Танымал кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков екінші рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің әйелі Дариға қыз босанды.

“Қош келдің, қызым! Дарикорн, рақмет саған. Баршаға жұғысты болсын! Әлеуметтік желіден жоқ болып кеткенімнің себебі – осы. Босану процесіне қатысып, қызымды бірінші өзім көрдім. Кіндігін кестім. Құттықтап жатқан жандарға рақмет!”, – деп жазды өзі.

Желі қолданушылары мен блогер жұптың достары сәбиге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

Алайда блогердің оқырмандары жақында “Дарханнан қызым бар, алимент төлемейді” деп әлеуметтік желіні шулатқан жезқазғандық арудың баласын да назардан тыс қалдырмауын өтініп жатыр. “Өзіңнің қаның болса ол қызға да көмектес”, “Қызым туды екен деп, некесіз қызыңды ұмытып кетпе” деп жазып жатыр. 

Еске салайық, жезқазғандық Айдана есімді ару Дархан Жолшыбеков әке міндеттерін орындамайды деп кінәлайтынын жазған болатынбыз.  

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.