Қазақстан Үкіметі 2024 жылы 25 қаңтарда “Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: gov.kz

"2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен запастағы офицерлер оның ішінде әскери қызметке жарамды және оны өткермегендер әскери қызметке 24 ай мерзімге шақырылсын, олар офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқару үшін шақырылсын", — делінген құжатта.  

2024 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны:

ҚР Қарулы Күштерде — 600 адам;

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде — 80 адам; 

Ұлттық ұланда — 42 адам;

ТЖМ-де — 30 адам.  

Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Голан төбелері мен бірқатар басқа аймақтарға 430-ға дейін бітімгершілік күштерін жіберетіні белгілі болған. Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына жолдаған. Парламент депутаттары бітімгершілік күштерді жіберу туралы ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Бітімгершілерді орналастыру 2024 жылғы наурыздан басталады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта БҰҰ-мен тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін анықтайтын халықаралық келісім жасалады. Әскер мен техника Қазақстанның есебінен тасымалданады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.