Табиғи монополия субъектілері көрсететін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдiстемесi



жүктеу 57.61 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі57.61 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы ____ _______№ ___

3-қосымша






Табиғи монополия субъектілері көрсететін аэронавигацияның
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдiстемесi


1 Тарау. Жалпы ережелер


  1. 1 Осы табиғи монополиялар саласына жататын сапалық сипаттамаларды ескере отырып әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі –Әдістеме) 2010жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР Заңының 16-17бабы, 2 тармағы және 14 бабының 1 тармағы 41-47 тармақшаларына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған.

2. Осы Әдістеме табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация саласында көрсететін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, реттелетін аэронавигация қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу қағидаттары мен тетігін айқындайды.

3. Осы Әдістеме құзыретті орган аэронавигациялық қызмет көрсету сапасының төмендеуі - аэронавигациялық қызмет көрсету қасиеттерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі және (немесе) аэронавигациялық ұйымының кінәсінен инцидент туындау фактісін анықтаған жағдайда ғана қолданылады.

Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыру, байланыс жүйесі, навигация және бақылау, аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету, іздестіру және құтқару, аэронавигациялық ақпарат қызметі (табиғи монополиялар субъектелері аэронавигация қызметтері саласында көрсететін қызметтер);

ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (Internatonal Civil Aviation Organization);

инцидент - әуе кемесін пайдалануға байланысты авиациялық оқиғадан басқа ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін кез келген оқиға;

сапа - құзыретті және уәкілетті органдар, ИКАО белгілеген талаптарға қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету сипаттамаларын жиынтық бағалау;

аэронавигациялық қызмет көрсетудің ерекшеліктері - аэронавигациялық қызмет көрсету сапасының құрамдас бөлігі болатын аэронавигациялық қызмет көрсету элементтерінің ерекшеліктері (сипаттары);

Уәкілетті орган ведомствосы - табиғи монополия салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы.

Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

5. Табиғи монополия субъектілерінің аэронавигация қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) есептері мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

1) ИКАО белгілеген талаптарға (стандарттарға) қатысты, сондай-ақ құзырлы және уәкілетті органдардың құзыретіне жататын талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің сәйкессіздік дәрежесін бағалау;

2) Табиғи монополия субъектілері аэронавигацияның көрсетілетін қызметі саласындағы көрсететін қызметтердің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің белгіленген талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің сәйкессіздік дәрежесіне байланысы;

3) Табиғи монополия субъектілерінің аэронавигация қызметі саласындағы көрсететін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын ескере отырып, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) белгіленген талаптарға (стандарттарға) қатысты аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсетілген тұтынушыға қолдану.

6. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметтері саласында көрсететін қызметтерінің сапалық сипаттамаларын төмендету фактілерін құзырлы орган Норматитвік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 тіркелген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес инциденттер үшін белгілейді.
2 Тарау. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін
көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық
сипаттамалары төмендеген кезде тарифтерді есептеу
7. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары төмендеген жағдайда реттеліп көрсетілетін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) пайда үлесі азайтылады.

8. Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация көрсететін қызметтер саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары төмендеген жағдайда аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай формула бойынша анықталады:

Ткі = Tі - (l - К)*Рi

мұндағы:


Тki - аэронавигация қызметінің сапалық сипаттамасын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі);

Tі - уәкілетті орган бекіткен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тариф (баға, алым мөлшерлемесі);

К - уәкілетті орган бекітетін, реттелетіп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың мөлшеріне азайту коэффициенті;

Pі - уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі), пайданың мөлшері.

9. Реттелетіп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың мөлшеріне азайту коэффициенті К былайша анықталады:


Табиғи монополиялар субъектілері аэронавигация қызметін көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларының дәрежесін бағалау (аэронавигациялық қызмет көрсетудің сапасы)

Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметінің і-ші түріне қолданыстағы тарифтегі (бағадағы, алымдар мөлшерлемесіндегі) пайданың шамасына төмендету коэффициенті, К

Инциденттің туындауына алып келмеген аэронавигациялық қызмет ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

1-ден 0,75-ке дейін

Ұшу қауіпсіздігіне әсер ентуі мүмкін оқиғаның туындауына алып келген аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

0,75-ден 0,5-ке дейін

Ұшу қауіпсіздігіне әсер еткен оқиғаның туындауына алып келген аэронавигациялық қызмет көрсету ерекшеліктерінің белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

0,5-тен 0,1 -ге дейін


3 Тарау. Қорытынды ережелер
10. Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметі сапасының төмендегенін өтеу мақсатында осы Әдістемеде есептелген тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) негізінде аэронавигация қызметінің сапасын ескере отырып, төлемге кайта есептеу жүргізіледі.

11. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігін аудару нормативі аэронавигациялық қызмет көрсету сапасын ескере отырып аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет