Стратегиялық басқару және дамыту департаменті туралы ереже



жүктеу 185.43 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі185.43 Kb.










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ




БЕКІТЕМІН:
______________________________

« С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-ның ректоры А.А.Ақанов


«____»________________ 20__ж.



«С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚАЗҰМУ» РМК-нің

БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


Лауазымы

Қолы

Аты-жөні

Әзірлеген:







Басқару стратегиясы және дамыту Департаментінің директоры




Табаева А.А.

Келісілген:







Персоналдарды басқару бөлімінің бастығы




Амирдинова Е.В.

Заң бөлімінің бастығы




Шаяхметов С.Ш.

Құжатты пайдалану мерзімі:


20__ ж. «__»________ бастап
20__ ж. «__»________ дейін
20__ ж. «__» _________ дейін ұзартылды

Мәртебесі:



Заңдық күші бар

Ескірген


№ __ редакция


№ _____ дана
№ ____ көшірме
__________________________

(құжатты тарату барысында құжаттаманы басқарудағы жауапкер тұлғаның түп нұсқа қолы)


Алматы­ – 2011
МАЗМҰНЫ

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 9



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Басқару стратегиясы және дамыту Департаменті, бұдан әрі мәтінде «Департамент» деп аталатын, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-ның (бұдан әрі мәтінде «Университет» деп аталатын) дербес құрылымдық бөлімі болып табылады.

    2. Департамент Ғылыми Кеңестің шешімімен бекітілген (№2 хаттама 27 қыркүйек 2011 жыл) 01.09.2011 жылғы университеттің ұйымдық құрылымына сәйкес құрылған, және Университет Жарғысы мен осы ережені негізге алады.

    3. Департаментті тарату Ғылыми кеңестің шешімінің негізінде ректордың бұйрығына сәйкес Департаменттің жекелеген қызметтерін Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу және бөлім қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыру немесе заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер штатын қысқарту арқылы жүргізіледі.

    4. Департамент заңды тұлға болып табылмайды.

    5. Департаменттің жеке символикасы, өзінің атауы жазылған мөрі, мөртабаны болуы мүмкін.

    6. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Департамент қызметкерлері төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:

  • Университет Жарғысын;

  • Департамент қызметі аясына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, заңдық күші бар стандарттарды, халықаралық нормаларды, нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдарды;

  • Департамент қызметінің аясына кіретін мәселелер бойынша үшінші тараптар алдында Университеттің келісім-шарттағы міндеттерін;

  • жұмыс нәтижелеріне қойылған талаптарды: жоспарлар, сметалар және басқалар;

  • ұжымдық келісім шартты;

  • ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін;

  • ішкі оқу тәртібінің Ережелерін;

  • сапа менеджменті жүйесінің бекітілген құжаттарын және Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарын (ережелерді, нұсқаулықтарды, стандарттарды және т.с.с.);

  • Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдерін;

  • Университет ректорының бұйрығы мен жарлықтарын;

  • Университет қызметінің бағыттарына сәйкес жоғарыдағы басшылық пен проректорлардың жарлықтары мен нұсқауларын;

  • мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқауларын;

  • осы ережені.



  1. ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    1. Департамент университеттiң оқшау құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

    2. Департаменттiң құрылымына университеттiң дербес құрылымдық бөлiмшелерiнiң тұрақты құқықтық негiзде жасалған келесi құрылымдық бiрлiктері кiредi:

  • Стратегиялық жоспарлау бөлімі

  • Сапа менеджмент жүйесі бөлімі

  • Халықаралық ынтымақтастық жұмыстары жөніндегі бөлім

  • Білім сапасын зерттеу бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығы

    1. Қажет жағдайда қызметкелер штатын жинақтау, өзгерту немесе қысқарту жүргізе отырып Департаменттің ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізу Ғылыми кеңестің шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен қолданыстағы еңбек заңдылықтарына сәйкес жәен осы Ережеге сәйкес өзгерістерді енгізе отырып жүргізіледі.

    2. Департамент қызмет құрамын және қызметкерлер құрамының санын ректор анықтайды.

    3. Департамент жетекшісі мен Департамент құрылымына кіретін әрбір лауазымдық санаттың тағайындалуы, біліктілік сипаттамалары, лауазымдық міндеттері, құқығы мен жауапкершіліктері сәйкес лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.




  1. БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҒЫНУШЫЛЫҚ

    1. Департаментке тікелей жетекшілікті, ректордың немесе Унивесритеттің басқа өкәілетті тұлғасының бұйрығымен қолданыстағы еңбек заңдылықтары және Университеттің ішкі нормативті құжаттары белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын Департаменттің Директоры жүргізеді.

    2. Департамент тiкелей Университет ректорына бағынады.

    3. Департамент бөлiмше қызметінің барлық сұрақтары бойынша ректорға жауап береді;

    4. Ректор Университеттің бірінші жетекшісі болып табылады, Университетке жалпы жетекшілікті және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне координацияны жүзеге асырады.

    5. Ректор бұйрықтары, жарлықтары және нұсқаулары Университеттің басқа лауазымдық тұлғаларының жарлықтары мен нұсқауларының алдында басымдығы бар және Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері орындауға міндетті.

    6. Ішкі есеп формалары мен ақпараттарды (мәліметтерді) беру форматын, оларды жеткізу тәртібі мен мерзімін ректор бекітеді және Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері орындауға міндетт.



  1. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Бөлімше қызметінің негізгі мақсаты:

  • Университеттiң миссиясына, стратегиялық мақсатына сәйкес ЖОО-ның даму стратегиясын жасау, оны жүзеге асыруды үйлестіру.

    1. Департамент қызметінің негізгі міндеттері болып табылады:

  • Жетекші құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық даму жоспарларын үйлестіру, университеттiң инновациялық даму бағдарламасын басқару.

  • Дамудың негiзгi стратегиялық маңызды бағыттары бойынша ЖОО-ның қызметiн бақылау және үйлестiру:

  1. Басқару жүйесін жетілдіру;

  2. Білім процессін жетілдіру;

  3. Ғылыми зерттеулерді дамыту;

  4. Емдiк - консультациялық қызмет;

  5. Әлеуметтiк - тәрбиелiк жұмыс;

  6. Адам ресурстарын дамыту;

  7. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

  8. Қоғамдық байланысты қалыптастыру;

  9. Материалдық-техникалық базаны және инфрақұрылымды дамыту;

  10. Қаржы менеджментін жетілдіру;

  11. Бiрлескен мәдениеттi қалыптастыру;

  12. Қызметi тұтынушылармен байланыс;

  • ЖОО-ның мақсаты мен стратегиялық бағыттарының аумақтың, мемлекеттің және толығымен қоғамның, білім беру мен денсаулық саласындағы мемлекеттік даму бағдарламаларының стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгiн үйлестiру;

  • Білім берудің барлық деңгейінде мамандарды дайындау мен қайта дайындаудың сапасын жетілдіру және мамандықтарды дамуты үшін ортақ тиімділік пен мүддені көздейтін жетекші шетелдік оқу орындарымен, білім беру және медициналық ұйымдармен, зертханалармен, жергілікті өкімет және кәсіпорындармен ұзақ мерзімдік стратегиялық әріптестікті дамыту;

  • ЖОО-ның тұрақты дамуына оң әсерін тигізетін ұзақ мерзімдік республикалық және халықаралық жобаларды дамытуда басқа құрылымдық бөлімшелерге жәрдемдесу және ұйымдастыру.




  1. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТТЕРІ

    1. Қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Департамент төмендегідей негізгі қызметтер мен бағыттарды іске асырады:

      1. Университеттің стратегиялық даму жоспарының орындалуын үйлестiру және мониторингі;

      2. Университеттің стратегиялық даму жоспарын әрі қарай түзету және жасау бойынша ұсыныстарды талдау және қамтамасыз ету;

      3. Университеттің стратегиялық міндеттерін орындау бойынша унивесритеттің жетекші бөлімшелерінің қызметін бақылау және талдау;

      4. Қызмет көрсеткіштерінің жүйесіне негізделген, жоспарланған шаралар жетістігінің мониторингі;

      5. Университеттiң инновациялық даму бағдарламасын басқару;

      6. Университеттiң сапа менеджмент жүйесiнiң нәтижелiлiгiн жоғарылату;

      7. Мамандандырылған аккредитацилық процедура бойынша факультеттер және оқу департаменттерiнiң жұмысын үйлестiру;

      8. Қызметті интернационализациялау сұрақтары бойынша университет бөлімшелерінің шетелдік ЖОО-мен, медициналық орталықтармен, қорлармен және ұйымдармен халықаралық әріптестігін дамыту;

      9. Білім сапасын, медиәиналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеуді талдау және мониторингі;

      10. Департамент өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты, қолданыстағы заңдылықпен, iшкi нормативтiк құжаттармен және Университет әкiмшiлiгiнің ұйымдастыру-нұсқаулық актілерімен анықталған басқа да функцияларыд жүзеге асырады.

      11. Департамент өз қызметтерін, мақсаты, міндеті және функциялары сәйкес Ережелермен анықталған, департамент құрылымына кіретін дербес бөлімшелер арқылы іске асырады.

      12. Департамент директоры қол астындағы бөлiмшелерге тікелей жетекшiлік жасайды және бөлімшелердің жетекші қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттерін бөлуді жүргізеді.

      13. Департаменттің Унивесритеттің басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен өзара әрекеттесу реттілігін Университет әкiмшiлiгiнiң iшкi нормативтiк құжаттары және ұйымдастыру-нұсқаушы актілерi анықтайды.



  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

    1. Осы ереже «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-дағы қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады.

    2. Осы ережеде Унивесритеттің жалпы құрылымында Департаменттің құқықтық жағдайын регламенттейтін негізгі ннормалар және Университеттің өндірістік-шаруашылық қызметі процесінде ішкі нормативті құжаттармен және белгіленген тәртіпте басып шығарылған Унивесритет әкімшілігінің ұйымдастыру-нұсқаушы актілерімен өзгерітлетін, анықталатын және толықтырылатын оның қызмет ету сферасы берілген.

    3. Осы ереженің орындалуын бақылау Департамент директорына жүктеледі, ол Ережені қол астындағы қызметкерлерге және Унивсеритеттегі басқа да осыған мүдделі қызметтегі тұлғаларға жеткізуді, оның орындалуына және өз уақытында толықтырылып отыруын қамтамасыз етеді.

    4. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар Департамент туралы ереженің жаңа редакциясын жасау немесе ректордың немесе Университеттің басқа да уәкілетті тұлғасының бұйрығы негізінде өзгерістерді осы ережеге қосымша ретінде (толықтырулар) жасау жолымен енгізіледі және бөлім қызметкерлері мен Университеттің басқа да мүдделі лауазымдық тұлғаларына хабарланады.

    5. Осы ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді және ректор немесе Университеттің басқа да уәкілетті лауазымдық тұлғасы белігіленген тәртіпте күшін жойғанға дейіңн қолданыста болады.

    6. Департамент ыдыраған немесе Департамент туралы ереже жаңа басылымда бекітілген жағдайда, осы ереже өзінің заңдық күшін жояды және жарамсыз болып табылады.

    7. Өзгерістерді тіркеу парағы




Бөлім

р/б өзгеріс нөмері

Ауыстырылған күні

Өзгеріс енгіз-ген адамның аты-жөні

Өзгеріс енгіз-ген адамның қолы

р/н

Бөлім аты

1

2

3

4

5

6






































«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-ның

Басқару стратегиясы және дамыту Департаменті туралы Ережесімен

ТАНЫСУ ПАРАҒЫ


АТЫ-ЖӨНІ

ЛАУАЗЫМЫ

КҮНІ

ҚОЛЫ


























БЕКІТЕМІН:

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ректоры А. Аканов ______________________________

«____»________________ 20____ж.




«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

ӘКІМШІЛІК ЖҰМЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ



Лауазымы

Қолы

Аты-жөні

Дайындаған:







Әкімшілік жұмыс бойынша департамент директоры




Куракбаев К.К.

Келісілген:







Клиникалық және жалпы сұрақтар бойынша проректор




Мырзабеков О.М.

Дипломнан кейінгі білім және аймақаралық қатынастар жөніндегі проректор




Дүйсекеев А.Д.

Ғылыми жұмыс пен инновацииялық жобалар жөніндегі проректор




Каракушикова А.С.

Заң бөлімінің бастығы




Шаяхметов С.Ш.






Құжаттың қолданыс мерзімі:
«_____» _______ 2011 ж. бастап

«_____» _______ 2014 ж. бойынша


«_____»________2012ж.

дейін ұзартылды

«_____»________2013ж.

дейін ұзартылды

«_____»________2014ж.

дейін ұзартылды


Мәртебесі: Қолданыста

Ескірген

Редакция: ______


Дана № _____
Көшірмесі № ____
__________________________

(құжаттарды жөнелткенде құжаттамаларрды басқаруға жауапты тұлғаның түпнұсқалы қолы )

Алматы – 2011ж.



МАЗМҰНЫ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР_________________________________________________3

  2. БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ____________________________________________ 3

  3. БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ________________________________________ 4

  4. БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ ___________4

  5. БӨЛІМНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ___________________________________ 4

  6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР ____________________________________________5



1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 9


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


    1. Әкімшілік жұмыс бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» өз алдына құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    2. Департамент Ғылыми Кеңестің шешімімен (20___ жылғы _______ №___ хаттама) бекітіліп Университеттің ұйымдастырушылық құрылыма сәйкес құрылған және Университеттің Жарғысы мен осы Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

    3. Департаментті жою ректордың бұйрығына сәйкес, Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде, оның жеке қызметтерін Университеттің басқа құрылымдық бөлімдері арасында өзара бөліп беру және Департамент қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыруға байланысты тиісті процедураны орындау немесе қолданыстағы еңбек туралы заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді штаттық қысқарту арқылы жүзеге асады.

    4. Департамент заңды тұлға емес.

    5. Департаменттің меншікті нысаны,өзінің аты жазылған мөрі, мөртабаны болуы мүмкін.

    6. Өзінің қызметін орындау барасында Департамент қызметкерлері жетекші құрал ретінде пайдаланады:

  • Университет Жарғысын;

  • Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативті актілерді, қолданыстағы стандарттар, халықаралық нормалар, нормативті құжаттар және Департамент жұмысына қатысты мәселелер бойынша әдістетемілік материалдарды;

  • Университеттің үшінші тұлға алдындағы Департаменттің жұмыс атқару саласына қарасты келісім-шарттық міндеттерін;

  • Ұжымдық келісім-шартты;

  • Еңбек тәртібінің Ішкі Ережелерін;

  • Оқу тәртібінің Ішкі Ережелерін;

  • Сапа менеджменті жүйесінің бекітілген құжаттары және Университеттің басқа да ішкі нормативті құжаттары (ережелер, нұсқаулықтар, стандарттар және басқа);

  • Университет Ғылыми кеңесінің шешімін;

  • Университет ректорының бұйрықтары мен жарлықтарын;

  • Лауазымы жоғары басшының және Университеттің сәйкес бағыттағы іс-әрекеттерін басқаратын проректорлардың жарлықтары мен нұсқауларын;

  • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарын;

  • осы Ережені.




  1. ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    1. Департамент құрылымына кіреді:

      1. Адам ресурстарын дамыту басқармасы;

      2. Х.С. Насыбуллина атындағы оқытушылар мектебі;

      3. Қызметкерлерді басқару бөлімі;

      4. Заң бөлімі;

      5. Кеңсе;

      6. Мұрағат.

    2. Лауазымдық құрамы мен Департамент қызметкерлерінің сандық құрамы өндірістік әреке, Университет қызметкерлерінің санына, Департаменттің орындайтын жұмысының көлеміне байланысты.

    3. Департамент жетекшісінің және Департамент құрылымына кіретін әрбір лауазымдық категорияның біліктілік сипаттамасы, лауазымдық міндеттері, құқықтары мен міндеттері сәйкес лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленеді.

  2. БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ

    1. Департаментті тікелей басқаруды қолданыстағы еңбек заңдары мен ішкі нормативті құжаттарда белгіленген тәртіпке сәйкес, тікелей жетекшілік ететін ректордың немесе Университеттің өкілетті лауазымды тұлғасының бұйрығы бойынша лауазымға тағайындалатын және босатылатын Департамент директоры жүзеге асырады.

    2. Департамент өзінің жұмысы бойынша есеп береді:

  • Ректорға және тікелей жетекшілік ететін проректорға – Департаменттің іс-әрекеті жөніндегі мәселелер бойынша;

  • проректорларға – Университет іс-әрекетінің сәйкес бағыттары бойынша;

  • Университеттің Ғылыми кеңесіне - білім беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты және Ғылыми кеңестің өкілеттігіне кіретін басқа да мәселелер бойынша.

    1. Лауазымы жоғары басшының және проректордың өзінің өкілеттігі шеңберінде жарияланған көрсетулері мен жарлықтарын Департамент қызметкерлері орындауға міндетті.

    2. Ректор Университеттің бірінші басшысы болып табылады, Университетке жалпы басшылық жасайды және оның барлық құрылымдық бөлімдерінің іс-әрекетін үйлестіреді.

    3. Ректордың бұйрықтары, жарлықтары және көрсетулері Университеттің кез-келген басқа лауазымдық тұлғасының жарлықтары мен көрсетулерінен басым және барлық құрылымдық бөлімдер мен Университеттің барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

    4. Ішкі есеп берудің нысаны және ақпаратты (мәліметті) ұсыну форматы, реті, кезектігі ректормен бекітіледі және барлық құрылымдық бөлімдер мен Университеттің барлық қызметкерлері орындауға міндетті.




  1. ДЕПАРТАМЕНТ ӘРЕКЕТІНІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

    1. Департамент әрекетінің негізгі мақсаты – қызметкердің потенциалын дамытуды оның кәсіби және тұлғалық сапаларын үйлестіре, халықаралық деңгейге шығара отырып үздіксіз дайындау және қайта дайындау жүйесін енгізу арқылы Университеттің бәсекелестігін жоғарылату.

    2. Бөлімнің іс-әрекетінің негізгі міндеті:

  • кадрлар құрамына мониторинг және анализ жүргізу;

  • кадрлар және басқару резервін қалыптастыру;

  • кадрлар және басқару резервінің потенциалдық қабілеті мен мүмкіндігін анықтау;

  • қызметкерді жоғарылату және оныұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.

  1. ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІ

      1. Белгіленген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру аясында Департамент келесі негізгі іс-әрекетті және бағыттарды орындайды:

      2. Университет қызметкерін оқыту және қайта оқыту:

  • қызметкердің оқуға қажеттілігін анықтау;

  • кәсіптік білім беру ұйымдарымен, курстарымен байланыс орнату;

  • қызметкерді оқыту үшін сырт ұйымдармен келісім-шарт жасауды ұйымдастыру;

  • қызметкерді оқыту және қайта оқытуды бағалау;

  • алынған нәтижелерді сараптау негізінде оқытуды жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

5.1.3. Департамент қолданыстағы заңмен, ішкі нормативті құжаттармен және Департаментке тікелей жүктелген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты Университет әкімшілігінің ұйымдастырушы-жарғылық актілерінде белгіленген басқа да қызметтерді атқарады.

5.1.4. Департаменттің жұмысы Департамент қызметкерлері арасында бөлінеді.

5.1.5. Департамент бастығы Департаменттің барлық қызметкерлерін тікелей басқарады және олардың лауазымдық міндеттерін бөледі.

5.1.6. Департаменттің басқа құрылымдық бөлімдермен өзара байланыс орнату тәртібі ішкі нормативті құжаттарда және Университет әкімшілігінің ұйымдастырушы-жарғылық актілерінде белгіленеді.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

    1. Осы Ереже «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК қызметкермен жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады.

    2. Осы Ережеде Университеттің жалпы құрылымында Департаменттің құқықтық ережелерін және оның қызмет көрсету аясын белгілейтін негізгі нормалар келтірілген, бұл нормалар Университеттің өндірістік-шаруашылық іс-әрекеті үрдісінде белгіленген тәртіпке сәйкес шығарылып отыратын ішкі нормативті құжаттармен және Университет әкімшілігінің ұйымдастырушы-жарғылық актілерімен толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

    3. Осы Ереженің орындалуын және Ереженің дер кезінде жаңаруын бақылау Департамент жетекшісіне жүктеледі, Ереженің мазмұнымен қол астындағы қызметкерлерді және Университеттің қызығушылық танытқан лазаузымды тұлғаларын таныстырады.

    4. Осы Ережеге толықтырулар және өзгертулер Департамент туралы жаңа редакцияда дайындалған ережені дайындау арқылы немесе ректордың немесе өкілетті лауазымды тұлға бұйрығы негізінде осы Ережеге енгізілетін толықтырулар (өзгертулер) Қосымша түрінде безендіріледі, Департамент жетекшісі жаңа Ереженің мазмұнымен қол астындағы қызметкерлерді және Университеттің қызығушылық танытқан лазаузымды тұлғаларын таныстырады.

    5. Осы Ереже бекіткен күннен бастап күшіне енеді және белгіленген тәртіп бойынша ректор немесе Университеттің өкілетті лауазымды тұлғасы тоқтатқанша қолданыста болады.

    6. Департамент таратылған немесе Департамент туралы жаңа редакцияда дайындалған Ереже бекітілген жағдайда осы ереже заңдылық күшін жояды және жарамсыз болып танылады.



ӨЗГЕРТУЛЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Бөлім

Өзгертудің нөмірі р/с

Ауыстырған күні

Өзгертуді жүргізген тұлғаның аты-жөні

Өзгертуді жүргізген тұлғаның қолы

р/с

Бөлімнің аты

1

2

3

4

5

6






































Т А Н Ы С Т Ы Р У П А Р А Ғ Ы


АТЫ-ЖӨНІ

ЛАУАЗЫМЫ

КҮНІ

ҚОЛЫ





























Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет