Т. Е. Алимбекерова Ғылыми кітапхана



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата20.12.2018
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Ғылыми кітапхана

«БҚМУ ғалымдары» сериясы




МҰҚТАР ӘБІЛСЕЙІТ ҚАПИЗҰЛЫ

биобиблиографиялық көрсеткіш

Орал

2014


УДК 016:929

КБЖ 91.9:63

М 92
Басылымға жауапты: Т.Е.АлимбекероваҒылыми кітапхана

директоры

Құрастырған: В.Қ.Мулдашева – Ғылыми кітапхана әдіскері

Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар: биобиблиографиялық көрсеткіш.- Орал:М.Өтемісов атындағы БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2014.-39б

Ұсынылып отырған биобиблиографиялық көрсеткіш - тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлына арналады.

Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттер енгізілді.

Материалдар хронологиялық тәртіппен орналасқан, әр жылдың көлемінде - әліппе ретімен. Бірлесіп жазған авторлардың есім көрсеткіштеріндегі сілтемелер хронологиялық рет санымен берілген.

Көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, оқытушыларға, көпшілік оқырман қауымға арналған.


УДК 016:929

ББК 91.9:63

Ó М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2014.



Оқырмандарға
Қазақстан ғалымдарының библиографиялық сериясының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ғалым - тарихшы – Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтарға арналған.

Библиографияға ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілді.

Көрсеткіш материалы хронологиялық тәртіппен орналасқан; әр жылдың көлемінде - әліпби ретімен алдымен қазақша, одан кейін орыс тілінде жарияланған еңбектері қамтылған.

Көмекші көрсеткіштерінде ғалымның еңбектерінің әліпбилік және бірлесіп жазған авторлары, еңбектерінде аталған есімдер, жағрафиялық атаулар және ғалымның еңбектері жарық көрген мерзімді басылымдардың атауларына, сілтемелер хронологиялық көрсеткішіндегі сандық тәртіппен берілген.


Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлының өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы 1964 жылы 7 наурызда Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген.

1971-1981 жж. Сарытоғай орта мектебінде оқыған.



1981-1986 жж. Гурьев педагогикалық институты тарих-филология факультетінің студенті, аталған институттың «Тарих, қоғамтану және советтік мемлекеттік право» мамандығын үздік дипломмен бітірген. Лениндік стипендиант атанған.

1985 ж. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының грамотасымен марапатталған.

1986 ж. «За трудовую доблесть» медалімен наградталған.

1986-1987 жж. Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.

1987-1988 жж. Сарытоғай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.

1988 ж. қазан - 1990 ж. желтоқсан аралығында Гурьев педагогикалық институтының КСРО және жалпы тарих кафедрасының оқытушысы.

1990 ж. желтоқсан - 1993 ж. сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің аспиранты. 1993 жылдың 14 сәуірінде «Жайық-Жем мұнайлы ауданының дамуы (1920-1940 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1993 ж. мамыр – 1995 ж. шілдесі аралығында Атырау педагогикалық институтында Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты.

1994 ж. Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

1995 ж. қыркүйек – 2000 ж. қыркүйегі аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих факультеті деканының орынбасары, «З.Алдамжардың ғылыми-ағарту және мәдени Орталығының» директоры.

2000-2001 жж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері.

2001 ж. қыркүйек – 2003 ж. қазаны аралығында Қостанай әлеуметтік академиясы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы.

2002 ж. желтоқсанда Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстанның батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси өмір (XVIII ғ. ІІ жартысы – ХІХ ғ. бірінші ширегі)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2003 ж. қазан – 2004 ж. қыркүйегі аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы.

2004 ж. қыркүйек – 2005 ж. мамыры аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер және тәрбие жұмыстары бойынша проректоры.

2005 ж. мамыр - 2008 ж. тамызы аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2005 ж. мамырында Білім және ғылым министрлігі жариялаған іргелі ғылымдар байқауында «Қазақстандық Каспий: Тарихы. Орны. Саяси маңызы» атты жобаның жеңімпазы.

2005 ж. Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығындағы «Вопросы истории и археологии Западного Казахстана» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.

2006 ж. Қазақстан Республикасының гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі, академигі.

2007 ж. Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Ұлттық идея -Қазақстан дамуының негізі» байқауында «Батыс Қазақстандағы миграция мәселелері» атты жобаның жеңімпазы.

2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған.

2008 ж. тамызынан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2008 ж. 3 қарашасындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің бұйрығымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) БД 14.61.26 диссертациялық Кеңесінің төрағасы.

2010 ж. «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі жалпы жиналысының шешімі бойынша 26 мамырдағы хаттамамен «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» «Алтын белгілі» мүшесі, академигі.

2010 ж. 7 шілдесіндегі ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің бұйрығымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі 07.00.02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) БД 14.61.26 диссертациялық кеңесі төрағасының орынбасары.

2012 ж. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Отан тарихы» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.

2012 ж. «Қазақ тарихы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциялық алқасының мүшесі.

2012 ж. Ресей Федерациясы Қалмақ Республикасының Қалмақ мемлекеттік университетімен халықаралық байланысты дамытқаны үшін Қалмақ Республикасының Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.

2013 ж. 6 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы
(ғылыми педагогикалық қызметіне қысқаша шолу)
Тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар 1964 жылы 7 наурызда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген. 1971-1981 жылдар аралығында Сарытоғай орта мектебінде білім алған. Орта мектепті бітірген соң Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1986 жылы үздік бітірген. 1984-1986 жылдары Лениндік стипендиант атанған. Сол жылы шілде айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1987 жылдың қарашасына дейін Отан алдындағы борышын өтейді.

Алғашқы еңбек жолын 1987 жылдың желтоқсанында Сарытоғай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтының «КСРО және жалпы тарих» кафедрасына оқытушылық қызметке шақырылады.

Мектептегі алғашқы ұстазы Қ.Құмарова, тарихшы І.Қашаубаев қалыптастырған туған өлкеге деген сүйіспеншілік Ә.Қ. Мұқтарды ғылым жолына алып келді. Жас тарихшының бұдан әрі ғалым ретінде қалыптасуына ұстаздары, белгілі ғалымдар З.А.Алдамжар, К.Н.Нұрпейіс, К.Л.Есмағам-бетов және өзге де қазақ тарихын дамытуға үлес қосқан тарихшылар зор ықпал етті.

Ізденіске жаны құмар жас оқытушы 1990 жылдың желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті аспирантурасының күндізгі бөліміне қабылданады. 1993 жылы 14 сәуірде «Жайық-Жем мұнайлы ауданының дамуы (1920-1940 жж.)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, аспирантураны мерзімінен бұрын аяқтайды. Одан әрі Атырау педагогика институтында «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқара жүріп, тарихшы мамандарды тәрбиелеу ісіне үлес қосады.

Келешегінен үміт күттірген жас ғалым Атырау қалалық мәслихатының депутаты (1994 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих факультеті деканының орынбасары (1995-2000 жж.), «З.Алдамжардың ғылыми-ағарту және мәдени Орталығының» директоры (1995-1998 жж.), университет аға ғылыми қызметкері (2000-2001 жж.), Қостанай әлеуметтік академиясы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы (2011-2003 жж.) және басқа да түрлі қызметтерді атқара жүріп, кандидаттық диссертациясынан кейін зерттеу нысанына айналған Батыс Қазақстан тарихына терең бойлап, 2002 жылы өндірістен қол үзбестен Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси өмір (XVIII ғ. ІІ жартысы – ХІХ ғ. бірінші ширегі)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады.

Бұл кездері ғалым назары қазақтың тарихи тұлғалары, ұлт азаттық қозғалыстар басшылары мен хан, сұлтандар тағдыры, олардың қоғамдық-саяси қызметі мәселелеріне ауады. Ізденістер мен түрлі мұрағаттардағы бұрын жабық жатқан қорлардан алған материалдар ғалымға байыпты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

2003 жылы Атырау қаласына оралып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экономика факультетінің деканы, 2004 жылы әлеуметтік-экономикалық мәселелер және тәрбие жұмыстары жөнінідегі проректор, 2005-2008 жылдың тамыз айына дейін ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметін атқарған Ә.Қ. Мұқтар басшылық қызметі мен ғалымдықты қатар ала жүріп, көптеген ғылыми басылымдар мен журналдарда, мерзімді баспасөзде мақалалар жариялап қана қоймай, ғылым жолында түрлі байқауларға белсене қатысқан. Ғалымның зерттеу аясына айналған "Қазақстандық Каспий: тарихы, орны, саяси маңызы" атты тың жобасы 2005 жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапты. Осы жоба аясында оның басшылығымен жоба мүшелері 3 монография, 1 мұрағаттық деректер жинағы 100-ге тарта мақалалар жариялаған.

2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған "Ұлттық идея – Қазақстан дамуының негізі" атты байқауға қатысып, «Батыс Қазақстан өлкесіндегі миграция мәселелері» тақырыбы бойынша жеңімпаз атанған.

2008 жылдан бастап ғалым М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қызмет етуде. Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметінен бастап, 2008 жылы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен 07.00.08 – Отан тарихы мамандығы бойынша БД 14.61.26 диссертациялық кеңестің төрағасы, ал 2010 жылғы 7 шілдеден бастап кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарды.

Тынымсыз ізденіс пен еңбектің нәтижесінде Әбілсейіт Қапизұлы «Азаттық таңы жолында» (Алматы: Ғылым, 2001), «Сырым батыр және Нұралы хан» (Қостанай, 2001), «Қазақ мұнайы тарихы» (Алматы: Өлке, 2006) монографияларының, сонымен қатар, «Тарих тұңғиығындағы тұлғалар» (Алматы: Арыс , 2008), «Тарих айдынындағы тұлғалар». 2-ші кітап. (Алматы, Арыс, 2013) атты мақалалар жинағы мен 200-ден астам мақалалар жазған. Өзін ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың маманы ретінде танытқан ғалым, сол ғасырлардың тарихи тұлғалары Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли хандар, Бөгенбай, Сырым, Жоламан, Исатай-Махамбет батырлар, Әйтеке, Сарышоңай билер, Алыбай жасауыл тағы өзге де қазақ мемлекеттілігі үшін қызмет еткен заманының даралары туралы жаңа ұлттық сипаттағы мақалаларын "Егемен Қазақстан" газетінде тұрақты жариялап келеді.

Ә.Қ.Мұқтар Отан тарихы мәселелері бойынша 3 монография және 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы.

Профессор Ә.Қ.Мұқтар өз ғылыми мектебін қалыптастырған ғалым. Оның жетекшілігімен 7 ғылым кандидаты, 6 магистр даярланды. Олар Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жоғары оқу орындарында еңбек етуде.

Қазіргі таңда ғалым Ш.Уәлиханов атындағы тарих, этнология институтының "Отан тарихы", М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің "БҚМУ хабаршысы", "Қазақ тарихы" сынды ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналдарының редакциялық алқа мүшесі.

Сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тапсырмасы бойынша дайындалып жатқан ұжымдық еңбек - «Қазақ тарихы» авторлардың бірі.

Әбілсейіт Қапизұлы Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Шымкент, Алматы, Астана, Ресей Федерациясының Челябинск, Астрахань, Орынбор, Элиста қалаларында, АҚШ-та өткен республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Бұл баяндамаларда мұнай өнеркәсібіне маман жұмысшылар дайындау тарихы, Қазақстанның батыс өлкесін отарлау ерекшеліктері, Батыс Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі, XVIII-XIX ғасырлардағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі, Сырым батыр, Арынғазы хан, Қаратай хан, Қайыпқали сұлтан, Жоламан, Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар, қазақ-орыс, қазақ-парсы, қазақ-ауған, қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары, қазақ рулары, олардың орналасуы, қазақ хандары - Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли туралы жаңаша пайымдаулар жасалды.

Өзінің жастайынан қайрат-жігерін ғылымға арнап келе жатқан Ә.Қ.Мұқтардың еңбегі бағаланып, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының мақтау қағазы, 1986 жылы "За трудовую доблесть"медалі, 2007 жылы Білім мен ғылым министрінің мақтау қағазы, 2012 жылы Ресей Федерациясының университеттерімен тығыз ғылыми-мәдени байланыстары үшін, Ресей Федерациясы Қалмақ Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазымен марапатталды.

Проректорлық қызмет атқарған жылдары Әбілсейіт Қапизұлының басшылығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Білім және ғылым министрлігі жариялаған байқауларда 8 жоба қаржыландырылса, ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жаңадан 10 магистратура мамандығы ашылып, ғылымды қаржыландыру 100 миллион теңгені құрап, университет ғалымдары Білім және ғылым министрлігі жариялаған 6 грантты ұтып алды. 2009 жылдан бастап дәстүрлі «Махамбет оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясын жылда ұйымдастыру қолға алынды. 2013 жылы «V Махамбет оқулары» өткізілді. Сонымен қатар диссертациялық кеңес төрағасы болған кезеңінде Қазақстан ЖОО-ларына ғылыми дәрежелі мамандар дайындау ісіне үлесін қосты. Ғалым ретінде жас ғалымдардың белсенділігінің артуына ықпал етіп, университеттің халықаралық байланысының дамуына, соның ішінде магистрлер мен Рhd докторлардың Ресей Федерациясы, Польша мен Германияның университеттерінде білім алуын жалғастыру, академиялық ұтқырлық пен бірлескен білім бағдарламаларының жүзеге асырылуына жетекшілік етті.

Қорыта айтсақ, тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының профессоры Әбілсейіт Қапизұлы - ізденіске жаны құмар, ұлт тарихын бүтіндеуге шынайы атсалысып, ғылыми ізденісте жүрген бергенінен берері көп қазақ тарихшыларының бірі.



А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университетінің аға оқытушысы, тарих ғылым -

дарының кандидаты Серікжан Исмаилов

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлының монографиялары, оқу құралдары
1992


  1. Мұқтар, Ә.Қ. Қазақстан мұнай өнеркәсібі тарихынан (1900-1920 ж.ж.) [Текст]: студенттерге көмекші құрал / Ә.Қ.Мұқтар. – Қостанай: Қостанай мемлекеттік университеті баспасы, 1992. - 26 б.


1995

  1. Мұқтар, Ә.Қ. Алаш қозғалысы [Текст]:Мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кітап / Ә.Қ.Мұқтар, Ж.Б.Бакиев. – Атырау, 1995. - 75 б.


2001

  1. Мұқтар, Ә.Қ. Нұралы хан және Сырым батыр [Текст]: Монография / Ә.Қ.Мұқтар. - Қостанай, 2001. - 94 б.

  2. Мұқтар, Ә.Қ. Азаттық таңы жолында [Текст]: Монография / Ә.Қ.Мұқтар. – Алматы: Ғылым, 2001. - 256 б.


2006

  1. Мұқтар, Ә.Қ. Қазақ мұнайы тарихы [Текст]: Монография / Ә.Қ.Мұқтар. – Алматы: Өлке, 2006. - 224 б.


2008

  1. Каталог: images -> stories -> bibliograf ukaz
    bibliograf ukaz -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам
    bibliograf ukaz -> Құрастырушыдан
    bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Қыдыршаев абат сатыбайұЛЫ
    bibliograf ukaz -> Список научных трудов Шинтемировой Баян Габбасовны
    bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
    bibliograf ukaz -> Г. Ш. Хибашева ақпараттық
    bibliograf ukaz -> Шарабасов Серікќали Єабдешўлы 946 жылы тамызда Батыс Ќазаќстан облысы, Жаѕаќала ауданында дїниеге келген


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет