Стратегиялыќ жјне баєдарламалыќ



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата09.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4

Стратегиялық және бағдарламалық

құжаттамалардың мониторингі бойынша

әдістемелік нұсқаулыққа

5 қосымша

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есебі

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
2012 – 2016 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысы бекітілді.
Есептік кезең: 2013 жыл

1 кесте

Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен көрсеткіштердің нәтижелеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру

1.1-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 004, 104, 012





Соңғы жету мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің және тікелей көрсеткіштері жетістіктерінің атаулары

Ақпарат көздері

Өлшем бірлігі


Есептік кезең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

2013 жыл

Факт

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор
















1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

23,0

23,2

-

2. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектер үлесін балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан қамту

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

11,5

12,5

-

3. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері


%

32

29

-

4. Саяси шешімдер қабылдаудағы фаворитизм

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері

%

77

77

-

5. Саясаткерлерге қоғамдық сенім

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері

%

35

35

-

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері және әдістері

1.1.1-міндет. Адамдарды күн сайын дене шынықтыру-сауықтырумен айналысуға тарту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















1.Оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында айналысатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

23,0

27,7

-

2. Оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында айналысатын ЖОО-дағы оқитындардың қамтылуы

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

26,5

46,5

-

3. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын ауыл халқының, ауыл халқының жалпы санындағы үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

20,0

20,1

-

4. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің үлесі, мүгедектердің жалпы санындағы үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

8,7

8,7

-

5. Өткізілген іс-шаралардың жалпы санынан үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартумен өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралар үлесі

Әкімшілік есепке алу

%

50,0

50,0

-

6. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен 1 мың адамға шаққанда қамтамасыз етілуі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

32,0

74,4

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. (1) Президенттік тест тапсыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу (ЖАО-мен бірге)

2013 жылғы 20 сәуірден 20 мамырға дейінгі аралықта республика бойынша Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының Президенттік тестілерінің нормативтерін тапсыру жөнінде республикалық айлық өткізілді. Нормативтерді тапсыру ережесіне сәйкес, 5,9,11 сынып оқушылары, 8-24 жастағы және 24 жастан жоғары жастар қатысты.

Талдау көрсеткендей Президенттік деңгейде нормативтерді тапсырған 5,9,11 сынып оқушылары мен 8-24 жастағы жастар саны 63463 оның ішінде ауылды жерде 7196 адамды құрады.

Ал, Ұлттық дайындық деңгейі бойынша тапсыру нормативтер көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға немесе 6136 адамға артқан.


-

2. (2) «Президенттік миль» атты тестілерді тапсыру жолымен 24-тен бастап және одан да жоғары жастағы халықты дене дайындығын тестілеуді ұйымдастыру және өткізу (ЖАО-мен бірге)

Есептік кезеңде республика бойынша «Президенттік миль» атты тестілерді тапсыруға 24-тен бастап 29 дейінгі жастағы 1 171 132 адам қатысты



-

3. (3) Бұқаралық спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадалар, (Ұлттық және мүгедектер спорты түрлерінің фестивалі, ойындары, әртүрлі санаттағы спортшылардың республикалық спартакиадасы, шаңғы жарысы, коньки спорты және флорболдан Қазақстанның Арнайы қысқы ашық олимпиадасы және ауыл спорттық ойындары)

Бұқаралық спорт түрлерін насихаттау және дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы арқылы салауатты өмір салтының қағидаттарын ендіру, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы насихатты күшейту мақсатында Агенттік мынадай іс-шараларды өткізді.

1) 2013 жылғы 18-27 мамырда Тараз қаласында мүгедек спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы өткізілді, оған 10 спорт түрінен 998 спортшы қатысты;

2) 2013 жылғы 27-31 мамырда Тараз қаласында армрестлинг бойынша ашық Азия кубогы өтті, оған әлемнің 9 (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Болгария, Ресей, Украина, Греция, Латвия) елінен 170 спортшы қатысты. Жарысқа жастар, ересек адамдар, ардагерлер және мүгедектер қатысты. Қазақстанның құрама командасы 1 орынды, Қырғыз спортшылары 2 орынды, Өзбекстаннан келген спортшылар 3 орынды иеленді;

3) 2013 жылғы 7-14 маусымда Ақмола облысы Көкшетау қаласының Қызыл жар ауылында ұлттық ат спорты түрлері бойынша «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Қыз қуу» жарыстар өткізілді. Жарысқа 13 облыстың және Астана, Алматы қалаларының командалары қатысты;

4) 2013 жылғы 21-22 маусымда Қызылорда қаласында «Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне» арналған стритболдан, шағын футболдан және үстел теннисінен жеткіншектер (1997 – 2001 жылдары туылған ұлдар, қыздар) арасында республикалық жарыстар өткізілді. Жарысқа 9 облыстан (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары) 200-ден астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар және жүлдегерлер Агенттіктің медалдарымен және дипломдарымен марапатталды;

5) 2013 жылғы 30 маусымда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне қазақ күресінен «Қазақстан барысы» - Ұлттық күресінің үшінші турнирі өтті.

Аталған турнирдің жүлде қоры 255 мың АҚШ долларынан астам.



Турнирдің жеңімпазы А. Нұғмановқа (Шығыс Қазақстан облысы) - «тайтұяқ», “алтын белбеу”, 150 мың АҚШ доллары және “Хюндай” автокөлігі табысталды. Осы сайыстың күміс жүлдегері Е. Шынкеев (Қарағанды облысы) 30 мың АҚШ долларымен, қола жүлдегері Ж. Ерсұлтанов (Оңтүстік Қазақстан облысы) 10 мың АҚШ долларымен марапатталды.

6) 2013 жылғы 19-20 шілдеде Ақтөбе қаласында «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен жастар арасында республикалық спорттық іс-шара өткізілді. Жарыстарға 120-дан астам спортшы-жеңіл атлеттер (Облыстық жарыстардың жеңімпаздары) қатысты. Жарыстар екі жас ерекшеліктері бойынша және мынадай қашықтықта өткізілді: - ерлер – 100 м, 500м, 1500м; - қыздар – 60 м, 400 м, 1000 м. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Агенттіктің медалдарымен және дипломдарымен марапатталды.

7) 2013 жылғы 17-18 тамызда Агенттік «Спорт күні» кәсіби күніне арналған «Саламатты Қазақстан» спорттық акциясын өткізді. Осы акция шеңберінде Астана қаласындағы «Астана – Арена» стадионында Агенттіктің бағыныстағы ұйымдарының командалары, Агенттіктің құрама командасы және спорт журналистерінің футбол командалары арасында футболдан жарыс өткізілді. Осы акция республикалық «KazSport» және «Қазақстан» республикалық телеарналарында көрсетілді.

8) 2013 жылғы 18 тамызда «Дәулет» спорт комбинатында кәсіби «Спорт күні» мерекесіне арналған «Салауатты ұлт – Салауатты ұрпақ» атты республикалық акция өтті.

Акция аясында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатысуымен таңғы жаттығу өткізілді. Осы жаттығу «KazSport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ, телекөпір арқылы таңғы гимнастика өткізілді. Акция барысында «StreetWorkOut», «StreetDance» және арбада билеу сияқты жаңа спорт түрлері бойынша тұсаукесер ұйымдастырылды.

9) 2013 жылғы 23-24 тамызда Петропавл қаласында «Спорт – денсаулық!» «Есірткі – қастық!» деген ұранымен шағын футболдан, ролик тебуден және «брейк-дэнс» спорттық биінен аула клубтары арасында республикалық фестиваль өткізілді.

Осы жарыстарға 6 «Қайсар», «Жас Қайрат», «Спектр», «Надежда», «Балдырған», «Қызылжар» атты аула командалары қатысты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Агенттіктің медалдарымен және дипломдарымен марапатталды.

10) 2013 жылғы 30-31 тамызда орталық мемлекеттік органдар арасында жазғы спорт түрлері бойынша республикалық спартакиада өткізілді, онда 29 мемлекеттік органнан 1000-нан аса адам қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте келесі мемлекеттік органдар мынадай орындарға ие болды. 1 орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі; 2 орын – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі; 3 орын – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

11) 2013 жылғы 7 қыркүйекте Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық Университетінің стадионында Отбасы күніне арналған әртүрлі спорт түрлері бойынша 49 отбасылық командалар арасында жарыстар өткізілді.

12) 2013 жылғы 11-15 қыркүйекте Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында «Көкпардан» бірінші ашық Азия чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатқа 8 елдің командасы (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан) қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 1 орынды – Қазақстан, 2 орынды – Қырғызстан, 3 орынды – Тәжікстан иеленді.

13) 2013 жылғы 21-22 қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған банк қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өткізілді. Спартакиадаға Қазақстан Республикасының 14 банкінің 300 өкілі қатысты. Жарыс 6 спорт түрі бойынша (шағын футбол, ерлер мен әйелдер арасында волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, бильярд) өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды – Жинақ банкі, екінші орынды – Қазақстан Ұлттық Банкі, үшінші орынды – Қазақстан халық банкі иеленді.

14) 2013 жылғы 27 қыркүйекте Ақмола облысы Щучье қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусының стадионында әскерге шақырылатын және әскерге алынған жастар және Кадет корпусы арасында қолданбалы әскери спорт түрлері бойынша республикалық жарыс өткізілді. Жарысқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары білім беру мекемелерінің командалары қатысты.

15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында, Агенттік Мектеп лигасын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады, олардың жарыстарын өткізу сызбасы әзірленді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің үш жас тобындағы: 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары бар құрама командалардың қатысуымен мектепішілік (іріктеу), аудандық (қалалық), облыстық, аймақтық және ақтық (республикалық) кезеңдер қамтылды. Жарыстар волейбол, баскетбол, футбол сияқты спорттың 3 ойын түрі бойынша өткізіледі.

2013 жылғы 26-28 қыркүйекте Астана қаласында өткен мектеп лигасы жарыстарының ақтық кезеңі 43 команданың және 498 оқушының қатысумен өтті.

16) 2013 жылғы 7-15 қазанда Шымкент қаласында «Ақ бидай» ауылдық спорт ойындарының V республикалық ақтық жарыстары өткізілді. Жарыстардың бағдарламасына 12 спорт түрі енгізілді, оның ішінде: 1 олимпиадалық спорт түрі – волейбол (ерлер мен әйелдер), 3 шағын футбол, кір көтеру спорты, армрестлинг –олимпиадалық емес спорт түрлері, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, 21 шаршы метрге аламан бәйге, 11 шаршы метрге бәйге, аударыспақ, теңге ілу және қыз қуу 8 ұлттық спорт түрі енді.

17) 2013 жылғы 25-26 қазанда Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдері арасында шахматтан, футболдан, тоғызқұмалақтан, волейболдан, үстел теннисінен, бильярдтан спартакиада өткізілді.

18) 2013 жылғы 1-3 қарашада «Еуразия» спорт кешенінде жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында қазақ күресінен «Жас барыс» ІІ республикалық турнирі өткізілді. Турнирге республиканың өңірлерінен 312 спортшы қатысты.

19) 2013 жылғы 12-15 желтоқсанда Көкшетау және Щучье қалаларында (Ақмола облысы) 5 спорт түрі бойынша І жасөспірімдер республикалық қысқы ауыл ойындары өткізілді. Жоғарыда аталған кешенді жарыстар 4 кезеңнен тұрады. 1 кезең – ауылды жерлердегі жарыстар, 2 кезең – аудандық жарыстар, 3 кезең – облыс орталықтарында және 4 кезең – республикалық ақтық жарыстар.

20) 2013 жылғы 21-22 желтоқсанда Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар арасында қысқы спорт түрлері бойынша республикалық спартакиада өткізілді. Жарыстың бағдарламасына шаңғы жарыстары және коньки тебу спорты енгізілді. Жарысқа шамамен 500 адам, 30 орталық мемлекеттік орган қатысты. Шаңғы жарыстары және коньки тебу жарысы «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мұз айдынында және Астана қаласының Орталық саябағындағы Шаңғы жолында өтті.







4. (4) Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру

Есептік кезеңде Агенттік Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мынадай форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырды.

1) 2013 жылғы 18 мамырда Тараз қаласында мүгедек спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы «Қазақстан Республикасында паралимпиадалық спорт түрлерінің өзекті мәселелерін дамыту» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

2) 2013 жылғы 13 қарашада Астана қаласында қазақ күрсі бойынша халықаралық конференция өтті.

3) 2013 жылғы 21 қарашадан 24 қарашаға дейінгі аралықта Астана қаласында «Қоғамды индустриалды-инновациялық дамыту жағдайындағы дене шынықтыру және бұқаралық спорттың басымдығы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияда Агенттік өкілдері, облыстық дене шынықтыру және спорт саласының шетелдік ғалымдар, федерация, дене шынықтыру-сауықтыру қоғамдарының және бизнес өкілдері қатысты. Конференцияда 61, оның ішінде төрт бағыт бойынша (Барлығы үшін спорт, жүйелі айналысуға халықты тарту жөнінде спорт ғимараттарының құрылысы мен қызметі, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы спорт менеджментің дамыту, бұқаралық спортты, дене шынықтыру және спортты, оқитын жастар арасында дене тәрбиесін жетілдіру және дамыту) 10 жоспарлы, 51 секциялық баяндамалар ұсынылды.

4) 2013 жылғы 29 қарашадан Құсбегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.





5. (5) Тұрғылықты жері бойынша балалардың, жасөспірімдердің аула клубтары мен спорт клубтарының желісін құру (ЖАО-мен бірге)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, жоғары білім беру мекемелерінде 31 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді. Оның қызметімен 2013 жылы 27,7% (2012 жылы – 22%) мектеп жасындағы балалар қамтылған. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларының ақпараттары бойынша Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы спорт секцияларында 8 126 оқушы, оның ішінде: 1 610 күрес, 1 217 тоғыз құмалық және 5 299 басқа ұлттық спорт түрлері айналысады. Қазіргі кезде Жоғары оқу орындарының базасында республикада 64 спорт клубы жұмыс істейді, онда қамтылған спорт секцияларының студенттері 46% құрайды. 2013 жылы жалпы саны 2 ДШ ведомстволық статистикалық есептің қорытындысы бойынша 652 бірлікті құрайды (2012 жылы – 626 бірлікті), есептік кезеңде клубтарда айналысатындардың саны 124 мың. адам (2012 жылы – 121 мың. адам)





6. (8) Ақпараттық-насихаттау баспа басылымдарын әзірлеу мен шығару және телеарадио арналарында науқандарды және жобаларды өткізу


Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Агенттік республикалық телеарналарда көрсету үшін Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде 15 бейнеролик және 5 деректі фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдады. Қазіргі кезде осы бейнероликтер мен деректі фильмдер «Қазақстан», «Хабар», «KazSport» республикалық телеарналарында көрсетілуде. «Қазақ спорты» республикалық апталық газетінде айына 2 рет салауатты өмір салтын енгізу және бұқаралық спорты насихаттау жөнінде мақалалар жарияланып тұрады.

Сондай-ақ, Агенттік халық арасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау мақсатында және жоғарыда аталған Бағдарламаның аясында «Салауатты ұлт – Салауатты ұрпақ», «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» сияқты билбордтарды әзірледі. Аталған билбордтар еліміздің барлық өңірлерінде ілінген.






7. (9) Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы іс-шараларды іске асыру (ЖАО бірлесіп)

2013 жылғы 2 ДШ статистикалық деректер бойынша республикада 34 234 (7916 – мақсатты дене шынықтыру спорт ғимараттары, 24876 – білім беру мекемелері, 1442 – спорт мектептері, оның ішінде 21915 – ауылдық елді мекендерде, 1896 – жеке меншікті) спорт ғимараттары орналасқан. 2012 жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 887 бірлікке, ауылды елді мекендерде 465 бірлікке көбейді. 2013 жылы 3 стадион, 1 спорт сарайы, 3 спорт кешені, 15 жаңадан салынған зал, 19 спорт кешені (ДСК), 8 спорт манежі, 1 велотрек, 134 хоккей корты, 7 теннис корты, 555 жазық ғимарат, 13 жүзу бассейін, 160 спорт залы, 2 ату тирі, 3 ипподром және 1 шаңғы базасы құрылды.




8 (10) Сабақтан тыс уақытта мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында Агенттік Мектеп лигасын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады, олардың жарыстарын өткізу сызбасы әзірленді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің үш жас топтағы: 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары бар құрама командалардың қатысуымен мектепішілік (іріктеу), аудандық (қалалық), облыстық, аймақтық және финалдық кезеңдер қамтылған. Жарыстар волейбол, баскетбол, футбол сияқты спорттың ойын түрлерінен өткізілді. 2012-2013 оқу жылында пилоттық жоба шеңберінде Мектеп лигасы жарыстары Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана, Алматы қалаларында өткізілді.

Облыстық және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармаларының мәліметіне сәйкес, Мектеп лигасы жарыстарын өткізу 2013 – 2014 оқу жылдарында жалғасын табады. 2013 жылғы 26-28 қыркүйекте Астана қаласында өткен Мектеп лигасы жарыстарының ақтық кезеңі 43 команданың және 498 оқушының қатысуымен өтті. Мектеп лигасы жарыстары шеңберінде мектептік және мектепаралық кезеңде төменде ұсынылған кестеге сәйкес 354 949 қатысушы тіркелген, бұл 2012-2013 оқу жылындағы жалпы оқушылар санының 14,07%-ын құрады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет