Әлеуметтік желіде “Жаным баклажаным” деген лақап атпен танылған Айдын Тоқсанбаеваның үйінен өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: “Шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасынан скриншот

Блогердің айтуынша, ауласының ішінде 9 отбасы пәтер жалдап тұрған. Оқиға Алматы облысы, Кемертоған ауылында болған. 

“Қазір қандай адам баласы көпбалалы отбасыға пәтерін жалдап тұруға береді. Біздің аулада бос тұрған сарайларда 30 мың төлеп 9 отбасы тұрып жатыр еді. Үйлері өртеніп кетіп, далада қалды. Дүниенің орны табылар, бірақ 30 мың теңге төлеп тұратын үй табылмайтыны өкінішті. 5 баламен ешкім үйіне кіргізгісі келмейді. Тілсіз жау…. Аллаға шүкір, өлім жоқ. Күндіз емес түнде болса деп ойлаған сайын жүрек ауырады. Есімізді енді жиып жатырмыз. Бұл өрт болғанда апам да, анам да, әкем де үйде болмаған. Өрттен қалғанды жолдан келіп кеше, бүгін ғана көріп жатыр. Ал біз алыстан қан жұтып отырдық”, – деп жазды блогер. 

  Фото блогердің stories-і

Желі қолданушылары мен блогердің оқырманы жылу жинап, баспанасыз қалған отбасыларды мешітке орналастырған.

“Кемертоған ауылында Айдынның үйлерімен көрші тұрамыз. Аман-есен адамдарды құтқарып алдық”, “Машина өртенген кезде ұшқыны үйге ұшқан”, “Бас аман болсын, тездетіп пәтер тауып алсын, балаларға қиын болды-ау”, “Анасы Түркияға кеткен, әжесі туысқанының көңілін сұрауға кетіпті, содан аула қараусыз қалып кеткен болуы керек” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сонымен қатар, блогер оқырманы жинап берген 2 миллионға жуық ақшаны 9 отбасыға 300 мыңнан бөліп беретінін ашып айтты. 

Еске салайық, Айдын үш баланы бауырына басып, АҚШ-қа қоныс аударғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.