Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0.77 Mb.
бет1/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5

ҚР ҚН 3.02-13-2018

СН РК 3.02-13-2018


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІ

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ УЧРЕЖДЕНИЯ


Енгізілген күні - 2018-__-__
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары ғимараттар мен үй-жайлар аумағына, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдеріне, емдеу-профилактикалық мекемелерінің инженерлік қамтамасыз етілуіне, емдеу-профилактикалық мекемелерінің өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Осы құрылыс нормалары жаңадан салынатын және реконструкцияланатын амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек, жедел медициналық көмек және санитарлық авиациялық көмек көрсететін, қалпына келтіру емдеуі және қан қызметі, сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық оңалту ғимараттары мен үй-жайларын, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын жобалауға таратылады.


Ескертпе – Денсаулық сақтау ұйымдарының топтарына берілген сілтемелерді сәйкестендіру мақсатында осы құрылыс нормаларының мәтінінде бір немесе бірнеше денсаулық сақтау ұйымдары
«Емдеу-профилактикалық мекемелері» терминімен біріктірілген.
1.3 Осы құрылыс нормаларының талаптары:

- паллиативті көмек және медбикелік күтім көрсететін ұйымдарға;

- үй-интернаттарға арналған қабылдау-карантин бөлімдерінің үй-жайларына;

- емдеу стационарларының құрамына кіретін оқу үй-жайларына;

- клиникалық кафедралар оқу үй-жайларына таратылмайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар
қажет:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» кодексі.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 қаулысымен бекітілген «Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларға, дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 291 қаулысымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген «Электр қондырғыларды орнату ережесі».

ҚР ҚН 1.02-02-2013 Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық шағын аймақтандыру. Жалпы ережелер.

ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу,
бекіту тәртібі мен құрамы.

ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.

ҚР ҚН 2.03-01-2011 Аймақтарда және отырмалы топырақтарда орналасқан ғимараттар мен имараттар.

ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау.

ҚР ҚН 3.01-01-2013 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу.

ҚР ҚН 3.02-21-2011 Қоғамдық тамақтану объектілері.

ҚР ҚН 3.02-36-2012 Едендер.

ҚР ҚН 3.02-18-2013 Жабық спорт залдары.

ҚР ҚН 3.02-08-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.

ҚР ҚН 3.03-19-2013 Аэродромдар.

ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі.



ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.

ҚР ҚН 4.01-03-2013 Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары.

ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.

ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.

ҚР ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.


Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

3.1 Тікұшақ алаңы: Жер теліміндегі арнайы алаң немесе тікұшақтардың келуіне, ұшуына және қозғалуына толықтай немесе жартылай арналған құрылыс.

3.2 Бокс (бокс үй-жайы): Науқастың сырттан келуіне арналған жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына палата, санитарлық торап, ванна және шлюз кіреді.

3.3 Барокамера: Атмосфералық қысымға қарағанда, ішінде үлкен (гипербарикалық барокамералар) немесе кіші (гипобарикалық барокамералар) қысым жасауға арналған камера немесе үй-жай.

3.4 Аурухананың рекреациялық аймағы: Демалу орындарын ұйымдастыруға арналған және адамға оң физикалық, психикалық және гигиеналық әсер беретін функционалдық аймақ.

3.5 Санитарлық авиация: Көлік қолжетімділігі нашар немесе медициналық мекеме өте қашық жағдайда, жедел медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ оны оның жағдайының ауырлығы талап ететін науқастар мен зардап шегушілерді дереу тасымалдауға арналған авиация.

3.6 Шлюз: Палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы үй-жай бөлігі.

3.7 Қабылдау бөлімі: Науқастарды жоспарлық және жедел қабылдауды, оларды іріктеу және тиісті бөлімдерге жіберуді қамтамасыз ететін емдеу-профилактикалық мекеменің құрылымдық бөлімшесі.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұйымдарын ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт, санитарлық-гигиеналық, эргономиялық талаптарды, конструкциялардың сенімділігі мен орнықтылығын, қоршаған ортаны қорғауды, энергетикалық тиімділікті, ресурсты үнемдеуді ескере отырып, адамдарды емдеу, олардың келуі үшін барлық қажетті үй-жаймен қамтамасыз етілген емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалау мен салу болып табылады.
4.2 Функционалдық талаптар
4.2.1 Емдеу-профилактикалық мекемелері, оның элементтері, негіздері және
көтергіш конструкциялар құрылыс, реконструкция немесе пайдалану кезінде сыналуы мүмкін болжамдық әсерлер тіркесіміне төзімді болуы тиіс.

4.2.2 Емдеу-профилактикалық мекемелері өрт ошағын ерте анықтау, адамдарға хабарлау, қауіпсіз эвакуациялау, оның ішінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына жағдай жасау, өртті барынша қысқа мерзімде оқшаулау бойынша шараларды қамтамасыз ете отырып жобалануы және салынуы тиіс.

4.2.3 Емдеу-профилактикалық мекемелері механикалық, өрт, санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша талаптарды сақтай отырып салынуы тиіс.

4.2.4 Мекемелердің көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдері оның арналуына, қажетті құрамына және жеке үй-жайлардың параметрлеріне сәйкес келуі, ғимаратта өтіп жатқан емдеу процесі үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Мекемелерде адамдарды емдеу, келуі немесе өзге де қызметтер үшін қауіпсіз жағдай қарастырылуы тиіс.

4.2.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерінде үй-жайдың қажетті температурасын және ауа ылғалдылығын, олардың тазалығын, дыбыстық және көру қолайлылығын, инсоляцияны, үй-жайдың табиғи жарықтығын және т. б. сақтауды қамтамасыз ететін шаралар қарастырылуы тиіс.



4.2.6 Мүмкіндігі шектеулі топтардың мақсатты келу орындарына қолжетімділік пен мекемелердің ішінде және олардың аумақтары бойынша кедергісіз жүруі қамтамасыз етілуі қажет.

4.2.7 Емдеу-профилактикалық мекемелері қажетті инженерлік қондырғылармен (лифтінің, жылыту жүйесі мен желдеткіштің, су құбырының, канализацияның және т. б. болуы) жабдықталуы тиіс.

4.2.8 Қоршаған ортаға немесе адам ағзасына зиянды әсерлерді жоюдың экологиялық талаптарын сақтау, сондай-ақ ғимаратты пайдалану немесе реконструкциялау кезінде құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігін қарастыру керек.

4.2.9 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және энергия тұтынуды үнемдеу, емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалау, салу және пайдалану кезінде жылу шығынын азайту бойынша талаптарды ескеру қажет.


5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына және жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау керек.

5.1.2 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалауды барлық: конструктивтік, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық, электр қауіпсіздік және т. б. қауіпсіздік жүйелерін ескере отырып жүзеге асыру керек.

Ғимараттардың қауіпсіздік жүйелері бөлімшелер ішіндегі және олардың арасындағы функционалдық өзара байланысты бұзбайтындай жобалануы тиіс.

5.1.3 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің ғимараттары жобалық құжаттамасының құрамы және оны әзірлеу тәртібі ҚР ҚН 1.02-03 талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.1.4 Емдеу-профилактикалық мекемелер ғимараттарын жобалаған кезде қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға берілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптары сақталуы тиіс.

5.1.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерді жобалау үшін инженерлік іздестірулер жүргізген кезде ҚР ҚН 1.02-02 және іздестіруді жүргізу бойынша басқа да қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын орындауды қамтамасыз ету керек.


5.2 Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.2.1 Конструкциялардың механикалық беріктік пен орнықтылық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін ғимараттар осы нормалар мен тиісті нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қызмет етудің болжамдық мерзімінің бойында өз қасиетін сақтауы тиіс.

5.2.2 Мекемелердің қоршау және көтергіш конструкциялары қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

5.2.3 Емдеу-профилактикалық мекемелері ғимараттарының сенімділігін қамтамасыз ету қажет, бұл жағдайда негізгі конструктивтік элементтер қолданудың, техникалық қызмет көрсетудің және пайдаланудың берілген режимдеріне, шартына сәйкес келетін белгілі шектерде қызмет көрсетудің белгіленген параметр мәндерін сақтауы тиіс.

5.2.4 Құрылыс конструкциялары мен негіздер материал, топырақ қасиетінің өзгергіштігін, жүктемелер мен әсерлердің, конструкцияның геометриялық сипаттамасын, олардың жұмысының шартын, сондай-ақ олардың жұмыс қабілеті бұзылған кезде материалдық және әлеуметтік залалмен анықталатын жобаланатын объектілердің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып, конструкция мен негіздің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

5.2.5 Жобалау барысында құрылыс конструкциялардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету керек.

5.2.6 Конструкциялар мен негіздердің есептік модельдері (оның ішінде есептік сызбалар, есептің негізгі алғышарттары) есептік жағдайға жауап беретін мекемелердің нақты жұмыс жағдайларын көрсетуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет