Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының ісін жүргізген "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы спортшымен келісімшартын бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: suleimen_promotions_official instagram парақшасынан

2018 жылдан бері кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының мансабын жүргізген "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы енді спортшымен жұмыс істемейді. Қос тарап өзара келісіміге келіп, арадағы келісімшартты үзген.

Айдос соңғы жекпе-жегінде ауыр бас-ми жарақатын алып, спорттан біршама уақытқа қол үзген болатын. Тіпті дәрігерлер оған енді мүлдем жұдырықтасуға болмайтынын айтқан. "Suleimen Promotions" боксшыға қанатында болған кездегі жетістіктері үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы Нұрсұлтан Жаңабаевпен де жеңілгеннен кейін келісімшартын бұзған болатын.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.