Т. Б. Құрманғалиев



жүктеу 106.2 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі106.2 Kb.
түріЛекция



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министирлігі
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Т.Б. Құрманғалиев

МАШИНАЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


5В0712 «Машина жасау» мамандығының студенттеріне арналған лекция коспектері.

Өскемен


2014

ОӘЖ 389:658.516 (075.8)
Шәкәрімов Ш.С. Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері: 5В0712 «Машина жасау» мамандығының студенттеріне арналған лекция коспектері. ШҚМТУ.- Өскемен, 2014.- 120 б

«Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері» лекция конспектінің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: темір-көміртекті қорытпалар, болат өндіру, Қатты қорытпалар, Түсті металдар және олардың қорытпалары, Мойынтіректік (антифрикцаялық) қорытпалар, пластмассалар, абразив материалдар мен аспаптар, абразив материалдардың түрлері, Құю өндірісі құю өндіріснің мәні мен маңызы.


Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған.


Хаттама№____ _______________

© Д. Серікбаев атын. ШҚМТУ,

2014

МАЗМҰНЫ


Кіріспе …………………………………………………………………..


5

1. Темір-көміртекті қорытпалар ...........................................................

1.1. Шойын өндіру ..........................................................................



1.2. Домна өндірісінің алғашқы материалдары …………..

1.3. Домна пештері және көмекші тетіктер құрылысы .....

1.4. Домна процесі .........................................................

1.5. Домна пешінің жұмысы ...........................................

1.6. Домна өндірісінің өнімдері ......................................

1.7. Домнада қорытылатын шойынның құрамы мен сорттары. Домна шойындарының класификациясы ...............

2. Болат өндіру ..................................................................

2.1. Конвертор әдісі ......................................................

2.2. Мартен тәсілі .........................................................

2.3. Болатты электр пеште өндіру .................................

2.4. Болатты бөліп құю .................................................

2.5. Cом болаттың құрылысы және оның ақаулары .......

2.6. Болаттарды химиялық құрамына және қандай мақсатқа арналғанына қарай топқа бөлу. Көміртекті болаттар

2.7. Легірленген болаттар .............................................

3. Қатты қорытпалар ..................................................................

3.1.Металдар карбидтері тұралы қысқаша мәліметтер ...

3.2. Металл — керамикалық қатты қорытпалар .............

3.3.Минералды керамикалық қатты қорытпалар ............

3.4.Балқытылған материалдар және электродтар ............

4. Түсті металдар және олардың қорытпалары ....................

4.1.Мыс және оның қорытпалары ..................................

4.2. Алюминий және оның қорытпалары .......................

4.3. Магний және оның қорытпалары ............................

4.4. Титан және оның қорытпалары ...............................

5. Мойынтіректік (антифрикцаялық) қорытпалар ....................

6. Пластмассалар ..............................................................

6.1. Пластмассалар тұралы жалпы мәліметтер ..............

6.2.Пластмассалардың негізгі қасиеттері және олардың түрлерге бөлінуі ................................................................

6.3. Пластмассалардан бұйымдар өндіру технологиясы

7. Абразив материалдар мен аспаптар, абразив материалдардың түрлері ...............................................................................

7.1.Ажарлау аспаптары ...............................................

7.2. Ысқылау мен өңдеу материалдары .......................
8. Құю өндірісі, құю өндіріснің мәні мен маңызы ....................

8.1.Құю өндірісінде қолданылатын материалдар мен қорытпалар .......................................................................

8.2. Шойын құймасы ...................................................

8.3. Болат құймасы .....................................................

8.4. Құйма өндірісінің технологиясы .......................................

8.5. Балқыту құралдары .............................................................

8.6. Құю процессінің металл қасиетіне тигізетін әсері. Құймалардың ақаулары ...................................................................

8.7. Құюдың арнаулы тәсілдері ..............................................
Әдебиеттер тізімі ...............................................................................

9

9



9

12

15



16

17
18

19

19

24



27

32

36


38

43

52



53

54

56



58

59

60



66

70

71



71

73

74


78

81
86

89

93
95


96

97

99



102

108
111



113
120














КІРІСПЕ
Металлдар өте ерте заманнан белгілі, ол адамзат қоғамынының материалдық мәдениетінің дамуында орасан зор роль атқарды және халық шаруашылығының барлық саласының дамуына негіз болды.

Біздің елімізде металл өнеркәсібі XVIII ғасырдың бас кезінде ғана, яғни Оралда 10 металлургия зауыты — Невъян, Уктус, Алапаев, Екатеринбург және тағы басқалар салынған кезде дами бастады. XVIII ғасырдың ішінде Оралда 176 металлургиялық зауыт салынды.

Орал өнеркәсібінің тез қарқынмен өсуінің арқасында Ресейде XVIII ғасырдың аяғына дейін шойын мен темір өндіру және олар­ды басқа елдерге сату жөнінде дүние жүзінде бірінші орында болды.

Бірақ ХІХ ғасыр бойы феодалдық-крепостниктік құрылыс жағдайында металл өнеркәсібінің даму қарқыны баяулады да, Ресей алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден артта қала бастады. Осыдан металл өнеркәсібі, тіпті XX ғасырдың басында да баяу дамыды. Бұл жөнінде өнеркәсіптің негізі болып саналатын шойын мен болат қорыту мөлшеріне қарап, көз жеткізуге болады. Металлдар жайындағы қарапайым мәліметтер атам заманнан белгілі, алайда физика, химия және басқа ғылымдардың дамуына байланысты металл жөніндегі ілім дұрыс жүйеге түсті және қазіргі дәрежесіне жетті.

Металл танушылардың еңбектері металды өндіру мен оны өндіріс процестері кезінде, пайда болатын құбылыстар мәнін түсіндіруге, бұл үдерістерді жетілдіре түсуге, металл бұйымдарындағы брак пен ақауды алдын ала білуге, өнім сапасын жақсартуға мүмкіншілік туғызды.

Металл тану ілімінің табыстары және металлургияның дамуы П. П. Аносовтың, Д. К. Черновтың, Н. С. Курнаковтың, А. А. Байковтың және көптеген орыс оқымыстыларының есімдерімен тығыз байланысты; бұлар өздерінің ақыл-ойы, тыңғылыкты еңбегі арқылы металл жөніндегі ілімге даңғыл жол салды.

П. П. Аносов металл қасиеттерінің металлдардың кристалды құрылысына тәуелді екенін анықтады және беті тегістеліп, өңделген
болаттың ішкі құрылысын зерттеуге бірінші болып микроскоп
қолданды.


Жоғары сапалы болат алуда П. П. Аносовтың еңбеп ерекше зор.

Д. К. Черновты темір мен болаттың «металлографиясының ата­сы» деп тегін айтпаған. Д. К. Чернов болатты қыздырғанда және салқындатқанда жүретін үдерістерді ғылми тұрғыдан тұңғыш түсіндірді, сонымен қатар бұл үдерістерді басқару жолын көрсетті. Сөйтіп, Д. К. Чернов қара металлдарды өндірудің және оларды термиялық өңдеудін осы кездегі негізін салды. Д. К. Черновтың сом болат қүрылысы және кристалдану процесі жөніндегі еңбектерінщ де зор маңызы бар.


1 – сурет. Елімізде шойын мен болат балқытудың диаграммасы

Д. К. Черновтың ғылми мұрасы өзінің маңызын осы кезде де жойған жоқ.

Н. С. Курнаковтың қорытпаның түзілуі және оған қажетті қасиет беру, металл мен қорытпаны зерттеудің физика-химиялық әдістері, қорытпа структурасы мен қасиеттері арасындағы байланыс тұралы еңбектеріңің маңызы зор.

Осы кездегі металлографиялық зертханада қолданылатын металл зерттеу әдістері Н. С. Курнаковтың кептеген еңбектеріне негізделген.

А. А. Байков металдардың қасиеттері мен құрамын зерттеудің толып жатқан әдістерін тапты. Ол металлографияның жүйелі курсын жасады.

Металл тану металдардың түрлі мақсатта жарамдылығы жөніндегі өте маңызды мәселені дүрыс шешуге мүмкіндік туғызады.

Осы кездегі машина жасау өнеркәсібінің әр қилы талаптарын қанағаттандыру үшін әр түрлі металдар, қорытпалар керек. Мүны, мысалы, трактор двигателі мен оның бөлшектері бейнеленген 2-суреттен көруге болады.


1 – құрамында марганец мөлщері артық көміртек болат (тегершіктің тісті тәжі), 2 – сұр шойын, болат, қола, алюминий, серіппе болат (жанармай насосының бөлшектері), 3 – сұр шойын (картер блогы), 4 – серіппе болат (клапан серіппесі), 5 – хром-никельді болат (өткізетін клапан),

6 – клапандық ыстыққа төзімді болат, 7 – көміртекті болат (поршень саусағы), 8 – легірленген болат (блок гильзасы), 9 – тозуға төзімді шойын (поршень сақинасы), 10 – алюминий қорытпасы (поршень),

11 – қола (тірек сақинасы), 12 – марганец мөлшері артық көміртекті болат (иінді білік), 13 – қалайы мөлшері көп баббит.

2-сурет. Трактор двигателі және оның бөлшектері жасалған металдар

Есте болатын бір жағдай: трактор двигателінің бөлшектері берілген 2-суретте аталған қорытпалар двигательдің дүрыс жұмыс істеуі үшін қасиеті женінен дұрыс іріктеліп алынуы керек.



Металлдарды дұрыс іріктеп алғанда одан жасалған мүліктің сапасы жақсарады, еңбек өнімділігі артады, жаңа машиналар мен тетіктерді меңгеру мерзімі қысқарады. Металлдар дұрыс іріктеліп алынбаса, оларды өңдеу қиындайды, брак көбейеді, кейде апатқа ұшырайды.

Сондықтан келешекте жоғары мамандандырылған жұмысшы-металлист болатындарға осы оқулықта баяндалатын металл жөніндегі ғылымды оқып білудің қандайлық маңызының бар екені өзінен-өзі түсінікті.

Бұл оқулықта, МҚГСС системасындағы өлшеу бірлігімен қа­тар квадрат жақшада өлшеудің жаңа бірліктері берілді; бұл өлшеу бірлігін өлшем және таразы жөніндегі халықаралық конференция белгілеген және бірқатар мемлекеттерде «Система интернацио­нальная» (қысқартылған түрде — СИ) атпен қабылдаған.

СИ өлшеу бірлігіндегі біркелкілікті қамтиды да, негізгі алты бірлікке сүйенеді: метр (ұзындық), килограмм (масса), секунд (уақыт), ампер (ток күші), Кельвин градусы (термодинамикалық температура), свеча (жарық күші).

Бұдан шығатын бірліктер өлшеу саласына байланысты мынадай топтарға бөлінеді: кеңістік пен уақыт бірлігі, механикалық бірлік, электр және магниттік бірлік, жылу бірлігі және басқалар.

СИ өлшеу бірлігінен, осы оқу құралында кездесетіндерінен, мыналар пайдаланылады: күш — ньютон; эквивалент: 1 кГ = 9,8 н;

қысым — квадрат метрге белінген ньютон;

меншікті салмақ — куб метрге бөлінген ньютон;

жұмыс, энергия — джоуль;

тығыздық (көлемдік масса) — куб метрге бөлінген килограмм .

Халықаралық бірліктер системасы жөнінде М. Г. Богусловский мен К. П. Широковтың «Халықаралық бірліктер системасы» атты кітапшасынан толығырақ танысуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет