Күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеліп соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

“Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуды”, – делінген хабарламада.

Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялаған видеодан жол талғамайтын көлік жүргізушісінің күзетшіні бірнеше рет қатты жылдамдықпен қаққанын көруге болады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.