Ұстазым, сізге арнаймын



жүктеу 74.72 Kb.
Дата16.11.2018
өлшемі74.72 Kb.

Ұстазым, сізге арнаймын

Мақсаты: Оқушыларды өнер-білімге, парасаттылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарға деген құрметті арттыру.

Көрнекілігі;слайд-тақта.

1-жүргізуші:«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мұғалімдер мерекесін қалай қызықты өткізсек болады?

2-жүргізуші:Еліміздің, шет елдің жұлдыздарын шақырсақ қой...Мұғалімдердің барлығы риза болар еді...

1-жүргізуші: Оның бәрі қаражатқа келіп тіреледі ғой.

2-жүргізуші:Мынау не? Құмыра емес пе?

(сахнада көне құмыра жатады)

1-жүргізуші:Иа, мынау көне ғасырдың құмырасы ғой. Қайдан келді мұнда,егесі кім болды екен?

2-жүргізуші:Қарайықшы, сыртында жазуы жоқ па екен?

1-жүргізуші:Қай ғасырдікі болды екен?

(сыртын ысқылап көрді. Осы кезде сыйқыршы жын сахнаға шығады )

Сиқыршы жын: Не бұйырасыз,қожайы

(жүргізушілер сиқыршы жыннан шошып кетеді)

2-жүргізуші: Сіз сиқыршы жын боласыз ба

Сиқыршы жын: Иа, мен сиқыршы жын боламын. Енді менің қожайыным сендерсіңдер! Не бұйырасыңдар? Барлық тілектеріңіз орындалады.

1-жүргізуші: Не істейміз?

2-жүргізуші:Қандай тілек айтсақ екен?

1-жүргізуші:Вилла, мықты машина, пора-пора ақша,шет елге жолдама сұрасақ қайтеді?

2-жүргізуші:Арман деген көп қой... Адамның көзі ешқашан дүниеге тойған емес. Одан да мұғалімдер күніне керемет сценарий сұрасақ қайтеді?

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың! Болды, келістік.

2-жүргізуші: Сиқыршы жын, біз «Алғабасар ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесінің оқушыларымыз. Бүгін біздің ұзтаздарымыздың мерекесі. Бізге жақсы сценарий керек.

Сиқыршы жын: Құп болады, қожайын.

(Сиқыршы жын сахнада шығып кетеді де сценарий алып келеді.)

-Міне мынау-сценарий. Залда ұстаздарыңыз толып отыр.

Жүргізушілер: Рахмет,сиқыршы жын.

Сиқыршы жын: Мен енді барайын. Егер мен керек болсам, құмыраның сыртын ысқыландар, сол кезде пайда боламын.

(Cиқыршы жын шығып келеді)

2-жүргізуші:Құмыра алғанымыз қандай жақсы болды. Ал сценарий ашып көрейік те, концертімізді бастайық.

1-жүргізуші; Иә,ұстаздарымыз да күтіп қалды.

2-жүргізуші;

Мұғалім! Бұл-адамның ардақты аты,

Білімділік бар биікке шығар саты,

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жатты.

1-жүргізуші;

Жаса сен қай жағдайда, қай заманда,

Әрдайым мендеттісің бір адамға

Былайғы жақын түгіл, оның орнын

көрген жоқ басып туған ата-анада

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздің мектебімізге тамаша мереке аталып өткізбекші. Ол–біздің аяулы ұстаздарымыздың мерекесі!

1-жүргізуші:

Аяулы ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

(көңілді марш ойналады)

2-жүргізуші:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақын да,

1-жүргізуші:

Егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да-бәрі-бәрі ұстаздан білім алған, тәлім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді!

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар біз сіздерден үлгі-өнеге аламыз, Сіздерді мақтан етіп жырға қосамаз

1-жүргізуші:

Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықылас ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып,үйреніп жүрміз. Сіздерге алғысымыз шексіз!

2-жүргізуші;

Ал енді мерекелік ән шашуды қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші;

Бәрі де сіздерге арналады!«Ұстаз-ұлы бәйтерек» әні орындалады

1-жүргізуші:

Ұстаз деген қасиетті адам бар

Біле білсең сенің екі анаң бар

Бірі сені туған анаң болса егер

Екінші анаң ұстаз деген данаң ба.

2-жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей

Перне басқа оркестірдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып

Тұрасың сен дирежер боп күлімдей

Маңғол елінің биін билейді

1-жүргізуші: Ал енді аяулы ұстаздарамызды ортаға шақырып, бір ойын ойнап жіберсек қайтеді?

2-жүргізуші:

Ойында жеңімпаз атанған ұстаздарымызға сыйлық керек қой. Оны қайдан аламыз?

1-жүргізуші:

Сиқыршы жын бар емес пе? жынды шақырайық

(екеуі құмыраны ысқылайды. Бірақ жын шықпайды. Сол кезде 2-жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды. Қоңырау соғып тұрған сиқыршы жын болды)

2-жүргізуші:

Ало, бұл кім екен?

Сиқыршы жын:

Бұл менмін ғой, сыйқыршы жын. Мені неге іздедіңдер?

2-жүргізуші:

Біз мұғалімдерді ортаға шақырып, ойын ойнатайын деп едік. Ойынға қатысқан мұғалімдерге сыйлық керек болып тұр.

Сиқыршы жын:

Құп болады, қожайын. Лезде дайын болады.

(осы кезде Сиқыршы жын сыйлықтарды әкеп береді. Екі жүргізуші ортаға ойынға қатысатын ұстаздарды шақырып, белдеріне орамал байлап, ойынның шартын түсіндіреді)

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, «ұстаз деген сегіз қырлы бір сырлы» болады дейді, яғни, әнші де, биші де,актер да сіздерде қазір үнді биін билейсіздер. Тамаша билеген мұғалім сыйқыршы жынның сыйлығына ие болады.

(ойын соңында жүргізушілер жақсы билеген мұғалімді залдың көмегімен анықтап сыйлық береді)

2-жүргізуші:

Кім ұғады оқушының тілегін

Кім ұғады оқушының жүрегін?

1-жүргізуші:

Ұғаты кім үйден аттап шыққан соң,

Ұғатын ол ұстаздар деп білемін

Ұстаздарымызды ортамызға алып билеу үшін әнші шақырсақ қайтеді? Мысалы Өзбекстанның атақты «Ялла» тобы.

2-жүргізуші:

Нұр үстіне нұр болар еді. Сиқыршы жынға қоғырау шалайық.

1-жүргізуші:

Ало сыйқыршы жын біздің ұстаздарымызға Өзбекстандық Фарух Закиров бастаған «Ялла» тобы өнер көрсетсе екен.

Сиқыршы жын:

Құп болады, қожайын. Алдарыңызда «Ялла» тобы

(сахынаға «Ялла» тобының пародия салатын оқушыларды шақырады. Артындағы биші қыздар ұстаздарды биге шақырады)

2-жүргізуші:

Ғасырлар мен дәуірлер бәрі де өтеді,

Әрбір ұрпақ есімін ән етеді

1-жүргізуші:

Ұстаз деген ұл есім ұғынғанға,

Балашақпен болашақ дәнекері

«Ұстазым» әні орындалады

2-жүргізуші:

Енді «Қазақ биін» тамашалағымыз келіп тұр. Сиқыршы жынды шақырсақ қайтеді?

1-жүргізуші:

Шақырайық.

(Сиқыршы жын келеді)

Сиқыршы жын:

Не бұйырасыз, қожайын? Құп болады, биді тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Бүлдіршін гүл іспеттес жайнап тұрған

Көзі нұр жүрегі от лаулап тұрған.

2-жүргізуші:

Ұстаз да гүлді күтіп баптаушы ғой

Қопсытып, қорек беріп, суын құйған

«Ұстазға мың тағзым» әні орындалады

2-жүргізуші:

Оқушыға мейірімі мол анадай

Ол қуанса қуанады баладай

1-жүргізуші:

Түсе қалса қабағы мен қасы егер

Жұбатады жылы сөйлеп аялай

2-жүргізуші:

Айдана, «Шаншар», «Бауыржан шоу», «Шымкент шоу» сияқты театрлардан әртістер шақырып қстаздарымызға көрініс қойсақ қайтеді?

2-жүргізуші:

Онда Сиқыршы жынды шақырайық (жүргізушілер құмыраны ысқылап сыйқыршы жынды шақырады.)

Сиқыршы жын:

Не бұйырасыз, қожайын?

2-жүргізуші:

Сиқыршы жын біздердің ұстаздарымызға «Шаншар», «Алдараспан» сияқты театрлардан әртістер келіп, күлдіргі көрінің қойып берсе екен....

Сиқыршы жын:

Құп болады. Алдарыңызда «Күлкі шоу» әртістері. «Қатираштың жоғалуы» көрінісін тамашалаңыздар

1-жүргізуші:

Кешіміз де соңына тяп қалды Ұстаздарымызға гүл ұсынсақ артық болмас еді (Гүл, сыйлықтар тарту етіледі)

2-жүргізуші:

Құтты болсын, ұстаздар, мерекең

Артсын сенің абыройың, берекең.

1-жүргізуші:

Осы күні ұл тойды тойлайық

Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!

2-жүргізуші:

Білім берген біздерге

1-жүргізуші:

Рахмет, сіздерге!

2-жүргізуші:



Ардақты ұстаздарымызды кәсіби мерекесімен құттықтау үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.
Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
klass-chas -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
klass-chas -> Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
klass-chas -> Жер судың аты, тарихтың хаты
klass-chas -> Тєуелсіздіктіњ тањы-жарќын
klass-chas -> Ы. Алтынсарин атындағы жоббм “Қазақ халқының ерлік істері”
klass-chas -> 19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім 19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
klass-chas -> «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»
klass-chas -> Тип урока: Сообщение новых знаний
klass-chas -> «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет