Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович



жүктеу 63.62 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі63.62 Kb.

ӘОЖ:796.07
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙ ӨРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Абусейтов Бекахмет Зайнидинович

п.ғ.к., доцент, dene-tarbiesi@mail.ru

Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасы
Халилаев Абдисадык Нурлакович

доцент, dene-tarbiesi@mail.ru

Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы
Түйін. Бұл мақалада спортшыларды оқу-жаттығу үдерісіне психологиялык және дене дайындығы әдістемесін дайындап, спортшылардың оқу-жаттығу сабағына қызығушылығын арттырады, өзін-өзі жетілдіруіне орнықты мотивация қалыптастырады, төзімділігін, сезімталдығын дамытуға және назарды жұмылдыруға мүмкіндік туғызады, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру үдерісін жеделдетеді, шығырмашылықпен тұтқиылдан ойлап табудың жасырын ішкі қабілетін дамыту қамтылған.

Кілтті сөздер: Дене тәрбиесі, дене жетілуі, жұмыс қабілеттілігі, денсаулық, психикалық саулық, функционалдық қалып, қозғалыс белсенділігі, дене мәдениеті құндылықтары, өндірістік дене мәдениеті.

Резюме. В этой статье рассматривается спортсменов в учебно-тренировочный процесс методики психического и физической подготовленности, готовит спортсменов в учебно-тренировочной и повышает интерес к уроку, самореализации, формирует устойчивое мотивация, выносливость, чувствительность, способствует мобилизации и на развитие внимания, самоконтроля и саморегуляции, способы ускорит процесс усвоения, развитие способности придумывать скрытых внутренних.

Ключевые слова: Физическое воспитание, физическое совершенство работоснособность, здоровье, здоровье психическое, функциональное состояние, двигательное активность, ценность физической культуры, пройзводственная физическая культура.

Summary: This article discusses athletes in the training process methods of mental and physical fitness prepares athletes in training and increases the interest in the lesson, self-realization, creates a strong motivation, endurance, sensitivity, to inspire and to develop focus, self-control and self-regulation, ways to speed up the process of learning, developing the ability to think of hidden internal.

Key words: Physical education, physical perfection, efficiency, health, mental health, functional status, physical activity, value of physical culture.


Спортшыларды интеллектінің рөлі және спорттық іс-әрекеттегі сферасы, дүние танымы спортшыға жаттығу және жарыстық қызмет барысында әртүрлі күрделіліктегі міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, сондықтан спорттық іс-әрекеттегі нәтижелілікте маңызды рөлді интелект, яғни олардың ой өрісі және оның даму деңгейі ойнайды. Б.Д ж. Кретти: «Интеллект коэфиценті (1Q) бойынша интеллектуалдық дамудың ең төменгі деңгейі әдетте 110-120 балл болады, егер одан төмен болса спорттық шеберлікті жетілдіру мүмкін болмайды»,-деп тұжырымдайды. Сондықтан «Күш болса, ақыл қажет емес» деген халық мәтелі спорттық қызметке мүлде сәйкес келмейді. Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін күшті қалай, қандай сәттерде пайдалану қажет екенін білу қажет. Мысалы, жоғары деңгейдегі (әлемдік, олимпиада ойындарында және т.б.) жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ДЗЮДО күресінің балуандары қисынды және жедел ойлауда сәтсіз күрескен балуандарға қарағанда жақсы көрсеткіштері болғандығы белгілі. Америкалық психолог Оглви өз әріптестерімен АҚШ-тың олимпиадалық командалары мүшелерінің ойлаудағы қабілеттері жоғары оқу орындарының ең үздік студенттерімен тең келетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Жеңіл атлетиканың даңқты жаттықтырушысы В.И. Алексеевтің бұрынғы шәкірттерінің арасынан елуден астам адам тек спорттан емес, басқа салалардың ғылым докторлары және ғылым кандидаттары ғылыми дәрежелерін қорғады [1].

Фехтование сайысының жаттықтырушысы А.П. Мордвин: «Фехтование-бұл екі ақыл иесінің, екі жетілген дененің барынша қысқа уақыт аралығында күрделі әдіс-тәсілдер арқылы іске асыратын сайысы», - деп жазады.

Ал КСРО-ның бокстан бірнеше дүркін жеңімпазы Н.Королев: «Табыс негізі... сайыс кезіндегі ақыл, ой. Менің терең сенімім бойынша, ақыл, парасатпен қатаң басқарылған қару ретінде жоғары нәтижелерге жеткізеді»,- деп тұжырымдайды [2].

Әр түрлі спорт түрлерінде ақыл, ойдың (интеллектінің) рөлі және оның сипаттамасы спортшылардың алдына бұл іс-әрекет түрлерін алға шығаратын міндеттерінің күрделілігіне және түрлеріндегі айырмашылықтарына байланысты бірдей емес. Мысалы, америкалық психолог Д.Тотаның ғылыми дәләлдемелері бойынша спорттық гимнастикада жаттығуларды табысты меңгеру спортшылардың ақыл, ойының, яғни интеллектісінің дамуымен тығыз байланысты деп санамайды (алайда бұл гимнасттардың интеллект деңгейі төмен деген ұғымды білдірмейді). Спорттық және көркем гимнастика, синхронды жүзу, мәнерлі сырғанау шығармашылық сипатта болады (жаңа бағдарлама дайындау, музыкалық сүйемелдеуді және костюмдерді таңдап, іріктеу). Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салатанатындағы шоу-бағдарламаларды көрген адамдарға терең түсіндіру артық [5].

Спорттық нәтижелер мен төзімділікке байланысты спорт түрлерінде және суға жүзетін қыздардың жаңалықшылдығына спортшылардың шығармашылық елестету, қиялдау сияқты ерекшеліктері арасында кері байланыстар анықталады. Бұлардың екуінде де спортшылардың жаттығу үдерісі бір сарынды жұмыспен байланысты болады. Мұны шағармашылықта бейімі жоқ, білім деңгейі төмен спортшылардың да жақсы орындайтыны белгілі.

Ресейлік ғалым А.А. Белкин «Гимнастиканың психологиялық және психогигиеналық аспектілері» атты 1977 ж. Смоленск қаласында өткен Бүкілодақтық симпозиумда жасаған баяндамасындағы гимнастикамен шұғылданатын «репродуктивті» балалардың көп жұмыс істеуі, көп рет қайталауы мүмкін екені құпия емес... Барлық «орташалар», барлық «сынақталғандар» күні бойы спорт залда отыратын, көп жаттығатын, нәтижелері тез өскен сияқты көрінетін оқушыларды оқу-жаттығу топтарына таңдамай жинағанымыздан пайда болады. Біздер «шығармашыл» балаларды бағаламаймыз, көбіне оларды жақсы көрмейміз, шеттетеміз. Бір таныс жаттықтырушы: «Ол бала жаттығуда оқушылармен бірге жаңа қозғалыс элементтерін қалай ойлап табады? Мен өз беделімді жоғалтамын ғой, яғни ол мен қалай айтсам, соны орындауы тиіс»,- дейді. Бірақ, мен бұл өткен күнгі іс деп ойлаймын. Болашақ гимнастта шығармашылық сапа бірінші, негізгі тұрғыда болуы тиіс және оқушылармен жаттығудағы шығармашылық жұмыста туындаған жаңа тәсіл (комбинация) өз жаңалығымен ерекшеленеді»,- деп қорытындылаған болатын [3].

Спорт ойындары, шахмат, желкенді спорт және т.б. спорт түрлерінде басты орынды кеңістіктік ойлау қабілеті алады.

Америкалық психологтардың АҚШ-тың фехтованиядан чемпион қыздарының интеллектісіне берген сипаттамасы: олар абстракталы ойлауда өте жоғары қабілетті меңгерген, туындаған идеяны тез ұғынады және зерек оқушылар болып табылады [4].

Оларға, оймен көз алдына елестету, тәжірибе жүзінде тексеру және шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсету тән, яғни өзін сын тұрғысынан бағалайтын еркін ойлы жеке тұлғалар.

Көптеген тәжірибелі яхта жүргізуші спортшылар желкенді спортта ең басты нәрсе не деген сұраққа «көре білу» деп жауап береді. Әрине бұл қасиет тәжірибемен, дәлірек айтқанда басқа функцияларды орындау үшін сананы босату «автопилотының» дамуымен пайда болады. Мұнда сөз құстың ұшу биіктігінен ара қашықтықты көре білу қабілетінің көрінуімен ондағы өзінің меншікті жағдайы қалпын барлық құрайтындарымен көрсететін кеңістіктік ойлау жайлы айтылып отыр. Яхта жүргізуші спортшы өзін ұстау қалпынан (позициясынан) байқайтын жекелеген үзінділерден ол тұтастай бейнені құруы тиіс. Олар алысты «көре білуімен» қырқылған фигуралардан бүтінді құрайтын геометриялық денелердің, заттардың ойша айналуы сияқты тапсырмаларды жеңіл орындайды және т.б. Кейбір тәжірибелі яхта жүргізуші спортшылар оларға сызба геометриясының көп көмегі тигені жайлы естеліктерінде айтады [6]

Спорттың ойындық түрлерінде жекелеген спортшыларды және команданы жетілдіру ненің дұрыс жасалғанын, қандай қателіктер жіберілді, оларды қандай жолмен түзетуге болатынын талдаусыз мүмкін емес. Осыдан келіп спортшылар мен жаттықтырушылардың интеллектісінің бір саласы ретінде аналитикалық (талдау) ойлау маңыздылығы көрінеді.

Интеллектінің маңыздылығы спортшы тек дұрыс қана емес, сонымен бірге тез ойлауды қажет ететін жеке сайыс және спорттың ойындық түрлерінде өте зор. Сондықтан бұл спорт түрлерінде интеллект тәсілдік және жедел ойлауда бәрінен де жиі іске асады. Спорттық басылымдарда ойлаудың бұл түрлерін бірдей санап, теңестіруді түбегейлі дұрыс деп айтуға болмайды. Дегенмен, жедел ойлау өзінің сипаттамасы бойынша тәсілдік ойлауға жақын болғанымен алда болатын жағдайды болжаумен байланысты. Алайда тәсілдік ойлау өңделіп дайындалған жоспарға сәйкес дайындыққа көбірек байланысты, ал жедел ойлауда - осы жоспарды іске асыруға байланысты ойластырылған әрекетке кедергі жасалатын болса жедел түзету еңгізуге болады. Сонымен, жедел ойлау тәсілдік ойлауды жүзеге асыру құралы болып табылады.



Бұдан басқа, жедел ойлау спортшының тәсілдік жоспары болмаса да көрінуі мүмкін. Барлық ойындық ситуацияларды болжалдай бермейтін болғандықтан спортшы алдын ала дайындалмаған тәсілдік шешімсіз «сол орында» пайда болған міндетті шешуі тиіс. Мұндай шешімдердің үлкен бөлігі осы жерде және қазір өзекті, оларды тексеруге уақыт жоқ, өйткені бірнеше секундтардан кейін спортшылардан мүлдем басқа әрекет жасау талап етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Родионов А.В. Психология спортивного поединка.Москва.ФиС.1962

2. Бутенко Б.И. Проблемы психологии спорта. Москва. ФиС,1962

3. Белкин А.А. Психологические и психогигиенические аспекти гимнастики. Смоленск 1977.

4. Ильин Е.П. Психология спорта. Москва Санкт-Петербург 2008

5. Новиков Б.И. Психологическая подготовка спортсменов видов спорта к соревнованиям. Москва.ФиС, 1968

6. Шаронова П.А. Особенности мыщления в парусном спорте. Москва ФиС, 2002
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары
publications -> Көркем шығармадағы тарихи тұлғаның ұлттық құндылық ретінде зерделенуі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет