Сравнительная таблица к проекту постановления Правительства Республики Казахстан



жүктеу 34.99 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі34.99 Kb.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

салыстырма кесте



р/с№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулер енгізу қажеттігінің негіздемесі

1

2

3

4

5

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже

16. Орталық аппараттың функциялары:

1.

137) тармақша

137) тірек ауылдық елді мекендерін келісімдеу;

алып тастау;


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының 5-тармағына сәйкес

тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.



Бұл әдістемеде, тірек АЕМ айқындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл алгоритмі көзделген. Осыған байланысты, тірек ауылдық елді мекендерді келісу бойынша функцияны орталық аппараттың функциясына қосудың қажеттілігі жоқ.

2.

339-70) тармақшамен толықтыру

жоқ

339-70) Қазақстан Республикасының Қаржы және Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің шығындар құрылымын айқындау жөніндегі әдістемесін әзірлеу және бекіту;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы
3-тармағының негізінде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауына, уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдау құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген жағдайларда ғана жол берiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминнің
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 20-33/05-1518 (1.6-т) тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасының Қаржы және Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту жөнінде өкілеттік беру тапсырылды.

3.

339-71) тармақшамен толықтыру

жоқ

339-71) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі іске асыратын Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды әзірлеу және бекіту;

Аталған кіші тармақша «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 461 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы процесі мен нәтижелеріне тұрақты бақылау жүргізуге уәкілетті болып табылады. Аталған қаулыны іске асыру мақсатында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламаларын іріктеу, іске асыру және олардың шаралар нәтижелерін қабылдау жөніндегі әдістемелік ұсынымды әзірлеп, бекіту қажет болды.



Ұлттық экономика

Бірінші вице-министрі Р. Дәленов




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет