Справочник лекарственных средств (национальный формуляр республики казахстан)



жүктеу 13.2 Mb.
бет40/73
Дата14.10.2017
өлшемі13.2 Mb.
түріСправочник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73

Сақтандыру.

Бала туатын жастағы әйелдерде емнің алдында жүктілікке тексеру, емді қалыпты етеккір циклінің 2-ші немесе 3-ші күнінде бастайды, жүктілікке қарсы сенімді әдістерді қолданады (жүктілік басталған кезде ұрық үшін потенциальды қауіпті екендігін әйелдерге хабарлайды). Мизопростол жатыр тонусын жоғарлатады және түсікті туғызуы мүмкін екендігін ескеру керек.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: емделу қажеттілігінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері.

Іштің ауруы, диспепсия, метеоризм, жүректің айнуы, құсу, диарея/іштің қатуы, етеккір циклінің бұзылуы, дисменорея, гиперменорея, постменопаузалық қынаптан қан кетулер, іштің төменгі бөлігінің ауруы, бастың ауруы, тері бөртпелері, сирек әйелдерде пред- және постклимактериялық кезеңде — тырысулар болады.



Саудаға тіркелген атауы: Мозопростол.
17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
МЕТОКЛОПРАМИД

METOCLOPRAMIDE

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, метоклопрамид гидрохлорид 10 мг [ӘДҰ ұсынылған].


Инъекция (егуге арналған ерітінді), метоклопрамид гидрохлорид 5 мг/мл, ампулада 2 мл  [ӘДҰ ұсынылған].
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Асқазан –ішек жолдарының аурулары кезінде жүректің айнуы мен құсу, цитотоксикалық заттармен емдегенде немесе сәулемен емдеу кезінде; гастроэзофагеальды рефлюкс; гастропарез; премедикация және операциядан кейінгі кезең; асқазан-ішек жолдарын интубация жасау кезінде; бас сақинасы кезіндегі жүректің айнуы мен құсу. Балаларда қолдану этиологиясы белгілі құсуды шеттету мүмкін болмаған кездегі ауыр жағдайларда шектелген, сәулемен емдеу және химиотерапия кезіндегі құсуларда, ішектің интубациясында, премедикацияда.

Көк тамырға баяу (1–2 минут барысында), ересектерге 10 мг 3 реттен күніне; жасөспірімдерге 15–19 жастағы (дене салмағы 60 кг төмен) 5 мг 3 реттен күніне; балаларға 1 жасқа дейін (10 кг дейін) 1 мг дейін күніне екі рет, 1–3 жас (10–14 кг) 1 мг-нан 2–3 реттен күніне, 3–5 жас (15–19 кг) 2 мг 2–3 реттен күніне, 5–9 жас (20–29 кг) 2,5 мг 3 реттен күніне, 9–14 жас (30 кг және жоғары) 5 мг 3 реттен күніне (кәдімгі ең жоғарғы мөлшер, әсіресе балалар үшін және жас адамдарға – 500 мкг/кг күніне). Премедикация, көк тамырға баяу, ересектерге 10 мг, бір рет. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 60 мг;

Асқазан-ішек жолдарына интубация жасауды жеңілдету үшін, ішке, немесе бұлшық етке, немесе көк тамырға баяу ересектерге 10–20 мг бір рет 10–15 минут зерттеу алдында; жас өспірімдерге 15–19 жастағыларға 10 мг; балаларға 3 жасқа дейін –1 мг, 3–5 жастағыларға – 2 мг, 5–9 жастағыларға – 2,5 мг, 9–14 жастағыларға – 5 мг.



Кері көрсеткіштері

Асқазан-ішек жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы, қан кету немесе перфорация, асқазан-ішек жолдарына операция жасағаннан кейін 3–4 күн; тырысу бұзылыстары, феохромоцитома, экстрапирамидалық бұзылыстары, пролактино тәуелді ісіктер.



Сақтандыру

Егде жастағылар, балалар және жас адамдар; бауыр жетіспеушілігі; бүйрек жетіспеушілігі; басқа ауруларға ұқсас болуы мүмкін, мысалы ми құрлысының жоғары қозуы кезінде; асқазан-ішек жолдарына хирургиялық араласулар кезінде 3–4 күндей тағайындаудан бас тарту керек; Паркинсон ауруы; қояншық ауруы; депрессия; порфирия; бронхиальды демікпе, артериальды гипертензия, егде жастағылар, кіші жастағы балалар (дискинетикалық синдромның даму тәуекелінің жоғары болуы).



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне енеді, пайда мен тәуекелді бара-бар қою; адамдарда асқынулар тіркелмеген.
Жанама әсерлері

Экстрапирамидалық бұзылыстар (әсіресе балалар мен жас өспірімдерде); ұзақ қолданғанда – кешкі дискинезия; гиперпролактинемия жағдайлары суреттелген; ұйқышылдық, мазасыздану, бастың айналуы; бастың ауруы; диарея, депрессия, гипотензия және гипертензия; сирек – қатерлі нейролептикалық синдром; бөртпелер, қышыма, ісінулер; көк тамырға енгізгеннен кейінгі миокард өткізгіштігінің бұзылыстары; сирек метгемоглобинемия (әсіресе ауыр глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа жетіспеушілігі кезінде).



Саудаға тіркелген атауы: Кепамид, Метоклопрамид, Церулин, Церукал®.
ДОМПЕРИДОН

(DOMPERIDONE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 10 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әр түрлі генездегі құсу мен жүректің айнуыВ – 40-80 мг/тәулігіне. АІЖ атониясы – 40-80 мг/тәулігіне. Ықылық, құсу, жүректің айнуы, метеоризм, асқазанның атониясы (жарасыз диспепсия – 40-80 мг/тәулігіне.) Өт шығару жолдарының дискенезиясы – 20 мг/тәулігіне. Холецистит, холангит, рефлюкс-эзофагитА - 80 мг/тәулігіне. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеулер жүргізгенде перистальтиканың күшеюі – 50 мгВ .



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, АІЖ қан кету, механикалық ішектің жүрмеуі, асқазанның немесе ішектің перфорациясы, пролактинома, емшекпен емізу кезеңі, жүктілік, жас балаларға (5 жасқа дейін).



Сақтандыру

Бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: адамға зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан анасы үшін потенциальды пайда, ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда қолданады.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтеді, домперидонды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері

Ауыздың құрғауы, ішек шаншуы, іштің қатуы. Балаларда және ГЭК өткізгіштігі жоғары науқастардағы экстрапирамидалық бұзылыстар. Аллергиялық реакциялар. Астения, ұйқышылдық, бастың айналуы, жүрек соғуының жиіленуі. Галакторея, гинекомастия.



Саудаға тіркелген атауы: Дамелиум, Мотилиум®, Мотинорм.
ПРОМЕТАЗИН

(PROMETHAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, 25 мг [ӘДҰ ұсынылған].

Инъекциялар (егуге арналған ерітінділер, прометазин гидрохлорид 25 мг/мл, ампулада 2 мл) [ӘДҰ ұсынылған].
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүректің айнуы, құсу, лабиринттік бұзылыстар, шайқалу; премедикация [қолданулар, ӘДҰ ұсынылған]. Аллергиялық аурулар. Педиатрияда: экссудативті диатез, экзема, демікпелі бронхит, жалған круп, аллергиялық дерматит, сары су ауруы салдарынан нәрестелерде тері беткейінің және шырышты қабаттың өзгерістері. Көк тамырға баяу (егуге арналған сумен араластырып 2,5 мг/мл жеткізу), ересектерге ішке 12,5–25 мг. Қайталау әр 4 сағаттан артық емес (кәдімгі ең жоғарғы мөлшер 100 мг 24 сағат ішінде). Шайқау, алдын алу шаралары, ішке, ересектерге 20–25 мг ұйықтар алдында саяхатқа шығар кезде, қажет жағдайда саяхат күні қайталау; балаларға 2–5 жас 5 мг дейін түнде және саяхат күні, қажет кезде; 5–10 жас 10 мг түнде және саяхат күні, қажет кезде.


Кері көрсеткіштері

Порфирия; жоғары сезімталдық (егер басқа фенотиазиндерге), МАО баяулатқыштарымен бірге қолданғанда, ерте жастағы балаларға (3 айға дейін).



Сақтандыру

Аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы; зердің бөлінуі ұсталғанда; глаукома; бауыр аурулары, қояншық;  егде жастағылар және 2 жасқа дейінгі балалар (жанама әсерлерінің дамуы жиі болады).

2 жасқа дейінгі балаларға прометазинді қолдану түнгі апноэ ұстамаларының жиілігін жоғарлатады. Емделу кезінде жүктілік тестінің жалған оң нәтижесі болуы мүмкін. Қозғалыстағы механизмдерді басқару мүмкіндігінің, көлік жүргізу бұзылыстары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: прометазинді қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек. Емшек сүтіне өтіп, балада айтусыз толқыну мен тітіркену туғызуы мүмкін. Анасының прометазинді қолдануына байланысты 2 жасқа дейінгі балаларда күтпеген өлім синдромына әкелуі мүмкін.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, бастың айналуы, седация (парадоксальды қозулардың болуы мүмкін, әсіресе балаларға және егде жастағыларға үлкен мөлшерде тағайындағанда); бастың ауруы, психомоторлы бұзылыстар, зәр шығарудың ұсталуы, ауыздың құрғауы, көрудің анықсыздығы, асқазан-ішек жолдары жағынан болатын бұзылыстар; жоғары сезімталдық реакциясы; бөртпелер, фотосенсибилизация реакциясы; сары ауру; қан жағынан болатын бұзылыстар; егуден кейінгі жүрек қан тамырлары жағынан болатын жанама әсерлер; көк тамырға енгізген жерде болатын венозды тромбоз, бұлшық етке енгізгенде болатын ауырсыну.



Саудаға тіркелген атауы: Пипольфен®.
ОНДАНСЕТРОН

(ONDANSETRON)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 4 мг, 8 мг, егуге арналған ерітінділер 4мг/2мл



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүректің айнуы және құсу (алдын алу шаралары) цитотоксикалық химиотерапия кезінде (алғашқы және курсты қайталағанда, цисплатиннің жоғары мөлшерлерін қолданғанда), сәулемен емдегенде (дененің барлық беткейін сәулелендіргенде, біртіндеп бір реттен жоғары мөлшерде немесе құрсақтық аймақты күнделікті сәулелендіру), операциядан кейінгі кезеңде. Цитостатикалық препараттармен емдегеде құсу тәуекелі дамуы және сәулемен емдеу:

- 8 мг препаратты емнің алдында көк тамырға енгізу түрде немесе пероральды таблетка түрінде (ауыз арқылы) 1-2 сағат бұрын емнің алдында, кейіннен ондансетронды қолдану арқылы 12 сағаттық үзіліспен. Алғашқы 24 сағатта құсудан қорғау үшін, кейіннен препаратты таблеткада 8 мг мөлшерде 2 реттен тәулігіне 5 күндей емнің басынан қабылдау керек.

- 8 мг мөлшерде көк тамырға баяу енгізу түрінде тікелей химиотерапия курсын жүргізер алдында, кейіннен екі рет көк тамырға 8 мг мөлшерде 4 сағаттық үзіліспен енгізу немесе үнемі көк тамырға 24 сағат бойы 1 мг/сағатына мөлшерде енгіу;

- бір реттік мөлшер 32 мг ондансетронның, 50-100 мл көлемдегі изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде ерітілген және 15 минут химиотерапияның алдында көк тамырға енгізіледі.

Келесі құсу ұстамаларының алдын алу үшін препаратты таблетка түрінде 8 мг мөлшерде 2 реттен тәулігіне 5 күндей химиотерапия басталғаннан кейін қолдану.

Балаларға ондансетронды 5 мг/м мөлшерде бір реттік иньекция ретінде егуге болады, 2 рет тікелей химиотерапия алдында жүргізеді, кейін препаратты таблетка түрінде 4 мг мөлшерде 12 сағаттан кейін иньекция жасағанннан соң бередң. Құсудың алдын алу шаралары үшін перпараттың 4 мг мөлшерін 2 реттен тәулігіне 5 күндей береді.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр қызметінің жетіспеушілігі, құрсақ ішіне хирургиялық операциялар жасау кезінде, жүктілік (әсіресе бірінші 3 ай), төспен емізу кезінде (емдеу кезінде доғарады), жас балаларда: 2 жасқа дейін анестезия жағдайында, 4 жасқа дейін — химиотерапия кезінде, барлық жастағы топтар — сәулемен емдеу кезінде.



Сақтандыру

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы анықталынбаған. Жүктілік кезде қолдануға тыйм салынған.

Емшекпен емізу: ондасетронды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Іштің қатуы, диарея, ауыздың құрғауы, ықылық тию, АЛТ мен АСТ транзиторлық жоғарлауы, бауыр жетіспеушілігі (өлімге әкелуі мүмкін, әсіресе гепатотоксикалық ісіктерге қарсы емнің және антибиотиктер тұсында), бастың ауруы, бастың айналуы, көрудің бұзылуы (анықтылығы, аккомодациялық бұзылыстар), жылуды сезіну және бетке қанның толқынуы, ОЖЖ тежелуі, парестезия, әлсіздік, тырыспалы талмалар, экстрапирамидалық симптоматикалар, гипокалиемия, тахикардия немесе брадикардия, гипотензия, естен тану, көкіректің ауруы (ангинозды тип), ЭКГ бқзылыстар, ІІ дәрежелі тежелуге дейін, қызба, аллергиялық реакциялар: есекжем, бронхтың тарылуы, ангионевротикалық ісінулер, анафилаксия



Саудаға тіркелген атауы: Зондан, Сетронон, Эметрон.
ТРОПИСЕТРОН

(TROPISETRON)
Шығарылу түрі.

Капсула 5 мг, егуге арналған ерітінді 5мг/5мл



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ісіктерге химиотерапия жүргізген кезде жүректің айнуы мен құсудың алдын алу шаралары үшін.Трописетронды курспен тағайындайды 6 күннен. Тәуліктік мөлшер 5 мг құрайды. Бірінші күні (химиотерапияны бастар алдында) препаратты көк тамырға тамшылатып немесе баяу құю арқылы енгізеді. Ерітіндіні дайындау ұшін 5 мл препаратты (1 ампуланы) 100 мл изотониялық хлорид натрия ерітіндісінде, Рингер ерітіндісінде, 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 5% фруктоза ерітіндісінде ерітеді. Келесі 5 күндей препаратты ішке тағайындайды. Капсуланы таңертен қабылдау тиіс, тікелей оянғаннан кейін (болмаса таңертенгі астан бір сағат бұрын) және сумен ішу керек. Балаларға дене салмағы 25 кг төмен болғанда тағайындалатын трописётронның мөлшері 0,2 мг/кг құрайды.



Кері көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық, жүктілік. Емізулі аналар, трописетрон қабылдаушы, емшекпен емізуден бас тарту керек.



Сақтандыру

Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар егде жастағы науқастарға трописетронның қалыпты мөлшерін төмендетудің қажеті жоқ. Артериальды гипертензиямен иауыратын науқастарға трописетронды тағайындағанда сақтықпен қолдану керек (жоғары артериальды қысыммен). Дәрілік емге бағынбайтын, жоғары артериальды қысыммен ауыратын науқастарға, трописетронның тәуліктік мөлшері 0,01 г жоғарламауы керек, себебі ол әрі қарай артериальды қысымның жоғарлауына әкелуі мүмкін.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы анықталынбаған. Жүктілік кезде қолдануға тыйм салынған.

Емшекпен емізу: трописетронды қолдану қажеттілігі кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, шаршау сезімі, іштің ауруы, іштің қатуы, диарея.



Саудаға тіркелген атауы: Трописетрон.
17.3.       Көтеуге қарсы заттар
Көтеу – тік ішектің шырышты қабатының беткейлік көк тамырларының кеңеюімен жүретін аурулар (геморроидальды түйіндер). Көтеу тік ішектен кететін қанның ең жиі себептері болып келеді. Көтеумен, фистуламен және проктатитпен ауыратын науқастар үшін анальды және перианальды қышымалар, ауыру және жарылулар тән. жергілігті сол аймақтың тазалығы, үлкен дәреттің қалпына келуіне бағытталған емдәм, (нәжістің жұмсақ болуы), үлкен дәреттің көлемін ұлғайтуға бағытталған балласты заттарды қолдану, кебек сияқты және жақсы әсер беретін клечаткалары көп емдәмдерді қолдану.

Жұмсартатын заттар, жұмсақ тұтқыр заттардан тұратын, мысалы висмут субгаллат, мырыш тотығы және жағалатын қасиеті бар заттардан тұратын түймедақ препараттары (лубриканттармен), вазоконстрикторлар немесе симптоматикалық жеңілдіктерге қол жеткізу үшін жергілікті әсер ететін майлы, крем және балауызды жеңіл антисептиктер. Кейбір препаратарға ауру сезімін жеңілдеті үшін жергілікті анестетиктер қосылады. Бұл препарттар кортикостероидтардан тұруы мүмкін (оларды тек инфекцияны шеттеткеннен кейін барып қолдану керек); олар бір рт қысқа мерзімге қолдануға арналға, ұзақ қолдану анус терісінің атрофичсына әкелуі мүмкін.


Жергілікті анестетиктер, тұтқыр қабынуға қарсы заттар

Шығарылу түрі.

Майлар немесе балауыздар.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көтеуді қысқа мерзімге симптоматикалық емдеу.


Мысалы, трибекозид (400 мг) + лидокаин гидрохлориді (40 мг) 1 балауыздан (немесе кремнің бір мөлшері) 2 реттен тәулігіне; диосемин мен гесперидиннің микроионизирленген флавоноидты фракциясы 300 мг-нан 6 реттен тәулігіне алғашқы 4 күнде, кейін 500 мг-нан 4 реттен тәулігіне 3 күндей.
17.4.       Қабынуға қарсы заттар
Ішектің қабыну ауруларына бейспецификалық жаралы колит және Крон ауруы жатады.

Бейспецификалық жаралы колит

· Дистальды белсенді жаралы колит кезінде жергілікті глюкокортикоидтармен ем жүргізілуі тиіс, балауыз немесе клизма түріндегі, немесе тік ішекке арналған балауыз немесе клизма түріндегі месалин сияқты. Айқын жаралы зақымдалу кезінде ішектің перфорациясымен ауыратын науқастардағы ішектің перфорация тәуекелінде гидрокортизонды тік ішекке енгізуді байқап жүргізу керек және тек проктологиялық зерттеулерден кейін жүргізеді. Орта дәрежелі тұтас жаралы колит кезінде глюкокортикоидтарды ішке тағайындайды, ал ауыр кеңінен таралған және жедел түрлерінде ауруханаға жатқызу және глюкокортикоидтарды көк тамырға енгізу керек

· Сульфасалазин немесе месалазин симптоматикалық ем үшін тиімді. Ол сонымен қатарглюкокортикоидтарды жанама әсерлері үшін қолдану мүмкін емес жағдайларында жаралы колиттің ремиссиясы үшін өте тиімді.
· Ішектің моторикасын төмендететін кодеин және спазмолитикалық сияқты дәрілік заттар, белсенді жаралы колит кезінде қолданылмайды, себебі олар илеус пен мегаколонды салдың дамуын туғызуы мүмкін.


· Өтті тұздардың сіңірілуінің төмендеуімен байланысты болатын диарея, колестираминді қолданумен жеңілдеуі мүмкін.
· Қосымша емге көк тамырға сұйықтықтарды және электролиттерді енгізу, қанмен трансфузия жүргізу, қажет жағдайларда парентеральды тамақтандыру және антибиотиктер беріледі. Өмірге қажетті жалпы күтімге сай қосымшамен бірге (жоғары клетчаткалардан тұратын) толық тамақтану қажет.

Крона ауруы

Крона ауруының жеңіл және орташа түрлерін емдеу сульфасалазинмен немесе месалазинмен жүргізеді (ең аз тиімділік). Ауыр кезіндегі түрлерінде ішке немесе көк тамырға глюкокортикоидтар тағайындалынады, мысалы преднизолон. Метронидазол Крона ауруының белсенді сатысында аш ішекте бактериальды флораның шамадан тыс өсу синдромы кезінде емдеу үшін қажет. Толық тамақтанумен бірге өте жақсы күтім қажет.


СУЛЬФАСАЛАЗИН

(SULFASALAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, қапшықпен қапталған,  сульфасалазин 500 мг [ӘДҰ ұсынылған].


Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапты жаралы колит; Крона ауруы; ауыр ревматоидты артрит. Жаралы колит, ішке, ересектерге 1–2 г күніне 4 реттен асқынған кезде ремиссияға қол жеткізгенше, ұстап тұрушы мөлшерге дейін төмендету арқылы 500 мг күніне 4 реттен; балаларға 5–7 жастағы – 0,25–0,5 г тәулігіне 3–6 реттен, 7 жастан үлкендерге — 0,5 г тәулігіне 3–6 реттен.

Крона ауруының белсенді түрлерінде, ішке, ересектерге 1–2 г күніне 4 реттен асқыну кезінде ремиссияға қол жеткізгенше; 2 жастан үлкен балаларға, 40–60 мг/кг күніне асқыну кезінде. Жаралы колит, Крона ауруы кезіндегі колит, тік ішекке (оқшауланған балауыз немесе пероральды емдеумен бірге), ересектерге 0,5–1 г танертең және кешке ішектің босануынан кейін; тік ішекке (клизма), ересектерге 3 г түнде, 1 сағат бойы ұстап тұру арқылы; балаларға — дәрілік түр дұрыс келмейді.

Кері көрсеткіштері

Салицитаттарға немесе сульфонамидтерга жоғары сезімталдық; 5 жасқа дейінгі балаларға; порфирия; ішектің бітелуі немесе несеп шығару жолдарының бітелуі; ауыр бүйрек жетіспеушілігі.



Сақтандыру

Бүйрек жетіспеушілігі; бауыр жетіспеушілігі; глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның (Г6ФД) жетіспеушілігі; баяу ацетилятор статусы; емнің басында және әр ай сайын З ай бойы қанның жасушалық құрамын және бауыр қызметін бақылау; емнің басында және препаратты қабылдау барысының барлық кезеңінде бүйрек қызметін бақылау; анамнезінде аллергиялық реакциялар.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, колиттің асқынуы: диарея, тәбеттің жоғалуы, қызба, қан жағынан болатын бұзылыстар (қаныаздық, сонымен қатар мегалобластты қаныаздық, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения); жоғары сезімталдық [бөртпе, есекжем, Стивена—Джонсон синдромы (мультиформалы эритема), эксфолиативті дерматит, эпидермальды некроз, қышыма, фотосенсибилизация, анафилаксия реакциясы, қан сары су ауруы, интерстициальды нефроз, қызыл жегі тәріді синдром]; өкпе жағынан болатын асқынулар (эозинофилия, фиброзиялық альвеолит); көз жағынан болатын бұзылыстар (периорбитальды ісіну); стоматит; паротит; атаксия; асептикалық менингит; вертиго; құлақтың шулауы, алопеция; шеткі невропатия; ұйқының қашуы; депрессия; бастың ауруы, елестер; бүйрек жағынан болатын реакциялар (протеинурия, кристаллурия, гематурия); олигоспермия; сирек – жедел панкреатит, гепатит; зәрдің қызыл сары түске боялуы, сонымен қатар жұмсақ контакты линзалардың боялуы.



Саудаға тіркелген атауы: Сульфасалазин.
МЕСАЛАЗИН

(MESALAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 400 мг, энтеросолюбильды жапқышпен қапталған таблеткалар 250, 500 мг, балауыздар 250, 500 мг, тік ішекке арналған клизмалар 4г/60 мл.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапсыз жаралы колит: асқынуда – 400-800 мг тәулігіне 3 реттен 8-12 апта бойыА ; асқынулардың алдын алу үшін – 400-500 мг тәулігіне 3 реттенА. Крона ауруы: алдын алу үшін және емдеу кезінде – 1000 мг тәулігіне 4 реттенВ Дистальды түрлер кезінде – ректальды түрлер. Балауыздар 500 мг тәулігіне 3 реттен, микроклизмалар 60 мг балауыздар тәулігіне 1 реттен. Балаларға балауыздар асқыну кезінде 40-60 мг/кг тәулігіне, ұстап тұрушы ем кезінде – 20-30 мг/кг/тәу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Қан аурулары. Асқазан мен ұлтабар жара аурулары. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі. Геморрагиялық диатез. Жүктіліктің соңғы 2-4 аптасында. 2 жасқа дейінгі балаларға.



Сақтандыру

Баяу ацетиляторлардың жоғары кезінде жанама әсерлердің тәуекелдің жоғарлауы. Жүктіліктің 1 үш айында. Бүйрек немесе бауыр жетіспеушіліктері.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В. Плацент арқылы өтеді

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Жиі: іштің шаншуы, диарея, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, ринит, шаршау, әлсіздік. Сирек: гепатит, панкреатит, перикардит, алопеция, анорексия, безеулер, белдің немесе буындардың ауруы.



Саудаға тіркелген атауы: Месакол, Салофальк.
ГИДРОКОРТИЗОН

(HYDROCORTISONE)

Шығарылу түрі.

Суспензия 25 мг, 125 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапты жаралы колит, проктит, проктосигмоидит; анафилаксия; тері аурулары; бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі. Жаралы колит,  проктит, тік ішікке ересектерге  25 мг күніне екі реттен 2 апта бойы; 25 мг дейін жоғарлатуға болады күніне 3 реттен немесе ауыр жағдайларда 50 мг күніне екі реттен; колит кезінде 6–8 апталық ем қажет болуы мүмкін. Жаралы колит, жаралы проктит, жаралы проктосигмоидит, тік ішекке (клизмалар), ересектерге 100 мг түнде 21 күндей немесе клиникалық немесе проктологиялық ремиссияға дейін. Егер 21 күнде клиникалық немесе проктологиялық жақсарулар болмаса емді доғару керек; проктологиялық ремиссияға қол жеткізу үшін 2–3 айлық ем қажет; 21 күннен артық қолданғанда 100 мг түнде тағакйындау арқылы бас тарту керек 2–3 апта бойы.



Кері көрсеткіштері

Ішек бітелуі кезінде жасалатын клизмалар, ішек перфорациясы немесе көптеген фистулалар; емделмеген инфекциялар.



Сақтандыру

Емнің басында проктологиялық зерттеуле жүргізілуі қажет; қан жүйесіне сіңірілуі мүмкін; ұзақ қолдануға болмайды.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С. Плацента арқылы өтеді.

Емшекпен емізу: 1% мөлшері төс сүтіне өтеді. Аз мөлшерлері қауіпсіз. Жоғары мөлшерлер баланың өзінің гормондарының бөліну өнімін тежейді және өсуін ұстайды.

Жанама әсерлері

Жергілікті — ауырсыну немесе күйдіру; тік ішектен қан кетулер (клизма қолданған кезде); инфекциялардың асқынуы; глюкокортикоидтарға тән жүйелік жанама әсерлер.



Саудаға тіркелген атауы:
17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар

Антихолинергиялық және басқа да спазмолитикалық заттарға тән, тегіс бұлшық еттерді босату қабілеті бар дәрілерді диспепсияда, тоқ ішектің тітіркену синдромында және дивертикулитте қолдану мүмкін. Кәдімгі антихолинергиялық заттардың антисекреторлы ықпалының тәжірибелік маңызы жоқ, себебі атропин тәрізді жанама әсерлері мөлшерлеу факторларымен шектеледі. Сонымен қатар олар күшті және арнайы секреторлы заттармен ығыстырылған, мысалы b-гистамин рецепторларының тежегіштерімен және протонды насостың баяулатқыштарымен.

Асқазан ішек жолдарының тегіс бұлшық еттерінің тарылуы кезінде қолданылатын антихолинергиялық заттарға атропин және скополамин бутилбромид жатады.
АТРОПИН

(ATROPINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, атропин сульфат 500 және 50 мкг. Егуге арналған ерітінді 1 мг/мл (0,1%) [ӘДҰ ұсынылған].



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Диспепсия, тітіркендірілген ішек синдромы, дивертикулит; пилороспазм, холелитиаз, холецистит, жедел панкреатит, гиперсаливация,  ішек шаншулары, өт шаншулары, бүйрек шаншулары. Премедикация; мидриаз және циклоплегия; уланулар. Диспепсия, тітіркендірілген ішек синдромы, дивертикулит, ішке, ересектерге 0,6–1,2 мг түнде, 0,25–1 мг тәулігіне 1–3 реттен (мөлшерді жеке талдайды, жеңіл ауыздың құрғауы пайда болғанша). Балаларға, жасына байланысты, — 0,05–0,5 мг тәулігіне 1–2 рет. Жоғары бір реттік мөлшер — 1 мг, тәуліктік — 3 мг. Т/а, б/е немесе к/т — 0,25–1 мг тәулігіне 1–2 реттен. Ересектерде брадикардияны шеттету үшін – 0,5–1 мг к/т, қажет жағдайда енгізуді 5 минуттан кейін қайталау; балаларға — 10 мкг/кг. М-холиномиметиктермен және антихолинэстеразды дәрілік заттармен уланғанда 1,4 мл 0,1% ерітіндіні к/т енгізеді (шприц-тюбик), холинэстаразамен біріктіріп қолданған тиімдірек. Премедикация үшін ересектерге 0,4–0,6 мг б/е енгізу 45–60 минут анестезияға дейін; балаларға — 0,01 мг/кг.



Кері көрсеткіштері

Жабық бұрышыты глаукома; миастения; салды илеус (динамикалық ішектің бітелуі); қақпаның стенозы; аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы.



Сақтандыру

Балаларға, егде жастағылар мен Дауна синдромымен ауыратын науқастарға (жанама әсерлерінің жоғарлау тәуекелі; гастроэзофагеальды рефлюкс; диарея; жаралы колит; жедел миокардтың инфаркты; гипертензия; гипертиреоз; жүрек жетіспеушілігі; жүрекке операция жасаған жағдайлармен байланысты, тахиракдиямен сипатталатын; қызба.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Лактацияны баяулатуы мүмкін.

Жанама әсерлері

Штің қатуы; транзиторлы брадикардия (келесі тахикардия мен аритмия); бронхиальды секрецияның төмендеуі, несеп бөлуге жедел шақырулар және несептің ұсталуы; аккомодацияның жоғалуымен жүретін қарашықтың кеңеюі, фотофобия, ауыздың құрғауы, тасқыну және терінің құрғауы; кейде естің шатасуы (әсіресе егде жастағыларда), жүректің айнуы, құсу және бастың айналуы.



Саудаға тіркелген атауы: Атропина сульфат.
ДРОТАВЕРИН

(DROTAVERINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 0.04 г. Егуге арналған ерітінділер (1 мл 0.02 г белсенді заттар).



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек шаншуы, өт қабының шаншуы, өт шығару және өт қабығының гипермоторлы дискинезиясы, холецистит. Ішектің шаншуы. Пилороспазм. Асқазан мен ұлтабар жараларының асқыну фазасында (құрама емнің ішінде). Шеткі артериальды тамырлардың, бас ми тамырларының тарылуы кезіндегі ауыру синдромы. Альгодисменорея. Түсік қауіпі және ерте босану кездерінде. Кейбір құралдармен зерттеу жүргізу үшін, холецистография. Ересектерге ішке 40 80 мг тәулігіне 3 реттен тағайындайды; к/т, б/е немесе тері астына 2 4 мл тәулігіне 1 3 рет. Бүйрек және бауыр шаншуларында препаратты баяу к/т 2 4 мл мөлшерде енгізеді. Шеткі тамырлардың тарылуы кезінде препаратты күре тамырға енгізуге болады. Балаларға 6 жасқа дейін бір реттік мөлшерде 10 20 мг тағайындайды; балаларға 6 жастан 12 жасқа дейін  20 мг; тағайындау реті тәулігіне 1 2 рет.



Кері көрсеткіштері

Препараттарға жоғары сезімталдық.



Сақтандыру

Жүрек тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын науқастарға өте байқап қолданады.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Бас айналу, жүрек соғу, шөлдеу сезімі, тершеңдік болуы мүмкін. К/т енгізу кезінде АҚ төмендеу жағдайлары байқалған (коллапсқа дейін), AV тежелуі, аритмияның пайда болуы, тыныс алу орталығының тежелуі.



Саудаға тіркелген атауы: Дротаверин, Носпазин, Спазмол.
ПЛАТИФИЛЛИН

(PLATYPHYLLINE)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 0,2%



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек, бауыр және ішек шаншулары. Асқазан мен ұлтабардың жара ауруларындағы жедел спастикалық аурулары. Бронхиальды ентікпе науқастарына көмекші заттар ретінде.

Тәулігіне бір реттік мөлшерде 1 2 мл тағайындалынады. Емдеу курсының ұзақтығын жеке тағайындайды.

Кері көрсеткіштері

Глаукома, бүйрек пен бауырдың органикалық аурулары.



Сақтандыру

Жүрек тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын науқастарға өте байқап қолданады.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Ауыздың құрғауы, жүректің соғуы, қарашықтың кеңеюі, ОЖЖ қозуы (әсіресе жоғары мөлшерлерді қолданғанда) болуы мүмкін.



Саудаға тіркелген атауы: Платифиллина гидротартрат
МЕБЕВЕРИНА ГИДРОХЛОРИД

(Mebeverine)

Шығарылу түрі. Ұзақ әсерлі капсула 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектерде — АІЖ мүшелерінің спазмы (сонымен қатар органикалық аурулармен байланысты), ішек шаншулары, өт қабының шаншулары; тітіркен ішек синдромы (ауыру мен спазмдарды симптоматикалық емдеу, сонымен қатар ішек бұзылыстары мен дискомфорт). Ішке, шайнамастан, мүмкін болса тамақтың алдында, көп мөлшерде сумен ішу, ересектерге 200 мг-нан тәулігіне 2 реттен.



Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, порфирия.



Сақтандыру.

Емделу кезінде бас айналу мүмкіндіктеріне байланысты, транспорт, көлік және механизмдерді басқаруда сақ болу керек.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы жоқ. Егер емнен күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса, жүктілік кезінде қолдану мүмкін.

Емшекпен емізу: Терапиялық мөлшерде мебеверин төс сүтіне өтпейді.

Жанама әсерлері.

Бастың айналуы (жеке жағдайларда), диарея немесе іштің өтуі, терінің аллергиялық реакциялары.



Шамадан тыс: Симптомдары: ОЖЖ-нің қозуы. Емдеу: АІЖ-нан сіңірілмеген препаратты алып тастау (асқазанды жуу, белсендірілген көмір), симптоматикалық және ұстап тұрушы ем. Арнамалы антидоты жоқ.

Саудаға тіркелген атауы: Дюспаталин.
17.6 Іш жүргізетін дәрілер
МАКРОГОЛ 4000

(MACROGOL)

Шығарылу түрі.

Пероральды ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Іштің қатуы (ересектерде симптоматикалық емдеу)В. Ішке тәулігіне 10-20 г 200 мл суда ерітілген түрде.



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Тоқ ішектің шырышты қабатының эрозивті-жаралы зақымдалуы (жаралы ректоколит, Крон ауруы), ішектің бітелуі (жартылай және толық), себебі белгісіз абдоминальды аурулар, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.



Сақтандыру

Ұзақ қолданулар электролиттердің жоғалуына, психикалық үйренгіштікке әкеледі



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ, адамдарда асқынулар тікелмеген. Қолбанбау керек.

Жанама әсерлері

Абдоминальды аурулар, диарея, аллергиялық реакциялар.



Саудаға тіркелген атауы: Форлакс®.
ЛАКТУЛОЗА

(LACTULOSE)

Шығарылу түрі.

Сауыттағы шәрбет.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйректің прекомасы және комасы (емдеу және алдын алу шаралары). ГипераммониемияВ – 45 мл/тәу 8 апта, 60 мл/тәу 30 күндей. Бауыр энцефалопатиясыВ. 20 мл 2 реттен тәулігіне 15 күн немесе 25-60 мл тәулігіне 3 ай. Алдын алу шараларында: 30-50 мл (90-190 мл дейін) 3-4 реттен тәулігіне 2-3 ретке дейін тәулігіне дефекацияға қол жеткізгенше. Микроклизма түрінде 300 мл 700 мл суда ерітеді, 180 мл әр 4 сағат сайын енгізеді. Созылмалы іштің қатуындаВ. 15 мл 2 рет тәулігіне. Энтерит (сальмонеллезді)D 15 мл тәулігіне 3 ретен бірінші 10-12 күндей. Ерте жастағы балалардағы тамақпен жедел улану кезінде болатын шіріген диспепсиялық синдромдаD – 15-30 мл/тәулігіне. ПарадонтозC – 15-30 мл/тәулігіне. Көтеу түйіндерін алып тастағаннан кейінгі болатын ауыру синдромыB.



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, төспен емізу, жүктілік, тік ішектен қан кетулер, колоно-илеостома, соқыр ішекке күмәндану, галактоземия, ішектің бітелуі.



Сақтандыру.

Қан диабетімен ауыратын науқастарға қолданғанда – 15 мл лактулоза 1,2 г дейін құрайды лактоза және 2,2 г галактоза, ол бір шама глюкоза деңгейінің жоғарлатуына әкеледі. Егде жастағыларда, лактулозаны 6 айдан артық қолданғанда электролитерді бақылау керек.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Қолданбау керек.

Жанама әсерлері

Абдоминальды аурулар, диарея, аллергиялық реакциялар



Саудаға тіркелген атауы: Дюфалак, Имопер, Осмолак, Флорелек.
17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
Пероральды глюкозо-электролиттік ерітінділерді дайындауға арналған тұздар.

Шығарылу түрі.

Глюкозо-тұзды ерітінді [ӘДҰ ұсынылған].


Ішке қолданатын ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
Декстроза + калия хлорид + натрия хлорид +  натрия цитрат.
Цитроглюкосолан.
Глюкоза (10 г) + натрия хлорид (3,5 г) + калия хлорид (2,5 г) + натрия цитрат (2,9 г).
Регидрон, 1 пакет 18,9 г.

Ерітіндіні алдын ала салынған қантты тұзды қоспадан немесе жеке заттар мен судан дайындауға болады. Ерітінділер жаңадан дайындалуы тиіс, алдын ала қайнатылған және суытылған сумен. Дәл өлшенген, жақсы араластырылған және ингредиентерді дұрыс көлемді таза суда еріту өте маңызды. Құнарланған ерітіндіні енгізу гипернатриемияға әкелуі мүмкін.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел іштің өтуі кезінде дегидратация жүргізу. Жедел іштің өтуі кезінде сұйықтық пен электролиттің жоғалтуында ішке, ересектерге 200–400 мл ерітіндіні әр ішектің босауы кезінде; нәрестелерге және балаларға — А,В, немесе С жоспарына сәйкес:

Дегидратацияны емдеу: ӘДҰ ұсынылған.

Дегидратация дәрежесіне байланысты денсаулық сақтау қызметкерлері ұсынылған З жоспардың біреуімен науқасты емдеуі тиіс.

A жоспары: дегидратацияның клиникалық көріністері айқын емес. Бұндай жағдайларда емдәмдік ұсыныстар және сұйықтықты үлкен мөлшерде қолдану жеткілікті (сорпа, күріш, су және йогурттар, немесе жәй су). 6 айға дейінгі нәрестелерге, қатты тамақтарды қолданбайтын, пероральды регидратациялық ерітінділер сүттің алдында берілуі керек. Ана немесе сиыр сүті арнайы шектеулерсіз берілуі керек. Аралас тамақтану кездерінде (төс сүті/қоректі қоспа) төс сүтінің көлемін ұлғайту керек.

В жоспары: шамалы дегидратация. Бала қай жаста болмасын, ерте асқынулардың алдын алу үшін 4-сағаттық емдеу жоспары қолданылады. Осыған байланысты тамақтану бірінші болмайды. Ата аналарды балаға шамамен 75 мл/кг пероральды регидратациялық ерітіндіні қасықтың көмегімен 4-сағаттық кезеңмен беруді үйренуді ұсыну, сонымен қатар емнің басында олардың осымен қалай жүргізетінін байқау керек. Егер балада дәреттің жиі болуы жалғасса, сұйықтықты үлкен мөлшерде беру мүмкін. Егер құсу жағдайларында регидратацияны 10 минутқа доғару керек және шамалы жылдамдықпен қайтадан бастау керек (шамамен 1 ш.қ. 2 минут сайын ерітіндіні беру). Баланың жағдайын қайтадан 4 сағаттан кейін бағалау керек әрі қарай емді жалғастыру үшін. Егер балада іштің өтуі жалғасса, пероральды регидротациялық ерітіндіні беруді жалғастыру керек және барлық уақытта дегидратация барысын бақылай алған кезде де қолдану керек.

С жоспары: ауыр дегидратация. Ауруханаға жатқызу қажет, бірақ ең тез жылдам көмекке регидратацияны бастау мақсаты болып саналады. Ауруханада (немесе басқа жерде), егер бала өзі іше алатын болса, пероральды регидратациялық ерітіндіні көк тамырға енгізу алдында және енгізу кезінде де беру керек (20 мл/кг әр сағат сайын ішке ауыз арқылы инфузия алдында, кейін 5 мл/кг әр сағат сайын ішке көк тамырға енгізу арқылы регидратация кезінде). Көк тамырға енгізу үшін күрделі лактат натрия ерітіндісі ұсынылады (26.2 бөлімді қара), жылдамдықпен енгізілетін, баланың жасына сәйкес (12 айға дейінгі нәресте: 30 мл/кг 1 сағат бойы, кейін 70 мл/кг 5 сағат бойы; 12 айдан үлкен нәрестелерге: сол мөлшер З0 минут барысында және 2,5 сағат сәйкес). Көк тамырға енгізу мүмкіндіктері болмаған кезде назогастральды түтікшені пероральды регидратациялық ерітінділерді 20 мл/кг жылдамдықта әр сағат сайын енгізуге қолданады. Егер балада құсу болса пероральды регидратациялық ерітінділерді енгізу жылдамдығын төмендетеді.

Сақтандыру.

Бүйрек жетіспеушілігі.



Жанама әсерлері

Құсу көрсеткіштері ерітіндіні тез енгізу көрсеткіштеріне жатуы мүмкін; гипернатриемия және гиперкалиемия бүйрек жетіспеушілігі кезінде болатын нәтижеге жатады немесе тым құнарлы ерітіндіні енгізу болып табылады.



17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
ЛОПЕРАМИД

(LOPERAMIDE)

Шығарылу түрі.

Капсулалар 2 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тамақпен қоректену тәртібінің өзгеруімен, метаболизмнің бұзылуымен және сіңірілуімен болатын жедел, созылмалы әштәі өтуін симптоматикалық емдеуде, сонымен қатар аллергиялық, эмоциональды, дәрілік, сәулелі генезде болатын жағдайлар; илеостомиямен ауыратын науқастардағы дәретті реттеуде. Жедел іштің өтуі  — 4 мг, кейін 2 мг әр дәреттен кейін (сұйық дәрет), жоғары тәуліктік мөлшер — 16 мг; созылмалы іштің өтуі — 4 мг/тәулігіне. Қалыпты дәреттің пайда болуы немесе дәреттің 12 сағатқа дейін болмауы препаратты доғару көрсеткіші болып саналады



Кері көрсеткіштері

2 жасқа дейінгі балаларға (капсула үшін 6 жас), жүктілік (I үш ай), емшекпен емізу кезінде, жоғары сезімталдық, дивертикулез, ішектің бітелуі, жаралы колит, псевдомембранозды колит, жедел дизентерия және басқа жағдайлар, ішек перистальтикасын тежеу мүмкін емес кезде.



Сақтандыру.

Емдеу кезінде үлкен көңіл қоюды талап ететін қызметтерден бас тарту керек және тез психомоторлы реакцияларды қажет жағдайларда дәріні қолданбау керек. Бүйрек/бауыр жетіспеушілігі.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, ұйқышылдық немесе ұйқының қашуы, бастың айналуы; тыныстың тежелуі; анорексия, ауыздың құрғауы, іштің ауруы, ішек шаншулары, жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы, ішектің бітелуі. Аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері).

Мөлшерден тыс қолданғанда: ОЖЖ, тыныстың тежелуі, ішектің бітелуі. Антидот-налоксон; налоксонның қайта қолданылуы мүмкін, себебі оның әсері лоперамидке қарағанда қысқа. Іштің өтуін емдеу кезінде жоғатқан сұйықтықты және электролитті толықтыру керек. 2 тәулік бойы енгізгенде әсері болмаған кезде диагнозды анықтау керек немесе іш өтуінің инфекциялық генезін шеттету тиіс.

Саудаға тіркелген атауы: Имодиум, Лоперамид, Нео-Энтеросептол.
СУЛЬФАТ ЦИНКА

(Zinc sulfate)

Шығарылу түрі.

Пероральды ерітінді 10 мг қалыпты дәрілік түрге; таблеткалар 10 мг қалыпты дәрілік түрге.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Мырыш жетіспеушілігнде ағзадағы анаболикалық, иммунологиялық және басқа да үдерістердің бұзылыстары (алдын алу шаралары және емдеу) — ішке пероральды регидратация үшін тұз құрамында қосымша зат ретінде.

Гипомырыштың алдын алу шаралары үшін — 10–15 мг тәулігіне (ағзаның мырышқа физиологиялық қажеттілігі), емдеу мақсатында — 20–50 мг күніне 2–3 реттен.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық.



Сақтандыру.

Мөлшерден тыс қолданғанда: қызба, өкпе қызметінің бұзылуы, дегидратация, плазмадағы электролиттердің тепе-теңдігінің бұзылуы, летаргия, бұлшық ет қозғалысының бұзылуы, бүйрек жетіспеушілігі.



Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі (ішке үлкен мөлшерлерін қолданғанда).



Саудаға тіркелген атауы: Сульфат цинка.
17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
Лиофилизирленген бактериялар. Ішек микрофлорасының зат алмасу өнімдерінің зарарсыз концентраттары.

Дисбактериоз, дисбиоз немесе микробиоценоздың бұзылуы – ішекте қалыпты орналасқан, жылжымалы микрофлора тепе-теңдігінің бұзылуымен сипатталатын синдром. Егер ішекте қалыпты жағдайда сүт қышқылды микрофлора басым болса (бифидобактериялар және лактобактериялар), анаэробты стрептококктар, ішек таяқшалары, энтерококктар және басқа микроорганизмдер, дисбактериоз кезінде микроорганизмдер арасындағы осы тепе-теңдік бұзылады. Көбінесе дисбактериоз кезінде көп мөлшерде шіріген немесе ашытатын флораның, зеңдердің, Candida типті дамиды, ішекте қалыпты жағдайда болмайтын микроорганизмдер пайда болады. Дисбактериоз кезінде шартты-патогенді микроорганизмдердің белсенді дамуы басталады, көбінесе олар аз мөлшерде ішек құрамында болады. Ішек дисбактериозы, екінші патология болып, негізгі аурудың барысын және ауырлығын тереңдетеді, ал дисбактериальды бұзылыстарды шеттету арқылы бірінші ауруды емдеудің нәтижелерін жақсартуға болады. Бірақ емдегенде негізгі себепті емдеуде, ішек микрофлорасының құрамын бұзбастан микробиологиялық түзетулермен шектелу керек. Дисбактериоздың микробиологиялық түзетулерін жүргізу туралы сұрақтарды шешкенде, дәрігер науқастың жалпы жағдайын ескеруі тиіс. Кейбір жағдайларда дисбактериоз ағзаның қалыпты қызметінен тұрақты ауытқуын туғызбаған жағдайларда, динамикасын бақылау арқылы күту керек немесе ұстап тұрушы еммен шектелуі тиіс. Дисбактериозды емдеу мақсатымен микроорганизмдер қолданылуы мүмкін – көбінесе ішектің өзінің микроорганизмдері, оларға бифидум- және лактобактериялар жатады, сонымен қатар қалыпты жағдайларда адам ішектрінде болмайтын микроорганизмдер. Сол сияқты дисбактериоз синдромын емдеуде, қалыпты ішек микрофлорасындағы бактериалардың алмасу өнімдерінің сығындысы қолданылуы мүмкін.



Қазіргі кезде лиофилизирленген бактериялар мен ішек микрофлорасының зат алмасу өнімдерінің концентраттарының қолданылуы кезіндегі тиімділіктің дәлелдемелері жоқ.


17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
ПАНКРЕАТИН

(PANCREATIN)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, липазадан түратын капсулалар 4 500 ЕД.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұйқы безінің сыртқы секреторлы жетіспеушілігі кезінде орын басушы емде: созылмалы панкреатитВ, панкреатэктомияВ, сәулемен емделгеннен кейін, диспепсияD, Ремхельда синдромы (гастрокардиальды синдром), муковисцедозВ. МетеоризмС. инфекциялық емес генезді іштің өтуіD. Тамақтың сіңірілуінің бұзылуы (асқазанның және аш ішектің резекциясынан кейінгі 3,6 г/тәу тотальды резекциядан кейін). АІЖ қызметі қалыпты науқастардағы тамақтану бұзылыстарының салдарынан болған, тамақтың қорытылуын жақсарту үшін (майлы тамақтың қолданылуы, ретсіз тамақтану), шайнау қызметінің бұзылуы кезінде, ұзақ болатын иммобилизация. Рентгенологиялық және құрсақ ішінің мүшелеріне УДЗ зерттеулерін жасауға дайындауD.

Ересектерге орта мөлшер: 150000 ЕД/тәулігіне, 400000 ЕД/тәулігіне. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 15000-20000 ЕД/кг. балаларға 1,5 жасқа дейін – 50000ЕД/тәулігіне, 1,5 жастан кейін – 100000 ЕД/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Жедел панкреатит. Созылмалы панкреатиттің асқынуы.



Сақтандыру.

Үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда – гиперурикозурия, перианальды тітіркену.



Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар, сирек – іштің өтуі.



Саудаға тіркелген атауы: Панкреатин, Креон, Мезим, Панкрим, Фестал.
17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
АДЕМЕТИОНИН

(ADEMETIONIN)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 400 мг, егуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизирленген ұнтақ 400 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы холециститD, холангитD, бауыр ішіндегі холестазD, бауырдың улы зақымдалуы (алкогольды, вирусты, дәрілік)D, бауырдың майлы дистрофиясыD, созылмалы гепатитD, бауыр циррозыD, энцефалопатия (сонымен қатар бауыр жетіспеушілігімен біріккен)D. ДепрессияD. Абстинентті синдромD. Тізе буынының, қол буындарының остеопорозыВ.

Қарқынды емдеу кезінде бірінші 2-3 аптада 400-800 мг/тәулігіне к/т немесе б/е. Ұстап тұрушы ем кезінде – 800-1600 мг/тәулігіне ішке.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Жүктілік (1-2 үш ай), емшекпен емізу кезінде



Сақтандыру.

Жас балаларға.

Тиімділігі туралы анық дәлелдемелер жоқ.

Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ. Мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Гастралгия, диспепсия, асқазанның қыжылдауы, аллергиялық реакциялар.



Саудаға тіркелген атауы: Гептрал®
УРСОДЕОКСИХОЛ ҚЫШҚЫЛЫ

(URSODEOXYCHOLIC ACID)

Шығарылу түрі.

Капсула 250 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Асқынбаған өт тас аурулары (холестиринді тастардың өт қапшығында ыдырау кезінде, оларды хирургиялық немесе эндоскопиялық әдістермен алып тастау мүмкін емес кездерінде) – ұйықтар алдында 10 мг/кг тәулігіне (2-5 капсуладан) 2-3 рет қабылдауға; холелитиаздың қайталануының алдын алу шаралары – 300 мг күніне 2 реттен тастардың ыдырауынан кейін бірнеше айға дейін. Белсенді созылмалы гепатит холестатикалық синдроммен бірге – 300 мг күніне 2 реттен. Ішкі бауырдың өт жолдарының атрезиясы, өт жолдарының атрезиясы. Билиарды диспепсиялық синдром (холецистопатия және өт жолдарының дискинезиясы кезінде). Семіз науқастар дене салмағын тез жоғалту кезінде түзілетін өт конкрементерінің алдын алу шаралары (750 мг/тәу). Билиарлы рефлюкс-гастрит және рефлюкс-эзофагит (300 мг/тәу). Жедел және созылмалы вирусты гепатит (холестаздың қарқындылығының төмендеуі) - 600 мг/тәу 10 мг/кг/тәу. Бауырдың улы зақымдалуы (алкогольды, дәрілік, цитостатиктермен химиотерапия жүргізген кезде бауырдың зақымдалуының алдын алу, гормональды контрацептивті дәрілерді қолдану кезінде). Бірінші билиарлы бауыр циррозы – 10-15 мг/кг) Бірінші склерозды холангит 12-15 мг/тәу. Созылмалы описторхоз – 10-15 мг/тәу. Созылмалы аутоиммуннды гепатит – 13-15 мг/тәу. Алкогольсіз стеатогепатит - 13-15 мг/тәу. Неонатальды холестаздар – 30-40 мк/кг/тәу.



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Рентгеноң өт тастары. Қызмет істемейтін өт қапшығы. Өт шығару жолдарының бітелуі. Өт қапшығы мен өт өзектерінің жедел инфекциялық аурулары. Өт қапшығының эмпиемасы. Жедел холангит. Жедел холецистит. Бауыр циррозының декомпенсация сатысында. Ішектің қабыну аурулары. Панкреатит. Жүктілік. Лактация кезеңі.



Сақтандыру.

Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Іштің өтуі (1-10%). Арқаның ауруы. Өт тастарының кальцинирленуі. Іштің қатуы. Жүректің айнуы. Құсу. Трансаминазаның белсенділігінің жоғарлауы. Аллопеция. Бастың айналуы. Алдын болған тенге қотырдың асқынуы.



Саудаға тіркелген атауы: Урсосан, Урсофальк.
СИЛИМАРИН

(SILIMARIN)

Шығарылу түрі.

Капсулалар, драже 35 мг, 140 мг, 70 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бауырдың улы зақымдалуы (алкогольды, дәрілік және т.б.). Созылмалы гепатит. Бауыр циррозы. Бауырдың дистрофиялық және майлы инфильтрациясы. Липидті алмасу бұзылыстарының түзетуі. 35 мг - 140 мг тәулігіне 3 реттен, кейін 35 мг - 140 мг тәулігіне 2 реттен.



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.



Сақтандыру.

Тиімділігі туралы мәліметтер жоқ. Жедел вирусты гепатит кезінде әсері плацебоға тең.



Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ. Мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар. Сирек ішті босататын әсері бар.



Саудаға тіркелген атауы: Силимарин.
ОРНИТИН

(Ornithine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 150 мг.



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипераммониемия, гепатит, бауыр циррозы, бауыр энцефалопатиясы (латенттік және айқын), сонымен қатар естің бұзылуы кезінде біріктірілген емнің қрамына кереді (прекома немесе кома); созылмалы алкогольды интоксикация; ақуызды жетіспеушілік кезінде науқастарға парентеральды қоректену препараттарына түзетуші қосымша ретінде беріледі. Ішке: тамақтан соң, 3 г грануляттар, алдын ала 200 мл сұйықтықта ерітілген, тәулігіне 2–3 реттен; мөлшерін 40 г/тәулігіне жоғарлату мүмкін.



Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, айқын бауыр жетіспеушілігі (креатинин концентрациясы 3 мг/100 мл жоғары).



Сақтандыру.

Көлік жүргізушілерге мен психикалық және физикалық реакцияларды талап ететін жұмыстарды орындайтын науқастарға сақтықпен қолданады, сонымен қатар жоғары көңіл қоюды талап ететін адамдарға.

Тиімділігі туралы мәліметтр жоқ.

Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ. Зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезінде тек дәрігердің қатаң бақылауымен өте қажет жағдайларда ғана қолданылады

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ. Емделу кезінде емшек беруді доғару керек.

Жанама әсерлері

Терінің аллергиялық реакциялары, жүректің айнуы, құсу.



Саудаға тіркелген атауы: Гепатил.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет