Сумен қамту жүйесіндегі қысымды автоматы түрде ұстап тұРУҒа арналған lkj сорғылық станциясы пайдалану жөНІНДЕГІ БАСШылық, паспорт алматы қ. Назар аударыңЫЗ!



жүктеу 66.11 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі66.11 Kb.



СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫСЫМДЫ АВТОМАТЫ ТҮРДЕ ҰСТАП ТҰРУҒА АРНАЛҒАН LKJ СОРҒЫЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫЛЫҚ, ПАСПОРТ




Алматы қ.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сумен қамту жүйесіндегі қысымды автоматы түрде ұстап тұруға арналған LKJ сорғылық станциясын (бұдан былай станция) орнатар және іске қосар алдында осы паспорттың мазмұнымен мұқият танысып шығыңыз. Станцияны орнату кезінде білікті мамандардың қызметін қолдану ұсынылады.

Дайындау құрылымы мен технологияларды жетілдіру бойынша жүйелі түрде жүргізіліп тұратын жұмыстарға байланысты өндіруші бұйым құрылымына пайдалану сипаттамаларын нашарлатпайтын, осы паспортта көрсетілмеген өзгертулер енгізуге құқылы.




  1. БҰЙЫМ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Сумен қамту жүйесіндегі қысымды автоматы түрде ұстап тұруға арналған LKJ сорғылық станциясы үйдегі, саяжайдағы немесе коттедждегі сумен қамту жүйесінде автоматты режимде қысым жасауға және оны одан арты ұстап тұруға арналған. Станция орнатуға дайын құрастырылған түрде, не болмаса тапсырыс берушінің тапсыры бойынша жинақталуы мүмкін.
2. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Модель

Қуаты, кВт

Мах

арын,м

Өнімділік

мах, м³/час

Батыру тереңдігі, м

Келтеқұбыр диаметрлері, мм

LKJ-601IA

0,6

35

3,6

8

1"/1"


LKJ-901IA

0,9

43

3,6

LKJ-801PA

0,8

39

3

LKJ-1301PA

1,3

48

4,8

LKJ-801SA

0,8

39

3

LKJ-1301SA

1,3

48

4,8

Қысым релесі “құрғақ жүріс” байқалу кезінде, яғни сорғыда су болмаған жағдайда байланыстарды ажырату функциясымен қамтамасыз етілген. Сорғыны алдын-ала тетікті (1 сурет) ауыстырып және “құрғақ жүріс” пайда болу себебін жою арқылы, қолмен ғана қайта косуға болады. Сорғыны қайта қосу үшін оны сумен толтыру кер



3. ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРИНЦИПІ

  1. Сорғыны сумен қамту жүйесіне жалғағаннан (2-суретті қараңыз) және оны электр желісіне қосқаннан кейін сорғы суды бак-гидроаккумуляторға және үйді сумен қамту жүйесіне жібереді.

  2. Гидроаккумулятордың резеңке қуысының сыртында орналасқан сығылған ауа судың ағу шегіне бойынша сығылады, гидроаккумулятордағы қысым жоғарылайды. Су қысымы реледе орнатылған жоғарғы деңгейге жеткен кезде, реле сорғыны сөндіреді.

  3. Суды гидроаккумулятордан тарату басталған кезде қысым түсіріп тұрған ауа есебінен су жүйеге беріледі және іштегі қысым төмендейді.

  4. Су қысымы реледе орнатылған төменгі деңгейге жеткен кезде ол сорғыны қосады. 1.-4-процесс қайталанады.





2-сурет
4. СТАНЦИЯНЫ ОРНАТУ

  1. Станция еденге немесе басқа тұрақты бетке орнатылады және дірілдік алдын алу үшін қатты бекітіледі. Шу деңгейін төмендету үшін станция резеңкеден немесе кез келген басқа да дірілді оқшаулайтын материалдан жасалған жұмсақ аралық қабатқа орнатылады.

  2. Электр сорғы корпусына сорғы паспортына сәйкес соратын және қысымды (су жіберуге арналған) су құбырлары монтаждалады.

  3. Станцияны дұрыс іске қосу үшін қысымды құбырға вентиль орнату ұсынылады.

  4. Станцияның қыс мезгілінде (температура төмен болған кезде) қолдану үшін құбырдың және сорғының ағын бөлігінің істен шығуының алдын алу үшін сумен қамту жүйесін жылыту қажет.

  5. Құбырды монтаждау кезінде барлық түйіспелер мен қосылыстардың толық бүтіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

  6. Сору құбырына құбырдан су жіберу кезінде кері клапан және ыдыстан су жіберу кезінде түп клапаны міндетті түрде орнатылуы тиіс.



5. ҚЫСЫМДЫ ОРНАТУ

1. Станция зауытта құрастырылған түрінде жеткізіледі, бак-гидроаккумуляторда және қысым релесінде қысымның белгілі бір орнату мәніне ие.



  1. Сорғыны қосу және сөндіру моменттері арасындағы орнатылатын зауыттық диапазон сорғы сипаттамалары бойынша орнатылады.

  1. Реледегі қысым деңгейін реттеу:

а) электр сорғыны электр желісінен ажыратыңыз.

б) реле қақпағын алыңыз және келесі тармақтарға сәйкес сорғыны қосу мен сөндірудің қажетті шектерін орнатыңыз:



  • 2-үлкен серіппе (қосу), қысымның төменгі деңгейін реттейді (3-суретті қараңыз):

  • сорғы қосылатын қысым деңгейін ұлғайту үшін бақылау гайкасын айналымдардың қажетті санына бұраңыз. Гайканың бір толық бұралуы (3600) су қысымын 1 атмосфераға өзгертуге сәйкес келеді.

  • қысымды азайту үшін – бақылау гайкасын сағат тіліне қарсы бағытта қажетті айналым санына бұраңыз.

  • 1-кішкене серіппе (сөндіру), қысымның жоғарғы деңгейін реттейді (3-суретті қараңыз).

  • сорғы сөндірілетін қысым деңгейін ұлғайту үшін бақылау гайкасын сағат тілі бағытында бұраңыз. Гайканың бір толық бұралуы (3600) қысымды шамамен 0,2 атмосфераға өзгертуге сәйкес келеді.

  • қысымды азайту үшін – бақылау гайкасын сағат тіліне қарсы бағытта қажетті айналым санына бұраңыз.



3-сурет


  1. Бак-гидроаккумулятордағы қысым деңгейін реттеу.

а) бак-гидроаккумулятордағы суды судың 0 атмосфера қысымына дейін ағызып жіберіңіз.

б) бактағы қысым деңгейін өзгерту үшін ауаны бак корпусында қара полиэтилен қақпақтың астында орналасқан арнайы клапан арқылы автомобиль сорғысының көмегімен жіберу немесе айдау қажет. Бак-гидроаккумулятордағы өндіруші зауытта орнатылған қысым мәні бактың ақпараттық жапсырмасында көрсетілген. Әдетте қысым мәні 2 атмосфераға тең.

в) бак-гидроаккумулятордағы ауа қысымының мәні жүйедегі минималды қысымға (реле сорғыны қосатын қысым) қарағанда 0,2 атмосфераға кем орнатылады.

6. СТАНЦИЯНЫ ІСКЕ ҚОСУ


  1. Электр сорғыны іске қосар алдында сорғы корпусына, сонымен қатар соратын құбырға су құю қажет (сорғы паспортын қараңыз).

  2. Сорғыны электр желіге қосар алдында желі кернеуінің сорғы корпусындағы анықтамалық деректерге сәйкес келуін тексеріп алу қажет.

  3. Қысым құбырындағы вентильді (кранды) жабыңыз.

  4. Сорғыны қосыңыз. Қосқан соң сорғы суды бакқа максималды қысымға қол жеткізгенге дейін айдай береді; содан соң реле сорғыны сөндіреді (сорғы сөндірілетін қысым мәні реледе көрсетілген). Орнату дұрыстығы манометр бойынша тексеріледі.

  5. Ашылған шығыс вентилі (кран). Егер шығыс вентилі үйдің, саяжайдың және т.б. құбырлар жүйесімен байланысқан болса, онда жүйедегі ауаны шығару үшін барлық жабылған крандарды ашу қажет. Бұл ретте крандар ¼ артық ашылмайды.

  6. Шығыс вентилін ашқан соң сығылған ауа бактағы суды ығыстыра бастайды. Жүйедегі су қысымы төмендей бастайды. Қысым минималды болған кезде (сорғыны қосу нүктесі реледе орнатылған) реле сорғыны қосады. Орнатылған қосу нүктесінің дұрыстығы манометр бойынша тексеріледі.

  7. Тарату крандары немесе шығыс вентилі жабылып тұрған кезде сорғы суды бакқа айдайды және қысым туындаған кезде сөнеді.


7. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР (сондай-ақ сорғы паспортын қараңыз)

  1. Жүйені тұтанатын немесе химиялық белсенді сұйықтықтарды айдау үшін, сонымен қатар жарылыс қауіпі бар жерлерде қолдануға тыйым салынады.

  2. Сорғыны сусыз 10 секундтан артық пайдалануға тыйым салынады.

  3. Сорғыны ауа-райы әсерлерінен қорғалмаған жерлерде қолдануға тыйым салынады.

  4. Сорғының корпусынан немесе басқа да бөліктерінен механикалық бұзылулар анықталған жағдайда оны пайдалануға тыйым салынады.


8. КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ (сондай-ақ сорғы паспортын қараңыз)

  1. Өндіруші осы паспортқа сәйкес пайдалану жағдайларында сатылған күннен бастап 12 ай ішінде станцияның дұрыс жұмыс жасауына кепілдік береді.

  2. Бұйымда механикалық бұзылулар болған немесе электр сорғының ішіне бұйымның сынуына себеп болған бөгде заттар түскен жағдайда кепілдік міндеттемелерінің күші жойылады.

  3. Келесі жағдайларда бұйымға кепілдікті міндеттемелер беріледі:

- электр сорғыны рұқсат етілмеген (сервис орталығынан тыс) ашу.

- пайдаланушы шарттарын басқалай бұзу.


КЕПІЛДІКТІ СЕРВИС ОРТАЛЫҚТАРЫ:

    1. АЛМАТЫ, Бөкейхан к-сі, 233, тел.: 8 (727) 258-45-61

    2. АСТАНА, Ауэзов к-сі, 39 үй, тел.: 8 (7172) 55-93-94, 55-93-96

3. ҚАРАҒАНДЫ, Пичугина к-сі, 249, 19, 20-пәтерлер, тел.: 8 (7212) 47-76-35

9. ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
СОРҒЫЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ LKJ-901IA

зауыттық нөмірі____________________________


электрлік сорғы LKJ зауыттық нөмірі_________________________
СТ 15575-1910-АҚ-03-2011 сәйкес келеді және пайдалануға жарамды деп мойындалған.
Шығарылған күні __________________________________________________
ОТК мөртаңбасы

Өндірушінің мекенжайы:



050014 Алматы қ., Бөкейхан к-сі, 233, «Келет» АҚ, тел.: 8 (727) 258-45-61, 258-89-46


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет