімдеушіге (салық органдарына немесе Комитеттің аумақтық органдарына) ақпарат береді.

40. Қаржы полициясы органының тапсырысы бойынша қылмыстық істі тергеу кезінде туындаған қажеттіліктер жағдайында, қылмысты істі тергеу сатысына және (немесе) сотқа мемлекет мүддесіне беру үшін өз қызметкерлерін жібереді.

41. Қаржы полициясының органы тоқсан сайын, есепті тоқсанның соңғы айының 15 күнінен кешіктірмей салық органдары мен Комитеттің аумақтық органдарына осы Ережелердің 20-тармағында көрсетілген нысан бойынша Тізбені жібереді.

42. Қаржы полициясының органы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық жөнінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу өткізеді.

43. Қасақана немесе жалған банкроттық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа айыпты тұлғаларды тарту жағдайында, қаржы полициясының органдары мүлікке құқық иесі, құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды тұлғаларды субсидарлық міндеттемені ұйымдастыруға тарту туралы мәселені шешу үшін Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетке осы фактілер жөніндегі материалдарды жібереді.

44. Қаржы полициясының органы аталған органдардың ресми жазбаша тапсырысы бойынша қасақана және жалған банкроттық фактілерін ескерту, анықтау және алдын-алу мәселелерінде салық органдары мен Комитеттің аумақтық органдарына жәрдем көрсетеді.

45. Қаржы полициясы органдары мүдделі жақтың өтініші бойынша "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 71-1-бабының нормаларына сәйкес өзінің өкілеттігін орындамау немесе дұрыс емес орындау кезінде конкурстық басқарушыларды жауапкершілікке тарту бойынша әрекетті асырады.



5. Әділет органдарының іс-әрекеті

46. Салық органдары, Комитеттің және осы Ережелердің 20-тармағында көзделген органдар және құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берген сәтінен 3 жұмыс күні ішінде мүлікке құқықтың (ауыртпалықтың) туындауы, өзгертуі немесе тоқтатылуы жөніндегі мәміленің қатысушылары беретін Тізбеге сәйкес әділет органдары Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтардың ұйымдардың салыстырмалы талдауын жүргізуін қамтамасыз етеді.

Тізілімде белгіленген ұйымдардың және мәмілеге қатысушылардың деректемелерінің сәйкестігі табылған жағдайда, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берген сәтінен 3 жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық салық органына және Комитеттің органдарына мәмілеге қатысушы мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті бергені туралы ақпаратты жібереді.

47. Әділет басқармасы заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық салық органдарына Тізбеде көрсетілген заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты жібереді.



Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің

2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 625

Қазақстан Республикасының

Әділет министрінің

2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 186

Қазақстан Республикасының

Қаржы полициясы агенттігі

Төрағасының

2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 159

Бекітілген

Қасақана және жалған банкроттық

фактілерін ескерту, анықтау және

жолын кесу бойынша мемлекеттік

органдарының өзара іс-қимыл

ережелеріне қосымша

Қасақана және жалған банкроттық жүлдесін білдіретін салық

төлеушілердің тізілімі*

N

1

2

3

4

5

6

 

З.Т.

атауы




З.Т.

құрыл-


тайшы-

сы




З.Т.

жағдайы (сот-

соттан тыс)

банкрот)

Қасақана

және жалған

банкроттық


Қасақана

және жалған

банкроттық

фактісі




Қасақана

және жалған

банкроттық

жүлдесін

анықтау

актісінің

N және күні


Қаржы

полиция


органдарына

материал-

дарды

беру күні





 

 

 

 

 

 

 


таблицаның жалғасы

7

8

9

10

11

12

13




Қаржы

полиция


орган-

дарының


қабыл-

данған


іс жүр-

гізу


шешімі

(N ҚІ.)







Жа-

сал-


ған

залал


сома-

сы







З.Т.

мүлкіне


құқығын

тіркеу


(ауырт-

палық)


туралы

мәлімет


(тіркеу

күні)







З.Т.

құрыл-


тайшы-

лармен


жаңа

заңды


тұлға-

ларды


құру

(тіркеу


туралы

өтініш-


ті)

Тоқ-

та-


ты-

луы




Тоқта

тұруы




Сот-

қа


жі-

бе-


ріл-

ді




Сот-

тың


ше-

шімі




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* 1, 2, 4, 5, 6, 14-тармақтар - салық органдарымен толтырылады.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 14-тармақтар - дәрменсіз борышкерлермен жұмыс

жөніндегі комитетінің органдарымен толтырылады.

7, 8, 9, 10, 14-тармақтар - қаржы полиция органдармен толтырылады.

11, 12, 14-тармақтар - Әділет министрлігінің ведомствосындағы

кәсіпорындармен толтырылады (жылжымайтын дүние мүлік бойынша орталықтар).

13, 14-тармақтар - Әділет министрлігінің органдармен толтырылады



(әділет басқармасы).
Каталог: data -> filedat -> default
data -> Военно-технический и научный потенциал ирана
default -> Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың Қызметкерлер санының нормативі
default -> «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қОҒамының
default -> Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1998 года №803
default -> 2006 жылғы бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі қорытынды талдау хабарламасы
default -> Объем оказываемых услуг


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет