Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілі және оның бала шығармашылығын дамытудағы рөлі



жүктеу 44.44 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі44.44 Kb.

«БӨБЕК-2016» балабақшасы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілі және оның бала шығармашылығын дамытудағы рөлі.


ОРЫНДАҒАН: ортаңғы «Еркетай»тобы тәрбиешіcі Кенжебек А.Ж.

Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілі және оның бала шығармашылығын дамытудағы рөлі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, әлемдік заңнамаларда бала құқықтарын қорғау еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету болып табылады. Сол болашағымызды дайындауда саналарына жақсы қасиеттерді дарыту біздің басты міндетіміз. Сәбилердің ойы қиял-ғажайыптар әлемінен тұрады. Ол әлемге жетелейтін сурет болып табылады. Сурет салудың өзі баланы эстетикалық тәрбиеге, табиғатқа деген қызығушылыққа, өз халқының өнеріне деген ынтасын артып, рухани тәрбие береді.

Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айта алады. Бала шығармашылығын дамытуда сурет салудың дәстүрлі дәстүрінен дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану қазіргі заманауи балаларымыздың қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде оларды қоршаған орта, қоғам бәрі қызықтырады. Осы сәтте біз олардың қызығушылығын артыратын тәрбие беру міндетіміз.

Дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелікке, жаңа тәсілдер ойлап табуға, қазіргі озық технологиялар заманында тың дүниелер ойлап табуға жол ашатын тәсіл болып табылады. Іскерлікті дамытатын, бастамашыл тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі құрал десе де болады.



Балалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрден тыс сурет салу әдістері мынадай тәрбиелік және дамыту мақсаттарында қолданылады:

  • Саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет;

  • Қоршаған орта әлемін, ондағы құбылыстар мен заттарды біліп қабылдау, түсіну. Бала сурет салмас бұрын ойша елестетіп, белгілі бір бөлшектерге бөліп, қандай да бір заттарға, геометриялық фигураларға ұқсатып салады.

  • Әртүрлі материалдармен жұмыс жасау. Сабақта балалар суретті дәстүрлі қарындаш пен бояулармен бейнелемей, сондай-ақ тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, шығармашылықпен айналысу ерекшеліктерін түсінеді.

  • Ойлау жүйесін белсендіру мен тың идеялар шығаруға белсенділік арттыру. Балаларға өз ойын жеткізуге, өзіне шығармашылық белсенділігін танытуға қажетті бұйымдар алуға, еркін тақырыпта сурет салуға мүмкіндік беріледі. Бұл баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы қадамы десек те болады.

  • Балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өзіне деген сенімін арттыру, қорқыныштан арылту. Дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салу ойын түрінде өткізіледі, сондай-ақ, суреттер салу арқылы бала бойында мақтаныш сезімін ұялатуға, жетістікке жетуге деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді.

  • Топпен жұмыс жасауға қызығушылықты қалыптастыру. Балалар топ болып жұмыс жасай алмайды, бірақ қарапайым тапсырмаларды қуана бірге орындайды. Тәрбиеші топқа бөліп тапсырма береді, балалар обьектілерді бөліп ала отырып орындайды. Тәрбиеші балалар еңбегін бағалағанда әдемі суреттегі әрбір баланың еңбегін атап өтеді.

  • Эстетикалық талғамды қалыптастырады. Балалар дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салуда қарапайым заттардың сұлулығын көреді, түстерді үйлестіре біледі.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзуге асыруда дәстүрден тыс сурет салудың мынадай тәсілдерін пайдалану ұтымды:

  • Құммен сурет салу әдісі. Балалар құммен ойнағанды жақсы көреді.  Саусаққа тиген құмның түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан әрбір жасушаны оятып, жүйке жүйесін де тыныштандырады екен. Мамандардың айтуынша, құм терапиясы баланың  өзіне деген сенімділігін арттыруға, мінезінің ашылуы­на, бойындағы  қиындықпен күре­суге де көмектеседі және ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттырады.

  • Саусақпен сурет салу әдісі. Саусақпен сызу баланың қызығушылығын арттырады. Саусақпен сурет салуда арнайы құрал сатып алмай да, денсаулыққа зиян келмейтін жолдармен ұйымдастыруға болады. Ол үшін кез-келген тамақ бояуына арналған, қауіпсіз немесе тіпті жеуге жарамды кремді дәйектілікке қосылады. Негізі белгілі бір пропорцияда су мен өсімдік майымен араласқан йогурт, жарма, ұн немесе крахмал болуы мүмкін. Мұндай қарапайым ингредиенттер әрбір иесінің ас үйінде. Сонымен қатар, саусақ сызуды жарқын шырыны бар, мысалы, қызылша немесе шырыны бар тағамдарды қолдану арқылы жасауға болады.

  • Нүктелер арқылы сурет салу әдісі. Нүктелерді қосу арқылы шыққан сурет балалар үшін үлкен жетістік болып табылады. Нүктелерді қосуда баланың бойына талпыныс, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, нәтижеге жету сияқты қасиеттер дарытады. Шығармашылыққа деген ұмтылысқа қажетті тәсіл деп білемін.

  • Алақан арқылы сурет салу әдісі. Алақанды баса отырып, алақан суреттерін жануарлар бейнесіне айналдырады. Бұл жерде бала өз алақанының ерекшелігіне мақтана отырып, аса қызығушылықпен туындыны ерекшелейді. Өзінің ойлау жүйесін арттырып, өзгеше болуға талпынады.

  • Сан арқылы сурет салу әдісі. Балалар сан арқылы сурет салуда сандарды есте сақтайды. Бейнелеумен қатар санасын дамытады. Тәрбиешілер сандардан аң-құстардың суретін ойлап тапқан баланың суретін көрсетіп, балалардан қандай сандар көріп тұрғанын сұруына да болады. Топтық жұмыс жасауға да мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда дәстүрден тыс сурет салу бала тәрбиесінде маңызды орын алып отыр. Дәстүрден тыс сурет салу баланың шығармашылығын дамытумен қатар бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, психологиялық тұрғыда өскелең ұрпаққа септігін тигізеді. Бұл балаларға өздерін еркін сезінуге, батылдық ұялатады, қиялды дамытады, өзін-өзі көрсету үшін толық еркіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет