«Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын алқап түрiне ауыстыруға рұқсат беру»



жүктеу 92.22 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі92.22 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 272 бұйрығына

17-қосымша

«Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын алқап түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі электрондық құжат нысанында, көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қол қойылып (ЭЦҚ) көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қзметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті тұлға; құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;

4) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясы;

5) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсi және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісі;

6) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасы;

7) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер.

порталда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім;

2) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазбаның электрондық көшірмесі;

3) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясының электрондық көшірмесі;

4) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсiнің электрондық көшірмесі және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісінің электрондық көшірмесі;

5) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасының электрондық көшірмесі;

6) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды оның әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Көрсетілген қызметті алушыдан барлық қажетті құжаттарды алған кезде:

көрсетілген қызметті берушіге - қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растаушы құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады;

порталда - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы хабар жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алатын күн мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына, Министрліктің мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:


1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Суарылатын егістікті алқаптардың

суарылмайтын түріне ауыстыруға

рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

қосымша
__________________________________

ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі

__________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

__________________________________________

(ЖСН (БСН), жеке немесе заңды тұлғаның жеке ___________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

__________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

__________________________________________

мекенжайы)


Өтініш

_______________________________________________________________ бойынша

(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты____________________________________, кадастрлық нөмірі _____________, алаңы _____________ гектар суармалы егістікті _________________________________________________________________

(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)

байланысты суарылмайтын алқап түріне ауыстыруды сұраймын.

Күні __________ Өтініш беруші_____________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды

_______________________________________

тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы,



_________________________________________

қолы)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет