Спецификация теста



жүктеу 33.5 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі33.5 Kb.

Бекітемін

ҰТО директоры

_______________ Қ.C.Әбдиев

2015 ж.«______»_____________
«5В070900 – Металлургия» мамандығына арналған

«Металлургиялық үрдістердің технологиясы» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Металлургиялық үрдістердің технологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Тотықсыздану үрдістердің теориялық негіздері

3

2

Тотықты балқытудың теориялық негіздері

1

3

Металлургия өндірісінің бастапқы материалдары

1

4

Шойын өндірісі

3

5

Оттекті –коміртекті үрдіс

3

6

Түбтік үрдістер

1

7

Электр пештердегі болат өндірісі

3

8

Болат және қорытпаларды ашық және вакуумды индукциялық пештерде балқыту

1

9

Болатты пештен тыс өңдеу

1

10

Ферроқорытпа өндірісі

3

11

Мыс металлургиясы

1

12

Алюминий металлургиясы

2

13

Титан өндірісінің негіздері

1

14

Металдық вольфрам өндірісінің негіздері

1




Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттердің қара және түсті металдар өндірісінің теориялық және технологиялық жағдайлары жайлы білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет