Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың Қызметкерлер санының нормативі



жүктеу 1.14 Mb.
бет2/7
Дата01.10.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

6. Нормативтік бөлік

Ұйым персоналының нормативтік бөлігі персонал санының нормативтерін:

жұмысшыларды – 6.1-кіші бөлімге сәйкес; басшыларды, мамандарды және қызметшілерді (бұдан әрі мәтін бойынша БМҚ) 6.2-кіші бөлімге сәйкес қосу арқылы есептеледі.

6.1. Жұмысшылар санының нормативтері

6.1.1 Су құбыры-кәріз жүйесі жөніндегі жұмыстар кешенін орындайтын жұмысшылардың нормативтік саны 6.1.1-6.1.22-кестелер бойынша, 6.2.13,6,2,14 -кестелерге ескертпелер және 6.1.2 - 6.1.12-тармақтар бойынша персоналдың сан нормативтерін қосу арқылы айқындайды.

6.1.2 Ұйымның автомобиль көлігін, оның ішінде ұйымның құрамындағы басқа бөлімшелерге бекітілген автомобиль көлігін басқару жөніндегі нормативтік сан теңгерімге сәйкес және жалдау автокөлігі бойынша, көліктің әрбір бірлігіне бір адам бойынша, ал авариялық-жедел автомобиль – 4,9 адам және 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істеу кезінде вахталық персоналды тасымалдау бойынша – 2,45 адам, жалдау құжаттарына сай техникалық жарамды автомобильдердің санына сүйене отырып есептеледі.

Тұтынушыларға техникалық және ауыз суды тасымалдау үшін нормативтік сан осы көлік санына, ауысымдығына және жұмыс көлеміне байланысты айқындалады.

6.1.3 Автокөлік пен механизмдер бойынша персоналдың нормативтік саны бір адамға осы техниканың 7 бірлігіне сүйене отырып есептеледі.

6.1.4 Ұйымда көбейткіш техникасы мен телефакстер болған жағдайда – осы техникаға қызмет көрсетуге бір оператор белгіленеді.

6.1.5 Күзетшілердің саны ұйым комиссиясы посттардың орналасу орындары мен олардың жұмыс режимін көрсетіп бекіткен актіге сүйене отырып есептеледі:

- тәулік бойы 24 сағат жұмыс кестесі кезінде - 4,9 адам;

- екі ауысымды 16 сағатжұмыс кестесі кезінде - 3,27 адам;

- екі ауысымды 12 сағатжұмыс кестесі кезінде - 2,45 адам;

- бір ауысымды 8 сағатжұмыс кестесі кезінде - 1,63 адам.

6.1.6 Қоймашылардың нормативтік саны мынадай есеппен белгіленеді: ауданға немесе учаскеге бір қоймашы.

6.1.7. Ғимараттар жөндеуді орындайтын персоналдың нормативтік саны қызметтік және өндірістік ғимараттардың 2000м2 сүйене отырып, бір адамға, оның ішінде 10% басшылар мен мамандарға есептеледі.

6.1.8. Ұйымдағы медициналық қызметкерлердің нормативтік саны «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекіту туралы» қаулысымен нормаланған.

6.1.9 Кернеуі 220кВ дейін электр беру желілерінде,шағын станцияларда пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындайтын ұйымдар персоналының нормативтік саны кернеуі 200кВ дейінгі желілер арқылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын өңірлік энергия компаниялары мен энергия беруші ұйымдардың персонал санының нормативтеріне сәйкес есептеледі.

6.1.10 Қазандықтарға қызмет көрсету жөніндегі персоналдың нормативтік саны қазандықтар персоналының сан нормативтеріне сәйкес есептеледі.

6.1.11 Ұйымда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі персоналдың нормативтік саны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен нормаланады.

6.1.12 Арнайы киімді жуу жөніндегі жұмысшының нормативтік саны 400 жұмысшыға 1 адам есебімен қабылданады.

6.1.1 кесте

Су құбыры және кәріз желісін пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (су құбыры және кәріз желісін тексеруші, авариялық - қалпына келтіру жұмысының слесарі, электрмен газбен дәнекерлеуші)


Құбыржолдарының бойлық қимасының алаңы, 103м2

1

3

5

7

10

13

16

Сан нормативі, адам

1

3



7

10

13

16

 

Құбыржолдарының бойлық қимасының алаңы , 103м2

20

30

50

80

120

170

230

Сан нормативі, адам

19

25

38

50

62

76

96

 

Құбыржолдарының бойлық қимасының алаңы , 103м2

300

380

470

570

680

800

930

Сан нормативі, адам

118

142

168

200

234

270

310

Ескертпелер:

1.Норматив су құбыры және кәріз желісінің: қысым құбыржолдарының, құдықтардың, өрт гидранттарының, су алу колонколарының желілік арматурасының, құрылыстардың бүкіл жабдығына қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістік база жағдайларында станокта және басқа жұмыстарды орындауға персоналды көздейді.

2.Бойлық қиманың алаңы су құбыры және кәріз желісі үшін жеке айқындалады және әрбір жүйе үшін нормативтік сан жеке айқындалады.

3.Осы кесте бойынша есептелген кәріз желісіне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылар санының нормативіне 0,8 коэффициенті қолданылады.

4. Жасыл екпелерді суару үшін пайдаланылатын жердегі су құбырының бойлық қимасының алаңы 0,3 коэффициенті қолданылып есептеледі.

5. Кәріз жүйелері бойынша саны нормативіне геодезиялық белгілер 50-ден100м дейін айырмашылық болған кезде 1,02; 100-ден 180 м дейін – 1,04; 180 м астам – 1,08 коэффициенті қолданылады.

6. Ұйым су құбыры және кәріз желісіне бірнеше қалаларда немесе елді мекендерде қызмет көрсеткен жағдайда жұмысшылардың саны әрбір қала немесе елді мекен бойынша айқындалады.

7. 6.1.1-кестеде көрсетілген жұмысшылардың нормативтік саны фактордың аралық мәндері үшін Желілік интерполяция әдісімен айқындалады.

8. Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары үшін су құбыры және кәріз желісін пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмысшылар санының нормативіне 1,1 коэффициенті қолданылады.

6.1.2 кесте



Су құбырының және кәріздің тозығы жеткен желілерін қайта салу жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (жылға есептелген) (технологиялық құбыржолдарын монтаждаушы, авариялық - қалпына келтіру жұмысының слесарі, электрмен газбен дәнекерлеуші)

Желінің шартты өту диаметрі, мм

Желінің 1 км қайта салуға сан нормативі, адам

100 дейін

1,0

100-250

1,3

300-400

1,7

450-600

2,0

700-800

2,3

900-1000

2,7

1000 астам

3,0

Ескертпелер:

1. 6.1.2.-кесте бойынша жұмысшылардың саны құбыржолдарының жиынтық ұзындығынан құбыржол учаскелерінің 3% ауыстыру шамасына ғана айқындалады, барлық құбыржолдың 3%-ға дейін ауыстыру кезінде - саны 6.1.2.-кестеде көзделген персонал орындайды.

2. Бүтін санға дейін су құбырының және кәріздің қайта салынатын құбыржолдарының жекелеген учаскелері бойынша айқындалған персоналдық жиынтық саны ғана дөңгелетуі тиіс.

6.1.3 кесте



Сумен жабдықтау көздерін жедел басқару жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (сорғы қондырғыларының машинисі)

 Қызмет көрсету аймақтары

Сумен жабдықтау көздері кезінде сан нормативі, адам

жерасты

жер бетіндегі

Санитарлық аймақ:

 

 

1. Ұңғымалар тобы (4 бірлік және одан астам)

5,1

-

2. Резервуарлары бар қайта айдаушы сорғы станциясы

5,1

-

3. Суды көтеруге арналған сорғы станциясы, резервуарлар

-

5,1

Ескертпелер:

  1. Санитарлық аймақ – бұл сумен жабдықтау көздерінің аумағы.

  2. Ұңғымалар тобы бір бірінен 500 м дейінгі қашықтықта орналасқан жағдайда 4,8 адам нормативі белгіленеді.

  3. Резервуарлары бар қайта айдаушы сорғы станциясының аймағында резервуарларымен суды көтеруге арналған сорғы станциясы ұңғымалардан (ұңғымалар тобынан) 500 м дейінгі қашықтықта орналасқан жағдайда норматив 6.1.3.-кестенің 2-тармағы бойынша айқындалады.

  4. 3 бірлікке дейін жеке тұрған ұңғымалар немесе ұңғымалар тобы үшін норматив бір ұңғымаға 0,2 адам, ал суды тәуілк бойы залалсыздандыру жүйесінің қондырғысы болған кезде 1 жұмыс орнына – 5,1 адам көзделеді.

  5. Тегеурінді су мұнарасы бар жеке тұрған ұңғымалар үшін норматив 05, адам белгіленеді. Бір ұңғымаға, ал суды тәулік бойы залалсыздандыру жүйесінің қондырғысы болған кезде 1 жұмыс орнына – 5,1 адам.

  6. Қайта айдаушы сорғы станциясынан 500 м астам қашықтықта резервтік су қорының жеке орналасқан резервуарлары (резервуарлар топтары) үшін норматив 1 жұмыс орнына – 5,1 адам белгіленеді.

  7. Автоматты режимде жұмыс істейтін жеке орналасқан ұңғымалар (ұңғымалар топтары) үшін норматив әрбір ұңғымаға – 0.06 адам белгіленеді.

6.1.4 кесте

Көтеруші сорғы станцияларын жедел басқару жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (сорғы қондырғыларының машинисі)

Қызмет көрсету объектілері

1 сорғы станциясына сан нормативі, адам


Жүру әдісімен қызмет көрсетілетін айдаушы сорғы станциялары ( айдау агрегаттары):




а) автоматты режимде жұмыс істейтін

0,06

б) автоматтандырылмаған және тұрақты жұмыс істейтін

0,16

Ескертпелер:

1. Жазғы кезде ғана қызмет көрсетілетін су бұрқақтарының сорғы станциялары үшін сан нормативтері мынадай формула бойынша айқындалады:

H = 1,6·(m· n/12), адам.

мұндағы, Н – сан нормативі;

m – жылына су бұрқақтарының жұмыс істейтін айларының саны;

n – су бұрқақтарының сорғы станцияларының саны.

2. Жауапты тұтынушыларды сумен жабдықтау кезінде автоматтандырылмаған көтеруші сорғы станциясына қызмет көрсету үшін норматив 1 жұмыс орнына – 5,1 адам белгіленеді.

6.1.5 кесте



Су бекітпе құрылыстарын пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (су бекітпе құрылыстарының операторы, жөндеуші – слесарь, электрмен газбен дәнекерлеуші)

Қызмет көрсетілетін құрылыстардың түрі

Сан нормативі, адам

Су көздері

Су бұру

бір құрылысқа

10 км-ға

бір құрылысқа

10 км-ға

Бөгет,

Су қоймасы



6,0

-

3,0

-

Арналар

-

3,7

-

3,0

Ескертпе: Су қоймасынан құбыржолдар су құбыры желісінің жалпы ұзындығына енгізіледі.

6.1.6 кесте


Бастапқы суды өңдеу жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (ұйытушы, компрессорлық қондырғылардың машинисі, сүзгіштер операторы, хлорлау қондырғысының операторы)

Объектілердің атауы

Өлшем бірлігі

Сан нормативі, адам

1. Тазарту құрылыстарының алаңшалары: араластырғыштар, тұндырғыштар (көлденең, тік), түйіспелі мөлдірдегіштер, сүзгіштер (сүзу станциялары)

Бір алаңшаға

5,1

2. Хлорлау қондырғысы

Қондырғы

5,2

3. Реагенттерді дайындау мен мөлшерлеу цехы

Бір ауысымда 0,5 тонна реагенттер

2,5

4. Компрессорлық қондырғы

Қондырғы

бір ауысымда 1,0

Ескертпелер:

1. Сүзгіштердің жұмысын басқаруды автоматтандыру кезінде сүзгіштерге қызмет көрсету жөніндегі нормативтік сан 0,5 коэффициентімен айқындалады.

2. Озонотарлық қондырғыға қызмет көрсету үшін жұмысшылардың нормативтік саны кез келген өнімділіктегі құрылыс үшін 1 адам есебімен айқындалады.

3. Бір үй-жайға бірнеше хлорлау және компрессорлық қондырғылар болған кезде олар бір қондырғы ретінде есептеледі.

4. Егер ұйымда шаруашылық - ауыз судың сүзгі станциясы ғана болған жағдайда, онда норматив станцияның жұмыс режиміне қарай ауысымда 1 адам есебімен белгіленеді.

5. Бастапқы суды өңдеу жөніндегім тазарту құрылыстарының өнімділігі 15 мың м3/тәулігіне болған кезде 1 және 4-тармақтар бойынша норматив 0,5 коэффициентімен қабылданады.

6. Жеке тұрған ұңғымалар (ұңғымалар топтары) үшін оларда суды залалсыздандыру қондырғылары болған жағдайда персонал санының нормативі осы кестенің 2-тармағы бойынша айқындалмайды. Осы объектілер үшін персонал саны 6.1.3 кестеге сәйкес 4 және 5- ескертпелер бойынша есептеледі.

6.1.7 кесте



Кәріздік сорғы станцияларын жедел басқару жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (сорғы қондырғыларының машинисі)

 Кәріз сорғы станциясының түрі

Сан нормативі, адам

1. Басты

5,1

2. Аудандық (аралық):

 

а) қашықтықтан басқару құралдарымен жабдықталған

1,0

б) қашықтықтан басқару құралдарысыз

5,1

Ескертпе: Басты және аудандық кәріз сорғы станциясының алдында сарқынды суларды механикалық тазарту торы орнатылған жағдайда 1 және 2 «б»-тармақтары бойынша 1,4 коэффициенті қолданылады.

 6.1.8 кесте



Кәріздің тазарту құрылыстарының жедел басқару жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (тор операторы, құм тұтқыштар мен май ұстағыштар операторы, эмшерлер операторы, тұндырғыштар операторы, метатенктер операторы, биосүзгіштер операторы, аэротенктер операторы, тұнба алаңшаларының операторы, шөгіндіні сусыздандыру қондырғыларының операторы, шөгіндіні құрғату қондырғыларының операторы, барабанды айналма құрғатқыш пештердің операторы, шөгіндіні жою операторы, хлорлау қондырғысының операторы, компрессорлық қондырғылардың машинисі, сорғы қондырғыларының машинисі)

Объектілердің атауы

Өлшем бірлігі

Сан нормативі, адам

1. Торлар

1 алаңша

5,2

2. Құм тұтқыштар

1 алаңша

5,2

3. Бастапқы тұндырғыштар тобы

1 топ

5,2

4.Сорғы станциялары: шикі тұнба, тұнба, эрлифттік

1 станция

5,2

5.Биологиялық тазарту бөлімшелері: аэротенктер, метантенктер, биосүзгіштер немесе аэросүзгіштер

1 бөлімше

5,2

6. Қайталама тұндырғыштар тобы

1 топ

5,2

7. Компрессорлық қондырғы (ауа айдағыш)

қондырғы

5,2

8. Тұнба және құм алаңшалары

1 алаңша

1

9. Хлорлау қондырғы

қондырғы

5,2

10. Тазартылған сарқынды суды айдау сорғы станциясы

1 станция

5,2

Ескертпе:

1. Торы құм тұтқышпен бірге орналастыру кезінде торға қызмет көрсмету жөніндегі нормативтік сан есептелмейді.

2. Торлардың өнімділігі іс жүзінде тәулігіне 185 мың м. куб. Астам болған кезде торларға қызмет көрсету үшін норматив 1,4 коэффициентімен айқындалады.

3. Бір үй-жайда бірнеше хлорлау немесе компрессорлық қондырғы болған жағдайда олар бір қондырғы ретінде есептеледі.

4. Тазарту құрылыстарының өнімділігі тәулігіне 1,0-ден бастап 15,0 мың куб.м дейін болған кезде сан нормативі 6.1.8 - кестенің 1-10-тармақтары бойынша 0,5 коэффициентімен айқындалады.

Тазарту құрылыстарының өнімділігі тәулігіне 1,0 мың куб.м кем болған кезде тазарту құрылыстарының барлық объектілеріне сан нормативі 5,2 адам белгіленеді.

6.1.9 кесте

 Химиялық және химиялық - бактериологиялық талдау жүргізу жөніндегі жұмысшылар санының нормативтері (адам) (химиялық-бактериологиялық талдау зертханашысы, сынақ алушы)



Объектілердің атауы

Сумен жабдықтау көздерінің саны, бірлік

Сан нормативі, адам

  1. Сумен жабдықтаудың жер бетіндегі көздері

1

2

2

3

6.1.9 кестенің жалғасы

Объектілердің атауы

Сумен жабдықтау көздерінің саны, бірлік

Сан нормативі, адам




3

4

4

5

5

6

2. Сумен жабдықтаудың жерасты көздері

2 дейін

1

3-5

2

6-10

3

11-20

4

21-40

6

41-60

8

61-80

10

Ескертпе:

1. Бір санитарлық аймақта орналасқан ұңғымалар бір су көзі ретінде есептеледі.

2. 6.1.9 кесте бойынша айқындалған нормативтік сан 6.1.9.1 және 6.1.9.2 кестелерге сәйкес ұлғаяды.

6.1.9.1 кесте



Объектінің атауы

Сан нормативі, адам

Өнімділігі тәулігіне мың м. куб

Сынаманың саны

до 500

501-1000

1001-2000

2001-5000

5001-8000

8001-11000

11001-15000

15000

жоғары


1.Тазарту құрылыстары


10,0 дейін

11-20


21-50

51-100


101-200

201-300


1

1

1



1

1

1



1

1

1



2

2

2



3

3

3



4

4

4



5

5

5



6

6

6



7

7

7



8

8

8



9

9

9



10

10

10



11

11

11



12

12

12



13

13

13



14

14

14



2. Тарату су құбыры желісі

-

1

2

3

4

5

6

7

8

6.1.9.2 кесте



 Объектінің атауы

Сан нормативі, адам

Өнімділігі тәулігіне мың м. куб

5 дейін

6-10

11-100

101-300

301-500

501-1000

Тазарту кәріз құрылыстары

1

2

4

7

10

14

Ескертпе: 6.1.9.2 кестенің нормативі өнеркәсіп ұйымдарының сарқынды суларын алу мен талдау жөніндегі персонал санын көздейді.

6.1.10 кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет