Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалия Гран-приінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

48 келі салмақта додаға түскен қазақстандық спортшы голландиялық Амбер Герш пен француздық Лаура Эспадиньяны жеңгенімен, кейін жапондық Кано Миякиге есе жіберді. Жұбаныш жекпе-жектерде Абиба бельгиялық Лоис Пети мен түрік Сила Ерсинді жеңді.

Еске сала кетейік, Португалия Гран-приі 28 қаңтарға дейін жалғасады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.