"Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы"



жүктеу 52.05 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі52.05 Kb.


"Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 25 наурыздағы № 149-НҚ бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 94-НҚ бұйрығы

 

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. "Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 5 маусымда № 23 (180) нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 25 наурыздағы № 149-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Табиғи газды магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы";

1-тармақтағы:

"белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

"қызметтердің" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінде:



жоғарғы оң жақ бұрышындағы "төрағасының" деген сөзден кейін "міндетін атқарушының" деген сөздермен толықтырылсын;

тақырыбында және барлық мәтін бойынша:

"белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "ұсыну", "белгіленген" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

"қызметтер", "қызметтерін", "қызметтердің", "қызмет", "қызметті", "қызметтерді" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтер", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін", "реттеліп көрсетілетін қызметтердің", "реттеліп көрсетілетін қызмет", "реттеліп көрсетілетін қызметті", "реттеліп көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



"уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган.";

4-тараудың 19-тармағы 3-тараудың 19-тармағы деп есептелсін;



4-тарау алынып тасталсын;

3) Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінің 1-қосымшасында:



жоғарғы оң жақ бұрышындағы:

"белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

"қызметтердің" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

тақырыбында және барлық мәтін бойынша:

"белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

"қызметтердің", "қызметтің", "ұйымы қызметтерін", "қызметтер", "қызметтерін" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтердің", "реттеліп көрсетілетін қызметтің", "ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерін", "реттеліп көрсетілетін қызметтер", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) көрсетілген Ереженің 2-қосымшасы алынып тасталсын.



2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

Б. Сағынтаев

 

Келісілген:

Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық

ресурстар министрі

2005 жылғы 30 наурыз

 

Келісілген:

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Салық комитетінің төрағасы

2005 жылғы 30 наурыз

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет