Бокстан соңғы лицензиялық турнирге қатысатын қыздар құрамы спаррингтік турнир арқылы анықталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: eubcboxing.org

Бокстан әйелдер құрамының бас бапкері Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын спортшыларды спаррингтік турнир арқылы анықтайды. 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін арнайы спаррингтік турнир арқылы мәселенің барлығы шешіледі. Бұл турнирге Ұлттық құрамадан жан-жанжалмен шығып қалған Ангелина Лукас та қатысады. 54 келіде спарринг жасайтын 7 боксшының қатарында Лукас та енген. Лукастан бөлек, кәсіпқой боксқа ауысқан Балауса Мұздиман да бағын сынап көреді. Бұдан бөлек, бұл салмақта ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері Анель Сақыш,  екі дүркін Азия чемпионы, үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербекова қатысады. Сондай-ақ жас боксшылар да бағын сынап көрмек. Жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова, былтырғы Азия чемпионатының жеңімпазы Ұлжан Сәрсенбек және бірнеше халықаралық турнирде тамаша өнер көрсеткен талантты Сымбат Әлиасқар да олимпиадаға жолдаманы сарапқа салатын іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Назарларыңызға қалған салмақта спарринг өткізетін спортшылардың тізімін ұсынамыз.

50 келі:

Назым Қызайбай (1993)

Алуа Балқыбекова (1996)

66 келі:

Жасмин Қизатова (2002)

Лаура Есенкелді (2000)

Наталья Богданова (1999)

Дариға Шәкімова (1988)

75 келі:

Гүлсая Ержан (2001)

Валентина Хальзова (1996)

Жібек Жарасқызы (2003)

Айта кетейік, бокстан әйелдер құрамасында Париж олимпиадасының жалғыз жолдамасы ғана бар. Карина Ибрагимов 57 келі салмақта Азия ойындарының финалына шығып, төртжылдықтың басты додасына қатысуға мүмкіндік алған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.