Жазушы, тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауин "Халық үні" ютуб-арнасына берген сұхбатында қазіргі қазақ қоғамында діншілдердің көбейгенін айтып. Жазушы әсіресе діни ұстанымды жамылғандарды сынап, олардың қоғамның дерті екенін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет сұхбаттан скринделген

Мұхтар Мағауин мәдениетке дін мен мешіт емес, ғылым-білім мен мектеп қажет екенін жеткізеді. 

"Дін – апиын деген Ленин. Апиын аз қолданса – ем, көп қолданса – ауру. ХХІ ғасырдың аяғы–ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасады, дінге қарсы күресті. Дін деген – қараңғылық. Әсіре діншілдіктің түкке керегі жоқ. Діншілдік қатты күшейіп кетті. Мұсылмандықтың қанша пайдасы бар? Бастысы иманымыз дұрыс: "Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ" — Алла бір, пайғамбар хақ. Ал оның ар жағында бізге арабтың діншілдігінің не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Қазақ діннен арылу керек”, – деді Мағауин.

Жазушы осы тұста зиялылыққа, зайырлы мемлекет санасына жету керек екенін алға тартты.

“Қазақ зиялылары, қазақ қайраткерлері жаппай салафизм, ваххабизмге қарсы хат жазды. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазір әсіресе балаларды бұзып жатыр. Енді ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндарлар "Қазақтың дәстүр-салтын сақтаңдар" демейді, керісінше қазақтың дәстүр-салтына, киіміне қарсы. Содан кейін қазақтың тілін бүлдірді. Мұның барлығы – қазақты құртатын, бізге қайшы нәрсе. Сондықтан жай киімге ғана емес, біразына заң жүзінде шара қолдану керек”, – деп қосты ол. 

Осы тұста жазушы Назарбаевтың тарапынан дін насихатшылары бар екенін алға тартып, қалай болғанда да, елді бірінші қазақ болып қалуға шақырды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.