«Сумен жабдыќтау жєне су б±ру жµнінде кµрсетілген ќызметтіњ кµлемін есептеу єдістемесін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Ќ±рылыс жєне т±рѓын ‰й-коммуналдыќ шаруашылыќ істері агенттігініњ 2011 жылѓы 26 ќырк‰йектегі №354 б±йрыѓы



жүктеу 144.16 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі144.16 Kb.

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ...2011.26.09 № 354

Дата: 28.06.2016 16:08:43


Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығы

(2015.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес бұйырамын:



ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса берілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесі бекітілсін.



2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Төраға

С. Нокин

 

Қазақстан Республикасы



Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігі төрағасының

 2011 жылғы 26 қыркүйектегі

354 бұйрығымен бекітілген

 

 



Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау

әдістемесі

 

 



1. Жалпы ережелер

 

Осы Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-1-бабының 3) тармақшасына және сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - тұтынушыларға) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдар (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсеткен қызметінің көлемін анықтау кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.



Осы Әдістеме қызмет көрсетуші тұтынушыға төлеу үшін шот ұсынған жағдайда көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көлемін анықтау тәртібін көздейді.

2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:



1) есептеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

2) қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны);

3) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының ауыз суын дайындауға немесе өзінің сарқынды суларын елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;

4) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

5) кірме су құбыры - қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі сумен жабдықтаудың тарату желісіндегі құбыр;

6) су тұтынуды пайдалану нормасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте есептелген, нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың есептік мөлшері;

7) тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

8) өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі - бар еңістігі мен 1,0 d (d - құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кезде және оның тәулігіне құбыр бойынша 24 сағат бойы су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезінде құбыр бойынша бұрылатын сарқынды су шығыны;

9) су құбырының толық өткізу қабілеттілігі - 1,0 d (d - құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кезде және оның тәулігіне құбыр бойынша 24 сағат бойы су қозғалысының жылдамдығы секундына екі метр кезіндегі су шығыны.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Сумен жабдықтау жөнінде көрсетілген қызметтің көлемі қызмет көрсетуші пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған және коммерциялық есепке алуға қабылданған есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.

4. Есептеу құралы болмаған кезде, осы Әдістемеде көзделген жағдайлардан басқа, көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі нақты елді мекенде бекітілген су тұтыну нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Елді мекеннің су бұру жүйесіне (қызмет көрсетуші) қосылған, сондай-ақ, әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі көрсетілген сумен жабдықтау (ауыз су, ыстық, техникалық) қызметінің көлеміне тең қабылданады.

Елді мекеннің су бұру жүйесіне тікелей қосылмаған, суды тұрмыстық тұтыну үшін қолданатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне төгу үшін арнайы автокөлігінің қызметін пайдаланатын тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі елді мекеннің ағызу пунктінде (станциясында) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең қабылданады.

Елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) су бұру жүйесінің ағызу пунктінде қабылданған сарқынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.

6. Коммерциялық есепке алуға қабылданған ағынды сарқынды суды есептеу құралы тұтынушыда болған кезде көрсетілген су бұру қызметінің көлемі осы есептеу құралының көрсеткіші бойынша анықталады.

7. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған, сондай-ақ елді мекеннің су бұру жүйесіне сарқынды суды бұратын әр түрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларда сарқынды суды есептеу құралы болмаған жағдайда, оларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі есептеу құралының көрсеткіші бойынша немесе су тұтынуды пайдалану нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

8. Қызмет көрсетушінің рұқсаты бойынша кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты есептеу құралы уақытша болмаған жағдайда, көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі есептеу құралы болмаған кезең ішінде, бірақ бір айдан артық емес, есептеу құралының көрсеткіштеріне сәйкес алдағы үш айдың орташа шығыны бойынша анықталады. Аталған мерзім өткен соң есептеу құралы болмаған кезде көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі су тұтынуды пайдалану нормасы бойынша есептеу арқылы анықталады.

9. Әзірлеуші зауыт белгілеген шектегі есептеу құралының қателігі сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін қайта есептеу жүргізуге негіздеме бола алмайды.

10. Суды коммерциялық есепке алу үшін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне объектілерді қосуға арналған техникалық шарттарда баяндалған техникалық талаптармен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде коммерциялық есептеу құралын таңдау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес сезімталдығы жоғары және нақтылығы барынша жоғары класты есептеу құралдары орнатылады.

11. Тұрғын үй қорында өрт сөндіруден басқа жағдайларда, оның кiмге тиесiлi екенiне мен меншік нысанына қарамастан, тұтынушыда және тұтынушы болып табылмайтын объектіде өрт сөндіруге, өрт-тактикалық оқуларға және гидранттарды тексеруге елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің су шығынын тұтынушы мен объект иесі төлеуге тиіс.

 

 



2. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу

 

12. Ыстық сумен жабдықтау - бір немесе бірнеше кәсіпорын көрсететін суық сумен жабдықтау және суды қыздыру - әр түрлі екі қызметтен тұратын күрделі қызмет.

13. Көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ыстық су ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі. Бұ ретте, үйге ортақ суды есептеу құралы ыстық және суық сумен жабдықтаудың кірмелеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

14. Ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде тұтынушыға суық су ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі - суық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне, екіншісі - жергілікті су ысытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне ағады. Бұл ретте, үйге ортақ есептеу құралы суық сумен жабдықтаудың кірмесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.

15. Қызмет көрсетуші, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, өзі көрсететін қызмет үшін ғана ақы алуды жүргізеді.

 

 



3. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу

 

16. Тұтынушыларға - кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемі мынадай тәртіпте анықталады:



1) жеке және үйге ортақ есептеу құралы болмағанда - су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша;

2) жеке есептеу құралы ішінара орналастырылғанда және үйге ортақ есептеу құралы болмағанда - жеке есептеу құралының көрсеткіштері және су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша;

3) жеке есептеу құралы ішінара орналастырылғанда және үйге ортақ есептеу құралы болғанда:

есептеу құралы болғанда - жеке есептеу құралы бойынша;

есептеу құралы болмағанда - су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша.

Үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралының жиынтық көрсеткіштері және су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді;

4) 100 % жеке есептеу құралы және үйге ортақ есептеу құралы болмағанда - жеке есептеу құралының көрсеткіштері бойынша;

5) 100 % жеке есептеу құралы және үйге ортақ есептеу құралы болғанда - жеке есептеу құралының көрсеткіштері бойынша. Үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралының сомалық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді;

6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған Тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады;

7) ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

17. Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен бөлек дербес кірмесі бар тұтынушылар - кондоминиумға қатысушылар үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі жалпы тәртіпте анықталады.

18. Кондоминиум объектісін басқару органы оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен оның қатысушыларының жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты қызмет көрсетушіге өз бетінше төлеуге құқылы.

19. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісіне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде тиісті құқығы болғанда үйге ортақ есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде қызмет көрсетушімен көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін есептесу жүргізеді және қызмет көрсетушімен жасалған шарт негізінде өз бетінше кондоминиум қатысушыларынан төлем жарналарын жинайды.

 

 



4. Тұтынушыларға - жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға  сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу

 

20. Есептеу құралы жоқ тұтынушыларға - заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтің көлемі сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде құрастырылған су тұтынуды есептеу көлемі бойынша анықталады.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.28.02. № 159 бұйрығымен 20-1-тармақпен толықтырылды

20-1. Ағындысы шұңқырға (септикке) немесе оқшау тазарту құрылыстарына бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды су көлемі, сумен жабдықтау көзінің кімге тиесілі екеніне қарамастан, тұтынылған су (ыстық, техникалық, ауыз су) көлемімен есептеледі және сарқынды суды бұру қызметін көрсетуге арналған шартпен анықталады.

21. Тұтынушылар - заңды тұлғалар үшін су бұру қызметінің көлемі:



1) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартын жасасқан кезде қызмет көрсетушімен келісілген су көлемі шығарылатын өнімнің құрамына кірген;

2) қызмет көрсетушімен техникалық сипаты мен көлемдері келісілген айналмалы және қайталама сумен жабдықтау жүйесін қолданған;

3) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартына сәйкес жасыл желектерді суаруға суды пайдаланған жағдайларда біржола шығындалған су көлеміне азаяды.

 

 



5. Жеке жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есепке алу

 

22. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:



1) есептеу құралының көрсеткіштерін бұрмалаушы бұйымдарды айқындаған жағдайда - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап анықталған күнге дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен ысырап анықталған кезде, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда - жойған күнге дейін нақты уақыт бойы кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі. Егер ысырап басталған күнді анықтау мүмкін болмаса - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап, бірақ екі айдан артық емес;

3) есептеу құралын тексеру үшін қызмет көрсетушінің лауазымды адамын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап жібергенге дейін есептеу құралы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;

4) тұтынушының есептеу құралында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (жапқыш жабдықта), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталғанда - су өлшеуіш торабын немесе су өлшеуіш торабын соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап қызмет көрсетушінің өкілі қайта пломбалағанға дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

5) тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде - бөгет болған сәттен бастап қызмет көрсетушінің өкілі пломбалағанға дейін есептеу құралы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;

Тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргені туралы қызмет көрсетушінің өкілі тиісті акті жасайды, оған екі тарап қол қояды. Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге қызмет көрсетушінің өкілі және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында өңірлік органының өкілі не қоршаған ортаны қорғау саласында аумақтық органының өкілі, не мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының өкілі, не кондоминиум объектісін басқару органының өкілі қол қояды;

6) қызмет көрсетушіге есептеу құралының ақаулары туралы хабарламаған кезде - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап ақаулар анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

7) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету жөнінде қызмет көрсетушімен шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда - кірмеге өз бетімен қосылып, нақты пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

8) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерінен су пайдалану фактісі анықталғанда - өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

9) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған су құбыры арқылы суару фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап мұндай су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес;

10) судың төгіле тұрақты ағу фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда - соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес.

23. Осы Әдістеменің 22-тармағындаа көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде су бұру қызметінің көлемін есептеу, 22-тармақтың 2) және 9) тармақшаларынан басқа, егер су бұру қызметінің көлемі есептелмесе, сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.

24. Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды су көлемін есептеуге қажетті деректер ұсынбаған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі нақты пайдаланған уақыт кезеңі үшін елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған жерде өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады.

25. Тұтынушының аумақтарынан, өнеркәсіп және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталғанда су бұру қызметінің көлемі соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады, бірақ бір айдан артық емес.

26. Батырылатын сорғылар және басқа айдау құрылғыларын пайдаланып, елді мекеннің су бұру жүйесіне нөсер, тасқын, топырақ суларын ағызу фактісі анықталғанда су бұру қызметінің көрсетілген көлемі соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап сорғы не айдау құрылғысы тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істегенде олардың шлангасының толық өнімділігі бойынша анықталады, бірақ бір айдан артық емес.

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет