«Сөз мерген» танымдық сайыс



жүктеу 58.09 Kb.
Дата08.07.2018
өлшемі58.09 Kb.


Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

№12 жалпы орта білім беру мектебі
«Сөз мерген»

(Танымдық сайыс)



Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулу. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Тапсырмалар слайд арқылы беріледі.

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді, ана тілді,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін – демекші, тіл - әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз. «Сөз мерген» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар, - дей келе өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін, баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүретін жалынды қыз, жігіттерімізді ортаға шақырайық.

Бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушылармен таныс болыңыздар.



Жүргізуші: Сайысымыз 3 белестен тұрады:

1-белес. Мықты болсаң, тауып көр.

(Тұрақты тіркестердің мағынасын табу).



2-белес. Жүйрік болсаң, озып көр.

(Мақал-мәтелдер құрастыру).



3-белес. Ойлы болсаң, озып көр.

(Сөздердің мағынасын ашу).



Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Бауыржан Момышұлы.

«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу – мәдениетсіздік» Мұхтар Әуезов.

«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық» Ғабит Мүсірепов.

«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік» Шерхан Мұртаза.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз демекпін.

Бүгінгі ойынымыздың сарапшылармен таныс болыңыздар.



Жүргізуші: Ойынымыздың бірінші белесі «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып мағынасын ашып айтып беру керек. Ондеше іске сәт деп бірінші белесімізді бастайық.

1-тапсырма

Сиыр

Қой

Лақ Шөп (Қой аузынан шөп алмас – жуас)



Түйе
2-тапсырма

Жіп

Құрық

Бау Ұзын (Құрығы ұзын – билігі күшті)



Жол
3-тапсырма

Бас


Көз Кір (Тырнақ астынан кір іздеу – бәле

Тырнақ іздеу)

Аяқ
4-тапсырма

Он бес

Жиырма Тамыр (Алпыс екі тамыры босады -

Алпыс екі елжіреп, мейірімі түсті)

Отыз төрт

5-тапсырма

Сақал

Шаш

Бас Сипау (Сақал сипап қалу – алдану)



Бет
6-тапсырма

Көз


Ай Оқ (Сөзі мірдің оғындай - өткір сөз)

Сөз


Тас
7-тапсырма

Биік

Ұзын Жіп (Қысқа жіп күрмеуге келмейді -

Қысқа кедейлік)

Аласа
8-тапсырма

Торғай

Түйе

Қарға Жапырақ (Түйенің танитыны



Ешкі жапырақ – білетіні бір-ақ нәрсе)

9-тапсырма

Қайшы

Бәкі Жүзі (Ұстараның үстінде отыр -

Ұстара өте қиын жағдайда болу)

Пышақ
10-тапсырма

Өкпе

Реніш

Қуаныш Қазан (Өкпесі қара қазандай -



Шаттық реніші таудай)
Бүгінгі «Сөз мергеннің» қоржынына қосар сөзіңіз.

Жүргізуші: Ойынымыздың екінші белесі «Жүйрік болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл белесте «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал немесе мәтел құрастырасыздар.

Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңізге тоқып жүрсеңіздер сөздік қорларыңыз байып, сөйлеген сөздеріңіз сұлу, әсерлі шығады демекпін.

(Мақал-мәтелдер құрастыру).

1-тапсырма

Ауыз


Көз

Құлақ Қол (Көз қорқақ, қол батыр).

Мұрын
2-тапсырма

Адам

Тағам Жеті (Жеті жұрттың тілін біл,

Жұрт Жеті түрлі білім біл).

Өнер
3-тапсырма

Қас

Дос

Аға Дау (Досы көпті жау алмайды,



Іні Ақылы көпті дау алмайды).
4-тапсырма

Ақылдылық

Татулық

Тапқырлық Бақыт (Татулық – табылмас



Өжеттілік бақыт).
5-тапсырма

Жігіт

Батыр Ыстық (Отан оттан да ыстық).

Отан


Киім
6-тапсырма

Үй

Мектеп Теңіз (Мектеп – кеме, білім – теңіз).

Дала


Қора
7-тапсырма

Дәптер

Кітап

Бала Бұлақ (Кітап – білім бұлағы).



Әке

8-тапсырма

Ақылдасу

Кеңесу Тон (Кеңесіп пішкен тон келте

Сөйлесу болмас).

Сыйласу
9-тапсырма

Жаз

Қыс Ойла (Қыстың қамын жаз ойла).

Көктем


Күз
10-тапсырма

Білім

Ақыл Тас (Ақыл – жастан,

Талап асыл – тастан).

Жігер
Жүргізуші: Ойынымыздың үшінші белесі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша сіздерге 5 сөз беріледі. Сол сөздердің мағынасын түсіндіріп берулеріңіз керек.

1-сөз. Күлдіреуіш

Үй-жайға байланысты атау.



Қолөнер бұйымдарына байланысты атау.

Өсімдік атауы.

Ыдыс атауы.

Күлдіреуіш – үш-үштен немесе төрт-төрттен айқастырылып шаңырақ кепілдігіне бекітілген име ағаштар. Күлдіреуіш түндік киізді көтеріп тұрады.

2-сөз.

Тағамға байланысты атау.

Құрал-жабдыққа байланысты атау. Абыз.

Өсімдік атауы.



Адамға қатысты атау.

Абыз – білгір, көреген адам.

3-сөз.

Мал шаруашылығына байланысты атау.



Жануарларға байланысты атау. Көгілдір.

Тағамға байланысты атау.

Ұлттық ойындарға байланысты атау.

Көгілдір – аққудың баласы.

4-сөз.

Мал шаруашылығына байланысты атау.

Үй-жайға байланысты атау. Торта.

Тағамға байланысты атау.

Қару-жараққа байланысты атау.



Тортасары майды еріткенде, ыдыстың түбінде қалатын тұнба қалдық.

5-сөз.

Киім-кешекке байланысты атау.

Ыдыс атауы. Шақа.

Салт-дәстүрге байланысты атау.



Адамға байланысты атау.

Шақа – жаңа туған нәресте, жас сәби.

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті. Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғыс айта отырып жеңімпазға «Сөзмергені» деген атақты беру үшін ортаға сарапшыларды шақырамыз.

Қымбатты оқушылар! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліңіз бар екендігін ұмытпаңыздар. Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңізге байланысты. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біліңіздер. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет