Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудің қажеттігі туралы хабарлама



жүктеу 15.2 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі15.2 Kb.


Су тасқынына қарсы іс-шараларды

жүргізудің қажеттігі туралы

хабарлама

ҚАЖЕТ:


  • Тұрғын үй аумағын қардан тазалау;

  • Қарды қаттап тастау орындарына қарды шығару;

  • Жақын арадағы бұлақтарды, арықтарды қоқыс және мұздан тазалау;

  • Тұрғын үй аумағы бойынша өтетін немесе телім аумағына іргелес көпірлерді тазалау;

  • Өзіңіздің ауланызда су бұрғыш жырашықтар жасау;

  • Үйдің аумағында үйінділерді орындау үшін қол асты материалдарды (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындау;

  • Құнды заттарды, азық-түлік қорларын жер қоймадан немесе су баспайтын аумаққа көшіру.


Су тасқыны және су басу кезіндегі

өзін ұстау ережелері бойынша

жадынама


  • Газ және элект жүйесін өшіріңіз;

  • Егерде су басу ақырын жүрген жағдайда (су деңгейі ақырын көтерілгенде) мүліктер мен материалды құндылықтарды құтқарып қалу шараларын жүргізіңіз: аса құнды заттарды жоғарғы қабатқа немесе шатырдың астына көшіріңіз, жануарларды шығырыңыз;

  • Көршілерге ескертіңіз, балалар, қарттар мен мүгедектерге қауіпті жерден кетуге көмектесіңіз. Үстіңгі қабаттардан, шатырдың астынан, ғимараттың шатырынан орын алыңыз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламаларын тыңдаңыз және қатаң түрде нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз;

  • Көшіруге дайың болыңыз! Су тасқынын ілгеруі мүмкін бағытын ескере отырып, кешеуілдемей қауіпсіз орынға шығыңыз;

  • Бірнеше күнге құжаттарды, ақшаны, құндылықтарды, жылы киім, аяқ-киім, азық-түлік және су, жеке гигиена заттарын, медицианылық дәрі қорап өзіңізбен алыңыз;

  • Суға түскен жағдайда жылы киім мен аяқ-киімді шешіп тастаңыз, жақын арада қалғып жүрген немесе су үстіндегі заттар тауып алуға тырысыңыз, көмек келгенге дейін соларды қолданыңыз;

  • Су басқан жолда машинамен жүрмеуге тырысыңыз, Ағып кетуіңіз мүмкін. Егерде Сіз су басу аумағында қалсаңыз, машинаңыз сынып қалса, одан шығып, көмек шақырыңыз.


101, 112
Аягөз ауданының ТЖ бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет