Ташкентте Үндістанның Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының суық тиюге қарсы препараттарын, оның ішінде Doc-1 Max, Ambronol және Cinepar Kid сироптарын қабылдаған 68 баланың өліміне қатысты сот процесі аяқталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daryo.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот процесі Фото:Daryo.uz

Прокурор Quramax Medikal дистрибьюторлық компаниясының бұрынғы директорын 20 жылға, ал фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы мен оның екі орынбасарын 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар мерт болған 68 баланың және ауыр жарақат алған 16 баланың жақындары 100 миллион сум (3,5 миллион теңге), сондай-ақ жеңіл зардап шеккен екі балаға 20 миллион сум (720 мың теңге) өндіріп алғуға ниетті.

Өзбекстан 2022 жылдың желтоқсан айының соңында үнділік Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының суық тиюге қарсы препараттарын қабылдағаннан кейін бүйрек жеткіліксіздігі белгілері бар балалардың жаппай ауруханаға жатқызылған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.