Суға шомылғанда өз-өзін ұстаудың ережелері



жүктеу 24.42 Kb.
Дата30.07.2018
өлшемі24.42 Kb.

Суға шомылғанда өз-өзін ұстаудың ережелері.
Шомылу үшін арнайы бөлінген жерлерді және жағажайларды пайдаланыңыз.

Шомылатын орындардағы қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз, тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз, моторлы кемелер мен қайықтарға жақын жүзбеңіз- бұл өте қауіпті!

Балалар мекемелерінің жетекшілері мен ата-аналар! Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Мас күйде шомылуға тыйым салынады!


ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС
Шомылуға дейін:

Суға түспес бұрын дәрігермен кеңесіңіз.

Шомылуды күн ашық, желсіз ауа райында ауа температурасы 20-25° С, су- 17-19°С болғанда бастаңыз.

Суға тек арнайы бөлінген жерлерде шомылыңыз.

Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.

Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

Мас күйде шомылуға болмайды.
Шомылу кезінде:

1 .Суға абайлап түсіңіз. Терең емес жерде тоқтаңыз жэне тез басыңызбен шомылыңыз.

Өзіңізді қалтыратуга дейін жеткізбеңіз, небәрі 10-15 минут шомылыңыз.

Судан жиі шығуға және су күйінде желде тұруға болмайды.

Сіңір тартылғанда- сасқалақтамаңыз, су бетінде қалқуға тырысыңыз жэне көмекке шақырыңыз.

Иірімге түссеңіз, шошымаңыз, өкпеңізге ауаны көбірек толтырып, суға кіріңіз және ағыска қарай қатты серпіліс жасап, су бетіне шығыңыз.

Қатты ағысқа тап болғанда, қарсы жүзбеңіз, жағаға жақындау үшін ағысты пайдаланыңыз.

Суда өрескел шолжаңдауға жол бермеңіз. Қатер туралы жалған дабыл бермеңіз. Бір - біріңізді көзден таса етпеңіз.

Суға қызып тұрған кезде түсу және тамақ ішкеннен кейін бірден шомылу ұсынылмайды.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бірден шомылуды тоқтатыңыз.

Үлкен толқын кезінде шомылмаңыз жэне белгісіз жерлерде суға секірмеңіз.

Тәулігіне екі рет шомылу ғана ұсыынылады.

Жүзгенде көліктің камераларын, тақтайларды, доптарды, үрленген матрастарды пайдаланбаңыз.
СУДА ҚАТЕРГЕ ҰШЫРАҒАНҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ
Қолтығынан демеп сүйреу.

Құтқарушы суға батқанның қолтығынан демеп, арқасымен жүзе сүйрейді.

Шашынан сүйреу.

Бір қолмен суға батқанның шашынан немесе жағасынан ұстап, зардап шегушінің басы су бетінде болатындай, қандай да бір әдіспен жүзу керек.

Шынтақтан жоғары ұстап сүйреу

Суға кетушінің арт жағынан екі қолынан ұстау, артқа тартып, оң (сол) қолды қолтығының астына тығып, арқасына карай өткізу, басқа қолының шынтағының жоғарғы жағынан ұстап, бүйірлеп жүзіп сүйреу.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минут кешікпегенде өмірге оралтуға болады.

Зардап шеккеннің басын кисайтып, ауызды құм мен балдырдан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтан артық кетпеуі керек.

Зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет. Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан-ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек. Зардап шегушінің басы мейлінше артқа шалқаюы үшін жұмырлап оралған киімді мойнының астына қою қажет. Зардап шегушінің мұрнын қысып, кұтқарушы оның ашық аузынан терең дем береді жэне батыл түрде дем шығарады. Үрлеудің жиілігі - минутына - 18-20 рет.

Жасанды дем берумен бірге бір мезгілде жүректің сыртынан уқалау керек.



Суға кетушінің жүрек тұсы кеудесінің төменгі бөлігіне алақанды бірінің үстіне бірін қойып, басуды минутына 70 рет жиілікте жасау қажет. (5 басуға- бір ауа үрлеу)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет