Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың Қызметкерлер санының нормативі



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/7
Дата01.10.2017
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

___________________________________________________________________
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫНЫҢ НОРМАТИВІ

__________________________________________________________________

Енгізу уақыты – 01.05.2014ж.

  1. Қолданылу аясы

1.1. Нормативтер сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған.

1.2. Нормативтер басшылардың, мамандардың, қызметшілер мен жұмысшылардың нормативтік санын айқындауға; сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде қызмет көрсететін ұйымның оңтайлы құрылымын белгілеуге; кадрларды ұтымды орналастыруға жәрдемдеседі.

1.3. «Сан нормативтері» ұғымы қызметкерлердің белгілі бір ұйымдастыру – техникалық жағдайларда жұмыс көлемінің бірлігін орындауға қажетті және сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының өнімділігін айқындайтын нақты кәсіби-біліктілік құрамның оңтайлы санын білдіреді.

1.4. Нормативтерді әзірлеу негізіне жұмыстарды орындаудың аса кең таралған жағдайлары, жұмыс орындарын орындалатын жұмыс сипатына қатысты қажетті техникамен, жабдықпен және аспаппен қамтамасыз ету ескеріле отырып, техникалық пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларын қоса алғанда, қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер салынды.

1.5. Нормативтерде: басшылар, мамандар мен қызметкерлер және жұмысшылар үшін - тізімдік сан көзделген. Тізімдік санды айқындау үшін жыл сайынғы демалыстарды, еңбекке жарамсыздық парақтарымен ресімделген жұмысқа келмеуді, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді және т.б орындауға байланысты келмеуді назарға алып қабылданған жоспарлы жұмысқа шықпаушылық коэффициентін ескеру қажет.

1.6. Нормативтер персоналдың қызмет көрсету аймағына кіретін жабдықты дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуге арналған дайындық- қорытынды жұмыстарға қажетті уақыт шығынын ескере отырып белгіленген.

1.7. Табиғи және сарқынды суларды тазарту технологиясын жақсартуға, сарқынды суларды және т.б тазарту мен залалсыздандыру бойынша жаңа элементтерді енгізуге байланысты технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін сан нормативтерінде жекелеген кәсіптер бойынша кәсіпорынға қажетті жұмысшылар болмаған кезде жергілікті техникалық негізделген нормалар мен нормативтерді әзірлеуге жол беріледі.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы нормативтерді қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет1:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №252- III Еңбек кодексі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212- III Экологиялық кодексі.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №377 – IV Қазақстан Республикасының Заңы.

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын cанитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94 қаулысы.


«Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысы.

«Жұмыстардың бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамалығын және жұмысшылардың кәсіптерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 421- п- м бұйрығы.

«Басшылардың мамандар мен басқа қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201- п- м бұйрығы.

«Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі» 1.5- 2008 СТ ҚР.

_____________________________

1 Нормативтерді пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы сілтемелік құжаттардың нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттар мен стандарттардың бекітілген тиісті тізбелері бойынша қолданысын тексеру орынды болады.

Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы құжатты пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алған жөн.

Егер сілтемелік құжаттың күші ауыстырылмастан жойылса, онда оған сілтеме жасалған ереже бұл сілтемені қозғамайтын бөлігіне қолданылады.

3. Белгілер мен қысқартулар

3.1. Нормативте мынадай белгілер мен қысқартулар қолданылады:



Акционерлік қоғам: АҚ

Әкімішілік басқарушы персонал: АБП

Ведомстволық сметалық нормалар: ВСН

Тұрғын үй – құрылыс кооперативі: ТҚК

Пәтер иелері кооперативі: ПИК

Пәтер иелерінің тұтынушы кооперативі: ПИТК

Құрылыста басшылыққа алынатын құжаттар:ҚБҰ

Құрылыс нормалары мен қағидалары: ҚНиҚ

Сметалық нормалар: СН

Басшылар, мамандар және қызметшілер: БМҚ

Автоматты телефон станциясы: АТС

Автоматты басқару жүйесі: АБЖ

Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі: ТПБАЖ

4. Жалпы ережелер

4.1. Осы нормативтер қолданыстағы нормаларға, қағидаларға, нұсқаулықтар мен басшылық құжаттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ол үшін желілерді, технологиялық жабдықты, автокөлік пен механизмдерді, ғимараттар мен құрылыстарды, жөндеу және оларға пайдалану қызметін көрсету жөніндегі ұйым персоналының қажетті санын белгілейді.

4.2. Персонал санының нормативін әзірлеу негізіне:

- жабдық пен құрылыстардың техникалық сипаттамалары;

- санға әсер ететін факторлардың сандық мәндері;


  • жабдықты жөндеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге арналған уақыт нормалары;

  • су құбыры–кәріз жүйелеріне қызмет көрсететін ұйым персоналының саны туралы есептік деректер және әрбір функция бойынша орындалатын жұмыстың көлемі;

  • жұмысты орындаудың ұйымдастыру-техникалық жағдайларының зерттелуі ескеріле отырып, белгілі бір талдау көлемін орындап ұйымдарда жоба сынағының нәтижелері салынды.

4.3. Персонал санының нормативтері жұмыс орындаудың неғұрлым таралған жағдайлары үшін тиісті нормалар мен қағидаларды сақтай отырып белгіленген.

4.4. Нормативтер персоналдың орташа жылдық тізім бойынша санын:

- дайындық-қорытынды жұмысқа, демалысқа, жеке шаруаға және жұмыс орнына қызмет көрсетуге арналған уақыт шығынын;

- жұмыс өндіру орнына дейін жол жүруге, персоналды жедел дайындауға уақыт шығынын;

- жұмыс уақытының орташа жылдық пайдалы қорын ескере отырып белгілейді.

4.5. Жұмысшылар кәсіптерінің және басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының атауы жұмыстың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді.

4.6. Сан нормативтері мынадай негізгі кәсіптерді қамтиды:

су құбыры-кәріз желісін тексеруші, технологиялық құбыржолдарын монтаждаушы, сорғы қондырғыларының машинисі, компрессорлық қондырғылардың машинисі, ұйытушы, су бекітпе құрылыстарының операторы, хлорлау қондырғының операторы, тор операторы, құм тұтқыштар мен май ұстағыштар операторы, эмшерлер операторы, тұндырғыштар операторы, метантектер операторы, биосүзгіштер операторы, аэротенктер операторы, тұнба алаңшаларының операторы, шөгіндіні сусыздандыру қондырғыларының операторы, шөгіндіні құрғату қондырғыларының операторы, барабанды айналма құрғатқыш пештердің операторы, шөгіндіні жою операторы, суару және сүзу алаңдарының операторы, химиялық-бактериялогиялық талдау зертханашы, сынақ алушы, су құбыры шаруашылығын бақылаушы, авариялық–қалпына келтіру жұмыстарының слесарі, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі, электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, электрмен газбен дәнекерлеуші.

Орындалатын жұмыстың үлгі тізбесі:


Магистральдық су құбыржолдары мен кәріз желілерін, коллекторлар мен қысым су құбыржолдарын, көшедегі және байқау құдықтарын тексеру. Желілерді, коллекторларды, су тартқыштарды, қысым құбыржолдарын, қайта қосушы эстакада-камераларын және басқа да құрылыстарды техникалық тексеру. Олардың техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру. Тексеру кестесін құру. Құрылыстарды тексеру журналын жүргізу және онда барлық анықталған кемшіліктер жөнінде белгі жасау. Арнайы бригадаларды шақыруды талап етпейтін желілердегі судың ағуын және ақауларды жою.

  • Технологиялық құбыржолдарын монтаждаушы, компрессорлық қондырғылардың машинисі.

Құбыржолдарын арматура орнатып монтаждау. Монтаждалған құбыржолдарына гидравликалық және пневматикалық сынақ жүргізу. Арматураның гидравликалық және электр жетектерін орнату. Полиэтилен, винипласт, алюминий, мыс және жез құбырларын дәнекерлеу үшін тиеу, түсіру және түйістіру. Шыны құбырларынан жасалған құбыржолдарын монтаждау және сынау. Шыныдан жасалған және бекітпе арматураның пішімделген бөліктерін орнату. Шыны құбырларын станокпен кесу. Дәнекерленген жіктерді тоттануға қарсы жабындыны салу үшін тазалау. Полиэтилен және винипласт құбырларын дәнекерлеу. Шыны, полиэтилен, поливинилхлоридтан бұрамалы арматураланған, винипласт, алюминий, мыс және жез құбырлары элементтерінің бөлшектерін сол жерде жасау.

  • сорғы қондырғыларының машинисі

Сорғы қондырғыларына қызмет көрсету. Қозғалтқыштар мен сорғыларды іске қосу, олардың жұмыс режимін реттеу және оларды тоқтату. Қызмет көрсетілетін учаскедегі сорғылардың, жетекті қозғалтқыштардың, арматура мен құбыржолдарының үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ желідегі судың қысымын қадағалу.

-компрессорлық қондырғылардың машинисі

Компрессорларға қызмет көрсету. Компрессорлардың ең пайдалы жұмыс режимін орнату және ұстау. Қозғалтқыштардың, компрессорлардың, аспаптардың, көмекші механизмдердің және басқа да жабдықтың жарамдылығын қадағалау. Жөндеуге арналған ақау ведомостарын құрастыру. Компрессорларға жөндеу жүргізу. Қызмет көрсетілетін коммпрессорлардың жұмысы туралы есептік-техникалық құжаттаманы жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен механизмдерді жөндеу, реттеу, сынау, монтаждау және баптау. Аспаптардың жарамсыз болу себептерін анықтау және оларды жою. Ақау ведомостарын құрастыру.


  • коагулянттаушы

Реагенттердің бірнеше түрін дайындау қондырғыларына қызмет көрсету: коагулянт, әк, көмір және басқалары; автоматты мөлшерлеу жүйелеріне қызмет көрсету; диаграммаларды ауыстыру, өздігінен жазатын қылқаламды тазалау; басқаруды автоматтан қолмен басқаруға және керісінше ажыратып қосу, аспапты нөлге орнату; әртүрлі үлгідегі механикалық араластырғыштарға қызмет көрсету;

  • су бекітпе құрылыстарының операторы

Гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсету және олардағы су деңгейінің жағдайын қадағалау. Өзендерден және су тоғандарынан тұндырғыштарға және өндірістік магистральдарға суды беруді реттеу. Көтергіш құралдарды және бекітпе арматураны профилактикалық байқау мен майлау. Торларды қысқы кезеңде электр тоғымен жылыту.

Хлорлау ерітінділерін дайындау қондырғыларына қызмет көрсету.

Хлордың белгіленген мөлшерін ұстау. Хлордың тұрақты жұмсалуын бақылау, аппараттар бойынша бөлу, аппараттарды қайта қосу. Жабдықтың, механизмдердің жұмысын бақылау. Қалдық хлорды айқындау. Хлорлау қондырғылары жабдығының үздіксіз жұмыс істеуіне қызмет көрсету. Бос баллондардың жарамдылығын тексеру, баллондарға шағын ағымдағы жөндеу жүргізу. Баллондарды белгіленген тәртіппен сақтау, хлорлау үй-жайында тұрақты температураны ұстау, баллондарды шығыс қоймасынан хлорлауға дейін және керісінше тасымалдау. Баллондарды ауыстыру, жабдықты және қондырғыларды ағымдағы жөндеу жұмысына қатысу. Авариялық жағдайларда баллондардан, бөшкелерден және аппаратурадан газдың шығуын жою. Жабдыққа, бекітпе арматураға слесарлық жұмысты жүргізу. Хлор шығысының журналын жүргізу.



  • тор операторы

Тордан қалдықтарды тырналар арқылы қолмен алып тастау. Қалдықтарды ұсақтағышқа тасымалдау және оларды ұсату. Механикалық тырналарға, торларға, электр қозғалтқыштарына, ұсақтағыштар мен басқа да механизмдерге қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін бүкіл жабдықтың авариясыз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Тырналауға арналған үй-жайдан ұсатуға жатпайтын қалдықтар мен заттарды шығару. Профилактикалық және ағымдағы жөндеулерді жүзеге асыру, жабдықтың жарамсыздықтарын жою.

  • құм тұтқыштар мен май ұстағыштардың операторы

Құм тұтқыштарға және май ұстағыштарға қызмет көрсету. Құм ұстағыштардың жұмыс режимін белгілеу, су, ауа беру, құм пульпасын тартып шығару. Құм тұтқыштағы құмның мөлшерін бақылау және құмды айдау ұзақтығын айқындау.

Құмды құм алаңшаларына шығаруды бақылау. Түсірілетін құмды өлшеу, орташа сынақты алу. Құбыржолдарының және гидроэлеватордың ластануын жою. Құм тұтқыштардың және май ұстағыштардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Сорғы қондырғыларына, гидроэлеваторларға, жоғары қысымды сорғыларға қызмет көрсету және жұмыс есебін бақылау-өлшеу аспаптарына көрсету. Жабдыққа профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізуді жүзеге асыру.



  • эмшерлер операторы

Екі қабатты тұндырғыштарға (эмшерлерге) қызмет көрсету. Эмшерлерге сұйықтықты жіберу және одан шығару. «Толған» тұнбаны шығару. Шөгінділердің ашу барысын бақылау. Тұндырма науаларды және тесіктерді ірі қалдықтардан ұдайы тазарту. Жинақтағыш науалардағы сұйықтықтың мөлдірленуін бақылау. Ашудың белгіленген режимнен ауытқуларын анықтау және оларды жою. Шөгіндіні өлшеу және сынақ алу. Құрылыстарды жөндеуге қатысу.

  • тұндырғыштар операторы

Агрегаттарға қызмет көрсету. Механизмдерді іске қосу және тоқтату. Тұндырғыштардан шөгіндіні шығару және шығару ұзақтығын реттеу. Тұндырғыштардың берілген жұмыс режимін сақтау, олардан суды беруді реттеу. Құбыржолдарының ластануын жою. Құрылыстар мен механизмдерге профилактикалық жөндеу жүргізу. Механизмдердің, агрегаттар мен механикалық тазарту құрылыстарының жұмыс істеу есебін жүргізу.

  • метатенктер операторы

Агрегаттарға қызмет көрсету. Шикі шөгіндіні және белсенді тұнбаны тиеу. Метатенктегі шөгіндінің деңгейін және температураны қадағалау және бу жіберуді реттеу. Шөгіндіні бөлу, ашыған шөгіндіні және метатенктер тобын іріктеуді қамтамасыз ету. Араластырғыш: эжекторлар, механикалық араластырғыштар, гидроэлеваторлар құрылғыларының жұмысын бақылау. Шөгіндіні және белсенді тұнбаны түсіру. Шөгіндіні қайта айдау жөніндегі сорғы станцияларын қоса алғанда, әртүрлі механизмдерді және құрылыстар агрегаттарын басқару. Механизмдердің және технологиялық аспаптардың барлық кешенінің жұмыс істеу журналын жүргізу. Механизмдер мен құрылыстардың профилактикалық және ағымдағы жөндеулерін жүргізу.

  • биосүзгіштер операторы

Биосүзгіштер секцияларына қызмет көрсету және судың олардың бетінде біркелкі бөлінуін қадағалау. Бөлу: спринклерлік және реактивтік суарғыш құрылғыларын тазалау. Мөлшерлегіш құрылғыларды баптау мен зарядтау және сүзгіштерді зарядтау кезеңдерін ауыстырып отыру. Сүзгішке ауаның жіберілуін бақылау. Сүзгіштер беттерінде қалқу қажеттілігін жою; сүзілетін қабатты: қиыршықтасты, домен күлін сүйірлеу. Құрылыстарды пайдалану журналын жүргізу. Суды биологиялық тазарту құрылыстарына ағымдағы және профилактикалық жөндеу жүргізу.

  • тұнба алаңшалары операторы

Құрылыстарға қызмет көрсету. Тұнба алаңшаларын немесе тұнбатоғандарын тексеру. Шөгіндіні тұнба алаңшаларының каскадтары бойынша біркелкі бөлінуін қадағалау және сүзілетін қабатты түсіруді реттеу. Алаңшалардың біркелкі жүктелуін қадағалау, оларды ауыстырып отыру және алаңшалардан құрғап қалған шөгіндіні тазалау. Бұру арналарын, дренаждарды және жердегі айыру арналарын тұнбадан тазарту және жазғы уақытта алаңшалардың жердегі жетекшелерінен арамшөптерді жұлып тастау. Қысқы уақытта мұз сынығын жою. Алаңшадағы берілген жүктемені сақтау. Шөгіндіні айдаушы сорғы станцияларының жұмысын қадағалау. Коммуникацияларды профилактикалық жөндеу.

  • шөгіндіні сусыздандыру қондырғыларының операторы

Шөгіндіні сусыздандыру қондырғыларына қызмет көрсету. Вакуумды- сүзгіштер, ауа тартқыш жүйелері, тұнба өткізгіштер, вакуумды-желілер, химиялық реагенттердің құбыржолдары, сүзгіштер мен ресиверлерді жуу үшін сорғы жабдығы жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Ингибирленген тұз қышқылының ерітіндісін дайындау және вакуумды- сүзгіштерді жуу. Сорғы станцияларына қызмет көрсету. Вакуумды- сүзгішке түсетін шикізаттың ылғалдылығын реагенттер мөлшерін есептеу арқылы анықтау. Сорғытылған шөгіндіні тасымалдау механизмдеріне қызмет көрсету. Шөгіндіні сусыздандыру агрегаттары мен құрылыстары механизмдерінің жұмыс істеу журналын жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдыққа ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізу.

  • шөгіндіні құрғату қондырғыларының операторы

Шөгіндіні вакуумды- сүзгіштерде термикалық құрғату құрылғыларына қызмет көрсету. Шөгіндінің құрғату қондырғыларына біркелкі және уақтылы жіберілуін қадағалау. Құрғақ шөгіндіні алу және құрғату қондырғыларының жұмыс режимін өзгерту, құрғатылған шөгіндіні тасымалдау. Қондырғының берілген жұмыс режимін газды ауаны реттеу жолымен ұстау, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша құрғату ылғалын және температурасын қадағалау. Механизмді ағымдағы жөндеу.

  • барабанды айналмалы құрғату пештерінің операторы

Шөгіндіні барабанды айналмалы құрғату пештерінде термикалық құрғату процесін жүргізу. Шөгіндіні технологиялық құрғату режимін белгілеу. Барабанды құрғатқышқа, вакуумдалған шөгіндіні бөлетін сорғы желдеткіштеріне қызмет көрсету. Шөгіндіні механикалық сусыздандыру және термикалық құрғату бойынша құрылыстар мен машина бөлімшелері кешенінің жұмысын үйлестіру. Жаққыш, агрегаттар және термикалық құрғату механизмдер жұмысының журналын жүргізу. Құрылыстарды тазартуға және оларды жөндеуге дайындауға қатысу. Механизмдер мен жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Резервуарлардағы шөгіндіні брандспойтпен шаю және қырғышпен алу. Тұнбаны тартып шығару мен шаюшы суу сорғыларына қызмет көрсету. Тұндырғыштарды жұмыстан ажырату. Тартпаларды, қалқандарды және басқа да жабдықты жөндеу кезінде қарапайым слесарлық жұмысты орындау.

  • Суару және сүзу алаңдарының операторы

Суару және сүзу алаңдарының учаскелеріне қызмет көрсету және оларды тексеру. Учаске аумағында сарқынды сұйықтықты біркелкі бөлу. Дренаждың және жердегі айырма арналарының сағасын бұру арналарын тұнбадан және шөптен тазарту, суарылатын учаскелерге берілген жүктемені сақтау. Агрономның тапсырмасы бойынша ауылшаруашылығы дақылдарына берілген алаңшаларға қызмет көрсету. Техникалық құрылыстардың жарамды жай-күйін қадағалау. Алаңшаларды қысқы және жазғы суаруға уақтылы дайындау. Құрылыстарға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу.

-химиялық-бактериологиялық зерттеу зертханашысы

Бекітілген әдістемелер бойынша сарқынды сұйықтыққа химиялық-бактериологиялық зерттеу жүргізу. Бақылау- есепке алу жазбаларын жүргізу.


  • сынақ алушы

Сарқынды сұйықтықтың сынағын сынақ алғыштар мен арнайы керек-жарақтар арқылы қолмен алу. Сынақтарға талдау жүргізу, оларға зат белгілерін ресімдеу, олардың зертханаға жеткізгенге дейін сақталуын қамтамасыз ету. Сынақтар алу үшін пайдаланылатын ыдысты жуу және сақтау. Алынған сынақтардың есебін жүргізу.

  • авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі.

Арынды су құбырлары, тексеру құдықтары, өрт гидрантттары, су тиегіш бағандарының жүйелі арматура құрылғыларының жөндеуін жүргізу. Қысымдағы бекітпелерді су өткізгіштердің басында, сондай-ақ құдықтарда қолмен реттеу. Желілердегі ақауларды және судың ағуын жою. Кәріз желілерін, дюкерлерді, арналарды тазарту. Тазарту кезінде қолданылатын жабдық пен механизмдерге профилактикалық жөндеу жүргізу. Қолданыстағы кәріз желісіне жөндеу жүргізу.

Бақылау-өлшеу аспаптарын және механизмдерді жөндеу, реттеу сынақтан өткізу, монтаждау мен баптау. Аспаптар ақауларының себептерін анықтау және жою.

  • электр жабдығын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр монтері

Электр жабдығын жөндеу, қадағалау және оған техникалық қызмет көрсету.

  • электрмен газбен дәнекерлеуші

Бөлшектерді, тораптарды, конструкцияларды және құбыржолдарын доғалық, плазмалық, қолмен және газбен дәнекерлеу. Бөлшектерді оттегімен, газбен және плазмалық кесу.

  • су құбыры шаруашылығын бақылаушы

Су құбыры желісінде орнатылған барлық жүйелердегі және калибрлердегі су өлшегіштердің көрсеткіштерін бақылау және алу. Пайдаланылған суға қолданыстағы тарифтерге сәйкес есеп жүргізу және шотты белгіленген нысан бойынша ресімдеу. Су өлшегіш тораптардағы айналмалы бекітпелерді пломбалау. Судың абоненттеріндегі ақаулы сантехаспаптары арқылы, желілердің басындағы және аулаішіндегі желілерде ағуын анықтау. Ресімделмеген абоненттерді анықтау. Абоненттердің су құбырын пайдалану нормалары мен қағидаларын сақтауын бақылау.

4.7. Ұйымдар нормативтерді нормативтерге арналған ескертпелерге сәйкес түзетулермен қолданады.

Түзетулер көрсетілген нормативтерге ғана қолданылады.

4.8. Ұйымдар персоналдың нормативтік санын есептеу кезінде, егер тиісті нормативтегі, түзетудегі және коэффициенттегі көрсеткіштің (фактордың) атауында өзгеше көрсетілмесе, тұтастай ұйым үшін белгіленген көрсеткіштерді (факторларды) қолданады.

Көрсеткіштердің (факторлардың) мәні есепті жылдың басында қалыптасқан олардың нақты мәндері бойынша айқындалады. Көрсеткіштердің (факторлардың) мәндері есептік жылдың алдындағы статистикалық есептік жыл ішінде көрсетілген олардың мәндеріне сәйкес келуге тиіс.

Персонал санын есептеу кезінде қабылданған басты факторлардың бірі су құбыры және кәріз желісі бойлық қиманың алаңы болып табылады, мынадай формула бойынша есептеледі:



мұндағы, - бір құбырлы құбыржолының жеке учаскесінің ұзындығы, м;



  • шартты өту диаметрі,м.

4.9. Персоналдың нормативтік саны ұйым нақты пайдаланып отырған құрылыстардың кешендері бойынша ғана есептеледі.

4.10. Нормативтерді қолдану кезінде пайдаланылатын сандық көрсеткіштердің шектері «дейін» деп көрсетілсе, оны қоса алғанда деп түсінген жөн.

4.11. Дөңгелету қағидалары бойынша бүтін санға дейін кестелердің топтары бойынша және 4.12-тармақта көрсетілген тармақтар бойынша есептелген персоналдың жиынтық саны ғана дөңгелетуі тиіс.

4.12. Персоналдың нормативтік саны тұтастай ұйым бойынша нормативтермен айқындалады. Бірінші басшы персоналдың нақты санына, бекітілген функцияларға, жабдықтар мен құрылғыларға сүйене отырып, нормативтік санды құрылымдық бөлімшелерге персоналдың жиынтықты есептелген нормативтік санының шегінде жеке топтар бойынша:

- 6.1.1-6.1.22-кестелер бойынша, 6.2.13,6.2.14-кестелерге қосымшалар және 6.1.2-6.1.12-тармақтар бойынша;

- 6.2.1-6.2.30-кестелер бойынша, 6.2.13 және 6.2.14-кестелерге қосымшалар және 6.2.2-6.2.5, 6.1.7-тармақтар бойынша;

- 6.2.21-6.2.30-кестелер бойынша және 6.2.6-тармақ бойынша бөледі.
5. Еңбекті ұйымдастыру
5.1. Су құбыры-кәріз жүйесінің құрылыстарында пайдалану және жөндеу жұмыстарын атқаратын ұйымдардың қызметкерлерінің өндірістік қызметі құрылымдық бөлімше туралы, лауазымдық нұсқаулықтар туралы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да актілерінде, жоғары тұрған басқару органдарының әдістемелік ұсынымдарында, нұсқаулықтарында, қағидаларында регламенттелген.

5.2. Су құбыры-кәріз жүйесінің жабдығына және құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер тәулік бойы жүзеге асырады.

5.3. Құрылымдық бөлімшелерді қалыптастырудың негізі жабдыққа, құрылыстарға қызмет көрсету түрлері, жұмыс түрлері бойынша олардың мамандануы, сондай-ақ жабдықты аумақтық аудандар (учаскелер) бойынша бөлінуі болып табылады.

5.4. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі талаптарына және өнеркәсіптік санитария мен гигиена қағидаларына сәйкес келуге тиіс.

5.5. Тазарту құрылыстары мен сорғы станцияларының негізгі технологиялық процестері және олардың негізгі көрсеткіштерін бақылау механикаландыруға және автоматтандыруға тиіс (бекітпе арматураны ашу және жабу, сүзу жылдамдығын реттеу, реагенттерді мөлшерлеу, сүзгіштерді шаю, шаятын суды жіберу және т.б.).

5.6. Құрылымдық бөлімшелердегі жұмысшылардан тұрақты бригадалар қалыптастырылады.

Бригада өз жұмысын өздеріне белгіленіп нормаланған тапсырмаға сәйкес жүзеге асырады, ол бойынша қажетті аспап пен құрал-жабдықтарды дайындайды. Қолданылатын аспаптар мен құрал-жабдықтар техникалық пайдалану шарттарына және техникалық пен өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруге тиіс.

Жұмыс орны мен маңындағы аумақ тазалықта ұсталуға тиіс.

5.7. Тұтынушыларды сумен жабдықтаумен айналысатын персонал санының нормативтері мыналарды көздейді:

- ортақ есептеу аспаптары бар ПИК бойынша тұтынушыларды сумен жабдықтаумен айналысатын персоналдың көрсеткіштерді алуы және төлем құжаттарын жазып беруі;

- жеке есептеу аспаптары бар тұрмыстық тұтынушылар бойынша есептеу аспаптарының көрсеткіштерін алу, тұтынушы өзінің төлем құжатын толтыруы, тұтынушыларды сумен жабдықтауды жүзеге асыратын ұйымдар персоналының жазып берілетін төлем құжаттарының (шоттардың) дұрыстығын және олардың уақтылы төленуін ай сайын бақылауы;

- есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар бойынша - сумен жабдықтауды жүзеге асыратын ұйымдар персоналының төлем құжаттарын жазып беруі – тұтынушы тұрғындарының сандық құрамын ай сайын бақылауы.

5.8. Өндірістегі еңбектің қауіпсіз жағдайларының сақталуын бақылайтын персонал санының нормативтері мыналарды көздейді:

- еңбектің қауіпсіз жағдайларының жай-күйін қадағалау, ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу, енгізу және оның тиімді жұмыс істеуі;

- өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларын талдау, тәуекелдерді бағалау, еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғау талаптарымен анықталған сәйкес келмеушіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

- өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдау, оларды ескерту жөнінде іс-шаралар әзірлеу;

- еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің жазатайым жағдайларын және денсаулығының басқа да жарақаттануын тергеу мен есепке алу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

- қызметкерлерді қағидалар мен нормативтер талаптарына сәйкес, оның ішінде жаңа жабдықты және жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет