Сравнительная таблица



жүктеу 20.39 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі20.39 Kb.

«Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген

тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына

берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы

№ 651 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына


САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ


Р/с №

Құрылымдық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

«Халықаралық маңызы мәртебесі бар теңіз порттары» тараудың

1-жолы





1.



Ақтау халықаралық теңіз сауда порты







1.



«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымайтын мүлігін қоспағанда Ақтау халықаралық теңіз сауда порты




«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС-ның жылжымайтын мүлігі, атап айтқанда жер учаскелері мен оларда орналасқан инфрақұрылым объектілері Ақтау портының құрамына кіреді (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 431 қаулысы), ол ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес стратегиялық объектілерге жатады. Тиісінше, осы жылжымайтын мүлік стратегиялық объектілерге жатады және олармен мәмілелерді жасасу ҚР Үкіметінің рұқсатымен жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, қазіргі уақытта құрғақ жүк терминалдары инфрақұрылымын одан әрі дамытудың қажеттілігі бар, ол үшін қосымша қаржыландыру көздерін тарту қажет. Осыған байланысты, жобамен «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС-ның жылжымайтын мүлігін стратегиялық объекттің құрамынан шығару ұсынылады. Сондай-ақ, жобаны қабылдау әлеуетті кредит берушілерге қолайлы жағдайлар жасауға және қарыз қаражатын уақтылы тарту үшін кепілдік қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлікті ұсынуға мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

вице-министрі Р. Скляр




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет