Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған yлгi шарт



жүктеу 137.85 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі137.85 Kb.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 28 қарашадағы 
N 1194 қаулысымен  
бекiтiлген     

     


Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған 
YЛГI ШАРТ

Ерейментау қаласы «___ » ________ 201_ж.

      Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, Ерейментау ауданы әкімдігігің жанындағы шаруашылық жұмысына құқық алған «Ерейментау Су Арнасы» Коммуналды мемлекеттік кәсыпорын негiзiнде әрекет ететiн директор Қаержанов Назымбек Зейнелхаирұлы атынан ______________________________________ бiр тараптан және 
   (қызметтердi көрсетудi ұсынатын субъект)

бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы 


__________________________________________________ екiнші тараптан, 
          (тұтынушының деректемелерi)

      мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.



1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: 

      теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы - меншiктiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару белгiсi бойынша иеленушiлер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру және олардағы құрылыстар жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы

      пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - Тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру жүйелерiнiң элементтерiн пайдаланғаны үшiн мiндеттер (жауапкершiлiк) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру (cу құбырлары және сарқынды суларды бұру желiлерi және олардағы құрылыстар) жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы. Осындай келiсiм болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiнiң шекарасы бойынша белгiленедi; 

      төлем құжаты - оның негiзiнде төлем жүргiзiлетiн Қызмет берушiнiң (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, квитанция, ескерту шоты) құжаты; 

      Тұтынушы - шарттың негізiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетудi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 

      есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйiн зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетiндiгiн айқындау және растау және олардың көрсеткiштерiн жазып алу мақсатында Қызмет берушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы; 

      есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат берiлген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы

      есептi кезең - Тұтынушымен қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысатын айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең; 

      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 




2. Шарттың мәнi

      2. Қызмет берушi Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiндегi қызметтер көрсетуге (бұдан әрi - қызметтер көрсету) мiндеттенедi мекен жайы_________________________________, ал Тұтынушы ұсынылған қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi. 

      3. Ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сипаттамалары мен берiлетін судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормаларға, ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиiс.
      4. Шарт техникалық шарттарды орындау кезiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру желiлерiне қосылған қажеттi жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртiппен жасалады. 

      Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөнiндегi өзiнiң өкiлдiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар. 

      5. Қызметтер көрсету ұсыну режимi - тәулiк бойы. 

      6. Кондоминиум объектiлерiнiң су құбыры желiсiн пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiнiң және заңды тұлғалардың ғимаратына кiрердегi соңғы ысырманың бөлушi фланецi - Қызмет берушiнiң су құбыры желiлерiне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның соңғы фланецi болып табылады. 


      Кондоминиум объектілерiнің сарқынды суларды бұру жүйесiндегi пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы елдi мекеннiң сарқынды суларды бұру жүйелерiне қосылған жердегi құдық болып табылады.

      3. Қызметтер көрсетудiң шарттары

      7. Қызметтер көрсетудi берудi тоқтата тұру: 

      1) авария жағдайы не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қауiп төнген

      2) Қызмет берушiнiң желiсiне өз бетiмен қосылған; 

      3) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi екі айдың iшiнде қызметтер көрсету үшiн төлем жасалмаған; 

      4) Қызмет берушiнiң өкiлдерiн есептеу құралдарына бiрнеше рет жiбермей қойған; 

      5) труба құбырларына дезинфекция жүргiзу қажет болған жағдайларда; 

      6) нормативтiк құқықтық кесiмдермен және Тараптардың келiсiмiмен көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi. 
      Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы қызметтер көрсетудi берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi. 

      8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда Тұтынушыны қосу туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою кезiнде жүргiзiледi. 


      Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшiн Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейiн жүргiзiледi. Бiрнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейiн жүргiзiледi. Қосу құны монополияға қарсы аумақтық органмен келiсiледi. 
      Қосқаны үшiн төлем өндiрiп алынбайды.


4. Қызметтер көрсетудiң құны мен оған ақы төлеу тәртiбi

      9. Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер көрсетуге қабылданған ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi. 


      Қызметтер көрсетудiң құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларынан басқа жағдайларда, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi. 
      10. Ақы төлеудi Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер көрсетудiң мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.

5. Қызметтер көрсетудi берудi және тұтынуды есепке алу

      11. Берiлген су мөлшерi жеке есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша, жеке есептеу құралдары болмаған кезде нақты тұратын адамдар санына сәйкес деректердi бөле отырып, жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi бойынша, ал олар болмаған кезде осы елдi-мекен үшiн бекiтiлген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгiленедi. 


      Қызмет берушiмен есеп айырысу үшiн өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын судың мөлшерi жолға шығатын техникамен өрт сөндiру депосы ғимараттарында ескерiлмейдi. 
      Жеке есептеу құралдары мен жалпы үйдiң есептеу құралы 100% болған кезде жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда - тараптардың келiсiмi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк иелерiнiң ақы төлеуiне жатады.

    12. Тұтынушыдан бөлiнген су мөлшерi сарқынды суларды бұру жүйесiне: 


      1) ыстық сумен жабдықтау жүйесi жабық кезде, жергiлiктi су жылытқыш пайдаланылған жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне; 

      2) ыстық сумен жабдықтау жүйесi ашық кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнен келiп түскен жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне ыстық сумен жабдықтауға берiлген судың мөлшерiн қосып тең қабылданады. 


      13. Сарқынды суларды бұру жүйесiне құйылмайтын су сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетуi үшiн ақы есептеу кезiнде есепке алынбайды. 
      Есепке алынбайтын судың көлемi технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады. 
      14. Есептеу құралдарынсыз Тұтынушыны тiкелей қосуға Қызмет берушiнiң рұқсатымен уақытша жол берiледi. Мұндай жағдайда берiлген қызметтер көрсетудiң мөлшерiн Қызмет берушi есеп айырысу жолымен су тұтыну нормалары бойынша белгiлейдi. 
      15. Есепке алу Тұтынушының кiнәсiнен тыс уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысу алдыңғы есептi кезеңнiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi. 

      16. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу құралдарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледi. Қызмет берушi есептеу құралдарын арнайы бөлiнген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Қызмет берушi жауап бередi. 

      17. Есептеу құралдарын белгiсiз бiр тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты тұлға, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiр ай мерзiмде есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Қызмет беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілерiне қосады. 
      17-1. Тұтынушыда суды есептеу сызбаларының бұзылу, басқару тораптарында және есептеу құралдарында пломбаларды жұлып алу және есептеу құралдарының көрсеткiштерiн бұрмалауға икемдi құралдар орнату фактiлерi анықталған жағдайда, Тұтынушыға осы фактiлер табылған күнге дейiнгi соңғы тексеру жүргiзiлген сәттен бастап суды пайдаланғаны үшiн қайта есептеу жүргізіледi, бiрақ құбырдың басқару торабына дейiн ол тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстеп тұрған кезде толық өткiзу қабiлеттілiгiнiң есебiнен екi айдан аспауға тиiс. 
     

6. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi

      18. Тұтынушы: 

      1) қызметтер көрсетудi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға; 

      2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға

      3) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын орнатуды талап етуге; 

      4) Қызмет берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға; 

      5) қызметтер көрсетуге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға; 

      6) уақтылы төлем жасаған кезде оған қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға; 

      7) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге

      8) ұлттық стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда қызметтер көрсетудiң құнын қайта есептеудi талап етуге;

      9) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.  

      10) егер Қызмет берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге; 

      11) Қызмет берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама берген кезде ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеп, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. 

  19. Тұтынушы: 


      1) берiлген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер көрсетуге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      2) Қызмет берушiге қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде туындаған сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысының және есептеу құралдарынан жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру жүйеciнің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметiне де дереу хабарлауға;

      3) Қызмет берушi өкiлдерiнiң желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн eceптeу құралдарына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

      4) қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауға мiндеттi;

      5) оның басқаруындағы немесе қызмет көрсетуiндегi сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті.


7. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
      20. Қызмет берушi: 

      1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы алуға; 


      2) <*> Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.  

      3) реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданыстағы кезеңiне барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға; 

      4) сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу құралдарын тексеру мен тексерiстi ұйымдастыруға; 

      5) қызметтер көрсетудi тұтынуға және оған ақы төлеудi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. 

     21. Қызмет берушi: 

      1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетудi уақтылы және үздiксiз ұсынуды қамтамасыз етуге; 

      2)<*> Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.  

      3) Тұтынушыларға қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға

      4) ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сапасы мен мөлшерiне есеп жүргiзуге және оны бақылауға, қызметтер көрсетудi ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға; 

      5) <*> Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен.  

      6) Тұтынушымен қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған шарт жасасуға; 

      7) Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер көрсетуге ақы төлеуге келесi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде төлем құжатын ұсынуға; 

      8) Тұтынушыларды тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге; 

      9) Тұтынушының негiзделген талаптары бойынша 24 сағаттың ішiнде ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен көлемiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға; 

      10) Тұтынушының сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру желiлерiн, есептеу құралдарын тексеру кезiнде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерiн алған кезде қызметтiк куәлiктi көрсетуге;

      11) алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Тұтынушыға ауыз суды көлiк құралдарымен жеткiзiп беруге мiндеттi. 




8. Тараптарды шектеу

      22. Тұтынушыға: 

      1) Қызмет берушiмен келiсiмсiз үй iшiндегi желiлердi, сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылыстары мен есептеу құралдарын қайта жабдықтауға; 

      2) қызметтер көрсетудiң қолда бар есептеу схемаларын бұзуға тыйым салынады. 


      23. Қызмет берушіге:

      1) басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерi бойынша Тұтынушыны қызметтер көрсетудi ұсынудан бас тартуға немесе қызметтер көрсетудi алудан шектеуге

      2) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн peттeушi орган белгiлегеннен артық ақы алуға; 

      3) Тұтынушыдан қызметтер көрсетуге оларға төлемдер құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеудi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер үшiн алдын ала ақы төлеудi талап етуге тыйым салынады. 

      24. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

9. Тараптардың жауапкершiлiгi

      25. Жабдықтар мен инженерлiк желiлердi тиiсiнше ұстау үшiн жауапкершiлiк оның меншiк иесiне жүктеледi және теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлу шекаралары бойынша айқындалады. 

      26. Шартта көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа заңнамаға сәйкес келтiрiлген зиянның орнын толтырады. 

      27. Ұсынылған қызметтер көрсеткенi үшiн төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (30-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлейтiн күнде қолданылатын, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасын негiзге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлейдi. 


      Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбын есептеудiң басталу мерзiмi, егер Тараптардың келiсiмiмен өзгеше айтылмаған болса, келесi айдың 26 күнi болып табылады.  

      28. Егер Қызмет берушi үшiн Тұтынушыға Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен қызметтер көрсету ұсыну мүмкiн болмаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi. 

     29. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелердi орындаудан босатпайды. 

      30. Құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөнiндегi мерзiм ұзартылуы мүмкiн.



10. Форс-мажор мән-жайлары

      31. Тараптардың бiр де бipeуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiстi орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери iс-қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды. 


      Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған кезде Қызмет берушi олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. 
      Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш жағдайларының әрекет ету мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн. 
      Егер еңсерiлмес күш жағдайы 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.


11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
      32. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. 

      33. Қызметтер көрсетудi ұсыну Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi. 


      Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз, ал мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады. 
    34. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жүргiзiледi. 
      35. <*> Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N 894 қаулысымен .  

      36. Тараптардың бiрi Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе бұзған кезде, екiншi тарап келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы. 

      37. Тараптардың арасындағы келiсiмге қол жетпеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртiбiмен шешiледi. 

      38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады. 

      39. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзедi. 

      40. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына қайшы келмейтiн басқа талаптармен толықтырылуы мүмкiн. 

      41. Шартта айтылмаған Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледi.

12. Тараптардың деректемелерi

      Қызмет берушi:           Тұтынушы:



Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы

"Ерейментау Су Арнасы" шаруашылық жұмысын

жүргізу құқығындағы коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорны"







020800 Ерейментау қаласы,Аблайхана, 96




БСН/ЖСН 060740002597

ЖСК KZ336010111000194129



БСК HSBKKZKX










"Қазақстан Халық Банкі" АҚ









Тел. 2-18-06















Директор_________________ Каержанов Н.З.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет