Созылу (Стретчинг) Өткен ғасырдың 50 жылдары түрлі оқиғалардың ішінде



жүктеу 43.54 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі43.54 Kb.

Созылу (Стретчинг)
Өткен ғасырдың 50 жылдары түрлі оқиғалардың ішінде «Стретчинг» атты өте қызықты бағыт орын алады. Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге активті түрде таратылды. Дәл осы уақытта ол Америка және т.б. үлкен мемлекеттерде орын ала бастады. Бұл жаттығуларды швеция және АҚШ ғалымдары бір уақытта мақұлдап, садан бастап дами бастады. Ткен ғасырдың 80 жылдарында стретчинг әрекетіне дұрыс жасалмаған жаттығулардан, бұлшықеттерге түскен зақымдарлан қорғану үшін тәжірибелі бишілер қосыла бастады. Бұл жағдай негізінде тәуелсіз америкалық тәжірибелі бишілер ассоциациясының өзіндік жүргізген зерттеуіне байланысты болды. Тәжірибелі бишілердің зақымдарын зерттей келе, зерттеушілер мынадай қорытындыға келді: ішкі бұлшық еттер байланысының жарылуының 70 пайызына дейін спортпен шұғылданушының эластикалық байланысының жетіспеушілігінен екенін тапты. Білмегендер үшін: кез келген адам, тіпті тәжірибелі биші болсын, би – адам үшін өте күшті физикалық жүк болып табылады. Расыменде, бимен айналысқанда бұлшық еттердің барлық байланыс топтары түгелімен жұмыс істейтіндігі және ол сағат сайын, әрі күнде болатындығы белгілі. Осы қысым түскен арқылы бишілердің дене бітімі қолдан жасалған мүсінге айналады, әрі тартымды болады. Бірақ, денеге түсетін қарапайым қысым жасайтын жаттығулар арқылы кез-келген адамды болсын, тәжірибелі бишіні болсын денеге түсетін зақымдар қашан да бірге жүреді. Қазіргі уақытта балалар да, ересектер де, тіпті кәрі кісілер де стретчингпен айналысады.
Стретчинг жүйесі дененің байланыс жүйесіне, буындарға, бұлшықеттердің барлық жеріне қосымша әрі күшті қысым жасайды. Бұл керемет көрсеткіш, бірақ стретчингпен айналысқанда 470 топ бұлшықеттеріне дейін жұмыс істейді. Стретчингте бір жаттығулардың өзімен айналысқанда барлық жерің қозғалып, көрінбейтіндей, сонымен қатар денеге түсетін зақымды азайтатындай жағдай жасайтын жаттығу. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Көптеген оқымыстылыр мен тәжірибешілердің ойы бойынша, стретчингпен айналысатындарда бұлшықеттерге арналған белдік пайда болатынын айтады.

Мамандар билеушілерге латынамерикандық биі хип-хоп, хаос, джаз-модерн сияқты би түрлерімен айналысуға кеңес береді. Ағылшын тілінен аударғанда «to stretch» етістігі «созылу» деген мағынаны білдіреді.


СТРЕТЧИНГ АКТИВТІ, ПАССИВТІ, ДИНАМИКАЛЫҚ, БАЛИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАТИКАЛЫҚ БОЛАДЫ.

  • Стретчингтің активті жүйесі дегеніміз – адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.

  • Стретчингтің пассивті жүйесі дегеніміз – айналысатын адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.

  • Стретчингтің балистикалық жүйесі өзінің айналмалы әрекеттерімен орын алады. Сол арқылы бір іс-әрекет екінші іс-әрекетке білдіртпей көше береді.

  • Стретчингтің статикалық жүйесі бір жаттығудың көп уақыт бойы созылуы. Басқа жүйелерге қарағанда, бұл түрі ыңғайлы әрі зақымсыз болып келеді.

Егер сізідің балаларыныз стретчингпен айналыатын болса, мынаны ескеруіңіз қажет – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады. Стретчингепн айналысушыларға ең басты шарты – ол жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек.


Стретчинг жаттығулары:
СТРЕТЧИНГ – жас шамасына қарамайтын және майысу қабілеттілігін арттыратын, барлығына өте керек әрі пайдасы мол созылу жаттығулары. Жақсы нәтижелерге жету үшін сіз күнделікті жасайтын жаттығулар қатарына үлкен топ тайысу жаттығуларды біртіндеп те немесе өз қалауыңыз бойынша таңдап та жасауыңызға болады.
Неге көңіл бөлу керек
Әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз болып табылады.


  • Ешқашан жиырылмаңыз, бірақ жаттығуды «кідіртіп» тұрыңыз.

  • Созылу жаттығуларына ең ыңғайлы уақыт – ол басқа аэробикалық жаттығулар және жүруден шаршаған кезде жасаған жөн. Сонымен стретчинг бұлшықеттердің артық қысымын алып тастау үшін кез-келген уақытта жасауыңызға болады.

  • Созылмалы жаттығуларын жасап жатқанда дұрыс демалуды ұмытпаңыз. Ең бастысы – дем алуды және дем шығаруды көпке созбаңыз. Ең дұрыс әдісі қарапайым және еркін түрде дем алып, жаттығулар арасындағы үзілісте дем алу мен дем шығаруды терең жасауға болады.

1 – ші жаттығу.


Қолдарыңызды жоғарыға созып, кеуде клеткасы мен иықтарыңызды жоғарыда ұстап тұрып, көтеріліңіз. 5-ке дейін санаңыз.

2-ші жаттығу.


Енді қолдарыңызды артқа созып, екі алақаныңызды бір-біріне ұстатып, ішіңізді ішке қарай жиырып, алға қарап мүмкіндігіңізше төмен еңкейіңіз. 15-ке дейін санаңыз.

3-ші жаттығу.


- Тізені бүгіп, еденге қолыңызды тигізіп еңкейіңіз.
- Енді сол қалыпты сақтап, тек тізеңізді мүмкіндігіңізше түзу ұстаңыз. 15-ке дейін санаңыз. Ақырын ғана арқаңызды көтеріп, аяқтарыңызды жиырып, бұрыңғы қалпына қайта келтіріңіз.

4-ші жаттығу.

Тік тұрыңыз, аяқтарыңызды бәрдей қойып, ішіңізді тартыңыз, кеуде клеткасы көтеріңкі болсын. Оң қолыңызды оң жақтағы беліңізге қойып, ал сол қолыңызды бастан жоғары көтеріңіз. Сол қолыңызды оңға қарай қабырғаны итергендей етіп созыңыз. 15-ке дейін санаңыз. Ақырын ғана бұрынғы қалыпқа келіп, содан соң дәл соны басқа жаққа қарай жасаңыз.

5-ші жаттығу.


Аяқтарыңызды ң арасын ашық қойып, алға қарай еңкейіп алақандарыңызды еденге қойыңыз. Оң аяғыңызды жылжытып, ал сол аяғыңызды бүгу арқылы суретте көрсетілген қалыпты жасаңыз. Оң жақтағы белдің ішкі көтерілісін сезініңіз. 15-ке дейін санаңыз. Аяқтарыңызды ауыстырып енді басқа жаққа қарай жасаңыз.




АКТИВТІ

жүйесі адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы




ПАССИВТІ

жүйесі айналысатын адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады



БАЛИСТИКАЛЫҚ

жүйесі өзінің айналмалы әрекеттерімен орын алады. Сол арқылы бір іс-әрекет екінші іс-әрекетке білдіртпей көше береді



СТАТИКАЛЫҚ

жүйесі бір жаттығудың көп уақыт бойы созылуы. Басқа жүйелерге қарағанда, бұл түрі ыңғайлы әрі зақымсыз болып келеді




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет