Түркияның батысындағы Чанаккале провинциясында 4,9 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мир24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Түркия денсаулық сақтау министрлігі

Түркия Республикасының табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметтерінше, Ыстанбұлдың еуропалық бөлігінде жеңіл соққылар сезілген. Жер сілкінісі 4 наурызда жергілікті уақыт бойынша 21:38 шамасында болды. Ошақ Рендже ауылының жанында орналасқан. Тереңдігі шамамен 10 шақырым (Кандилли обсерваториясының сейсмологтарының пікірінше – тереңдігі 14 шақырымнан асқан).

Жергілікті БАҚ-та бастапқыда зардап шеккендер мен қиратулар туралы хабарланған жоқ еді. Алайда кейінірек Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин кожа бір адамның қайтыс болғанын хабарлады.

  • Түнде жер сілкінісі болатыны туралы қауесет алматылықтардың үрейін ұшырды: ТЖД басшысы желіде тараған ақпаратқа жауап берді

  • "Вертикалды жер сілкінісі": Ғалым бүгінгі зілзаланың қаңтармен салыстырғанда анағұрлым күшті болуының себебін түсіндірді

Белгілі болғандай, Бурса провинциясының Нилюфер ауданында ер адам дүрбелеңге салынып, үшінші қабаттың терезесінен секірген. Сөйтіп ол ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Еске салайық, 4 наурызда Алматыда тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды. 

“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Сирена естілген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат ұсынылады”, – деді Атығаев. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.