«Су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізді ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы



жүктеу 115.19 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі115.19 Kb.
түріКонкурс

«Су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізді ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы

1.Жалпы ережелер
1. Су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізді ұсыну мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік).

2. Мемлекеттік қызмет облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (елорда, республикалық мәндегі қалалар) конкурс арқылы осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі осы Стандарттың 9 тармағына сәйкес Қызметті алушымен конкурстық өтінімді берген күннен жеті жұмыс күннен тұрады. Конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізген жағдайда Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жеті жұмыс күніне ұзартылады.

Конкурста қатысуға тілек білдірген Қызметті алушымен конкурстық құжаттаманы ұсыну екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстық құжаттаманы ашу хаттамасы ашу рәсімін өткізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады.

Конкурс қорытындысы конкурстық комиссиямен конкурстық өтінімдермен конверттерді ашу күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі. Конкурс қорытындылары хаттамасының көшірмесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей барлық конкурсқа қатысушыларға жолданады.

Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) су нысанын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну туралы шешімі конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) және конкурстың жеңімпазы арасындағы су нысанын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну туралы шарт су нысанын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалады.

Қызметті алушымен өтінішті тапсыру кезіндегі күту уақыты отыз минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін алғанда кезекте күту уақыты отыз минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағазбен.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері болып табылады:

1) су нысанын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну бойынша конкурс нәтижесінің хаттамасы;

2) себептерін көрсетумен, конкурстық өтінімнен бас тарту туралы жазбаша ескерту;

3) облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) және конкурстың жеңімпазы арасындағы су нысанын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну туралы шарт.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерден басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетумен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қызметті алушы конкурстық құжаттаманы алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушыға конвертке салынған конкурстық өтінімді бір данада ұсынады, мазмұнында:

1) конкурсқа қатысуға ерікті түрдегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар (нотариуспен куәландырылған көшірмелері):

Су нысанын пайдаланудың өтінілген мақсаттарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базаның болуы;

Қаржыландыру көзі мен көлемін көрсетумен үш және одан артық жылдар бойынша даму жоспары (суды қорғау іс-шараларын, су нысанын тиімді пайдалану іс-шараларын, су ресурстарын қорғау, су нысандарына абаттандыруды өткізуді қоса);

Конкурсқа қатысушының барлық міндеттемелері түрлері бойынша анықтама берілген уақыттың алдындағы үш ай бойына созылған банктің немесе банк филиалының алдындағы мерзімі өткен қарыздың болмауы туралы конкурсқа қатысушы қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрімен және қолымен конкурстық өтініммен конверттерді ашу алдындағы мерзімнен бір ай бұрын берілген анықтаманың түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың клиенті болған жағдайда, осы анықтама оысндай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

Бірініші басшымен немесе оны ауыстыратын тұлғамен қол қойылған соңғы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы (егер конвертті ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін мерзімде өтсе, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады);

Кем дегенде үш айға салық қарызы және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша қарыз жоқ екендігі туралы (егер төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кейінге қалтырылған жағдайда), немесе конкурстық өтінімдермен конверттерді ашу уақытының алдындағы бір айдан бұрын берілген бір теңгеден аспайтын салық қарызы және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша қарызының болуы туралы тиісті салық органынан анықтама түпнұсқасы;

3) заңды тұлағалар үшін - жарлық, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық салушының куәлігінің нотариалды түрдегі көшірмесі;

4) жеке тұлғалар үшін - жеке кәсіпкерді мемлектетік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәлігінің немесе паспорттың, және салық төлеушінің куәлігі туралы нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) инвестицияға қысқаша негіздемемен, су нысанын пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының жоспары;

6) мыналарға міндеттеме:

Жергілікті өкілетті органдармен белгіленген жағдайда жалпы суды пайдалану құқықтарын сақтау;

Суды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру;

Оқшауланған немесе бірлесіп суды пайдалануға ұсынылған су нысандарында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су нысандарының суды қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және басқада қызметтердің белгіленген режимдерін сақтау.

Конкурстық құжаттама нөмірлерген парақтарымен тігілген түрінде ұсынылады, соңғы беті қолмен және мөрмен (болса) куәландырылады.

10. Мемлектетік қызметті ұсынудан мына жағдайда бас тартылады:

1) конкурстық өтінімді ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді ұсыну;

2) конкурстың шартына сәйкес келмейтін ретінде конкурстық өтінімнен бас тарту.

3. Мемлекеттік қызметті арыздану тәртібі
11. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының немесе тиісті инспекциялардың іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) арыздану тәртіптеріне түсініктеме, сондай-ақ арызды дайындауда көмек көрсету Жергілікті атқарушы органдардың заң қызметі мамандарымен осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.

12. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қызмет көрсетушінің шешіміне арызды Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) басшысы атына осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

13. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда арыз осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті әкімнің атына беріледі.

14. Арыз еркін түрде жасалады және пошта арқылы немесе Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша түрде беріледі. Арызға қажет болғанда қызмет алушы сүйенетін жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі. Сондай-ақ карточкада бағандар назарға алады, онда алушылар көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өзінің бағасын көрсетеді.

15. Арызды Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) кеңсесінде тіркеледі. Арыздың қабылданғанын растау арызды қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні, уақыты мен күні және берілген арызға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетілген талон болып табылады.

16. Арыздарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

17. Арыз дерегі бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Қызметті алушы белгіленген заңнамалық тәртіпте сотқа хабарласуға құқы бар.

18. Қосымша ақпарат Қызметті алушы осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Облыстың жергілікті атқарушы органының (елорда, республикалық мәндегі қалалар) кеңсесінен, немесе Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсынан – www.eco.gov.kz. алуға болады.




4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің басқа да талаптары
19. Қызмет алушының Мемлекеттік қызметті көрсету барысында Қызмет көрсетушіге өзі келуі мүмкін болмаған жағдайда пошта жіберілімі арқылы жүзеге асырылады.

20. Мемлектетік қызметті көрсету орнының мекенжайы осы Стандартың 1 қосымшасында, осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген қызмет берушінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернат-ресурсында – www.eco.gov.kz. берілген.

21. Электрондық сандық қол қоюды пайдалану мүмкіндігі қарастырылмаған.

22. су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну бойынша өткізілетін конкурс және өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және осы Стандарттың 1 қосымшасында ұсынылған Қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты алуға болады:

1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсы – www.eco.gov.kz;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - www.e.gov.kz;

3) ақпараттың ресми көздері мен стендтер осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Қызмет берушінің ғимаратында орналасқан;

4) саІІ-орталық телефоны бойынша – 1414;

23. Мемлекеттік қызметті көрсету барысы бойынша кеңесті осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген телефон бойынша алуға болады.


«Су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізді ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымша

Облыс жергілікті атқарушы органдарының (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) мекенжайлары




Жергілікті атқарушы органның атауы

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымның мекенжайы, байланыс телефоны

1.

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты падалануды реттеу басқармасы

Астана қ., Ықылас Дүкенұлы көш. 23/1, тел., (717 2) 395968, 22-72-41, 39-59-68

2.

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Алматы қ., Республика алыңы 15, тел.: 8(727 2) 67-25-81, Электрондық пошта: uprirp@mail.ru

3.

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Көкшетау қ., Абай көш., 89 үй, тел.: 8 (716 2) 25-19-86, 40-10-13, drp_2004.inbox.ru

4.

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан көш., 40 үй, тел.: 8(713 2)55-09-30, Электрондық пошта: nedra2004inbox.ru

5.

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Талдықорған қ., Қабанбай батыр көш., 26 үй, тел.: 8(728 2) 27-16-69, Электрондық пощта: t.voda@mail. ru

6.

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Атырау қ., Айтеке би көш., 27 үй, тел.: 8 (712 2) 35-45-59, Электрондық пошта: atr_prirroda@mail.ru


7.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Өскемен қ., Тохтарова к., 40, тел.: (7232) 579468.

Электрондық пошта ukles@mail.kz



8.

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Тараз қ., Абай к., 133 А, тел.: 8 (726 2) 45-15-03

Электрондық пошта upr.taraz@mail.ru



9.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Орал қ., Дамбовый тупик көш., 5/1 үй, тел.: 8(711 2) 50-92-70, Электрондық пошта: tabigat_zko@mail.ru

prirodakz@ mail.ru



10.

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы


Мекенжай: 110000, Қарағанды қ., Лободы көш., 20 үй, тел.: 8 (721 2) 56-41-27 Электрондық пошта: pr.resurs@mail.ru

11.

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Таран көш., 10 үй, тел.: 8 (717 2) 54-01-66, 54-05-41, 54-56-97, 54-67-46, Электрондық пошта: upr.leshoz@mail.ru

12.

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Қызылорда қ., Абай көш., 48 үй, тел.: 8 (724 2) 23-54-87, 23-50-28, 23-90-96, Электрондық пошта: priroda_kzorda@mail.ru

13.

Маңғыстау облысының әкімдігі


Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақтау қ., 23 ш.а. 100 үй, тел.: 8 (729 2) 31-90-80, 31-90-26, Электрондық пошта: moup@mail.ru

14.

Павлодар облысының әкімдігі


Павлодар облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Павлодар қ., Победа көш., 17 үй, тел.: 8 (718 2) 32-66-18, 32-37-33, Электрондық пошта: dpr_pvl@mail.ru

15.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі



Солтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Петропавл қ., Парковая көш., тел.: 8 (715 2) 53-36-42, 50-26-31, Электрондық пошта: dpr@asko.kz

16.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі



Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Шымкент қ., Желтоқсан көш., н/ж, тел.: 8 (725 2) 21-17-04, 53-42-01, Электрондық пошта: curespai@mail.ru

Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет