Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының



жүктеу 34.33 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі34.33 Kb.


«Субсидияланатын маршруттарда

ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының

өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы»


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159

бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы
18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 6856 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 133 (26554) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:


Аталған бұйрықпен бекітілген субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) кредит бойынша сыйақы – субсидияланатын авиамаршруттарды орындауға жұмылдырылған әуе кемелерінің үлгілерін сатып алуға заем бойынша сыйақы.»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тұрақты шығыстар – осы шығыстарға өндірістік процеске байланысты барлық шығындар, әуе кемелері және әуе кемелері мен қозғалтқыштар үшін қосалқы бөлшектер қаржылық лизинг шарты бойынша жалдау төлемдері, кредит бойынша сыйақы төлемдері, әуе кемесі бойынша барлық тәуекелдерден әуе кемелерін, қозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектерді сақтандыру шығыстары, әуе кемелері үшін қосалқы бөлшектер мен компоненттердің жалпы қорын қамтамасыз ету және әуе кемелерін модификациялау шығыстары, әуе кемесі бойынша техникалық инспекциялау, авиация персоналын оқыту шығыстары, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша кедендік баждар мен кедендік тазалау және сақтау қызметтерінің шығыстары кіреді

8-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«міндетті төлемдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар)».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және

даму министрі Ж. Қасымбек


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет