Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 294.3 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі294.3 Kb.

ҚР ҚН 3.04–02–2018

СН РК 3.04-02-2018


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ИМАРАТТАРДЫҢ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ БЕТОННЫХ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫХ КОНСТРУКЦИЙ ГИДРОТЕХНИЧЕСКИХ СООРУЖЕНИЙ




Енгізілген күні - 2018-ХХ-ХХ
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Осы норма жаңадан салынатын, реконструкцияланатын және жөнделетін энергетикалық және су-көлік гидротораптарының құрамына кіретін; су ортасының әсерінде тұрақты немесе кезеңдік болатын барлық кластағы бетон және темірбетон конструкцияларға, сондай-ақ су тасқынымен күресуге және аумақты су басу және су тасқынынан қорғауға арналған құрылыстарға таратылады.

1.3 Көпірлердің бетон және темірбетон конструкцияларын, көлік туннельдері мен автомобиль және темір жол үйінділерінің астында орналасқан құбырларды ҚР ҚН 3.03-11, ҚР ҚН 3.03-01, ҚР ҚН 3.03-12 бойынша жобалау керек, сулы ортаның әсеріне ұшырамайтын гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының элементтерін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген «Темірбетон, бетон конструкцияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті.



Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік- техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті
Ресми басылым

пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.




3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар төмендегідей терминдер қолданылады:


3.1 Бетонның өткізгіштігі: Бетонның қысым градиенті кезінде өзі арқылы газды немесе сұйықтықты өткізбейтін (су өткізбейтін W маркасымен регламенттеледі) немесе қысым градиенті болмаған кезде суда еріген заттардың диффузиялық өткізгіштігін қамтамасыз ету (ток тығыздығы мен электрлік шаманың нормаланған шамаларымен регламенттеледі) қабілеті.

3.2 Гидротехникалық құрылыстар: Сулы ортаның әсеріне ұшырайтын, су ресурстарын қолдануға және қорғауға, судың, оның ішінде сұйық қалдықтармен ластанған судың зиянды әсерінің алдын-алуға арналған құрылыстар, оның ішінде бөгеттер, гидроэлектростанциялар (ГЭС) ғимараттары, су жинау, су жіберу және су шығару құрылыстары, туннельдер, каналдар, сорғы станциялары, кеме шлюздері, кеме көтергіштері, доктар; су тасқыны және теңіз, көл және су қоймалары жағалауларының, өзен жағалаулары мен арналары түбінің бұзылуынан қорғауға арналған құрылыстар; ағын бағыттаушы және қоршау құрылыстары; күлшлак үйінділері мен өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының сұйық қалдықтары қоймасын қоршайтын құрылыстар (бөгеттер); порттардың жағалау, пирстер, айлақ құрылыстары; техникалық сумен қамту жүйелерінің, қалдықтар мен ағыстар гидрокөлік, түссіздендірілген суды жіберу жүйесінің құрылыстары, каналдарды су жырып кетуден қорғау құрылғылары, теңіз мұнайгаз кәсіпшілігінің құрылыстары.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптардың мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау, кез-келген сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ энергия үнемдеуге қол жеткізу мақсатында гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Бетон және темірбетон конструкциялары гидротехникалық құрылыстардың зақымдануынсыз және бұзылуынсыз жобада қарастырылған қауіпсіздікті, ұзақ мерзімділікті, пайдалану жарамдылығын, механикалық және технологиялық әсерлердің барлық түріне қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

4.2.2 Бетон және темірбетон конструкциялардың қауіпсіздігі, пайдалану жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі бетон мен арматураның әртүрлі түрінің қасиеттеріне қойылатын талаптарды орындауды, оларға жүктеме сипаты мен қоршаған ортаның әсерін қамтамасыз етуі тиіс.



4.2.3 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі есептік әсерлер кезінде сызаттардың пайда болуы немесе шамадан тыс ашылуы болмайтындай, сондай-ақ қондырғының, механизмдердің қалыпты жұмысы бойынша технологиялық талаптардың, элементтердің бірлескен жұмысы бойынша конструктивтік талаптардың және басқа да белгіленген жобалық талаптардың бұзушылығын тудыратын басқа да зақымдаулар туындамайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиіс.

4.2.4 Ұзақ мерзімділіктің жоғары талаптар қойылатын темірбетон конструкцияларға, сонымен қатар толығымен созылған қимада агрессивтік ортада пайдаланылатын конструкцияларға қысым астындағы газдар немесе сұйықтыққа қарсы, радиация және т. б. әсерге қарсы өткізбеушілік қамтамасыз етілуі тиіс.

4.2.5 Гидротехникалық құрылыстар конструкциялары ұзақ мерзімді, жүктеменің ұзақ әсері, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғал әсерлері, алма-кезек мұздату және жібіту, агрессивті әсерлер және т. б. кезінде қауіпсіздік пен пайдалануға жарамдылықты қамтамасыз етуі тиіс.

4.2.6 Жүктемелердің ұзақ мерзімді әсерін ескеру арқылы анықталатын темірбетон конструкциялар мен олардың элементтерінің деформациялары гидротехникалық құрылыстар қондырғылары мен механизмдерін қалыпты пайдалану талаптарынан шығатын жобада белгіленген шамалардан аспауы тиіс.

4.2.7 Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде бетонға және оларды құраушыларға, арматураға қойылатын талаптарды орындау кезінде қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және табиғи ресурстарды тиімді қолдану қамтамасыз етілуі тиіс.
5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Жалпы талаптар
5.1.1 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау конструкция орны мен пішінінің беріктігі мен төзімділігін, құрылыстың ұзақ мерзімділігін, сонымен қатар пайдалану шарттарына сәйкес конструкцияның қаттылығын қамтамасыз етуі тиіс.

5.1.2 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде ҚР ҚН 3.04-09 және гидротехникалық құрылыстардың жеке түрлерін жобалау жөніндегі құрылыс нормаларының талаптарын орындау қажет.

5.1.3 Бетон және темірбетон конструкциялардың түрлерін таңдау (тұтас құймалы, құрама-тұтас құймалы, құрама, оның ішінде алдын ала кернелген және негізіне анкерленген) материалды көп тұтыну, энергияны көп тұтыну, еңбекті көп тұтыну және құрылыс құнын ең жоғары азайтуды ескеру арқылы құрылыстың белгілі бір жағдайында оларды қолданудың техника-экономикалық орындылығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.

5.1.4 Конструкция түрлерін, олардың элементтерінің негізгі өлшемдерін, сонымен қатар темірбетон конструкцияларды арматурамен толтыру дәрежесін нұсқалардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қабылдау қажет.

5.1.5 Құрама конструкциялар элементтері мамандандырылған кәсіпорындарда механикаландырылған дайындау шарттарына жауап беруі тиіс.

5.1.6 Құрама конструкциялардағы элементтердің түйіндері мен жалғауларының конструкциялары күшті сенімді жіберуді, түйісу аймағында элементтердің өздерінің беріктігін, сонымен қатар түйіспеде қосымша төселген бетонның конструкция бетонымен байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

5.1.7 Конструкциялардың су өткізбеушілігі және аязға төзімділігі, олардың есептік қималарында судың қарсы қысымын азайту тиісті шараларды қолдана отырып қамтамасыз етілуі тиіс.

5.1.8 Кернеу бойынша элементтердің беріктігін және сызатқа төзімділігін бағалау кезінде (арқалық-қабырғалар, консоль қабырғалар, жуан арқалықтар, құбырлар және көлемді элементтер) соңғылары серпімділік теориясының әдістерімен немесе тәжірибе жүзінде анықталады.

5.1.9 Сейсмикалық аудандарда орналасқан гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша талаптарды орындау қажет.
5.2 Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.2.1 Бетон және темірбетон конструкциялар «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Темірбетон, бетон конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттеріне сәйкес қауіпсіздік бойынша талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Бетон және темірбетон конструкциялардың негізгі нормаланатын және бақыланатын сипаттамалар ретінде су өткізбеушілікті, беріктік пен аязға төзімділікті белгілеуі тиіс.

5.2.2 Ұзақ мерзімділік талаптарын қанағаттандыру үшін конструкция белгіленген уақыт ұзақтығы ішінде конструкцияның геометриялық сипаттамаларына және материалдардың механикалық сипаттамаларына жүктемелер, қолайсыз климаттық, температуралық және ылғал, агрессивтік әсерлер, алма-кезек мұздату және еріту әсерлерін ескере отырып, қауіпсіздік және пайдалануға жарамдылық талаптарын қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамаларда болуы тиіс.

5.2.3 Бетон және темірбетон конструкциялардың жобаланатын конструктивтік шешімдері жеткілікті сенімділікпен шекті жағдайдың барлық түрінің туындауының алдын алуы тиіс. Материалдар сапасы, өлшемдерін белгілеу және конструкциялау осы құрылыс нормаларының және қолданыстағы нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс. Конструкцияларды жобалаған кезде тиісті нормативтік құжаттармен белгіленетін экология, энергия үнемдеу, өртке қарсы қауіпсіздік және ұзақ мерзімділік талаптарын сақтау қажет және негізінің біркелкі емес отыруы ескеруі тиіс.



5.2.4 Сенімділікті қамтамасыз ету үшін жүктемелердің және олардан туындаған күштердің, кернеудің, деформацияның, жылжудың, сызаттардың ашылуының есептік мәндері гидротехникалық құрылыстар конструкцияларын немесе негіздерін жобалаудың белгіленген нормаларының оларға тиісті шекті мәндерден аспауы тиіс.

5.2.5 Құрылыс конструкциялары мен гидротехникалық құрылыстардың негізін шекті жағдайлар әдісі бойынша есептеу керек, оның негізгі ережелері материалдардың, топырақтың, жүктеме мен әсерлердің, конструкциялардың геометриялық сипатамасын, олардың жұмысының шартын ескере отырып, конструкциялар мен негіздердің тоқтаусыз жұмысы үшін талап етілетін пайдалану сипаттамасын қамтамасыз етуге бағытталған.
5.3 Пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар
5.3.1 Сызаттардың болмауы жөніндегі талаптар толығымен созылған қима кезінде өткізбеушілік қамтамасыз етілуі тиіс (сұйықтық немесе газдардың қысымы астындағы, радиация әсеріне ұшырайтын және басқа) темірбетон конструкцияларға, ұзақ мерзімділік бойынша жоғары талаптар қойылатын бірегей конструкцияларға, сонымен қатар күшті агрессивті орта әсері кезінде пайдаланылатын конструкцияларға қойылады.

5.3.2 Сыртқы, оның ішінде агрессивті әсерлер кезінде бетон және темірбетоннан жасалған конструкциялардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін тек бастапқы сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар жоспарлы қызмет ету мерзімі ішінде пайдалану көрсеткіштерін, яғни тоқтаусыз жұмыс істеуін, сақтығын, жөндеуге жарамдылығын және пайдаланудың ұзақ мерзімін қамтамасыз ету қажет.

5.3.3 Бетон және темірбетон конструкциялардың қауіпсіздігін, қалыпты пайдалануға жарамдылығын, ұзақ мерзімділігін бетонға және оны құраушыларға, конструкция есептеріне қойылатын талаптарды, конструктивтік талаптарды, технологиялық және пайдалану талаптарын орындаумен қамтамасыз ету қажет.
5.4 Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар
5.4.1 Бетон
5.4.1.1 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларына арналған бетон нормативтік құжаттардың және осы бөлімнің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

5.4.1.2 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларды олардың түрі мен жұмыс шартына байланысты жобалаған кезде бетон сапасының көрсеткіштерін белгілеу қажет (сығылуға беріктігі бойынша бетон класы және осьтік созылу, бетонның аязға төзімділік пен су өткізбеушілік бойынша маркасы).

5.4.1.3 Аязға төзімділік бойынша талаптар тек судың айнымалы деңгейі аймағында орналасқан бетонға және сыртқы су үстіндегі бетонға қойылады. Аязға төзімділік бойынша бетон маркасын пайдалану шартын ескеру арқылы климаттық жағдайларға және бір жыл ішіндегі (ұзақ мерзімді бақылау мәліметі бойынша) алма-кезек мұздату және ерітудің есептік циклдерінің санына байланысты белгілеу қажет.

Бөгеттер бетонына қойылатын беріктік, су өткізбеушілік, аязға төзімділік және т. б. бойынша талаптарды әртүрлі аймақтардағы бетонның іс жүзіндегі жұмыс шартына сәйкес дифференциалды белгілеу қажет.

5.4.1.4 Құрылыс ауданы үшін барынша суық айдың орташа айлық температурасы нормативтік құжаттар бойынша, сондай-ақ гидрометеорологиялық қызмет деректері бойынша анықталады.

5.4.1.5 Гидротехникалық құрылыстар конструкциясының бетонына жобада белгіленген және тәжірибелік зерттеулермен айғақталған шекті созылымдылық, толтырғыштар бар цемент сілтісінде зиянды өзара әрекеттестіктің жоқтығы, су түбіндегі және үйінділермен өлшенген су ағынының шайылу қарсылығы, кавитацияға және химиялық әрекеттесуге қарсы төзімділік, бетон қатқан кезде жылу бөлушілік бойынша қосымша талаптар ұсыну керек.

5.4.1.6 Пайдалану барысында сыртқы ауаның кері температуралық әсеріне немесе агрессивті су әсеріне ұшырауы мүмкін құрама конструкциялар элементтерінің түйіспелерін тұтас құю үшін аязға төзімділік және су өткізбеушілік бойынша түйіспе элементтер үшін қабылданғаннан төмен емес жобалық маркалардың бетонын қолдану қажет.

5.4.1.7 Егер техника-экономикалық есеп бойынша гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының су өткізбеушілігін арттыру үшін қатайтатын цементтегі бетонды қолданған орынды болса, ал конструкцияның өз салмағынан түсетін жүктемені азайту үшін – жеңіл бетон қолданылса, онда мұндай бетонның кластары мен маркаларын нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет.

5.4.1.8 Қатайтуды тездету үшін атмосфералық қысым кезінде жылумен өңдеуге немесе автоклавта өңдеуге ұшырайтын бетонның серпімділік модулін нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет.
5.4.2 Арматура
5.4.2.1 Гидротехникалық құрылыстардың темірбетон конструкцияларын арматуралау үшін тиісті мемлекеттік стандарттардың немесе белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін және төмендегі түрлердің біреуіне тиесілі арматуралық болатты қолдану қажет:

- ыстықтай жұқартылған - А-I класы тегіс, А-II, A-III, A-IV, A-V класының мерзімдік профилі; термиялық және термомеханикалық нығайтылған - Ат-IIIС, Aт-IVC, Aт-VCK класының мерзімдік профилі;

- шыбықты арматуралық болат:

- суықтай тартылған қарапайым сым - Вр-I класының мерзімдік профилі.

Салма бөлшектер мен жалғағыш қаптамалар үшін прокат көміртекті болатты қолдану қажет.

5.4.2.2 Темірбетон конструкцияларды арматуралауға арналған арматуралық болат маркаларын олардың жұмыс шарттарына және құрылыс ауданындағы ең суық бес күндіктегі сыртқы ауаның орташа температурасына тәуелді бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша, ал порт және көлік құрылыстары үшін сондай-ақ нормативтік құжаттар талаптары бойынша қабылдау қажет.

5.4.2.3 Гидротехникалық құрылыстар конструкцияларын (тірек қабырғалары, тіреу, мелиорация құрылысы және т. б.) конструктивтік арматуралау үшін нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін композиттік арматураны қолдануға жол беріледі.
5.5 Конструктивтік талаптар
5.5.1 Конструктивтік шешімдер және технологиялық шаралар
5.5.1.1 Температуралық және ылғал әсеріне ұшырайтын конструкцияларды жобалаған кезде төмендегідей шараларды қарастыру қажет.

Конструктивтік шешімдер:

- осы табиғат жағдайларында барынша тиімді конструкцияны таңдау;

- конструкцияны тұрақты және уақытша температуралық-шөгу жіктерімен кесу;

- сыртқы бетон беттеріне жылуоқшаулағышты орнату;

- алдын ала кернеуленген арматураны қолдану (қабырғасы жұқа конструкциялар үшін).

Технологиялық шаралар:

- цементтің төмен термиялық маркаларын қолдану арқылы ауа енгізетін және пластификациялаушы қоспаларды, шығарылатын күл мен басқаларды қолдану есебінен цемент шығынын азайту арқылы бетонның жылу бөлуін төмендету;

- бетон қоспаларының температурасын реттеу;

- бетондау қабаттарының биіктігі мен құрылыстың берілген өсу қарқындылығы кезінде қабаттарды төсеу қашықтығының ең тиімді үйлесімі есебінен бастапқы жылу және экзотермияны ең жоғарғы сейілту;

- бетон массивтерінің беттерін қоршаған орта температурасының күрт ауытқуынан қорғау және жылдың жылы маусымында тұрақты немесе уақытша жылуоқшаулағыш немесе жылугидрооқшаулағыш, суару, ауа баптау арқылы шатырларды орнату және т. б. көмегімен дымқыл күйде сақтау үшін олардың температуралық және ылғал режимдерін реттеу;

- бетон қалауын құбырлы салқындатуды қолдану;

- бетонның біркелкілігін арттыру, оның жоғары созылуын қамтамасыз ету, осьтік созылуда беріктік шегін арттыру;

- статикалық анықталмайтын конструкцияларды тұйықтау, сондай-ақ оны ең төмен пайдалану температураларына жақын бетон температуралары кезінде көлемді конструкцияларды тұтас құю.



5.5.2 Тұрақты және уақытша жіктер
5.5.2.1 Тұтас құймалы бетон және темірбетон құрылыстарында сызаттардың пайда болуының алдын-алу немесе олардың ашылуын азайту үшін тұрақты отыратын-температураны және отыру жіктерін, сонымен қатар уақытша құрылыс жіктерін қарастыру қажет.

5.5.2.2 Тұрақты жіктер құрылыс процесінде, сондай-ақ пайдалану барысында құрылыс бөліктерінің өзара жылжу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Уақытша құрылыс жіктері қамтамасыз етуі тиіс:

- құрылыстарды тұрғызу процесінде отыратын-температура кернеуінің төмендеуі;

- құрылыс кезеңінде құрылыс бөліктерінің біркелкі отырмауынан туындаған күштерді азайту;

- құрылысты тұрғызу бойынша жұмыстардың талап етілетін қарқындылығын орындау;

- армоконструкциялар, қалыптар, құрама элементтер және т. б. сәйкестендіру.

5.5.2.3 Құрама-монолиттік конструкциялар үшін конструкцияларды тұтас құйған кезде түйіспелер беті бойынша сенімді байланысты қамтамасыз ететін шараларды қарастыру қажет.

5.5.2.4 Температуралық кернеуді, сондай-ақ тиісті негіздеме кезінде негіздің біркелкі отырмау әсерін азайту үшін температураларды теңестіру және отыруды тұрақтандырғаннан кейін бетонмен толтырылатын (тұйықталатын блоктар) уақытша кеңейтілген жіктерді салуға жол беріледі.
5.5.3 Бойлық және көлденең арматуралау
5.5.3.1 Қиманың биіктігі және ені бойынша арматуралық шыбықтар арасындағы көрінетін қашықтық арматураның бетонмен бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз етуі және бетон қоспасын төсеу және тығыздау қолайлылығын ескере отырып, белгіленуі тиіс.

Көлемді емес конструкциялар үшін шыбықтар арасындағы көрінетін қашықтықты бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау жөніндегі талаптарға сәйкес қабылдау қажет.

5.5.3.2 Агрессивті орта жағдайларында темірбетон конструкцияларды пайдалану кезінде қорғаныш қабатының қалыңдығын ҚР ҚН 2.01-01 талаптарын ескере отырып белгілеу қажет.

5.5.3.3 Созылған және сығылған арматураның бойлық шыбықтары олар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес есеп бойынша талап етілетін қалыпты немесе қима элементінің бойлық осіне көлбеу жүргізілуі тиіс.

5.5.3.4 Төзімділікке есептелетін конструкцияларда бір қимада созылған жұмыс арматурасы шыбықтарының жартысынан аспай түйісуі тиіс. Осы конструкцияларда созылған жұмыс арматурасы үшін түйістерді айқастыра (дәнекерлеусіз және дәнекерлеумен) қолдануға жол берілмейді.

5.5.3.5 Арматура және болат жабынның бірлескен жұмысы қамтамасыз етілетін болаттемірбетон конструкцияларды жобалау кезінде соңғысының қалыңдығын монтаждау және тасымалдау шарттары бойынша ең төмен қабылдау қажет.

5.5.3.6 Темірбетон конструкциялардың арматурасы армофермалар, армопакеттер, дәнекерлеу каркастары және торлар түрінде қарастырылуы тиіс.

Армоконструкциялар типтерін жұмыс өндірісінің қабылданған тәсілін ескере отырып белгілеу керек. Олар бетонды механикаландырылған беру және оны мұқият өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

5.5.3.7 Темірбетон конструкцияларға арматураны орнатуды оны бетондау блогына бекіту үшін конструктивтік элементтерге металды ең жоғарғы үнемдеу арқылы индустриялық әдістермен жүргізу қажет.

Құрылыс кезеңінде жүктемелерді қабылдау үшін пайдалану жүктемесіне есептеу арқылы анықталған арматура қимасының ауданын арттыруға жол берілмейді.

5.5.3.8 Судың айнымалы деңгейі аймағында орналасқан және теріс температуралардың әсеріне ұшырайтын бетон құрылыстардың ашық беттерін, сонымен қатар ыстық құрғақ климат жағдайында тұрғызылатын құрылыстардың ашық беттерін А-ІІ класты арматурадан жасалған торлармен арматуралауға жол беріледі. Барлық қалған жағдайда бетон құрылыстардың ашық беттерін конструктивтік арматуралауға жол берілмейді.
5.5.4 Алдын ала кернелген темірбетон элементтерді конструкциялау бойынша қосымша нұсқаулар
5.5.4.1 Алдын ала кернелген элементтерді конструкциялау кезінде бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарды құрылыстардың жеке түрлерін жобалаудың нормативтік-техникалық құжаттардың және осы бөлімнің талаптарын орындау керек.

5.5.4.2 Тартылған арматураға қандай да бір бөлшектерді дәнекерлеуге және ұстатуға жол берілмейді.

Бұл талап бетонды қысу күшін бергеннен кейін бұйымдардан шығып тұрған кернеуленетін арматураның ұшына бөлшектерді дәнекерлеуге таратылмайды.

5.5.4.3 Бойлық кернелмейтін арматураны көлденең арматура (қамыт) кернелетін арматураны қамтуы үшін элементтің сыртқы бетіне жақын орналастыру керек.

5.5.4.4 Қырлы элементтерде шыбықты кернелген арматураны элементтің әр қырының осі бойынша немесе оған симметриялы орналастыру керек.
5.6 Негізгі есептік ережелер
5.6.1 Бетон және темірбетон конструкциялар жүктемелер мен әсерлердің барлық үйлесімі кезінде бірінші топтың шекті жағдайы бойынша, ал екінші топтың шекті жағдайы бойынша – тек жүктемелер мен әсерлердің негізгі үйлесімі кезінде ғана есептеу талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

5.6.2 Шекті жағдай бойынша есептеуді, әдеттегідей, конструкцияны салу, тасымалдау, монтаждау және пайдаланудың барлық кезеңдерінде жүргізу керек.

5.6.3 Бетон конструкцияларды:

- бірінші топтың шекті жағдайы бойынша – беріктік пен төзімділік есебіне сәйкес конструкцияның орналасқан орны және пішінінің төзімділігін тексеру арқылы беріктікке;

- екінші топтың шекті жағдайы бойынша – сызаттардың пайда болуы бойынша – температуралық, ылғал және сейсмикалық әсерлер есебіне сәйкес есептеу қажет.

5.6.4 Темірбетон және болат темірбетон конструкцияларды есептеу керек:

- бірінші топтың шекті жағдайы бойынша – конструкцияның орналасқан орны мен пішінінің төзімділігін тексеру арқылы беріктік бойынша беріктік пен төзімділік есебіне сәйкес көп рет қайталанатын жүктеме кезіндегі төзімділік бойынша;

- екінші топтың шекті жағдайы бойынша – құрылысты қалыпты пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілмеген жағдайда, сызаттардың пайда болуы бойынша (сызаттарға төзімді конструкциялар) немесе сызаттардың ашылу шамаларын шектеу бойынша (сызаттарға төзімді емес конструкциялар) және жылжу шамасы сызаттардың пайда болуын және ашылуын есептеуге сәйкес конструкцияларды және онда орналасқан механизмдерді қалыпты пайдалану мүмкіндігін шектеуі мүмкін жағдайларда деформациялар бойынша.

5.6.5 Болат темірбетон конструкцияларды жобалаған кезде тасымалдау, монтаждау және құрылыс жүктемелер әсеріне (арнайы әзірленген нормативтік құжаттарға сәйкес) металл қаптаманың және табақты арматура мен бетонның бірінші топтың шекті жағдайы бойынша бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін анкерлер беріктігін есептеу қажет.

5.6.6 Құрама-монолиттік конструкцияларды, сонымен қатар көтергіш арматурасы бар конструкцияларды конструкция жұмысының екі кезеңі үшін есептеу керек:

- конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – осы бетонның меншікті салмағы әсеріне және құрылысты салудың осы кезеңінде әрекет ететін басқа жүктемелер әсеріне;

- конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – конструкцияны пайдалану кезінде әсер ететін жүктемеге, оның ішінде меншікті салмақ.

Беріктікке есептеуге салынатын күштер мен кернеулерді қоспай, екі кезең бойынша жеке-жеке есептік жүктемелерге жүргізіледі.

5.6.7 Бөгеттер негізіне анкерленген І және ІІ класты құрылыстар үшін конструкцияларды есептеу арқылы анкерлік құрылғылардың көтергіш қабілетін, бетон және анкердегі кернеу релаксациясын анықтау үшін тәжірибелік зерттеулерді жүргізу керек. Анкерлерді тоттанудан қорғау шараларын қарастыру қажет. Алдын ала кернелген конструкциялар үшін жобада анкерлерді немесе оларды алмастырушыларды қайтадан керу, сонымен қатар бетондағы анкерлер күйін басты бақылауды жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

5.6.8 Құрама конструкциялар элементтерін көтеру, тасымалдау және монтаждау кезінде туындайтын күштерге, элементтің өз салмағынан түсетін жүктемеге есептеген кезде бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша белгіленген динамикалық коэффициенттермен есептеуге енгізу қажет.

5.6.9 Элементтердің есептік қималарында судың қарсы қысымының шамасын пайдалану кезеңінде конструкция жұмысының шартын ескере отырып, конструктивтік және технологиялық шараларды ескере отырып анықтау керек.

Ауқымды екпінді және суасты гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының элементтерінде судың қарсы қысымын көлемдік күш ретінде ескеру және ҚР ҚН 3.04-09 бойынша анықтау қажет.

Шыбықты және плиталық элементтерде судың қарсы қысымын қарастыратын есептік қимаға салынған созылатын күш ретінде ескеру керек, бұл жағдайда материалдың меншікті салмағы өлшеуді ескерусіз алынады.

Судың қарсы қысымын бетондау жіктеріне сәйкес келетін қималарды, сонымен қатар тұтас құймалы қималарды есептеген кездегідей ескеру керек.

5.6.10 Тегеурінді шыбықты және плиталы элементтердің есептік қималарындағы қарсы қысым күшін қарсы қысым әсерімен негізделген кернеу эпюрасы ауданына тең деп қабылдау керек.

5.6.11 Көтергіш қабілетті және қалыпты пайдалануға жарамдылығын тексеру кезінде ішкі күштер (кернеулер) және жылжуларды сызаттың пайда болуымен және бетон қозғалғыштығымен, материалдардың кернеулері мен деформациялары арасындағы сызықты емес тәуелділікпен негізделген конструкцияның серпімді емес әрекетін ескере отырып, сонымен қатар құрылыс салу және жүктеу реттілігін ескере отырып анықтау керек.

Элементтер қималарындағы күштерді (кернеулерді) конструкциялардың серпімді емес әрекетін ескере отырып, конструкцияны есептеу әдістемесі әзірленбеген кезде немесе есептеу құрылысты жобалаудың аралық кезеңінде орындалған жағдайда, конструкцияның серпімді жұмысын болжауда анықтауға жол беріледі.

5.6.12 Статикалық анықталатын шыбық жүйелерін, жұқа плиталарды және аркаларды бірінші және екінші топтардың шекті жағдайы бойынша есептеген кезде күштерді, жылжуларды және бұрылыс бұрыштарын материалдардың кедергі әдістерімен анықтау керек.

Кернеулер бойынша элементтердің беріктігін және сызаттарға төзімділігін бағалау кезінде (арқалықтар-қабырғалар, консоль қабырғалар, қалың арқалықтар, құбырлар және көлемді элементтер) соңғылары серпімділік теориясы әдістерімен немесе тәжірибе жүзінде анықталады.

5.6.13 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкциялары элементтерін есептеген кезде құрылыс кезеңінің тұрақты сипаттағы қосымша байланыстарын (эстакадалар, кертікті конструкциялар, арқалықтар, кран астындағы жолдар, жұмыстар өндірісіне арналған қосымша арматура және т. б.) ескеру қажет.

5.6.14 Гидротехникалық құрылыстарды жобалаған кезде осы нормалармен регламенттелмейтін есептеулерді (алдын ала кернелген конструкциялар есептері, жалпы жағдайдағы қималарды есептеу, оның ішінде орталықтан тыс сығылу қисығына және қисық иілуге есептеу, қысқа консольдерді есептеу, майыстыру және үзуге есептеу, қалау бөлшектерін есептеу және т. б.) қолданыстағы нормативтік құжаттарды көрсету арқылы, ал порт және көлік құрылыстарын жобалаған кезде – бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша орындау ұсынылады. Бұл жағдайда тиісті коэффициенттерді ескеру қажет.


5.7 Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін беріктікке және төзімділікке есептеу
5.7.1 Бетон элементтерін беріктікке есептеу
5.7.1.1 Бетон элементтерін беріктікке есептеуді олардың бойлық осіне қалыпты қималар үшін жүргізу қажет. Шекті жағдайдың орын алу шарты қималардағы күштер арқылы көрсетілуі мүмкін емес элементтерді беріктікке есептеуді басты кернеулер әрекетінің алаңдары үшін орындау керек.

5.7.1.2 Пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілетін орталықтан тыс сығылған элементтерді қиманың созылған аймағы бетонының кедергісін ескерусіз есептейді.

5.7.1.3 Барлық иілетін элементтер, сонымен қатар пайдалану шарттары бойынша сызаттардың түзілуіне жол берілмейтін орталықтан тыс сығылған элементтерді бетонның созылу кедергісін ескере отырып есептейді.

5.7.1.4 Беріктігі қиманың созылған аймағының бетон беріктігімен анықталатын бетон конструкцияларын, егер сызаттардың пайда болуы бұзылуға, жол берілмейтін деформацияларға немесе конструкцияның су өткізбеушілігінің бұзылуына алып келмеген жағдайда қолдануға жол беріледі.


5.7.2 Темірбетон элементтерді беріктікке және төзімділікке есептеу
5.7.2.1 Темірбетон элементтерді беріктікке есептеуді олардың бойлық осіне қалыпты қималар, сондай-ақ ең қауіпті бағыт қимасының осіне көлбеулер үшін жүргізу қажет.

5.7.2.2 Айналу кезеңі болған жағдайда, ықтимал бағыттар ішінен ең қауіпті шиыршықты сызаттың созылған аймағында шектелген кеңістіктік қималар беріктігін тексеру керек. Сонымен қатар жүктеменің жергілікті әсеріне (мыжылу, майысу, үзілу) элементтерді есептеуді жүргізу қажет.

5.7.2.3 Элемент қимасына әртүрлі түр мен класты арматураны салған кезде оны тиісті есептік кедергілер арқылы беріктік есебіне енгізеді.

5.7.2.4 Элементтің бойлық осіне қалыпты қимадағы шекті күштерді келесі алғышарттар нәтижесінде анықтау керек:

- бетонның созылуға кедергісі нөлге тең деп алынады;

- сығылуға бетонның кедергісі бетонның сығылған аймағында біркелкі бөлінген тең Rb кернеулер түрінде болады;

- арматурадағы созылатын кернеу созылудың есептік кедергісінен Rs артық емес алынады;

- арматурадағы сығылатын кернеу созылудың есептік кедергісінен Rsc артық емес алынады.

5.7.2.5 Сыртқы күш қима симметриясы осі жазықтығында әрекет ететін және арматура элемент қырының аталған жазықтығына перпендикуляр бағытталған кезде элементтің бойлық осіне қалыпты қима есебін шекті жағдай арматура жұмысы шартының тиісті коэффициенттерін ескере отырып, Rs есептік кедергіге тең созылған арматура кернеуіне бір уақытта жетумен орын алған кезде бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξ және бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξR арасындағы қатынасқа байланысты жүргізілуі тиіс. Бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі ξ сыртқы және ішкі күштер жүйесінің әсерімен элементтің тиісті тепе-теңдігі шарттарынан анықталады.

5.7.2.6 Иілетін және үлкен эксцентриситеттері бар орталықтан тыс созылған темірбетон элементтер ξ кем немесе тең ξR шартын қанағаттандыруы тиіс. Кезең мен қалыпты күш әсері жазықтығына салыстырмалы симметриялы, кернелмейтін арматурамен арматураланған элементтер үшін шекаралық мәндерді бетонның тиісті класы кезінде ξR шекті мәндері бойынша, ал кернелген арматурамен арматураланған элементтер үшін – бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша қабылдау қажет.

5.7.2.7 Элементтің есептік ұзындығының оның биіктігіне белгілі бір қатынасы кезінде темірбетон элементтерді көлденең күш әсеріне есептеуді басты созылатын кернеулер бойынша қабырғалық конструкция түрінде жүргізу керек.

5.7.2.8 Қамыттармен арматураланған тұрақты биіктіктегі иілетін және орталықтан тыс сығылған элементтерді есептеуді осы нормалардың есептік коэффициенттерін ескере отырып, бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізуге жол беріледі.

5.7.2.9 Элемент осіне перпендикуляр бағытта әсер ететін қалыпты кернеулерді есепке алу кезінде басты созылатын кернеулерді бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес анықтау керек.
5.8 Сызаттардың пайда болуы мен ашылуы және деформациялар бойынша темірбетон конструкциялар элементтерін есептеу
5.8.1 Сызаттардың пайда болуы бойынша темірбетон элементтерді есептеуді төмендегідей жүргізу керек:

а) пайдалану шарты бойынша сызаттардың пайда болуына жол берілмеген жағдайларда;

б) статикалық анықталмайтын шыбықты және массивті конструкцияларды есептеу кезінде сызаттардың пайда болу аймақтарын анықтау үшін;

в) гидротехникалық құрылыстардың жеке түрлерін жобалау нормаларының арнайы талаптары болған кезде.

5.8.2 Сызаттардың пайда болуы бойынша есептеулерде қиманың сығылған аймағында арматураның болуын ескермеуге жол беріледі.

5.8.3 I және II класты құрылыстар үшін бетондау жіктерінің бетон элементтерінің созылу беріктігіне әсерін тәжірибелер негізінде анықтау керек.

5.8.4 Бетон және темірбетон конструкцияларды деформациялар бойынша есептеуді иілулер, бұру бұрыштары, жылжулар және әртүрлі әсерлерден конструкциялардың тербеліс амплитудасы қолданыстағы шекті жол берілген мәндерден аспауы тиіс шартпен жүргізу керек.

5.8.5 Темірбетон конструкциялардың деформациялары, сондай-ақ статикалық анықталмайтын конструкциялар элементтеріндегі күштер сызаттар мен бетонның серпімді емес қасиеттерін ескере отырып, құрылыс механикасы әдістерімен анықталады.


5.9 Бетон және темірбетон конструкциялар элементтерін температуралық, ылғал, сейсмикалық әсерлерге есептеу
5.9.1 Температуралық әсерлерді есепке алуды жүргізу керек:

а) бетон конструкцияларды беріктігі бойынша есептеу кезінде, сондай-ақ осы конструкциялардың бұзылуы олардың жұмысының статикалық сызбасын өзгертуі, қосымша сыртқы күш әсерлерін және қарсы қысымның артуын тудыратын, су өткізбеушілік пен конструкцияның ұзақ мерзімділігін төмендетуге алып келетін жағдайларда оларды сызаттардың пайда болуы бойынша есептеу кезінде;

б) статикалық анықталмайтын темірбетон конструкцияларды есептеу кезінде; сонымен қатар темірбетон конструкцияларды сызаттардың пайда болуы (болдырмау) бойынша есептеу кезінде;

в) температуралық жіктер конструкция мақсаты үшін құрылыс элементтерінің және сүзуге қарсы тығыздамалар деформациясы мен жылжуын анықтау кезінде;

г) құрылыс салу және оны қалыпты пайдалану шарты бойынша талап етілетін температуралық режимдерді белгілеген кезде;

д) топырақпен жанасатын, тікбұрышты емес қиманың (таврлы, сақиналы) жұқа қабырғалы темірбетон элементтерін есептеген кезде.

Температуралық әсерлерді, егер осы конструкцияларың қозғалу еркіндігі қамтамасыз етілсе, жұқа қабырғалы конструкциялар есебінде ескермеуге жол беріледі.

5.9.2 Бетон және темірбетон конструкцияларды есептеген кезде пайдалану және құрылыс кезеңінің температуралық әсерлерін ескеру керек.

Гидротехникалық құрылыстардың жеке түрлерінің бетон және темірбетон конструкцияларын есептеулерде ескерілетін температуралық әсерлердің нақты тізімі құрылыстың тиісті түрлерін жобалау нормаларымен белгіленуі тиіс.

5.9.3 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын тиісті негіздеме кезінде температуралық әсерлерге есептеулер кезінде күн радиациясының жылулық әсерін есепке алуға жол беріледі.

5.9.4 Бетон және темірбетон конструкцияларды есептеу кезінде ылғал әсерлерін ескеру осы конструкцияларда бетонның отыру немесе ісінудің даму мүмкіндіктеріне байланысты негізделуі тиіс.

Бетонның отыруын:



  • массивті конструкциялардың;

  • егер құрылыс кезеңінде бетонның құрғауының алдын алу шаралары қарастырылған болса, су астындағы, сумен жанасатын немесе топырақпен көмілген жұқа қабырғалы конструкциялардың есептеулерінде ескермеуге жол беріледі.

5.9.5 Конструкциялардың температуралық және ылғал өрістері тұрақты емес процестер үшін қабылданған негізгі ережелерді қолдану арқылы құрылыс физикасының әдістері арқылы есептеледі.

5.9.6 Сыртқы ауа температурасы және ылғалдылығы туралы деректер және басқа климатологиялық сипаттамалар құрылыс ауданындағы метеорологиялық бақылаулар негізінде қабылдануы тиіс. Мұндай бақылаулар болмаған жағдайда қажетті мәліметтерді нормативтік құжаттар және Мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметтің ресми құжаттары бойынша қабылдау керек.

Су қоймаларындағы су температурасы арнайы есептеу негізінде және ұқсастықтар бойынша анықталуы тиіс.

5.9.7 І класты гидротехникалық құрылыстар конструкциялары үшін сейсмикалық әсерге есептеумен қатар тәжірибелік, соның ішінде модельдік зерттеулерді жүргізу керек; құрылыстардың динамикалық сипаттамаларын және оларды есептеудің қолданыстағы әдістерін нақтылау үшін ішінара тұрғызылатын және қолданыстағы құрылыстарда натурлық зерттеулерді жүргізу орынды.

5.9.8 Гидротехникалық құрылыстарды сейсмикалық аудандарда салу кезінде бетон және темірбетон конструкцияларды есептеген кезде сейсмикалық әсерді ескеру керек.
5.10 Қоршаған ортаны қорғау
5.10.1 Бетон және темірбетон конструкциялар қоршаған ортаға ең төмен әсерді, зиянды қалдықтармен ластанудың алдын-алу, жою, оларсы зарарсыздандыру мен кәдеге жарату бойынша сенімді және тиімді шараларды ескере отырып жобалануы тиіс.

5.10.2 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау, салу және пайдалану кезінде қарастырылған қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар шаң мен газ лақтырындыларын, заттарды тастау мен өзге әсерлерді төмендету, атмосфералық ауаны, топырақты, суды қорғау жолымен қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс.

5.10.3 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау мен салу кезінде қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық таза технологиялар мен материалдар пайдаланылуы тиіс.
6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
6.1 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларын жобалау кезінде энергия мен ресурсты үнемдеудің оңтайлы техника-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етілуі тиіс.

6.2 Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде пайда болатын қалдықтарды жинау және қайта өңдеуден тұратын «жасыл» құрылыс принциптерін орындау керек.

6.3 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларының элементтері энергия тиімділігі бойынша талаптарды қамтамасыз етуді ескерумен жобалануы тиіс.

6.4 Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде экология және ресурстарды үнемдеу саласындағы соңғы жетістіктер ескерілуі тиіс.

6.5 Бетонға, арматураға, гидротехникалық құрылыстарды салудың технологиялық параметрлеріне қойылатын талаптарды жобалаумен табиғи ресурстарды ұтымды қолдану қамтамасыз етілуі тиіс.

6.6 Бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау кезінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында химиялық қоспалардың және жылу энергетикасының қалдықтарын қолдануды қарастыру қажет.



ӘОЖ 627.8012.4(083.74) МСЖ 91.100.30

91.080.40 93.160
Түйінді сөздер: конструкциялар, бетон, арматура, есептік көрсеткіштер, беріктік бойынша есептеу, жарықшақтың ашылуы бойынша есептеу, деформациялар бойынша есептеу, конструктивтік талаптар, гидротехникалық құрылыстар.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет